Мемлекетті байыту жоспары

Пән Дисциплина Экономикалық ілімдер тарихы
Курсыкурс _1_
МамандықСпециальность 5В050500 Экономика
Кафедрасы Кафедра Экономика және бизнес
Факультеті Экономика, құқық және гуманиталық ғылымдар факультеті

1 межелік бақылау

1. Экономикалық ілімдер тарихының пәні болып табылады:
A) Экономикалық процестер мен құбылыстарды сандық бағалау
B) Экономикалық ғылымның барлық салаларындағы экономикалық көзқарастардың, бір көзқарастың екіншісіне ауысу процестерінің дамуы
C) Түрлі қоғамдық-экономикалық формациялардағы қандай да бір таптар мен әлеуметтік топтардың мүдделерін бейнелейтін экономикалық ойлардың пайда болуының, дамуының, күресі мен ауысуының тарихи процесі
D) Материалдық игіліктерді өндіру, айырбастау, бөлу және тұтынудағы қатынастар
E) Өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастар даму тарихы

2. Экономикалық ілімдер тарихы үшін аталған қызметтердің қайсысы тән емес?
A) Сын
B) Болжам
C) Экономикалық ғылымның барлық жүйесінің прогрессивті дамуының жеделдетілуі
D) Өндіріс факторларын тиімді бөлу
E) Барлық түсініктер орын алған

3. Ежелгі Шығыстың қай әдеби мұрасында күштілер әлсіздерді қыспайтын жағдайларды құру жөнінде айтылады?
A) Речение Ипусера (б.з.д. ХVIII ғ.)
B) Заңдар жинағы (б.з.д. ХVIII ғ.)
C) Конфуцийдің Лунь-Юй жинағы (б.з.д. V ғ.)
D) Гераклеополь патшасының өз ұлына өсиеті (б.з.д. ХХII ғ.)
E) Ману заңдары (б.з.д. VI ғ.)

4. Тауарды рынокта емес, дайындау жерінде сату; көпестердің өзара бағаны көтеру немесе төмендету жөнінде келісуі қай елде қатаң жазаланды:
A) Ежелгі Үндістан
B) Ежелгі Қытай
C) Ежелгі Мысыр
D) Ежелгі Греция
E) Ежелгі Рим
5. Суда жүзіп жүрген балықтар сол суды іше ме жоқ па екендігін біле алмайтын сияқты шенеуніктердің де мүлікті иемденіп жатқандығын анықтай алмаймыз. Кінәнің дәлелі жанама – көп ақша жұмсау, жоғары өмір сүру деңгейі және т.б. Шенеуніктер ұрлаудың әдіс-тәсілдерін меңгеріп алмас үшін оларды жиі ауыстырып отыру қажет. Қазына ұрлаудың осындай күрес жолын ұсынған:
A) ежелгі үндістер
B) ежелгі мысырлықтар
C) ежелгі қытайлар
D) ежелгі римдіктер
E) ежелгі гректер

6. Авторы басқару аппаратының тиімді қызмет етуінің қажеттілігіне баса назар аударған Ежелгі Мысырдың экономикалық ой мұрасы:
A) Гераклеополь патшасының өз ұлына өсиеті
B) табиғаттың пайда болуы, ақшаның құқықтық негізі мен өзгеруі жөніндегі трактат
C) Канондық құқық жинағы
D) Артхашастра
E) Гуань-цзы трактаты

7. Құқықтық нормалар жүйесі арқылы елді басқарудың алғашқы мысалы болып табылады:
A) Артхашастра трактаты (Ежелгі Үндістан)
B) Хаммурапи кодексі (Месопотамия)
C) Ипусер өсиеті (Ежелгі Мысыр)
D) теология жиыны трактаты (ортағасырлық Батыс)
E) Гераклеополь патшасының өз ұлына өсиеті

8. Месопотамияның алғашқы өркениетінің Ежелгі Мысырдан айырмашылығы:
A)Жеке меншіктік бастамалар мен тауар-ақша қатынастарының салыстырмалы түрде тез дамуы
B) Шіркеу байлығына қарсы күрес
C) Құл иеленушілік пен крепостничествоның болу дұрыстығы
D)Франктердің қауымдық құрылысының құлдырауы және біртіндеп
таптардың пайда болу процесі
E) Өсім алушылықтың күшеюі

9. Ежелгі Үндістандық Артхашастра трактатының аудармасы келесіні білдіреді:
A) Әңгімелесу және ой-толғау
B) Қоғамдық топтар
C) Мемлекетті басқару
D) Табыстар туралы ілім
E) Тауар-ақша қатынастары туралы ілім

10. Вавилония патшасы Хаммурапидың заңдар кодексінің негізгі тақырыбы:
A) Ешкім ақшаны одан ары қарай талап етпейтіндей деңгейде иемденбейді
B) күштілер әлсіздерді қыспайтын жағдайлар құру
C) Жеке меншік құқығы
D) Философтар мен әскери адамдардың ешбір мүлкі болмау керек
E) Еркін адамның құлға айналуы

11. Бұл теорияны жақтаушылар нарық дегеніміз шарашылық жүргізу жағдайындағы тәртіп пен тәртіпсіздікті білуге болатын жағдай ретінде есептеді. Егер ел билеуші нан, ақша, металл өндірісін реттеудің мүмкіндіктерін өз қолында ұстап тұрса, онда бүкіл мемлекет тұрақты жағдайда болады:
A) Легизм
B) Конфуцианство
C) Даосизм
D) Монизм
E) Классиктер

12. Бұл ағым ойшылдары мемлекет тұрақтылығының негізі халықтың надандығында, мемлекеттің күші әскерінде деп есептеді:
A) Легизм
B) Монизм
C) Даосизм
D) Конфуцианство
E) Стоиктер

13. Миын күштеген адамдарды басқарады, бұлшық етін күштеген басқарылады. Басқарылатындардың басқарушылары болуы тиіс, бұл үшін өндірістің бұрынғы, қауымдық түрін жандандыру қажет деп есептеген:
A) Мен-Цзы
B) Аристотель
C) Ксенофонт
D) Сократ
E) Ли Куй

14. Ежелгі Қытайдың қоғамдық ойының негізгі бағыттары:
A) конфуцианство, монетаризм, легизм
B) кейнсианство, монетаризм, даосизм
C) конфуцианство, легизм, даосизм
D) монетаризм, легизм, социолизм
E) конфуцианство, утопиялық социализм, монетаризм
15. Мемлекеттің экономикалық саясаты шығындарды үнемдеуден, халыққа жеткіліктікті қамтамасыз етуден, артық қалғанды сақтап қалу қажеттілігінен тұруы қажет деп санаған Ежелгі Қытайдың конфуцияндық идеологиясының ірі өкілі:
A)Сюнь-Цзы
B)Мэн-Цзы
C)Кун-Фу-Цзы (Конфуций)
D)Цзы-Чань
E)Лао-Цзы

16. Ортағасырлық Қытай ойшылдарының қайсысы Мемлекетті байыту жоспары, әскерді күшейту жоспары, халықты тыныштандыру жоспары трактатының (б.з. XIғ) авторы болды?
A)Сюнь-Цзы
B)Шан-Ян
C)Лао-Цзы
D)Ли-Гоу
E)Конфуций

17. Мемлекетті байыту жоспары, әскерді күшейту жоспары, халықты тыныштандыру жоспары трактатының авторы:
A) Ли-Гоу
B) Платон
C) Аристотель
D) Ксенофонт
E) Катон

18. Фома Аквинскийдің трактаты:
A) Сумма теологии
B) Өзіңді өзің танып-біл
C) Мемлекетті байыту жоспары
D) Кестелер заңдары
E) Ауыл шаруашылығы жөнінде

19. Кім 1879 жылы католик шіркеуінің киелі әулиесі болып жарияланды?
A) Фома Аквинский
B) Ибн Хальдун
C) Пилат
D) Ксенофонт
E) Репков

20. Ежелгі грек ойшылдарының қайсысы қоғамды келесі 3 тапқа бөлді: 1) философтар, қоғам басқарушылар; 2) әскери адамдар; 3) шаруалар, қолөнершілер және саудагерлер?
A)Платон
B)Аристотель
C)Ксенофонт
D)Перикл
E)Гомер

21. Антикалық ойшылдарының қайсысы Мемлекет және Заңдар шығармаларының авторы болып табылады?
A)Ксенофонт (б.з.д. 430-355 ж.ж.)
B)Гомер (б.з.д. Х-IХ ғ)
C)Платон (б.з.д. 428-348 ж.)
D)Гесиод (б.з.д. VIII-VII ғ.ғ)
E)Аристотель (б.з.д. 384-322 ж.ж)

22. Хрематистика ұғымына Аристотель қандай мазмұн береді?
A)Өмір сүру мен ұй шаруашылығына қажет болып табылатын тұтынушы құндылықтарын алу
B)Алғашқы қажеттілік заттарымен ұсақ сауда
C)Сауда арқылы мүлік жинау өнері
D)Афинаның бос азаматтарының натуралды шаруашылыққа бейімделуі
E)Тауар-ақша қатынастарының дамуы

23. Экономика ұғымына Аристотель қандай мазмұн береді?
A)Өмір сүру мен ұй шаруашылығына қажет болып табылатын тұтынушы құндылықтарын алу
B)Алғашқы қажеттілік заттарымен ұсақ сауда
C)Сауда арқылы мүлік жинау өнері
D)Афинаның бос азаматтарының натуралды шаруашылыққа бейімделуі
E)Тауар-ақша қатынастарының дамуы

24. Аристотель қандай проблемаларды шешумен айналысты?
A)Айырбасты талдау және құн формаларының дамуы
B)Сауда түрлерінің дамуын талдау (Т-Т, Т-А-Т, А-Т-А)
C)Экономикадағы ақшаның қызметі
D)Байлық көздерін талдау
E)Аристотель барлық мәселелермен айналысты

25. Философтар мен әскери адамдарға жеке меншіктің жойылуы, әйелдер мен балалардың ортақтығы оның көзқарасы бойынша билікке ие болып отырған топтар ішінде ынтымақтастықты қамтамасыз етіп, мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін күшейтеді:
A)Платон
B)Гомер
C)Риккардо
D)Шан-Ян
E)Смит
26. Халық құрамында орташа таптардың үлес салмағы екі таптан (кедейлер мен байлар) немесе біреуінен асып түссе мемлекеттік құрылым тұрақтылыққа сене алады: байлар кедейлермен келісе отыра орташаларға қарсы шығады деген күмән жойылады деп жазған:
A)Аристотель
B)Платон
C)Демокрит
D)Ксенофонт
E)Сократ

27. Ақша проблемасын талдай келе, жергілікті монета мен әскери шығындарды, саяхаттарды және т.б. төлеуге арналған, мемлекеттің монополиялық меншігінде сақталатын жалпы эллиндік монетаны жіктеген. Жеке тұлғалар эллиндік ақшаны мемлекетке өткізіп, орнына жергілікті ақша алуы тиіс:
A)Платон
B)Гомер
C)Демокрит
D)Ли Куя
E)Конфуций

28. Экономикалық ілімдер тарихында алғаш рет тұтыну және айырбас құн ретіндегі игілікті екі жақты тұтынуға көңіл бөлген. Тұтыну құны (құндылық) дегеніміз – пайда алуға болытынның барлығы. Достарыңнан пайда келсе, оларды да құндылық ретінде қарастыруға болады деп ойлаған:
A)Ксенофонт
B)Аристотель
C)Вишнугупте
D)Шань-Ян
E)Демокрит

29. Ерте феодалдық мемлекеттің пайда болу кезеңіндегі арабтардың экономикалық ойлары неге негізделген?
A)Құран
B)Библия
C)Кестелер заңы
D)Сервий Туллий реформалары
E)Арабтарда бұл кезде экономикалық ой қалыптаспаған

30. Келесі жағдайлардың қайсысы итальян монахы Фома Аквинскийдің меншікке деген көзқарасына қайшы келеді?
A)Барлық заттардың жоғары билеушісі – құдай
B)Жеке меншік адамға өз деңгейіне сәйкес өмір сүруге мүмкіндік береді
C)Кез-келген меншікке қарсы болды
D)Ортақ меншікті жақтады
E)Жеке меншікті құдай адамдардың күнәлары үшін шығарған



Ұқсас жұмыстар

Индустрияландырудың қиындықтары мен ерекшеліктері
Жердің айрықша белгілер
Білім туралы
Мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасындағы бюджет тапшылығы мәселесі
Қазақстанның экономикасы
Сыбайлас жемқорлық көріністеріне ықпал ететін негізгі факторлар
Мемлекеттің пайда болуы жайлы ақпарат
Қр-да инвестициялық саясаттың мәні мен мағынасы
Бюджетаралық қатынастар және бюджеттік саясат
Жергілікті басқару құрылымының негіздері және қалыптасу заңдылықтарын анықтау
Мемлекеттік бюджет жүйесінің экономикалық мазмұны
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Мемлекеттік бюджеттің теориялық негіздері
Салықтардың экономиканы мемлекеттік қаржылық реттеу жүйесіндегі рөлі мен орны
Мемлекеттің пайда болуы туралы
Халықаралық кедендiк ынтымақтастық және мемлекеттiк экономикалық қауiпсiздiк
Мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын анықтау үшін модельдік методикалық нұсқаулар
Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен әдістері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Мемлекеттік бюджеттің кірістері мен шығыстарының құрамы