Абстрактылы еңбек - тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі, яғни құн жасайтын еңбек


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК
УНИВЕРСИТЕТІ
СМЖ құжат 3 деңгейлі
ПОӘК

УМКД 042–18-1.1.3603–2013

Экономикалық теория негіздері пәні бойынша оқу-әдістемелік материалдар
№__ басылым

Экономикалық теория негіздері пәні бойынша
экономикалық емес мамандықтары үшін

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Семей 2013

1. ГЛОССАРИЙ
Абстрактылы еңбек – тауар айырбасы кезінде көрінетін жалпы адам еңбегі, яғни құн жасайтын еңбек. Абстрактылы еңбек белгілі бір өндірістік қатынастарды, тауар өндірушілер қатынасын білдіреді.
Абсолюттік рента – ол барлық жерден және топырақтың құнарлығына, тұрған жеріне байланыссыз алынады. Мұны жерге меншік монополиясы болуы салдарынан жер қожасы иемденеді.
Акциз – жанама салықтың түрі. Ол тауар бағасына немесе көрсетілген қызметтер үшін белгіленген тарифке кіреді.
Акционерлік қоғам - акцияларды сату арқылы ақша қаражаттарын біріктіру (жеке капиталды, мемлекеттік қаражаттар, жеке жинақтар) нәтижесінде пайда болатын ірі кәсіпорын.
Акция – иесіне акционерлік қоғамның пайдасының үлесін алуға және оның істерін басқаруға құқық беретін бағалы қағаз.
Ақша – айырбастау қасиетіне ие жалпыға бірдей құндылық, ерекше тауар.
Баға – тауардың ақшалай көрінісі.
Банк— уақытша бос ақша қаражаттарын үйлестіретін қаржылық кәсіпорын.
Банкнот – мемлекеттік банк шығаратын нақтылы тауар мен материалдық игіліктерді бейнелейтін және айналыстағы ақша қызметін атқаратын билеттер.
Банкрот – бұл жекелеген азаматтардың, кәсіпорындардың т.б. өз қарыздарын төлеуге қабілетсіздігін білдіретін ұғым.
Бәсеке — нарықтағы жақсы жағдайларға ие болу үшін күрес, тартыс.
Биржа- ақша-сауда ісін жүргізетін мекеме. Бұл жаппай көпшілік қолды стандартты не үлгі түріндегі тауарларды (астық, мақта, кофе, түсті металл т.б.) котерме нарықта сату, мұнда бағалы қағаздар да (акция, облигация, вексель), шетелдік валюта да сатылады.
Брокер – бұл тауар өндіруші мен тұтынушы арасындағы делдалдық сауда қызметтерін көрсетуге барлық кезде әзір маман.
Бизнес – заңға қайшы келмейтін әдістер арқылы пайда алу мақсатындағы кәсіпкерлік қызмет.
Валюта – бір мемлекетте қабылданған ақша өлшемі бірлігі (теңге, доллар евро, йена т.б.)
Вексель - даусыз ақшалай қарыздық құжат.
Венчурлық фирма – тәуекел технологияны өндіріске енгізу үшін қрылатын тәуекел кәсіпорны. Тәуекел технологияға біршама тәуекелге баруға тура келетін өнертапқыштар, пайдалы үлгілер т.б. жаңалықтар жатады.
Девальвация – қағаз ақша құнын өзінің тұрақты қалпына түсіру. Ол үшін бағасы төмендеп кеткен ақшаларды айналымнан шығарып, оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығарады.
Демпинг – бәсеке күрес түрлерінің бірі. Тауарларды әдейі арзандатылған бағамен шетелге сату, сөйтіп бәсекелестерді ығыстыру және сыртқы нарықты иемденуге жәрдемдесу.
Деноминация – ақшаның құны күрт төмендеп кеткен кезде оның айналысын реттеп, есептеуді жеңілдету мақсатымен ақшаның белгіленген көрсеткішін кеміту арқылы оған өзгеріс жасау.
Депозит – банкте сақталатын кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың салымдары
Дефляция - артық қағаз ақшаны айналымнан алу арқылы ақша айналымын тұрақтандыру әдісі.
Дедукция – жалпыдан нақты экономикалық факторға жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.
Дивиденд – акционерлік қоғамның пайдасы есебінен әр акция үшін акционерлерге ұдайы төленетін кіріс, акция иесінің алатын табысы.
Дотация – шығындарды өтеу үшін кәсіпорындарға берілетін мемлекеттік ақшалай жәрдем
Жалақы – қызметкерлердің белгілі бір уақыт кезеңінде алатын ақшалай немесе заттай нысанындағы төлемдерінің жиынтығы. Түрлері: атаулы жалақы – қызметкерлер белгілі бір кезеңде алатын төлемдерінің абсолюттік сомасы; Нақты ж. – атаулы емес жалақының осы деңгейде алынуы мүмкін қызметтің саны, ең төмен деңгейдегі жалақы – кәсіпорындарда жалақыны есептеу мен жоспарлау кезінде негізгі және қосымша жалақы түрлеріне бөлінеді.
Жәрмеңке - сауда – саттық ұйымдастырылған жер.
Жер кадастры – белгілі бір жерде алынатын салықты, төлемді есептеу үшін сол жердің сапасын, құндылығы мен тиімділігін анықтау әдісі. Жер бағасы кадастр арқылы белгіленеді.
Жеке табыс – бұл үй шаруашылығы иелігіндегі және мемлекеттік салық міндеттерін орындағаннан кейінгі корпоративті емес кәсіпорындар иелігінде қалатын қажеттіліктер.
Жиынтық сұраныс - бұл үй шаруашылығы, фирма, мемлекет, шетелдердің экономикадағы тауар және қызмет көрсетулерге жалпы сұранысы.
Жиынтық ұсыныс - бұл фирмалар жағынан тек өнiмдi ұсынумен шектелмейдi, мемлекет жағынан қоғамдық игiлiктердi ұсынумен қатар экономикадағы тауар және қызмет көрсетулердің жалпы ұсынысы.
Инвестиция – пайда, не түрлі табыс табу мақсатымен өз еліндегі не шетелдегі белгілі бір халық шаруашылығы саласына : кәсіпорындарға (өнеркәсіпке, ауыл шаруашылығына, құрылысқа т.б.) күрделі қаржының, капиталдың ұзақ мерзімге жұмсалуы.
Индукция – факторлардан болып жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.
Инфрақұрылым – экономиканың дамуы мен адамдардың тіршілік әрекетінің жағдайын жақсартып қамтамасыз ететін шаруашылық салаларының жиынтығы.
Ипотека – қозғалмайтын мүліктерді (жерді, үйлерді, құрылысты) кепілге алу арқылы банктердің ұзақ мерзімге беретін ақшалай қарызы.
Капитал - қосымша құн әкелетін материалды – заттай құндылық.
Кәсіпкерлік - тәуекелге бара отырып, пайда табу мақсатындағы адамның инициативалық іс-әрекеті
Қаржы - ақшалай қорларды қалыптастыру, тарату, қайта тарату және пайдалану бойынша экономикалық қарым-қатынастардың жиынтығы
Қаржылық жүйе – қаржы ресурстарын аккумуляциялау әдістерінің жүйесі.
Қор биржасы – бағалы қағаздарды сату – сатып алу әрекеттері жүретін мекеме.
Құнсыздану - бағалар деңгейінің өсуі әсерінен ақшаның құнсыздану процесі.
Меншік – қоғамдық өндіріс шарттары мен нәтижелерін өндірушілермен иемдену формасы
Монополия – максималды пайда алу мүмкіндігі бар экономиканың белгілі бір саласында басымдық орын алатын кәсіпорын.
Мемлекеттiң фискалды саясаты - мемлекеттік бюджет, салық салу және мемлекеттік шығындар облысындағы саясат.
Нарық – тауарлардың, сауданың айналымы (айрбасы) жүретін орын.
Пайда – сатудан түскен түсімнің өнім шығаруға кеткен шығындардан артып түсетін сомасы.
Рецессия (латынша reccessus – шегіну) - өндірістің құлдырауы, өсу қарқынының баяулауы.
Салық - жеке және заңды тұлғалармен мемлекетке міндетті түрде төленетін төлемдер
Субсидия - нақты бір мақсатқа жеке кәсіпорындарға мемлекеттік бюджеттен бөлінетін қайтарымсыз ақшалай сома.
Тауар – қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру қасиетіне ие айырбасталатын зат.
Экономикалық заңдар – адамзат қоғамы дамуның түрлі сатыларында өндіру, бөлу айырбас және материалдық игіліктерді тұтыну салаларындағы қатынастарды анықтап, оны басқарып отыратын заңдар.
Экономикалық категориялар – экономикалық қатынастарды зерттеу процесінде экономикалық теория логикалық ұғымдарды қалыптастырады, бұл ұғымдар экономикалық категориялар деп аталады.
Экономикалық саясат – мемлекеттің экономикалық шараларының жүйесі. Экономикалық саясат елдің саяси-шаруашылық, мәдени құрылыс істерін және халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту міндетіне бағындырыла жүргізіледі.
Экономикалық теория – қоғамның материалдық игіліктерін өндіру, тарату және айырбастау бойынша қарым-қатынастар жиынтығын зерттейтін ғылым
Экономикалық тиімділік – атқарылған жұмыстың сандық және сапалық көрсеткішін білдіретін ұғым. Өндіріс нәтижесінің өндіріс шығындарына қатынасы арқылы анықталады.

Негізгі қолданылатын әдебиеттер

1. Әубәкіров Я.Ә., Нәрібаев К.Н., Есқалиев М. Экономикалық теория негіздері.-Алматы:Санат,1998
2. Әубәкіров Я.Ә., Байжұмаев Б.Б., Жақыпова Ф.Н., Табеев Т.П. Экономикалық теория. Оқу құралы. –Алматы:Қазақ университеті, 1998
3. Әпсәләмов Н.Ә., Исабеков Қ., Сұлтанов Ө.С.Экономикалық теория негіздері Оқу құралы.-Алматы:Ғылым,1999ж.
4. Шеденов Ө.Қ., Байжомартов У.С., Жүнісов Б.А., Комягин Б.И. Жалпы экономикалық теория.-Алматы:Ақтөбе,2002

Дәрістер

1- ДӘРІС. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТЕОРИЯНЫҢ ПӘНІ ЖӘНЕ ӘДІСТЕРІ

1. Экономиканың ғылым ретінде қалыптасу тарихы
2. Экономикалық теория пәні , қызметтері мен әдістері
3. Экономика құрылымы

1. Қазіргі заманда экономика сөзінің түсінігі көп мағынаны білдіреді.
Біріншіден, экономика сөзімен игіліктер мен қызметтер көрсететін өндірістік және өндірістік емес салалардың жиынтығы ретінде түсіндіріледі, онсыз адамзат қоғамы өмір сүре алмайды. Сондай-ақ экономика сөзімен экономикалық қатынастар жиынтығы қарастырылады. Осы қатынастарды өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну жүйесінде қалыптасады. Бұл қатынастар қоғамның экономикалық базисін құрап, онда идеологиялық және саяси қондырма орналасады.
Екіншіден, экономика сөзін ғылымдар тоғысындағы экономикалық қатынастарын қызметтік немесе салалық астарын қарастыру деп білеміз. Экономикалық теорияның өкілдері өндіріс деңгейінің макро мен микроэкономикасын және интерэкономикасын бөліп қарағанда да экономика ұғымын түсіндіреді. Интерэкономика дүниежүзілік шаруашылықтың пайда болуы мен даму заңдылығын сипаттайды. Сондай-ақ экономикалық теорияда бірнеше экономика түрлерін бөліп қарайды: дәстүрлі,нарықтық,еркін бәсекелік, әкімшілдік-әміршілдік, аралас және басқалары.
Үшіншіден, экономика сөзі экономикалық ғылым жалпы экономикалық теория ретінде қарастырылады.
Экономикалық ғылым – ең ертедегі ғылымдардың бірі. Алғашқы рет экономия(ойкономия) термині біздің дәуірімізге дейін III-ші ғасырда ертедегі грек ойшылдары Ксенофонт (б.д.д.430-355жж.) және Аристотель(б.д.д.384-322 жж.) еңбектерінде пайда болды.
Ойкономия (экономия) сөзі ретінде – Аристотель құл иеленушілік шаруашылықты жүргізуді ұйымдастыру туралы ұсыныстар жиынтығын түсінген.
Меркантилистер (итальян сөзі мерканте - саудагер,көпес деген ұғымды білдіреді) бірінші экономикалық ілім болып табылады. Меркантилистер байлықтың қайнар көзі тауар мен ақша айналымы саласында болады деп есептеді. Меркантилизмнің нағыз өкілдері – Вильям Стаффорд және Томас Мен болып табылады.
1) Саяси экономика қоғамдық даму заңдылықтары жөніндегі ғылым. Саяси экономика пәні капитализмнің дүниеге келу қарсаңында ХVII ғасырдың соңы мен XVIII ғасырдың басында дами бастады ;
2) Меркантилизм лат.тілінен аударғанда саудагер деген мағына береді . Меркантилизмнің негізгі мазмұны байлық,сырқы сауда нәтижесінде жинақталды ,сол себепті сыртқы сауда сферасын зерттеу керек денген ;
Меркантилизм 2 кезеңнен тұрады : алдыңғы және соңғы.
Алғашқы меркантилистер алтын мен күмісті байлықтың негізгі формасы ретінде қарастырады .Сонымен қатар ақшаны сыртқа шығаруға тыйым салды.Соңғы меркантилистер ақша емес тауар айырбастау сферасын зерттеуді;
3) Физиократтар – физио , Стенли Джевонс және басқалары қалады. XIX-шы ғасырдың екінші жартысында маржинализм (ағылшынның marginal - шекті деген сөзі ) теориясы қалыптасты. Бұл теорияның негізін австриялық мектептің экономистері Карл Менгер, Фридрих фон Визер, Эйген фон Бем-Баверк, сондай-ақ ағылшын экономисі Уильям Экономикалық теорияның құрамы:
Маржинализмнің басты категориялары: шекті пайдалылық, шекті өнімділік, шекті шығындар.
Қазіргі Батыс елдеріндегі экономикалық теория негізінен төрт ірі ағыммен сипатталады:
бірінші ағым неоклассикалық деп аталып, ол қазіргі монетаризм және неолиберализм теорияларымен жұптасады.
екінші ағым капитализмді реттеу теориясымен айқындалады. Оның негізін қолдаушы ағылшын экономисі Дж.Кейнс болып табылады.
үшінші ағым институционализм (латынның institutum - бекіту, құрылтайлау деген сөзі) теориясымен белгілі. Оның негізін қалаушы американ ғалым – экономисі Торстейн Веблен болып табылады.
төртінші ағым әлеуметтік бағытталған нарықтық шаруашылық теориясымен танылады. Осы теорияның негізін қалаушылар – неміс ғалымы, мемлекеттік қайраткер Людвиг Эрхард және германияның ғалым – экономисі Вальтер Ойкен болып табылады.
2. Экономикалық теорияның зерттеу пәнін алғаш рет классикалық мектеп өкілдерінің бірі А.Смит жасаған болатын. Ол былай деген: бұл ғылым обьективті, адамның еркі мен санасына тәуелді өмір сүретін қоғамдағы материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну заңдарын қарастыру қажет.
Қазіргі уақытта шет елде кең тараған Экономикс оқулығының авторы Пол Самуэльсон экономикалық теорияның бірнеше анықтамасын келтіреді:
1. Экономикалық теория – деп жазды ол, - бұл қызмет түрлері туралы ғылым, айырбас және адамдар арасындағы ақшалай іс-әрекеттке байланысты.
2. Экономикалық теория адамдардың сирек немесе шектеулі өндіргіш ресурстарын қолдану арқылы және әртүрлі тауарды өндіру мен тұтыну мақсатында, оларды қоғам мүшелері арасында бөлу туралы ғылым.
3. Экономикалық теория адамдардың өмірлік қызметінің күнделікті іскерлігін және өздеріне өмір сүру мүмкіндігін таба отырып және осы жолды қолдану туралы ғылым.
4. Экономикалық теория адамзаттың тұтыну мен өндіру саласындағы өзінің міндеттерімен қалай айналасатыны туралы ғылым.
5. Экономикалық теория байлық туралы ғылым ретінде .Экономикалық теория әлеуметтік –экономикалық қатынастарды экономикалық заңдар мен экономикалық категорияларды бейнелеу жіне дамыту арқылы оқытады.
Экономикалық теория – бұл іргелі экономикалық ғылым, әлеуметтік-гуманитарлық және кәсіби экономикалық білімнің негізі. Осы тұрғыдан, экономикалық теорияны қоғамдық байлықты және экономикалық қатынастар мен экономикалық заңдарды зерттейтін ғылым ретінде анықтауға болады. Экономикалық үлгі пайда болуы экономикалық уақиғаны түсінуге жол ашатын айқын диаграммалар немесе формалары болып табылады .
Экономикалық ғылым дегеніміз – экономиканың жұмыс істеуіне жалпы методологиялық көзқарас туындыратын ғылым болып табылады.
Экономикалық теорияның пәні – ол адамдардың қажеттілігін қанағаттандыру үшін материалдық материалдық емес игіліктерді орындау үстінде шектеулі ресурстарды тиімді пайдалану жөніндегі қатынастар.
Экономикалық теорияның пайдаланатын зерттеу әдістерінің ең маңыздысы – ғылыми абстракция әдісі болып табылады.
Ғылыми абстракция дегеніміз зерттеліп отырған құбылыстардың мардымсыз, өткінші жақтарын дерексіздендіру, олардағы тұрақты қасиеттерді тауып көрсету процесі. Абстракция іске –қатынасы жоқ эқономикалық және экономикадан тыс факторларды экономикалық талдаудан шығарып тастау.

Логикалық дедуктивті әдіс дегеніміз – мәселені теориялық деңгейінен шешіп , мұнан соң фактіге жүгіне отырып , әлгі теорияны тексеруге немесе жоққа шығаруы . Эмперикалық индуктивті әдіс дегеніміз фактілерді жинақтаудан прогматикалық зерттеулерге сүйенудіайтады. Экономиканың принциптері – ол терминнің өзінен шығатын өз ішінде дәйексіз сандық анықтамалар бар қарапайымдылар.
Экономикалық теория әрбір азаматтың сайлау және дауыс беру кезінде басқару тұжырымдарының қайсысын қолдану керек екендігін айыруға көмектеседі. Экономикалық ғылымның бизнес үшін практикалық маңызы зор.
Синтез – қаралатын біртектес бүтін құбылыстардың жеке бөлшектерден құралады. Индукция – факторлардан болып жинақтауға дейін жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.Дедукция – жалпыдан нақты экономикалық факторға жеткізетін қозғалысты тұжырымдау.

1- дәрісті қайталау үшін сұрақтар:

1.Экономикалық теорияның қажеттілігіне негіз беріңіз?
2. Экономикалық теорияның объектісі оның пәнінен немен ерекшеленеді?
3. Экономикалық теорияның функцияларын атаңыз?
4. Экономикалық теорияның әдістеріне не жатады?
5. Экономика – математикалық моделдеу дегеніміз не?

2- ДӘРІС: ЭКОНОМИКАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ НЫШАНДАРЫ

Дәріс мазмұны
1. Өндіріс түсінігі, түрлері.
2. Өндірістің факторлары мен ресуртары. Ресурстың шектеулігі
3. Экономиканың басты сұрақтары.

Өндіріс – бұл қажеттіліктерді қанағаттандыру барысындағы адамдардың қызметі. Табиғат адамға оған қажетті игіліктерді бермейді. Оларды өндіру қажет. Сондықтан да өндіріс объективті қажеттілік болып табылады.
Адам қажеттіліктері материалды және рухани болып бөлінеді. Адамның қажеттіліктері шексіз және тұрақты түрде өсіп отырады. Экономикалық теорияда бұл тенденцияны қажеттіліктердің өспелі заңы сипаттайды. Қажеттліктердің тұрақты түрде өсуін өндіріс шектеп отырады. Сондықтан өндірістің негізгі мақсаты – адам және қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыру. Бұған адам мен табиғаттың өзара байланысы арқылы қол жеткізіледі. Бұл байланыстарда белсенді жақ адам болғандықтан, өндіріс – табиғатты адамен өзгерту процессі деп айтуға болады.
Өндіріс процесінде адамммен қолданылатын барлық күштердің жиынтығын өндіруші күштер деп атайды. Өндіріске қатысты адамдар арасындағы экономикалық қарым-қатынастарды өндірстік қатынастар деп атайды.
Өндірістің екі деңгейі бар: жеке және қоғамдық. Жеке өндіріс - негізгі өндірістік бірлік көлеміндегі қызмет (кәсіпорын, фирма). Қоғамдық өндіріске өндірістік инфрақұрылым деп аталатын қосымша элементпен негізделетін кәсіпорындар арасындағы өндірістік байланыстардың барлық жүйесін білдіреді.
Өндіріске еңбек бөлінісі тән, ол қазіргі уақытта бар еңбектік қызметтің барлық түрлерінің жиынтығы.
Өндірістің дамуының екі түрін ажыратады. Біріншісі, экстенсивті қолданылатын өндіріс құралдарының сандық өсуі есебінен болады. Екіншісі, өндіріс құралдарын сапалық жаңарту есебінен жүзеге асырылады.
Өндіріске ұдайы болуы тән. Ұдайы өндіріс дегеніміз үздіксіз қайталанып отыратын процесс. Ұдайы өндірісті екі типке бөліп қарайды : жай және ұлғаймалы. Өндіріс процесінің көлемі мен ауқумының үзіліссіз өзгермеген күйде жаңалануын жай ұдайы өндіріс дейміз. Өндіріс процесінің көлемі мен масштабының еселене үзіліссіз қайталануы және жаңғыруын ұлғаймалы ұдайы өндіріс дейміз. Егер қоғам жай ұдайы өндіріс шеңберінен шыға алмайтын күйде болса онда ол өзінің болашағын жеп қояды .
Ұдайы өндіріс циклдық сипатқа ие, ол ұдайы өндірістік фазалардың айналымында қозғалуға әкеледі.
Өндірістің кезеңдері:
өндіру;
бөлу;
айырбастау:
тұтыну.
Тұтыну өндірістік процестің қорытындысы болып табылады.

Сурет 2-1, Қазіргі қоғамдық өндірістің құрылымы.

Қазіргі қоғамдық өндіріс құрылымына материалдық өндіріс салаларынан басқа, материалдық емес өндіріс салаларына бөлінеді. Оларда ерекше материалдық емес игіліктер (рухани құндылықтар) жасалады, сондай-ақ материалдық емес қызмет көрсету - денсаулық сақтау, білім, ғылым, әмдениет, спорт және басқаларыда бар және бұлар бұрын өндірістік емес салаға жатқызылған.
Бүгінгі кезде қазіргі қоғамдық өндірістің алдында төмендегідей маңызды мәселелер тұр: 1) өндірістің тиімділігін арттыру, ә) өндірістің экологиясын сауықтыру, б) гуманизациялау мәселесі, яғни өндірісте адамға бір қалыпты жағдай жасау. Бұл мәселелер ХХІ ғасырдың негізгі проблемалары болып табылады.
Қоғамдық өндірістің натуралды және тауарлы түрлері.
Ғылыми әдебиеттерде және оқулықтарда адамзат қоғамының тарихында қоғамдық өндірістің екі түрі бар:
а) натуралды шаруашылық;
ә) тауарлы шаруашлық.
Натуралды шаруашылық қоғамдың өндіроісті ұйымдастырудың ең ертедегі түрі болып табылады. Алғашқы қауымдары адамның еңбек құрал-сайманынының қарапайымдылығы оған өнімді тек өзінің тұтынысы үшін жасауға мүмкіндік береді.
Тауар өндіріс капиталистік өндірістік әдісінде өзінің дамуының жоғарғы түріне қол жеткізеді және жалпылама сипатқа ие болады.
Қазіргі қоғамдық өндіріс – бұл дамыған тауар өндірісіндегі тереңдеген еңбек бөлінісінің болуы және оның мамандануы.
Тарихи тағлым көрсеткендей, тауар өндірісінің пайда болуы төмендегідей үш жағдайда жүзеге асады:
бірінші ең ірі қоғамдық еңбек бөлісінің болуы;
алғашқы тұрмыстық қауымдастық қойнауында жеке меншіліктің пайда болуы;
тауар өндірушілердің экономикалық оқшаулануы (отбасының қауымдастықтан экономикалық оқшаулынуы).
Қоғамдық өндірістің құрылымы.
Материалдық және рухани игіліктер өндірісін тоқтатқан болса, онда адам қоғамы жайылып кеткен болар еді.
Материалдық өндірістер саласы - халық шаруашылығы салаларының төмендегідей материалдық игіліктер өндірісі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс) және материалдық қызмет көрсету саласы бойынша (өнім қозғалысын тұтынушыға дейін камтамасыз ететін көлек пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету – киімді өндеу, тігу, жуу, тазалау және т.б.) екіге бөлінеді.
Өндірісті жүзеге асыру үшін өндіріс шарттары қажет. Мұндай шарттарды экономикалық ресурстар деп атайды. Экономикалық ресурстарға: табиғи ресурстар, материалды ресурстар, қаржы ресурстары, еңбек ресурстары және ақпарат ресурстары жатады. Экономикалық ресурстарды нақты іс-әрекетке келтіретін болса, олар өндіріс факторларына айналады.
Өндіріс бір мезгілде тұтыну процесінде бола алады. Өндіріс процесі тек қана үш факторлардың – адамның жұмыс күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы (бұл К. Маркс бойынша) жүзеге асуы мүмкін.
Жұмыс күші – бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады.
Қазіргі кезде еңбек затының өзі көп жағдайда бұрынғы еңбектің өнімі болып табылады.
Еңбек құрал-саймандары бұл әртүрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жеткізетін құрылым және т.б. нәрселер.
Еңбек заты мен құрал-саймандар бірге құрал жабдықтарын құрайды.
Өндіріс әрқашан қоғамдық сипат алып, оның екі жағы болады: өндіргіш күштер және өндірістік қатынастар.
Өндіргіш күштер – бұл өндіріс құрал жабдықтары, ең алдымен еңбек құралдары, сонымен қатар материалдық игіліктерді өндіретін адамдар.
Маржинализм теориясының топтауынша, төрт өндіріс факторы бар: жер, еңбек, капитал және кәсіпкерлік қабілеттілік.
Жер табиғи фактор ретінде қарастырылады. Бұған табиғат байлықтары, пайдалы қазбалар қоры, орман мен жыртуға жарамды жерлер және т.б. жатады.
Капитал – бұл машина, құрал-жабдықтар, қойма, көлік және байланыс құралдары.
Еңбек адамның ақыл – ой және дене қызметтердің көрсетеді.
Кәсіпкерлік қабілеттілік – арнайы өнідріс факторы ретінде өндірісті ұйымдастыруда ынталықты және тәуекелдікті көрсетеді.
Батыстық қазіргі эконмоикалық теория мектептері, жоғарыда аталған өндіріс факторларынан басқа, ақпараттық экономикалық және экологиялық факторларды да қарастырады. Экологиялық фактор экономикалық өсудің импулсы ретінде жүзеге асады.
Өндіріс процесінде адамдар бір-бірімен қатынасқа болады. Бірақ, бұл қатынастар әртүрлі болады. Бір жағынан, бұл қатынастар: ұйымдастырушы, адамдарды орналастыру – техникалық - өндірістік қатынастармен байланысты. Екінші жағынан, бұл қоғамдық-өндіріс, яғни экономикалық қатынастар. Олар меншік сипатымен, меншік қатынастарымен анықталады.
Өндірістің әрбір факторы оның иесне белгілі бір табыс әкеледі. Бұл табыстарды факторлық табыс деп атайды. Жердің факторлық табысы – рента; капиталды факторлық табысы – пайыз; еңбектің факторлық табысы – еңбек ақы; кәсіпкерлік қабілеттіліктің факторлық табысы – пайда.

Ресурстардың шектеулілігі және оларды талдау мәселелері.
Экономикалық ресурстар – бұлда өндіріс факторы, табиғатта пайда болады және оны адамдар өндіреді.
Планетамыздағы барлық экономикалық ресурстар шектеулі мөлшерде болады.
Өндірістің балама мүмкіндіктері:
Мүмкіндіктер
Автомобилді өндіру (мың дана)
Танкті өндіру
(мың дана)
А
В
С
D
E
F
15
14
12
9
6
0
0
1
2
3
4
5
Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу, таңдау мәселелерінің қажеттілігін тудырады.

Экономиканы ұйымдастырудың нарықтық сипаты.
Нарықтық модельге негiзделген экономика шаруашылықты ұйымдастыруды былай жүзеге асырады: жеке тұтынушы менөндiрушiлер нарық арқылы өзара iс-әрекет жасап , экономикадағы басты үш мәселенi шешудi мақсат етедi.Оларға : ненi, қалай және кiмге өндiрудi жүзеге асыру қажеттiлiгiн жатқызымыз.
Ненi өндiру? Тұтынушы кез-келген тауарды таңдау арқылы өз дегенiн жүргiзедi. Егер сатып алушы белгiлi тауар түрiн көптеу алса, онда тауарға деген баға
өседi.Нарықтық шаруашылық механизмiнiң iс әрекетi автоматты сипат алып: тауарға сұраным өссе, баға көтерiледi және тауар өндiрушi өндiрiс көлемiн ұлғайтады.
Қалай өндiру? Баға бәсекелестiгiн жеңiп, белгiлi пайда алу үшiн тауар өндiрушiнiң бiр ғана соқпағы бар- арзан әрi сапалы өнiмдi шығару. Өндiрiсте ҒТП элементiн кең қолдануды ұйымдастырған, ресурсты үнемдеген, бiлiктi кадрлары бар тауар өндiрушiлер болады. Нарық өндiрiске ҒТП-тi ендiрiп, тұтынушыға баға мен сапасы көңiлiнен шығатын өнiмдi шығаруға өндiрiстi барынша итермелейдi.
Кiмге өндiру? Бұл құбылыс сұраным мен ұсынымның арақатынасымен байланыстырылып түсiндiрiледi. Нарықты тұтынушының саны мен құрылымы , оның табыс деңгейi және т.б. параметрлер арқылы тамырын басып, бiлiп отыру керек.
Нарық күрделi экономикалық категория бола тұра өзiмен өзi болған емес. Ол белгiлi және нақты әлеуметтiк-экономикалық жағдайда өмiр сүредi және көптеген факторларға тәуелдi:
меншiк түрлерiнiң көп болуы;
нарықтағы шаруашылық субъектiлерiнiң қойылатын экономикалық жауапкершiлiкке сай болып, тәуелсiз әрi өз-өзiнше болуы;
тауар өндiрушiлер мен сауда делдалдарының бәсекелестiгi;
белгiсiз нарыққа өнiм шығару;
өнiмге бағаны контрагенттердiң қою құқықтығы;
керектi инфрақұрылымнiң болуы;

2- дәрісті қайталау үшін сұрақтар:
1. Өндірістің қандай деңгейлері бар?
2. Өндірістің қандай мәселелері бар?
3. Өндіріс дағдарысы дегеніміз не?
4. Экономикалық ресурстарға не жатады?
5. Өндіріс факторлары дегеніміз не?

3- ДӘРІС: МЕНШІК ҚАТЫНАСТАРЫ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ЭКОНОМИКАДАҒЫ ОРНЫ

Дәріс мазмұны

Меншік – экономикалық категория ретінде.
Меншіктің экономикалық және құқықтық қатынастары.
ҚР жекешеліндіру әдістері мен кезеңдері.

1.Меншік – экономикалық категория.
Меншікұғымы әрбір экономикалық жүйенің іргетасы болып табылады.
Франсуа Кенэ Экономикалық кестедеген еңбегінде меншікті көбейту процесінде еңбек өнімділігі ролінің басымдығын көрсеткен. Уильям Петтидің Еңбек-байлықтың атасы,жер-оның анасыдеген қанатты сөздері өзінің мәнін осы күнге әлі жойған жоқ. К.Маркстың тұжырымдамасы бойынша, меншік экономикалық категория ретінде адамдардың еркі мен санасынан тәуелсіз өмір сүреді. Меншік - бұл өндіріс құрал-жабдығын иелену қатынасы және материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау, тұтыну процесі.
Меншік теориясына сүбелі үлесті батыстың қазіргі экономикалық мектептің өкілдері Рональд Коуз және Армен Алчиан қосты. Бұл теория кейінірек Й.Барцель, Г.Демесц, Д.Нарт, Р.Познер және басқалардың еңбектерінде өзінің жалғасын тапты.
Олардың ойынша,меншіктің кешенді құқығы төмендегідей он бір бөлімнен тұрады:
1.иелену
2.пайдалану
3.басқару
4.табысқа деген құқық
5.егеменділік
6.қауіпсіздік
7.игілікті мұрагерге беру
8.игілікті иеленудегі мерзімсіздік
9.сыртқы ортаға зиян келтіретін әдістарді қолдануға қарсылық жасау
10.жауапкершілікке жазалау түрін қолдану
11.қалдықты сипат.
Өтпелі экономикадағы меншік қатынастарының эволюциясы.
Мемлекеттік кәсіпорындар жекешелендіру ғана кәсіпорынның экономикалық еркіндігі мен жауапкершілігін органикалық түрде ымыраластыра алады.
Жекешелендіру термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.
Жекешелендіру мақсаты:
өтпелі мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру.
мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық
құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:
қатаң вариантты жекешелендіру қарқынды жүргізу;
жұмсақ вариантты жекешелендіру ақырындап жүргізу.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған
моделге ұқсастығын жүзеге асырылады.
Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып, үйлерді жекешелендіру жүзеге асты, екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық жекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120-дан болды.
2.Меншіктің түрлері,экономикалық қызметтері.
Меншік қатынастары мынадай қызметтерді қамтиды:
а) иелену
ә) пайдалану
б) бөлу
Меншіктің экономикалық өткерілуі,оның иесіне табыс, рента, пайыз, дивиденд алып келуі арқылы жүзеге асады.
Адамзат қоғамының даму тарихында меншіктің тайпалық немесе қауымдастық түрлері белгілі.
Нарықтық экономикасы дамыған елдерде мемлекеттік меншіктің үлесі 5%-дан 30%-ға дейін ауытқиды.
Жеке меншіктің дамуы ХIX-шы ғасырдың екінші жартысының ортасына дейін жүзеге асты.
Қазіргі уақытта жеке меншік жекеленген (еңбектік және еңбектік емес) ғана емес,сондай-ақ ұжымдық,акционерлік,кооперативтік түрде-меншік иесі ұжымдарын біріктіретін болады.Көптеген әлем елдерінде меншіктің кооперативті түрі жан-жақты дамыған.Алғашқы кооперативтер Дания мен Швецияда ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу,өткізу бойынша пайда болды.Яғни,100жылдан соң әлемнің он екі елінде олардың үлесіне ауыл шаруашылығы өнімінің 60%-ы келеді.
Муниципалды меншік мемлекеттік және басқа меншік түрлерімен салыстырғанда өте ерекше болып табылады.Әдетте муниципалды меншікке өкімет ұйымдары мүлік және әкімшілік-аумақтық құрылымдарды басқару жатады.Қазақстан Республикасында осындай мүліктер коммуналды меншік деп аталады.

Қазақстан Республикасындағы Мемлекеттік меншікті жекешелендіру мен мемлекеттен алу жолдары, тәсіл мен түрлері.
Жекешелендіру термині мемлекеттік меншіктің жеке меншікке өтуін білдіреді.
Жекешелендіру мақсаты:
өтпелі мақсатты алға тартып, жеке меншік топтарын құру.
мемлекеттік кәсіпорын мүліктерін жеке адам мен коммерциялық
құрылымдарға мемлекеттік бюджетті толтыру үшін сату.
Мемлекеттік меншікті жекешелендірудің халықаралық практикасы көрсеткендей, жекешелендірудің екі варианты бар:
қатаң вариантты жекешелендіру қарқынды жүргізу;
жұмсақ вариантты жекешелендіру ақырындап жүргізу.
Қазақстандағы жекешелендіру процесі Чехословакияда қолданылған
моделге ұқсастығын жүзеге асырылады.
Жекешелендіру екі кезеңмен жүргізіледі: бірінші кезеңде тұрғындардан қайтаруды қажет етпейтін тұрғын-үй купонын қолдана отырып, үйлерді жекешелендіру жүзеге асты, екінші кезеңде тұрғындар қайтарылмайтын жекешелендіру купонын алды. Оларды тек қана инвестициялық шекешелендіру қоры арқылы қолдану мүмкіндігі жасалды. Ондай қор Қазақстанда 120-дан болды.
Ұлттық бағдарламаға сай Қазақстан Республикасында мемлекеттен меншікті алу мен жекешелендіру алғашқыда екі кезеңде жүргізіледі:
бірінші кезең 1991-1992 жылдар;
екінші кезең 1993-1995 жылдар;
үшінші кезең 1996-шы жылдан басталып, 1998-ші жылдың брінші
жартысына дейін созылады.
Қазақстан Республикасында мемлекеттен алу мен жекешелендірудің негізгі мақсаты мынада:
шаруашылық субъектілерінің тиімді түрі ретінде жеке меншік топтарын қалыптастыру;
бәсекелестік ортаны құрып, өндірісті монополиясыздандыруды қамтамасыз ету;
шағын және орта бизнесті дамыту;
шет мемлекетті өзіне тарта білетін, жеке бизнес басымырақ ұйымдық-шаруашылық құрылымды қалыптастыру;
бағалы қағаздар нарығының субъектісі ретінде инвестициялық құрылым жүйесін дамыту және нығайту.
Мемлекеттен меншікті алу-жай емес, кең көлемді процесс. Ол мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік емес меншік түрінің саласына ауысын қарастырып, акционерлік, кооперативтік және жеке кәсіпорындардың құрылуын көздейді. Мемлекеттен меншікті алудың мақсаты - әртүрлі меншік түрінің қалыптасуына, бәсекелестік –бағытталған нарықтың экономиканың дамуына бірдей жағдай жасау.
Жекешелендірудіңтөмендегідей тәсілін айтуға болады:
а) аукциондық, жекешелендірілетін меншікке кім жоғарғы баға ұсынса соған сатылады.
ә) конкурстық –таңдау сатушының ойынша, дұрыс жағдай ұсынған сатып алушыға артықшылық көрсетіледі;
б) кәсіпорын акциясын ересек тұрғындарға беру;
в) купондық тәсіл.
Экономикалық жүйе дегеніміз – экономикалық қатынастардың және процестердің жиынтығы. Меншік түрінің және ұйымдастыру дәрежесіне байланысты экономикалық жүйелердің келесідей үлгілері бар:
1) Дәстүрлі экономикалық жүйе деп - әдеп-ғұрыпқа алғашқы тірі қалу жүйесіне, дәстүрлерге негізделген.
Өндіріс процесі, айырбас, бөлу құрылу уақытында қатыптасқан әдеп-ғұрыпқа сүйенеді. Жүйе мемлекеттікке дейінгі алғашқы қауіп кезеңіне ұқсас келеді. Қазіргі уақытта ол амазондық үнділерге, австралиялық тұрғылықты тұрғындары, африка тайпаларына тән.
2) Әкімшілік-әміршілік жүйе мемлекеттік монополиялық меншігінің не оның монополиялық мемлекет тудырған үстемдігімен сипатталады. Бұл жүйеге басқарудың қатаң тіктік ирархиясы тән. Ол көптеген байланыстың болмауымен төменгі деңгейде тиімділікті жоғалтуға тырысады.
3) Нарықтың экономикалық жүйе жеке-меншік кәсіпорнына заңды мәртебе берулік қажеттілігіне, жеке меншік құқықтың анықтауларына, келісім шарт кепілдігінің сақталуына орай жекеменшікке және экономиалық проблемаларды шешуге негізделген.
4) Аралас экономикалық жүйе мемлекеттік реттеу арқылы рынокты толықтыруға негізделеді. Нарықтық механизм мынандай проблемаларды шеше алмайды: қоғамдық игілікті жасау, әлеуметтік мәселелер, экономикалық тұрақтылық, тепе-теңдікті жаңадан құру және т.б.

3 - дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

1.Жекешелендіру мен мемлекеттен алу процесінің мәнісі неде?
2.Дамыған елдердегі жекешелендірудің өтпелі экономикадағы ерекшелігі қандай?
3.Сізге жекешелендірудің қандай моделі мен тәсілі белгілі?
4.Өтпелі экономикадағы жекешелендірудің экономикалық және әлеуметтік нәтижесі қандай?

4-ДӘРІС. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУ МЕХАНИЗМІ ЖӘНЕ МӘНІ

Дәріс мазмұны
1. Ақшаның пайда болуы, мәні және қызметі.
2. Нарықтың мәні, қызметтері және түрлері
3. Нарықтық экономиканың субъектілері, құрылымы мен инфрақұрылымы

1. Экономикалық мектеп өкілдерінің бірі ерте дүниедегі грек ойшылы Аристотель ұсынған қағиғада сүйене отырып, ақшаны - белгілі шарт, адамдар арасындағы саналы келісім нәтижесі ретінде қарады. Басқа бағыт-тағы мектептің өкілдері ақшаны – мемлекет бекіткен тауарды айыр-бастауға қажетті құрал ретінде қарастырған. Үшінші өкілдері ақша өзінің табиғаты бойынша алтын мен күміске жататындығын айтқан.
Т(1 кое) → Т1 (1 қап астыққа) экв.
→ Т2 (1 қап балтаға) экв.
→ Т3 (5 құмыраға) экв.
→ Т4 (2 гр. алтынға) экв.
Осы қатардағы тауарлар эквивалент болып табылады.
Кейініректе жалпылама эквиваленттіе ролді игілікті металдар (алтын, күміс) атқара, бастады, себебі оның өзіне тән бірқатар артықшылығы болды: жеңіл бөлінетіндігі, біртектілігі, жақсы сақталатындығы, ең маңызды артықшылығы, сол, осы металдардың аз ғана бөліктерінде көптеген еңбектің сіңірілгені болып табылады.
Ақшаны қалай түсінуге болалы? Құн түрінің дамуы мынаны куәландыруды: ақша бұл техникалық айырбастау құралы емес, ол - жалпылама эквиваленттік (балама) роль атқаратын тауар.
Ақшаның бірінші қызметі – құн өлшемі. Тауар құнының ақшалай көрсетілуі баға деп аталады. Сондықтан тауар өз құнына да және сұраным мен ұсынымнан да тәуелді.
Сөйтіп тауар бағалары негізінен тауардың өз құнына тура пропорционалды және алтын (ақша) құнына кері пропорционалды өзгереді.
Екінші қызметі - айналым құралы.
Үшінші қызметі – төлем құралы
Төртінші қызметі – қазына жинау қорлау құралы.
Бесінші қызметі – ақшаның әлемдік ақша түрінде болуы. Әлемдік ақша алтын және өнеркәсібі дамыған елдердегі тұрақты валюта болып табылады.
Деньги ұғымы түркілердің – күміс теңге деп атауынан шыққан. Ол XV – ші ғасырдың Әмір Темірдің (хан) басқару кезеңінде дайындалған. Ең алғашқы рет қағаз ақшалар ХІІ-ші ғасырда Қытайда пайда болған, ал ХІІІ-ші ғасырда Шыңғыстан үкіметі қағаз ақша белгілерін алтынға еркін айырбастаған.
Ақшаның металдық және номиналдық теориялары.
Ақшаның металдық теориясын меркантилизм мектебінің өкілі Томас Мэн (1571-1641 жж.) жасаған. Осы теорияға сай – алтын мен күміс бойынша – ақша болып табылады. Алтын мен күмістің ақша болуы олардың алтын және күміс болуында емес, бастығы – олардың қоғамдық еңбектің өнімі болйында. Тауар құны алтынмен өлшенеді, себебі тауарға да және алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтынға да қоғамдық еңбек жұмсалған. Аздаған уыс алтында қоғамдық еңбектің көптеген мөлшері баршылық.
Ақшаның номиналистік теориясының негізні идеясы мынаған саяды: ақша тауар өнімі емес, олар шартты белгі ғана болып табылады, бағатылығын мемлекет бекітеді. Номиналистік теорияны жақтаушыларға ағылшын экономисі Дж. Кейнсті және американ экономисі Пол Самуэльмонды жатқызамыз.
Американ экономисі Пол Самуэльсон ойынша: Ақша – бұл әлеуметтік шарттылық. Демек, ақша номиналистік теория өкілдерінің ойынша, бұл зомбылық, бағылықтағы жасанды төлем құралы, яғни алтынмен байланысты жоқ.
Номиналистік теорияның алғашқы идеясы Ертедегі Римде пайда болған.
Ақша айналымының заңы. Ақшаның тұрақтылығы және оның конверсиялану проблемалары.

2. Нарықтың мәнi, қызметi мен құрылымы.
Нарық мәселелерінің, қоғамды қайта құру теориясы мен практикасында алатын зор мәніне қарамастан, ТМД-ға кіретін мемлекеттердің және Қазақстан ғалым-экономистерінің арасында нарық туралы бірыңғай пікір жоқ. Осыған байланысты натықтың бірнеше анықтамасын келтірейік.
Нарық-белгілі жүйе әрі айырбас нәтижесінмен жағдайын немесе өндіріс факторына қарай өндірістік қатынастарды қысқарту, шаруашылық субъектілерін байланыстырушы ұйым.
Нарық-тауар айырбасының аясы, сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгілі экономикалық қатынастар жүйесінің сипаттамасы.
Нарық сатушы мен сатып алушы арасындағы тауар өткеру жайлы қатынастар жүесін көрсетеді. Осы анықтамалардағы ортақ пікір: нарықты өндірістің емес айырбас саласының катигориясы ретінде қарап, нарықтық қатынастардың субъектісіне сатушы, сатып алушы және тұтынушылар жатқызылады.
Нарық-сатушы мен сатып алушылар арасындағы белгiлi бiр экономикалық қатынастар мен байланыстар жүйесi.
Нарық-күрделi жүйе, оның құрылымын әртүрлi белгiлермен классификациялауға болады.
Елдегi барлық нарықты былай жiктеймiз: iшкi нарық,әлемдiк нарық,еларалық нарық, аймақтық нарық, жергiлiктi оқшауланған нарық.
Әлемдiк нарық - жеке елдiң iшкi нарығымен байланысты. Ол байланыстар өндiрiстiк кооперация мен интеграция, сыртқы сауда, тауар айырбастау операциясымен жүзеге асып отырады.
Iшкi нарық-бiр елдiң мемлекеттiк шекарасының аумағымен шектелген жалпы iшкi нарық. Өндiрiс құрал-жабдығы нарығы, тұтыну нарығы, капитал ,бағалы қағаздар нарығы, жұмысшы күшi нарығы енедi.
Еларалық нарық - экономикалық айырбастың ерекшк формалары мен шарттары, терең еңбек бөлiнiсi арқылы байланыстыратын бiрнеше мемлекттердiң қатысуымен құрылған нарықты айтады.
Аймақтық нарық - бөлек территориялық бөлiмше нарығы. Мысалы: республика, облыс,аудан.
Жергiлiктi оқшауланған нарық- кейбiр елдi пункттердiң жиынтығы болып табылатын нарық.Бұл негiзiнен халық тұтынатын тауарлар мен ақылы қызмет нарығына қатысты айтылады.
Нарықтық қатынастардың жетiлу деңгейi тұрғысынан нарықты былай жiктеймiз: дамыған нарық , қалыптасатын нарық, әртүрлi дәрежедегi бәсекенi шектеу нарықтары (монополиялық, олигополиялық,монополиялық бәсеке).
Бәсекелестiк сипат пен деңгейi тұрғысынан былай жiктеймiз:
мемлекеттiк нарық - бiр субъектiсiнiң бағаны анықтауымен сипатталады, алайда сол тауарды шығаратын басқада субъектiлер болуы мүмкiн;
олигополиялық нарықта-азғана сатушылар iс-әрекет жасап, олардың әрқайсысы тауар бағасына әсер етуi мүмкiн;
монополиялық бәсеке нарығы- еркiн нарық тетiгi мен өндiрiс облысындағы монмполияны кең жiктелген өнiммен сабақтастығы;
Атқарылып жатқан заңдылықтарға сай көзқараспени нарықты былай жiктеймiз:
Ресми және ресми емес.

Нарық мынадай қызметтер атқарады:
• ұдайы өндiрiс процесiн үнемi қамтамасыз ететiн реттеушi;

• ұсынымның көлемi мен құрылымының жедел өзгеруi және оның сұраным төлем қабiлетiне икемделуi;
• экономикалық оқшауланған тауар өндiрушi мне тұтынушылар арасын байланыстыратын буын;
• экономиканың жағдайы туралы объективтi ақпарат көзi;
• тауар мен еңбектiң қоғамдық маңызын анықтау және мойындаушы құрал;
• бәсеке арқылы тиiмсiз шаруашылық түрiнен экономиканы сауықтыру,тазалау;
• құрылымдық тұтыну,тұтынысынан осы кездегi деңгейiне ыңғайлы рациональды таңдауға тұтынушыны экономикалық мәжбүр ету;
• өндiрiстiк шығындарды төмендетуге тауар өндiру-шiлердi экономикалық ынталандыру және оларды өте қажеттi қоғам аясына жұмсау;
• Тауар өндiрушiнi жоғары сапалы және жоғары еңбек өнiмдiлiгiне экономикалық тұрғыдан мәжбүр ету.
Нарық қызметінің көп түрлерінің ішіндегі ерекшесі реттеуші рөл атқару болып табылады. Ол ұдайы өндіріс процесін тиімді әрі үздіксіз қамтамасыз етеді. Нарықтық реттеуші әкімшілік басқарудың ауыстыруы экономикалық жүйенің өзгеруіне алып келіп, сәйкессіздікке, тапшылықтың тууына, адамның экономикалық өсуіне қозғаушы күшін жоюға алып барады.
Нарықтың келесі қызметі-ақпараттық. Тауар бағасы мен қызмет көрсету, банктегі депозит пен несиеге пайыздық өсімнің призма арқылы тұрақты өзгеруі нарықтық экономиканың борометріне әрі айнасына айналдырады.
Нарықтық қажеттілеу қызметтеріне тауардың қоғамдық маңызын мойындау, еңбектік материалдық ынталандыруды экономикалық тұрғыдан қамтамасыз ету және басқаларын жатқызамыз.
Нарықтық экономиканың субъектілері:
Нарықтық экономиканың негізгі шаруашылық субъектілеріне үй шаруашылығын, фирма мен үкіметті жатқызамыз.
Үй шаруашылығы: материалдық және адами ресурстарды өткере отырып оларды фирмаларға нарық ресурстары ұсынады. Үй шаруашылығы тапқан табыстың барлығын өнім сатып алуға жұмсамайды, белгілі бөлігін жинайды және ресурстар мен салықты төлеуге жұмсайды.
Фирмалар: өндіріс ресурстарын біріктіреді және қозғалысқа келтіріп, өнім шығарады, қызмет көрсетеді және осы тауарды ұсынады. Оларды нарықта сату фирманың ақшалай табысын қалыптастырады. Фирмалар үй шаруашылығындай қажетті салықты төлейді, инвестицияны жүзеге асырады және т.б.
Табыс пен шығындардың айналуы үкіметке кәдімгідей әсер етеді және ол елді мемлекеттің басқару қызметін жүзеге асырып, экономиканы әр деңгейде-жалпы мемлекеттен аймаққа дейін – реттеп отырады.
Үкімет: фирмалардан салық алып, жеке кәсіпорындарға дотация, субсидия береді және кәсіпкерлерден қажетті ресурстарын сатып алады. Үкімет жұмысымен қамтамасыз ету саясатын жүргізді және инфляция деңгейіне ұлттық өнімнің қозғалысы мен құрылымына әсер етіп, табыстарды үлестіреді. Демек табыс пен шығындардың шеңбер айналымы үнемі айналыста болып, теңгеріледі. Түпкі есепте өндірістің жалпы көлемін байқатып, тұрғындардың жұмыстылығы мен табысы көрсетіледі.
Бәсеке – нарықтық механизмнің басты элементі.
Нарықтық қатынастардың мән-мағынасын байқататын ұғымдардың бірі-бәсеке болып табылады. Жалпы алып қарағанда бәсекені -өндірушілердің бір-бірімен нарықтағы тауар ұсынысы мен бағаны белгілеу жайлы өзара қатынасы ретінде анықтауға болады. Бұл өндірушілер арасындағы бәсекені – нарықтағы бағаны, сұраным көлемін қалыптастыру жайлы өзара қатынастар ретінде анықтаймыз. Нарық жағдайындағы бәсеке шаруашылық пропорциясының негізгі механизмін қалыптастыру ретінде белгілі.
Бәсекенің классикалық түрін еркін ,жетілген , бағалық деп атауға болады. Қазір нарықтар бәсеке сипатымен бөлінеді: жетілген бәсеке нарығы, монополиялық бәсеке нарығы, олигополиялық бәсеке нарығы, таза монополия нарығы.
1. Жетілген бәсеке нарығы – кез келген ұқсас тауарларды сатушылар мен сатып алушылардың көптеген құрамын тудырады.
2. Монополиялық бәсеке нарығы (грек сөзі монос бір, полео-сатамын)-көптеген сатушылардың ұқсас, бірақ әртекті сатуынан құралады.
3. Олигополия(грек сөзі олигос-аздау полео-сатамын)-бірнеше деген сатып алушылар нарығын көрсетеді,байқалатыны,тіпті,осылардың кейбіреулері нарықтың көп бөлігін бақылайды.
4. Таза монополия нарықтың сондай түрі, онда бір ғана өндіруші бір текті өнімді 100%-ға сатуды жүзеге асырады және ол өнімді соған жақын алмастырушылар жоқ.


Бәсеке түрлері
Бәсекенің
негізгі
сипаттары
Бәсеке сипаты бойынша нарықтың үлгісі.

Жетілген
(еркін және
таза)бәсеке
Жетілмеген (еркін емес)
бәсеке.
Таза моно-
Полия

Монополиялық
бәсеке
Олигополия

Тауар өндірушілер саны
Тауар өндірушілер
көптігі
Тауар өндірушілер
көптігі
Тауар өндірушілер аса көп емес, ірі тауар өндірушілер бар
Бір ғана
өндіруші
Өнім
сипаты
Бір текті
өнім
Әр текті
өнім
а)Бірнеше ірі фирмалар біртекті тауарлар өндіреді.
б)бірнеше ірі
фирмалар
дифференциаланған тауарлар өндіреді.
Біртекті өнім, өзін
ауыстыратын
ұқсас өнімнің болмауы.
Бір-бірімен
жолығатын
экономика
саласы
Ауыл шаруашылығы:
Бидай,көкөніс,
Жеміс-жидек
өндіру
Әртүрлі сауда:
киім,аяқ-киім,
тағам өнімдері,
бензин т.б.

Түрлі-түсті металлургия өндірісі, автомобиль жасау өндірісі
Жергілікті
қоғамдық
қолдану
кәсіпорындары: телефон байланысы, элек
трогазәкелуші
және т.б.
Тауар өндірушілер тарапынан баға
бақылау.
Ешқандай
жоқ
орташа
Орташа
Шамалап
болса да,
мемлекет
бақылайды

Нарықтық инфрақұрылым:

Аукциондар
Консультациялық делдалдық фирмалар
Биржа мен брокерлік кеңселер
Бизнестің коммерциялық орталықтары
Банктер
Сақтандыру және аудиторлық компаниялар
Коммерциялық орталықтар және компаниялар
Жарнамалық –ақпараттық қызметтер
Мемлекеттік резервтік және сақтандыру қорлары
Қоймалық, элеваторлық, тоңазытқыштық және транспорттық қызметтер
Баға мен стандартты бақылаушы мемлекеттік инспекция
Сауда үйлері
Мемлекеттік салық инспекция
Маркетингтік зерттеу орталықтар
Бағалы қағаздарды бақылау инспекциясы
Көтерме сауда орталықтары
Құқық қорғау органдары
Кадрларды даярлау орталықтары
Лизингтік компаниялар
Жәрмеңкелер
Кеден қызметтері
Өндірушілердің әр түрлі ассоциациясы
Тұтынушыны қорғайтын қоғам
Және басқалары

Инфрақұрылым-бұл институттар жиынтығынан тұрады және оның мән мағынасы нарықтық дамуымен және қызмет жасауы үшін қалыпты жағдай қалыптастырып қызмет көрсетеді.
Нарықтық инфрақұрылымның элементіне –тауарлық, қор биржасы, еңбек биржасы делдалдық және маркетинг қызметтері, ақпараттық жүйелер, коммерциялық банктер көтерме сауда орталықтары, аукциондар, жәрмеңкелер және т.б жатады.

4- дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
1. Нарықтық шаруашылықтың пайда болуы?
2. Нарықтық шаруашылықтың негізгі сипатты белгілері қандай?
3. Нарықтық шаруашылық қандай мәселелерді шешеді?
4. Нарықтың атқаратын қызметтері қандай ?
5. Нарықтық экономиканың артықшылықтары мен кемшіліктерін ата.

5-ДӘРІС. СҰРАНЫС ЖӘНЕ ҰСЫНЫС ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ

Дәріс мазмұны
1. Сұраныс және ұсыныс : заңы, факторлары
2. Сұраныс және ұсыныс икемділігі
3. Нарықтық тепе-теңдік.

Нарықтық механизм - сатушы мен сатып алушының өзара іс-әрекетінің бәсекелестік механизмі және сұраным мен ұсынымның негізінде төмендегідей үш мәселені шешеді: не өндіру керек?, қалай өндіру керек?, кімдер үшін өндіру керек?.
Сұраныс мен ұсыныс нарықтық экономиканың ең маңызды элементтері.
Сұраныс деп тұтынушылардың белгілі бір өнімді таңдау және сатып алу қабілетін айтады. Сұраныс тауардың бағасы мен көлемінің арасындағы тікелей байланысты көрсетеді.Олардың бірнеше баламалы түрін былай көрсетеді.

Сұраныс көлемі- сұранысқа әсер ететін басқа факторлар тұрақты деп ұйғарғандағы,әр түрлі бағамен сатып алынатын тауардын санын көрсетеді.
Сұраныс қисығы- зертеліп отырған тауардын сатып алынатын бағасы мен оның сұраныс көлемінің арасындағы тәуелділікті көрсетеді.Егер баға 500-ден 600 тенгеге дейін жоғарласа,опда сұраныс көлемі 5,5 кг-нан 5 кг-ға дейін төмендейді.Бағныңтөмендеуі сұраныс көлемін көбейтеді.Сұраныс қисығы тауардың бағасы (Р) мен тұтынушылар қалап,сатып ала алатын тауарлар саны арасындағы тәуелділікті көрсетеді.
Сұраныс заңы бойынша тауардың бағасы неғұрлым төмендеген сайын тұтынушының сатып алатын тауарларының саны көбейеді немесе керсінші.Бұл заң нақты ақиқаттармен дәлелденген гипотеза болып табылады.
Нарықтық сұраныс көптеген факторлардың әсерімен: баға деңгейі, сатып алушылардың ақшалай табысы, нарық көлемі,жинақталған мүлікпен сатып алушылар және басқалармен қалыптасады. Сұраныс мөлшері мынадай формуламен анықталады:

мұндағы:-қолдағы тауар көлеміне сұраным;
Б - қолдағы және жолдағы тауарлар бағасы;
Ат- тұрғындардың ақшалай табысы;
Тт- тұтынушының талғамы және талғауы;
Жм- жинақталған мүлік;
Ғ- сұранымды қалыптастыратын факторларға қатысты сұраным тәуелділігінің қызметі.
Сұраныстың жай-күйіне көптеген: экономикалық сипаттағы, ұлттық, аймақтық сипаттағы, мінез-құлықтық, демографияық, кәсіпқойлық, діни-психологиялық сипаттағы факторлар әсер етеді.
Ұсыныс деп – тауардың бағасы мен сатушылардың белгілі бір уақыт аралығындағы сатқысы келетін заттарының көлемі арасындағы байланысты айтамыз.Ұсыныс заңы төмендегідей тұжырымды негіздейді:тауардың бағасы қымбаттаған сайын сатушылардың сату ынтасы арта түседі.
Тауардың бағасы мен сатушылар ұсынатын тауар көлемінің арасындағы байланысты кестелік әдіспен бейнелуге болады. Ұсыныс көлемі дегеніміз ұсыныс кестесіндегі әр бағаға сәйкес келетін тауардың әр бағаға сәйкес келктін тауардың саны.
Ұсыныс қисығы белгілі бір уақыттағы баға мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланысты көрсетіп тұр.Шұжықтың 1 кг-ң бағасы 300теңге болғанда, оны ұсыну көлемі 2 тонна болады, ал баға 600 теңгеге дейін жоғарлағанда ұсыныс көлемі 5 тоннаға дейін жоғарылады. Бағаның жоғарылау ұсыныс көлемін көбейтеді.

Шұжықтың ұсыну көлемі.
1 кг-ң бағасы (теңгемен) Ұсыныс көлемі (1 айға,тонна)
900
8
800
7
700
6
600
5
500
4
400
3
300
2
100
1

Ұсыныс қисығы баға (Р) мен тауардың ұсынылатын көлемінің арасындағы тура пропорционалды қатынасты көрсетеді. Енді осы айтылған байланысты функция түрінде бейнелесек, онда төмендегідей формуламен жазуға болады: Qs=f(p)
Qs- ұсыныс көлемі,(m,кг),
Р- тауардың бағасы,тенге.
Ұсыныс концепциясы тауардың бағасы мен сатушылардың сатуға осы тауардың көлемі арасындағы қатынасты қарастырады. Әрине,бағадан басқа ұсыныс көлеміне әсер ететін басқа да факторлар бар. Оған жататындар: еңбектің (жұмыс күшінің) бағасы, тауарды өндіруге қажетті материалдар мен шикізаттардың бағасы, қолданылатын технология түрі, дотация мен салық, тура сондай ресурстардың көмегімен өндірілетін ұқсас тауарлардың бағасы және нарықтағы сатушылардың саны.
Тауар өндірісінің технологиясы сатушылардың нарыққа шығуына әсер етеді.Технологиядан жеткен жетістіктер тауардың белгілі бір санын өндіру үшін қажетті еңбекті және басқа да ресурстарды төмендетеді. Егер өнімнің белгілі көлемін өндірудегі ресурстар мөлшері азайса, онда шығындар да төмендеп, бұл тауар өндірісінің тиімділігін жоғарылатады.
Тұтыну іс-әрекетінің теориясы.
Сұраныстың негізін адамның тұтыну қабілеттілігі құрайды. Алдымен бұл қалыпты өмір сүру жағдайымен қызмет етуді қолдау қажеттілігі. Тұтынушының іс-әрекеті оның тұтынуының қалай қолданбауында, материалдық игіліктер(тауар) мен қызмет көрсету қандай пайда әкелетіндігіне байланысты.
Тауар пайдалылығы – адамдардың қандай да болмасын тұтынысын қанағаттандыру қабілеттілігі.
Сондықтан тұтынушының болатын сипатына, әдетіне, талғамына көңіл-күйі мен хал-жағдайына байланысты. Тауар пайдалылығы – жалпы және шекті пайдалылық болып жіктеледі.
Жалпы пайдалылық – адамдардың белгілі тауар мен қызмет жасау жиынтық бірлігін тұтынуға қанағаттануы. Шекті пайдалылық – қосымша пайдалылық, себебі тұтынушы тауар мен қызмет жасауға бір қосымша бірліктен алып тұрады. Шекті пайдалылық термині алғашқы рет 1883 жылы австрия экономисі Ф.Визер (1851-1926жж.) ендірді.XIX-шы ғасыр мен XX-шы ғасырдың басында ірі экономистер:Г.Госсен, К.Менгер,У.Джевонс,Л.Вальрас, Р.Аллен, Дж.Хикс шекті пайдалылық теориясын жасады.
Қоғамдық пайдалылық тұтыну көлемінің өсуіне байланысты өсу тенденциясына ие болса, шекті пайдалылық және онымен қоса жалпы сұраныс төмендеу қасиетіне ие. Бұл заңдылық шекті пайдалылық кему заңы деп аталады.
Нарықтағы тепе-теңдік
Әрбір экономикалық модельдегң тепе-теңдік сол модельді түсіндіре алатын айнымалылар белгілі бір теңдестік жағдайына келген уақытта болады.
Сұраныс мен ұсыныс қисық сызығының қиылысу нүктесін нарықтық тепе-теңдік деп атайды.Нарықтық тепе-теңдіктің бұзылуы экономикадағы диспропорцияның туына алып келеді. Өндііс пен қоғамдық тұтынудағы қозғалыстың баланстанбауын тудырып, әртүрлі жағымсыз әлеуметтік-экономикалық салдарларға заңды түрде алып барады. Нарық бәсекелестігінде тепе-теңдік Е нүктесінде болады.

Егер Ро-ге тең болғанда ғана сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең болады (Qd=Qs). S және D қисықтарының қиылысу нүктелері тепе-теңдік жағдайы деп аталып,Ðo-теңдестеік бағасын,ал Qo-сұраныс пен ұсыныс бір-біріне тең болатын теңдестік көлемін көрсетеді.
Егер нарықта тауардың бағасы P1 деп белгіленсе (P1Pî), онда сұраныс көлемі ұсынылып отырған көлемнен көп болады (QdQ¾). Бұндай жағдайда нарықта жетіспеушілік болады.
Ал егер баға тепе-теңдік деңгейінен жоғары болса (P2Pî), онда сұраныс көлемі ұсыныс көлемінен аз болады да (QdQs),нарықтық ұсыныс артықшылығы орын алады.Осы айтылғандар төмендегі 3-кестеде көрсетілген.

3-кесте
Нарықтық жағдай
Сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемінің арасындағы байланыс
Нарықтық баға
тепе – теңдік
Qd=Q¾
тепе – теңдік
Тапшылық
QdQ¾
төмендейді
Артықшылық
QdQ¾
жоғарылайды

Сұраныс немесе ұсыныс өзгеру нарықтағы тепе-теңдіктің өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Нарықтағы тепе-теңдік Е нүктесінде болған. Сұраныс көбейгеннен кейін (D→D2) тепе-теңдік Е2 нүктесіне дейін жылжиды. Ал сұраныс азаюы (D→D1) тепе-теңдік нүктесін Е1 дейін өзгертті.
Нарықтағы алғашқы тепе-теңдік Е нүктесінде орналасқан. Ұсыныс жоғарлауына (S→S1) байланысты нарықтағы теңдестік жағдайы Е1 нүктесіне жылжиды.
Ұсыныс азайған уақытты (S (→)S2) нарықтағы тепе-теңдік Е2 нүктесінде болады.
Егер сұраныс пен ұсыныс бір мезгілде өзгеретін болса онда нақтағы тепе-теңдік Е0 нүтесінен Е1 нүктесіне ауысады. Сұраныс пен ұсыныстың өзгеру қатынастарына байланысты теңдестік нүктесіне де әр түрлі болады: нарықтық баға жоғарылайды, Ал сату көлемі көбейеді немесе азаяды, тіпті өзгермеуі де мүмкін.
Экономикалық теорияда мойындалған нәрсенің бірі – тепе-теңдіктің нарықтық бағасы мәселесін тереңірек түрде ағылшын экономисі Альфред Маршалл (1842-1924жж.), австриялық Ейген Бем-Баверк (1851-1914 жж), Карл Маркс (1818-1883 жж) және швейцарлық Леон Вальрас (1834-1910 жж) еңбектерінде қарастырылған
Икемділік ұғымы.
Нарықтық жағдайларды зерттеген уақытта, сұранысты не себепті және қандай мөлшерде өзгергенін зерттеу үшін сұраныстың икемділік коэффицентін пайдаланады. Бағаның әсер етуі арқылы сұранымның сандық өзгеру қасиеті оның икемділігі деп аталады. Бұл абсолюттік емес, салыстырмалы коэффиценті. Сондықтан сұраныстың икемділік коэффиценті зерттелгелі отырған сұраныс функциясын факторы бір пайызға өзгерсе онда сұраныстың қандай мөлшерге өзгеретінін көрсетеді.
Сұраным икемділігі бағаның әсерінен өнімге деген жиынтық сұранымының сандық өзгеру дәрежесімен анықталады. Оның үш варианты бар:
Біріншісі-бағаның кез-келген өнімге белгілі пайызының төмендеуі ол өнімге сұранымның ұлғаюын (%-түрінде) туғызады және жалпы ақшалай түсімді өсіреді. Бұл сұраным икемді деп аталады.
Екіншісі-бағаның пайыздық (%) мөлшерінің азаюы сұраныстың сондай көп ұлғаюына алып келеді, бірақ жалпы ақшалай түсім өзгеріссіз қалады. Бұл-біркелкі икемді сұраныс.
Үшіншісі - бағаның пайыздық төмендеуінен сұраныстың пайыздық ұлғаюы кем. Бұл икемсіз сұраныс. Сұраныстың икемділік коэффициенті былай белгіленеді - Е. Егер Е көрсеткіші 1-ден көп болса (Е1), онда сұраныс икемді, ал егер аз болса (E1), сұраныс икемсіз болады. Икемділік коэффициенті былай анықталады:

мұндағы: - сұраным икемділігінің коэффициенті;
%- сұраным көлемінің өсу пайызы (%);
%Р - бағаның төмендеу пайызы(%).
Ұсыныс көлемінің өзгеру дәрежесінің нарықтық бағаның ұлғаюын сипаттауы ұсыныс икемділігі болып табылады. Ұсыныс икемділігінің коэффициенті:

мұндағы: -ұсыныс икемділігінің коэффициенті;
%Q- ұсыныс көлемінің өсу пайызы (%);
%P- баға ұлғаюының пайызы (%).

5 - дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
1. Сұраныс заңы дегеніміз не?
2. Сұраныс қисығықандай факторлардың әсерімен өзгереді?
3. Ұсыныс көлемін не қалыптастырады?
4. Икемділік ұғымы.



6-ДӘРІС. КАПИТАЛ ТЕОРИЯСЫ.

Дәріс мазмұны

1. Өзiндiк капитал теориясының айналымы негiзгi және айналмалы капитал.
2. Фирма нарықтық экономиканың субьектiсi ретiнде.
3. Негiзгi капиталдың тозуы және оның түрлерi. Инвестиция және оның түрлерi

Өндіріс нәтижесі өнім болып табылады. Ол екі бейнеде болады: натуралды және ақшалай. өнімді жасау уақытынан бастап оны тұтыну кезеңіне дейінгі аралықты қарастыратын болсақ, өнімнің экономикалық айналымын аламыз. Өндірістің қозғалуының алғашқы шарты ақшалай капитал деп алатын болсақ, онда ақша капиталының қозғалу формасы келесідей болады: А-Т-Ө-Т1-А1.
Өндіріс факторларының экономикалық айналымы өндіріс факторларын сатып алуға ақша қаражаттарын жүмсаудан басталады. Сатып алынған факторлар біріктіріліп, өндірістік капиталды тұтыну кезеңі басталады.
Өндіріс құралдары құндық бейнеде өндірістік қорлар деп аталады. Өндірістік қорлар негізгі өндірістік қорлар және айнымалы қорлар деп бөледі.
Әрқилы меншік формасындағы және түрлі салада қызмет ететін кәсіпорынның айналымнан тыс активтерді негізгі капиталды құрайды, оның құрамына: материалдық емес активтер, негізгі құралдар және ұзақмерзімді міндеттемелер кіреді.
Негізгі өндірістік қорларды пайдалану жағдайын және пайдалану тиімділігін талдаудың негізгі міндеттері:
- кәсіпорынның және оның құрылымдық бөлімшелерінің негізгі құралдармен қамтамасыз етілуін анықтау –қажеттілік қорының мөлшері, құрамы және техникалық деңгейі
- олардың өсу жоспарының, жағаруы мен шығуының жоспарының орындалуын анықтау
- негізгі құралдардың техникалық жағдайын зерттеу
- негізгі құралдарды пайдалану дәрежесін және оған әсер етеін факторларды анықтау
- уақытта және қуаттылығы бойынша құрал-жабдықтарды пайдаланутиімділігіне ықпал жасау
- қор қайтарымның өсу резервтерін анықтау, негізгі құралдарды пайдалануды жақсарту есебінен өнім көлемін ұлғайту.
Негізгі өндірістік құралдардың қозғалысын және техникалық жаңдайын зерттеуді талдауда маңызды орынды келесі көрсеткіштердің есебі қолданылады:
1) жаңару коэффициенті
К жағ = жаңа түскен НӨҚ құны жыл ағяына НӨҚ құны
2) шығу коэффициенті
Кшығ = шыққан НӨҚ құны жыл басына НӨҚ құны
3) тозу коэффициенті
Ктозу = НӨҚ тозу сомасы тиісті мерзімге НӨҚ алғашқы құны
4) өсім коэффиценті
Көсім = НӨҚ өсім құны жыл басына НӨҚ құны
5) жарамдылық коэффициенті
Кшығ = НӨҚ қалдық құны НӨҚ алғашқы құны
Талдаудың келесі кезеңі – кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамсыздандырылуын зерттеу. Машиналардың жеке түрлерімен,арнайы механизмдерімен қамсыздандырылу олардың нақты қолда барын өнім шығару үшін жоспарды орындау үшін қажетті жоспарлы қажеттілігімен салыстыру жүргізіледі. Кәсіпорынның негізгі өндірістік қорлармен қамсыздандыру деңгейін сипаттайтын жалпылауыш көрсеткіштер еңбектің қормен жабдықталуы және техникалық жабдықталуы болып табылады. Еңбектің жалпы қормен жарақталу көрсеткіші негізгі өнеркісіпті-өндірістік қорлардың орташа жылдық құнының ең үлкен сменадағы жұмысшылардың орта тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады.
Еңбектің техникалық жабықталу дәрежесі өндірістік құрал-жабдықтарың құнының ең үлкен сменадағы жұмысшылардың орта тізімдік санына қатынасы арқылы анықталады. Оның өсу қарқындылығы еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығымен салыстырылады. Еңбек өнімділігінің өсу қарқындылығы еңбектің техникалық жабдықталуының өсу қарқындылығынан асуы керек.
Талдау процессінде аталған көрсеткіштердің динамикасы. Олардің деңгейі бойынша жоспардың орындалуы зерттеледі, шарауашылық аралық салыстырулар жүргізіледі. Осыдан кейін олардың мөлшеріңің өзгеру факторлары зерттеледі.
НӨҚ-дың құрылымы мен динамикасын талдау барысында кәсіпорынның негізгі құралдарға капитал салымының өлшемін бағалау қажет, ол арқылы өндірістік қызметтің функционалды ерекшеліктерін анықтауға болады.
Негізгі қорлады пайдалану тиімділін және интенсивтілігін сипаттау үшін келесідей жалпылауш көрсеткіштер есептеледі:
Кор рентабельділігі – пайданың негізгі құралдардың орташа жылдық құнына қатынасы
Қор қайтарылымы - өндіріген өнім құнының негізгі құралдардың орташа жылдық құнына қатынасы
Қор сыйымдылығы – есепті негізгі құралдардың орташа жылдық құнының өндіріген өнім құнына қатынасы.
Өндірістік қорлардың келесі түрі – айналым қорлары. Айналымдағы қорлар материалды – бағалы заттардың жиынтығын көрсетеді, бір ғана өндірістік циклде еңбек бөлшегінің табиғи түрдегі құрылымын көрсетеді.
Айналымдағы қорлардың айналу жылдамдығы деп қорлардың айналымдағы қорлардың сатып алынған сәтінен бастап сатып болғанға дейінгі толық бір айналым жасалғанын айтады. Айналымдағы қорлардың сомасы баланста көрсетілген. Айналымдағы қорлардың бір айналымдағы ұзақтығы:
L = е * t n,
Мұндағы: е - айналымдағы капитал;
t – уақыт кезеңі;
n – тауар өнімінің көлемі;
Бір күндік айналымдылықты табу, бізге айналымдағы қорлардың қанша уақытта бұл кәсіпорындағы айналымдағы қорлардың толықтай айналып шығатынын көрсетеді.
Айналым уақытының бір кезеңдегі айналып шығуының азаюуы айналымдағы қорлардың тиімді пайдаланылғанын көрсетеді. Жоғары айналым кезінде шикізат пен материалдар төлемдерінің төленбей қалу қаупі өседі. айналымдағы қорларды әрқашан үнемдеп ұстау және тиімді қолдана білу өнімнің өзіндік құнының немесе кәсіпорынның рентабельділігіне жақсы әсер еткен болар еді, бұл әдіс осы кәсіпорынға қазіргі уақытта керек факторлардың бірі. Айналымдар саны, ол өз кезегінде айналымдағы қорлардың бір жылдың ішіндегі айналымын көрсетеді:

КО = n е
Сонымен қатар айналымдағы қорларға талдау жасау айналымдағы қорлардың қайтарымдылық көрсеткіші де қолданылады:
КОТ = р е,
Мұндағы; р – пайда.
Кәсіпорында айналым капиталының айналымдылығын жылдамдату үшін өндірістік цикл ұзақтығын қысқарту, оның үздіксіздігін жоғарлату, кәсіпорын қызметінің ритмділігін қадағалау, шикізаттарды кешенді пайдалану, өндірістік ақауларды болдырмау, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру болып табылады.
Кәсіпкерлік – адам қызметінің ерекше саласы және ол еңбектің басқа түрлерінен оқшауланып тұрады. Бұған кезінде атақты неміс экономисі Гарвард университетінің профессоры Иозеф Алиоз Шумпетер (1883-1950 ж) мән берді. Оның айтқан мынандай сөзін эпиграф етіп алуға болады: Кәсіпкер болу - басқаның істегенін істемеу. Екінші жағынан кәсіпкерлер- алдымен кәсіпкерлік жұмысты ұйымдастырушылар. Ол туралы француз экономисі Жан Батист Сэй (1767-1832 ж ) былай деген: Кәсіпкер - адамдарды өндірістік шеңбер ауқымында ұйымдастыратын адам .
Кәсіпкерлік терминің алғашқы рет ағылшын экономисі Ричард Кантильон (1650-1734 ж) ендірді. Бұл ұғымға, ол нарықтық тәуекелділік жағдайында табыс алу мақсатымен өндірістік ұйымдастырудағы адам белсенділігін жатқызды. Экономикалық әдибиеттерде кәсіпкерлік пен бизнес ұғымдарын балама түрінде қарастыру жиі кездеседі. Бизнес пен кәсіпкерлік жақын ұғымдар болғанымен, оларды бір-бірімен баламалап, теңестіріп қарауға болмайды. Бизнес-табыс әкелетін кез келген қызметтің түрі. Рас, бизнес кәсіпкерлік қызметпен тығыз байланысты.
Кәсіпкерлік- новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер-ол өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар, осы көзқарас тұрғысынан еш уақытта кәсіпкер бола алмайды. Экономикалық ғалымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғымда бар.
Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан бұл келе бермейді. Демек, бизнес – бұл табыс әкелетін адамның эконоимкалық қызметі.
Кәсіпкерлік – бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады. Қазақстан Республикасы Президентінің шаруашылық серіктесі жайлы және мемлекеттік кәсіпорын түралы жарлығына сай кәсіпкерлік қызмет шаруашылық серіктестігінің түріне қарай жеке және ұйымдық болуы мүмкін:
жай, ол бірлескен қызмет шартына негізделеді;
толық, барлық мүлікке ынтымақтастық жауапкершілік жүктеледі;
жауапкершілігі шектелген, салынған салым, құны шеңберінің жауакершілігі жүктеледі;
коммандитті –аралас жауапкершілік;
қосымша жауапкершілікпен, өзінің салымдарымен және оған жататын мүлікпен қосымша жауапкершілік мойына алынады;
өндіріс және тұтыну кооперативтері;
консорциумдар;
акционерлік қоғамдар.
Кәсіпорын кәсіпкерлік қызмет өндірістік звеносының негізгі болып тбылады.
Кәсіпкерлік қызметті құру- өтпелі кезеңде мемлекеттің алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Барлық деңгейдегі кәсіпкерлік құрылым халықты барынша жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуге және халықтық өмір деңгейін көтеруге ҚР-ның одан әрі әлеуметтік – экономикалық дамуы үшін қажетті. әлеуметтік ахуалды жақсартуды қамтамасыз етуге қабілетті. Нарық жағдайында кәсіпкерлік қызмет көп нышанда болады, оларды мына түрде бөлуге болады:
масштабы бойынша шағын, орта және ірі кәсіпкерлік;
кәсіпкерліктің субъектілері бойынша.
Кәсіпкерліктің субъектілері экономикалық қызметтің әр түрлі қатысушылары- жеке тұлғалар, келісім-шарт міндеттемелерімен және де ортақ экономикалық мүдделерімен, біріккен адамдар тобы яғни, ұжымдық кәсіпкерлік, серіктестік, кооперативтер, акционерлік қоғамдар, холдингтер мен осы тәріздес мемлекеттік кәсіпкерлік бола алады.
Инвестициялар - кәсіпкерлік қызметтің және нәтижесінде пайда құралатын немесе әлеуметтік тиімділікке қол жеткізілетін қызметтің басқа да түрлерінің объектілеріне жұмсалған мүліктік және интеллектілік құндылықтардың барлық түрлері, капиталдың ел ішіндегі және шетелдегі экономикаға ұзақ мерзімді жұмсалымы.
Сонымен қатар, инвестициялар тікелей және жанама болып бөлінеді. Қазақстан Республикасындағы "Тікелей инвестицияларды мемлекеттік қорғау " Заңы бойынша тікелей инвестициялар - республиканың тәуелсіздік кепілділігіне байланысты және арнайы техникалық көмек пен грантқа арналған инвестициялардан басқа барлық инвестиция түрлері. Жанама инвестициялар - қоржындағы инвестициялар, басқаша айтқанда құнды қағаздар мен мүліктік бағалы заттар.
Инвестицияны материалдық-заттық және ақшалай нысанына бөлуге болады. Материалдық-заттық инвестиция - ол салынуға тиісті өндірістік және өндірістік емес объектілер, жабдықтар, машиналар және т.б. Ал инвестицияның ақшалай нысаны болса, ол - ақшалай капиталдың материалдық-заттық инвестициясын жасауға, инвестициялық тауарларды қамтамасыз етуге жұмсалады. Венчурлық капитал - үлкен тәуекелге байланысты жаңа саладағы қызмет көрсетудегі жаңа акциялар формасында шығарылатын инвестициялар болып табылады.Венчурлық капитал жұмсалған қаржының үлкен өтелімділігі есебіндегі өз өзінен байланысты емес жобаларды инвестициялайды. Ол өзіне түрлі формадағы капиталды ұштастырады: несиелік, акционерлік, кәсіпкерлік.
Тікелей инвестициялау - шаруашылық субъектілерінің табыстар түсіруіне және осы субъектіні басқаруға қатысу құқығын алу мақсатындағы жалға капиталға жұмсалуы болып табылады.
Портфельдік инвестициялар - портфельді қалыптастыруға байланысты және құнды қағаздарды сатып алу, сол сияқты басқа да активтер болып есептеледі.
Аннуитеттік - тұрақты аралық уақыт арқылы салымшыға елеулі табыс әкелетін, сақтандыру және зейнетақы қорларына жұмсалатын қаржыларды көрсетеді.
6- дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
1. Өндірістік капитал дегеніміз не?
2. Өндірістік қорларға не жатады?
3. Негізгі өндірістік қорлардың құрамы қандай?
4. Кәсіпкерліктің ұйымдастырушылық –құқықтық формалары қандай?
5. Инвестициялардың түрлерін атаңыз.

7- ДӘРІС. ФИРМАНЫҢ КІРІСТЕРІ ЖӘНЕ ШЫҒЫНДАРЫ

Дәріс мазмұны
1.Өндiрiс шығындары және оның түрлерi
2.Пайда мәнi, жиынтық және таза пайда
3.Еңбек өндiрiс факторы ретiнде ,жалақы және оның түрлерi
4.Рента түсiнiгi,жер рентасы оның түрлерi

Жалпы өндіріс шығындары, бұл – өндiрушiнiң белгiлi бiр өнiм көлемiн өндiрудi қамтамасыз етуге жұмсалған жиынтық шығын.
Оларға тауарларды не қызметтi жасауға қажеттi шикізаттар, тұтынушыға жеткiзу, оны тұтынуға жарамды түрге келтiруге жұмсалатын шығындар жатады. Шығын ұғымы микроэкономикада жеке кәсiпорындарға не фирмаларға қатысты қолданылады. Бұл микроэкономиканың көп қырлы және мазмұнды категориясы болып табылады.
Ресурстарға барлық қажеттiлiктердi толық өтеу мүмкiндiгінiң жоқ екенi белгiлi. Осы жағдайға байланысты белгiлi бiр өнiм өндiру жөнiнде шешiм қабылдау осы ресурстар қолданылатын басқа өнiм өндiрісінен бас тартуды бiлдiредi. Осылайша барлық шығындар альтернативті шығындар болып табылады. Альтернативтi шығындар табысты барынша жоғарлатуға кедергi болып табылады.
Альтернативтi шығындарға инвесторларға, жұмысшыларға және табиғи ресурстар иелерiне төленетiн төлемдер жатады. Бұл төлемдер өндiрiс факторларын тарту мақсатында жүзеге асырылады.
Бұл шығындарды әртүрлi әдiстермен топтастыруға болады: айқынды және айқынсыз. Айқын шығындар бұл өндiрiс факторлармен аралық бұйымдарды жеткiзушiлерге ақшалай көрiнiстегi альтернативтi шығындар. Айқын шығындарға жұмысшыларға төленетiн жалақы, сауда фирмаларына жарналық төлемдер, қаржылық қызмет көрсететiн банктер мен басқа да фирмаларға төленетiн төлемдер, заң кеңестеріне төленетiн сыйақылар жатады.
Сонымен қатар айқындалмаған шығындар да орын алады. Оларға фирманың иесiнiң меншiк ресурстарын қолданудың альтернативтi шығындар жатады. Бұл шығындарға айқын төлемдер келісім-шартта көрсетiлмеген. Мысал келтiретiн болсақ, бір фирма өз меншiк ғимаратын пайдаланады, ол үшiн ешкiмге төлем, арендалық төлемдер төлемейдi. Алайда бұл ғимаратты арендаға беруден алынатын төлемдерден бас тартады. Бұлайша шығындарды бөлу шығындар жіктелуінің бiр тармағы ғана.
Шығындарды жіктеу әдiсiнiң ең маңыздысы өндiрiстiк шешiм қабылдаудың ұзақтылық мерзiмiне байланысты.
Соған байланысты шығындар тұрақты және өзгермелi болып бөлiнедi.
Тұрақты шығындар (FC-fixed costs) өндiрiс көлемiнiң қысқаруы мен артуына байланысты қысқа мерзiмде өзгермейтiн шығындар. Оларға ғимарат, өндiрiс жабдықтары, аренда және әкiмшiлiк шығындар жатады.
Өзгермелi шығын (VC- variable cost) өндiрiс көлемiнiң қысқаруы мен артуына байланысты шамасы өзгеретiн шығын. Оларға шикiзат, электр энергиясы, қосымша материалдар, жұмысшылардың еңбек ақысына жұмсалатын шығындар жатады. Бұл шығындар шығаратын өнiм көлеміне сәйкес пропорционалды өседi не қысқарады.
Тұрақты және өзгермелi шығындарды бөлу нарық құрылымы жағдайында өндiрiс процесiн және фирманың тәртібін талдауға қажеттi.

С(мың тг.) ТС

VC

FC
100

0
Q(бірлік)
1 2 3 4 5 6

Сурет. 4.5. Жалпы, тұрақты және өзгермелі шығындар қисығы.

Жалпы шығындар (ТС – total costs ) өндірістің берілген көлемі кезіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы.
Басқару шешімдерін қабылдау үшін өндірушілер тек шығындардың жалпы сомасын ғана емес , сонымен қатар өнімнің бір бірлігіне жұмсалған шығындарды, яғни орташа шығындарды да білуі қажет. Бұл көрсеткіш оны өнім бірлігіне бекітілетін бағамен салыстыру үшін керек. Орташа шығындар орташа өзгермелі және орташа тұрақты болып бөлінеді.
Орташа шығындар (АС –average costs) өнімнің бір бірлігіне кеткен шығын. Оны есептеу үшін жалпы шығындарды өнім көлеміне бөлеміз.
AC = TC Q
Орташа тұрақты шығындар (AFC) тұрақты шығындардың өнім көлеміне қатынасы. AFC = FC Q,
Орташа өзгермелі шығындар (AVC) өзгермелі шығындарды өнім көлеміне бөлу арқылы табылады.
AVC == =VC Q
Шекті шығындар (MC –marginal costs) қосымша бір өнім бірлігін өндіруге жұмсалған шығын. МС = ТС Q

Ұзақ мерзiмдегi орта, шектi шығындарды қарастырмас бұрын ұзақ мерзiм ұғымын анықтап алайық. Ұзақ мерзiм – бұл барлық фактор өзгеріссiз қалатын уақыт аралығы.
Әрбір дәуірдің есті өкілдерін пайда теориясы толғандырды және әр дәуір оны өзінше анықтады, сөйтіп осы теорияға өз көзқарастарын біліп толықтандырды. Пайданың қайнар көзін түсіндіру талпынысының алғашқылары болып ХV – XVII ғасырларда мерканталистер жасаған. Олардың пайымдауынша, пайда сыртқы саудада туындаған. Тауарды шет елде жоғарғы бағамен сату арқылы, адамдар пайда табады.
Пайда теориясына экономикалық классиктері А. Смит пен Д. Рикардо сүбелі үлес қосты. Пайданың қайнар көзін олар өндірістен таба білді. А. Смит өзінің басты еңбегі Табиғатты зерттеу және халықтар байлығының себептері (1776ж) деген еңбегінде былай деген: жұмысшылардың материалға қосқан құнының өзі екі бөлшекке бөлінеді – біреуі олардың жалақысын төлеуге, екіншісі – кәсіпкердің пайдасын төлеуге кетеді..
А. Смиттің пайданы – бұл кәсіпкерге оның капиталының қызмет жасағандығын марапаттау идеясы, өзінің ізбасарлары тапты: кейініректеу ұстамдылық, күтушілік, тәуекелділік теориялары пайда болып, бірақ ол теориялардың мәні – пайданың нағыз қайнар көзін жасыруында болды.
Батыс экономистері жасаған кәзіргі пайда тұжырымдамасы бұл ұғымды әртүрлі көзқараста баяндаған. Ол өндіріс факторларын (жер, енбек, капитал, кәсіпкерлік, қызмет пен ақпаратты айтамыз) қолданған табыс ретінде қарастырылады.
Американ ғалым – экономисті Пол Самуэльсон пайдаға деген бірнеше көзқарасты атап көрсетті:
1. пайда өндіріс факторынан алынған шартсыз табыс ретінде және оны кәсіпкерлердің өзі тікелей қолданады;
2. пайда кәсіпкерлік қызметті марапаттау ретінде және техникалық жетілдіруді ендіру;
3. пайда тұрақсыздық жай – күйді тудырушы ретінде және тәуекелділік үшін төлем;
4. пайда монополды табыс ретінде.
Осындай көзқарас американ жоғарғы оқу орны студенттерінің Экономикс оқулығының авторлары Кэмпбелл Р. Макконнелл мен Стенли Л. Брюде қалыптасқан. Экономический образ мышления оқулығының авторы П. Хейне былай дейді: пайданың дұрыс анықтамасы жоқ, себебі бұл көп қырлы ұғым және оның мазмұнын екшеп сорттау қажет, егер біз экономикалық жүйе қызметінің механизмін түсінгіміз келсе.
Осы әр түрлі қысқаша шолу пайданың қайнар көзіне көп түрлі көзқарастың барлығын көрсетеді. Таза сандық, көзқарас тұрғысынан пайданы қолға түскен шағын табыс пен жалпы шығындардың арасындағы айырма ретінде анықтаған абзал.
Кез – келген тауар өндірушінің мақсаты барынша көп пайда табу. Алайда нарыққа өз тауарымен шыға отырып, ол алдымен белгілі ақшалай қолға түсетін шағын түсімді алуды жоспарлайды. Тауар өндірушінің қолға алатын түсімін талдай отырып, табыстың үш түрін бөлектеуге болады: жиынтық, орташа және шекті:
А) жиынтық табыс (ТR) – белгілі тауар мөлшерін сатқанда алынатын ақшалай сома. Жиынтық (жалпы) табыс тауар санын (а) оның бағасына (р) көбейткенге тең:
TR=Q x P
Ә) орташа табыс (АR) – салынатын бір тауар бірлігінен алынатын табыс:

AR= TRQ;
Б) шекті табыс (MR) – бұл қосымша тауар бірлігін сатқандағы алынатын, қосымша табыс. Шекті табыс жиынтық табыстың n бірлігі тауары мен жиынтық табыстың n=1 бірлігі тауарының арасындағы айырма тең:

MR=ATRAQ немесе TRn – TRn-1

Сурет 8-4. Таза бәсеке жағдайындағы жиынтық, орташа және шекті табыстар.

Тауар өндіруші өндіріс көлемі мынадай болғанда максимум пайдаға қол женткізеді, қай кезде шекті шығынға тен болған жағдайда: МС=MR.
Өндіріс факторлары бірін – бірі өзара толықтырып отырады. Бұл кезде өндіріс көлемін қысқартпайды және факторлардың өзара алмасуы мүмкін. Ең қарапайым өндірістік функция болып табылады, соның көмегімен тек қана екі өндіріс факторы – еңбек (L) пен капиталды (Л)өзара байланысы ашылады. Бір өндіріс факторының (L) өзгеруіне қарай және басқа фактордың (К) өзгермеуімен шығарылу өзгеріле бастайды.
Максималды пайдалылықтың тепе – теңдігін талдау мен анықтау үшін жаңа экономикалық ұғымдарды енгіземіз: жиынтық өнім, өрташа өнім және шекті өнім.
Жиынтық (жалпы) өнім (ТР) – бұл өнімнің жалпы саны, осы фактордың сандық анықталуы кезінде және басқа да өзгермейтін өндіріс факторында өндіріледі.
Орташа өнім (АР) – бұл жиынтық өнім өзгермелі факторының (L) қолданбағанды ғана қатынасы;

АР = TR L
Шекті өнім (МР) – бұл қосылған өнім, осы өндіріс факторының бір бірлігіне ұлғайған кезде алынады:

MP = ▲TR ▲L немесе МР = TRn – TR n-;

Белгілі уақыт кезінде өнімнің шығарудың шартты берілуін кесте 8-2 түрінде көрсетеміз.
Шекті өнім еңбегінің қалай өзгеретіндігін байқастық. Белгілі мәнділікке дейін ол өсе түседі; онан соң төмендей бастайды. Бұнда шекті еңбек өнімділігі төмендеуінің іс - әрекеті байқалады. Оның мән мағынасы мынада: егер бір фактор ұлғайса, ал басқа факторлар өзгеріссіз қалады, онда өндіріс факторының қосымша өнімі кеми бастайды.

Кесте 8-2
Капитал бірлігінің саны (К)
Еңбек бірлігінің саны (L)
Жиынтық (жалпы) өнім (ТР)
Шекті өнім (МР) ▲ТР▲L
Орташа өнім (АР) ТР L
1
2
3
4
5
100
100
100
100
100
100
100
100
25
50
75
100
125
150
175
200
90
350
550
625
720
760
790

3,6
10,4
8,0
3,0
2,0
1,8
1,6
1,2
3,6
7,0
7,3
6,25
5,7
5,0
4,5
9,95

Барлық көрсеткіштердің динамикасын графикте көрсетеміз ол үшін жиынтық, орташа және шекті өнім еңбегінің қисығын тұрғызамыз.

Сурет 8 – 5 Жалпы (жиынтық), орташа және шекті өнім еңбегінің қисығы.

К. Маркстың пайымдауынша, пайда – бұл қосымша құн. Оны өндіріс аясында жалдамалы жұмыс күші жасайды және тауар айналымы саласында өткеріледі.
Егер пайданы Р арқылы, ал өндіріс шығынын (С+V) К арқылы белгілесек, онда W = c+v+m формуласы мына түрді иеленеді W=K+P. Тауар құны енді шығындар плюс пайда қосындысы ретінде бейнеленеді. Айтпақшы шығындар плюс пайда термині Батыс елдерінің Экономикс және Маркетинг негіздері оқулықтарында кеңінен қолданылады.
Тауар құны К+Р формуласында ендігі жерде еңбекпен көрінетін байланысты байқатпайды. Мұның екі бөлшегі де өзгертілген түрде көрсетіледі: өндіріс шығындары мен пайдасы – енбектің емес, авансталған капитал шығынының нәтижесі ретінде болмақ.
Пайданың абсолюттік мөлшері немесе оның массасы, капиталды қолданудың табыстылық деңгейін көрсетпейді . Табыстылық деңгейі тең қана пайда нормасында байқалады. Пайда барлық авансталған капиталдың туындысы ретінде байқалғандықтан, оның нормасы қосымша құнның барлық авансталған капиталға қатынасымен анықталады. Пайда нормасы төмендегідей формула түрінде болады:

P’ = m c+v * 100 немесе Р’ = m 12 *100
Пайда нормасы пайдалылық, табыстылық, өндіріс рентабелділігі дәрежесін көрсетеді.
Қазіргі экономикалық ғылымда жалақы деп жалдамалы жұмысшы еңбегін қолданғаны үшін төленетін баға түсіндіріледі. Еңбек шығындарын бағалау әдісіне байланысты мерзімді (сағаттық, күндік, айлық), кесімді жалақы түрлерін ажыратады.
Номиналды және нақты жалақыны да ажыратады. Номиналды жалақы – жалдамалы жұмысшымен алынған ақша сомасы , нақты жалақы – осы ақша сомасына сатып алу қабілеттілігін ескере отырып алуға болатын тауар және қызмет көрсетулердің жиынтығы.
Дамыған елдердің тұрғындарының басым көпшілігі үшін жалақы тіршілік етудің негізгі көзі болып табылады, ол ұлттық табыстың 23 – бөлігін құрайды.
Жалақы деңгейіне ықпал ететін басты фактор болып еңбек өнімділігі көрсеткішімен өлшенетін еңбек ресурстарын тиімді пайдалану табылады. Өз кезегіне еңбек өнімділігіне басқа өндіріс ресурстарын тиімді пайдалану – капитал сыйымдылығы , материал сыйымдылығы ықпал етеді.
W DL SL

W0_

0 Q0 Q

Сурет 6.4. Еңбек нарығында жалақыны анықтау.

Еңбек нарығына жетілген бәсекемен қатар жетілмеген бәсеке де тән. Оның бір түрі монопсония. Мұндай жағдай көбіне қала экономикасы тұрғындардың көпшілігін жұмыспен қамтитын бір ірі фирмаға тәуелді болатын шағын қалаларда кездеседі. Осы кезде фирма жергілікті еңбек нарығындағы басты сатып алушы ретінде болғандықтан жалақы деңгейіне ықпал ету мүмкіндігіне ие. Бұл жалданатын жұмысшылар санын қысқарту жолымен жүреді. Жұмысшылар арасында бәсекенің күшеюі нәтижесінде олардың жалақысы тепе-теңдік деңгейден төмендейді.
Жер рентасы – жер учаскiсiн уақытша қолданғанға (пайдаланғанға) төленетiн төлем. Осы төлем қосымша құнның арендатор капиталының орташа пайдасынан артық болу есебiнен пайда болады.
Дифференциалды рентаның екi түрi бар:1-шi және 2-шi дифференциалдық ренталар. 1-шi дифференциялдық рентаның құрылу себебiн жердi шаруашылық объектiсi ретiнде монополиялау болып табылады.Мұндай монополиялық шаруашылығын өндеуге жарамды және онымен әртүрлi шаруашылықтың айналуына жердiң шектеулiгiнен туындаған.
Мемлекет нашар жерлердi де айналымға қосуға мәжбүр.
Сондықтан өндiрiстiң қоғамдық бағасы орташа жермен емес ,нашар жер мен анықталады. Нәтижесiнде жақсы және орташа жер учаскесiндегi еңбек өнiмдiлiгiнiң жоғары болуы кеткен шығындар учаскiге қарағанда жоғары болады. Сөйтiп, қосымша пайда құрылды, оны жер иегерлерi жер рентасы ретiнде иеленедi.
Дифференциялды рентаның қайнар көзi жақсы және орташа сапалы жер учаскесiендегi ауыл шаруашылығы жұмыскерлерiнiң өнiмдi еңбегi болып табылады. Демек құнарлығы бойынша 1-шi диференциалдық рента – ауыл шаруашылығы өнiмдi өндiрiсiнiң қоғамдық бағасы арасындағы айырмашылыққа тең.Сондықтан ол нашар учаскi жағдайымен және олардың ең құнарлы жердегi өндiрiстiң жеке бағасымен анықталады.
Сондықтан 1-шi дифференциалдық рента жер учаскесiнiң рынокқа алыс-жақын орналасуымен, ауыл шаруашылығы өнiмiн өндеу орнының алшақтығы салдарынан тууы мүмкiн . Өткiзу пунктiне жақын
орналасқан шаруашылықтар өз өнiмдерiн бiркелкi қоғамдық өндiрiс бағасымен сата отырып, қосымша пайда табады- ол орналасуы бойынша 1-шi дифферанциалды рентаны құрайды.
Егер дифференциалды рента топырақтың табиғи қүнарлығымен байланысты болса,2-шi дифференциалды рента топырақтың жасанды құнарлығымен байланысты.Ол топырақ құнарлығын қосымша капитал жұмсау арқылы жақсартумен түсiдiрiледi.
Топырақтың экономикалық құнарлығын арттыру дегенiмiз экстенсивтi жердi игерудiң орнына интенсивтiлiктiң келуi.
Бұрыннан бар участкiнi қосымша қаржылау бiрiншi қаржылауға қарағанда қосымша пайда әкелуi мүмкiн,сосын барып ол екiншi дифференциалды рентаға айналады.
Осы қайшылықты шешу үшiн ҚР Жер туралы Занының 104-бабы 1-шi пунктiнде былай делiнген :Жер учаскелкелерiнiң меншккерi мен жердi қолданатындар топрақ құнарлығын қалпына келтiру және арттыру бағытындағы шараларды жүргiзуге мiндеттi.
Әлемдiк қауымдастық елдерiнде жерге аренданың негiзiнен екi
түрi бар:
капиталистiк ,пайда табу мақсатындағы түрi .Англия,Бельгия,Голландияда.
шаруалық ,бұл түрiндегi жер үұсақ шаруагердiң және оның отбасының түтыну кажеттiлiгiн қанағаттандыру үшiн арендаланады.Бұл Орта Шығыс,Латын Америка елдерiнде тараған.
Жер рентасының теориясын К.Маркс толық зерттеген: Дифференциалды рентаның теориясын жасауда классикалық эканомикалық теорияның өкiлi Давид Рикардо (1772-1823жж)ерекше үлес қосты .Ол дифференциялдық рентаның нашар учаскiдегi ауыл шаруашылығы өнiмнiң құнымен және ауыл шаруашылығы өнiмнiң жақсы учаскедегi құны арасындағы айырмадан құралатындығын жiктеп бердi.

8-ДӘРІС. ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖҮЙЕ РЕТІНДЕ

1.Ұлттық байлық : құрамы, құрылымы және оны өлшеу тәсiлдерi
2. Жалпы ұлттық өнім және жалпы ішкі өнім
3. Басқа макроэкономикалық көрсеткіштер.

Ұлттық байлық – бұл материалдық және рухани игіліктердің жиынтығы және осы уақытта барлығы қоғам меншігінде болады. Ұлттық байлық құрамына мыналар енеді:
а) негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлар;
ә) айнамалы өндірістік қорлар;
б) материалдық резервтер мен сақтандыру қоры;
в) айналым қоры;
г) тұрғындар мүлкі.
Ұлттық байлық өзінің қолдануы бойынша былай бөлінеді:
а) өндіріс құрал-жабдығына
ә) тұтыну заттарына.
Ұлттық байлықты өзінің құрамы бойынша екі топқа бөлуге болады: ұлттық мүлік және ресурстар. Табиғи ресурстар елдегі табиғат берген байлықтарды қамтиды. Ұлттық байлыққа елдегі ескерткіштер, архитектуралық ежелгі құрылыстар, сурет галереясы, мұражай эспонанттары және т.б., алмаз бен валюталық қорлар жатады. Өндірістік қорлар құрамына барлық еңбек заты мен құралдары енеді. Халық шаруашылығының өндірістік емес негізгі қорларына тұрғын үй қоры мен ұлттық байлық элементтері жатады және олар өндірістік емес салаларда қолданылады. Халық шаруашылығы резервтік қорының құрамына өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары да енеді. Ұлттық байлықтың элементіне тұрғындардың мүлкі де жатады және ол барлық ұлттық байлықтың шамамен 15 бөлігін құрайды.
Макроэкономика экономикалық жағдайды, толығымен елдің денсаулығын зерттейді. Макроэкономикада өндірістің ұлттық көлемі, жалпы ұлттық өнім, жиынтық сұраныс, жиынтық ұсыныс, жұмыспен қамту және жұмыссыздық нормасы, инфляция деңгейі және т.б. сияқты барлық шамалар агрегатталған, жиынтық түрде қарастырылады. Макроэкономика жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныстың өзара байланысы, олардың ұлттық өндіріс көлеміне ықпалын, тауарлар, ақша , ресурстар нарығындағы жалпы тепе-теңдікті бекіту мәселелерін, экономикаға мемлекеттің араласуы және экономикалық саясатты жүргізуді зерттеумен шұғылданады.
Негізгі макроэкономикалық көрсеткіштер болып өндірістің ұлттық көлемі, жалпы баға деңгейі, пайыздық ставка және жұмыспен қамту табылады.
Жалпы ұлттық өнім – бір жыл ішінде өндірілген түпкілікті тауарлар мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы. Қайта, екі рет есепті болдырмау үшін оған аралық өнімді кіргізбейді. Оларға қайта өңдеуге немесе соңғы тұтынушыға ары қарай сату үшін арналған өнімдер жатады. ЖҰӨ -ді есептеу кезінде негізгі екі әдісті қолданады. Ол түпкілікті өнімге жұмсалған барлық шығындарды қосу арқылы және табыстар ағыны арқылы өлшенеді.
Шығындарға тұтынушылық шығындар , мемлекеттік сатып алулар, жалпы инвестиция және таза экспорт жатады.
Тұтынушылық шығындарға (С) үй шаруашылықтарының әр түрлі тауар және қызмет көрсетулерге (нан, қант, аяқ киім, телевизорлар, тоңазытқышты жөндеу) шығындары кіреді.
Инвестицияларға шығындар (І) – бұл инвестициялық тауарларға шығындар, оларға құрал жабдық, станоктар, өндірістік ғимараттар, материалды-техникалық қорлар, тұрғын үй құрылысы жатады. Жалпы және таза инвестицияны ажыратады. Жалпы инвестицияға барлық инвестициялар, яғни, істен шығатын құрал жабдықтың орнын толтыруға жұмсалатын инвестициялар да кіреді. Жаңа құрал жабдықты сатып алуға жұмсалған инвестициялар таза инвестиция деп аталады.
Мемлекеттік шығындар (G) – тауар және қызмет көрсетулердің (электроэнергия, мектептер, емханалар, саябақтар, кітапханалар және т.б.) өндірісіне тікелей жүретін шығындар.
Таза экспорт (Хп) – бұл импортты шегергеннен қалған барлық импорт.
Сонымен, шығындар бойынша ЖҰӨ - бұл елдегі барлық төрт шығындардың қосындысы:
ЖҰӨ = C+ G+ I+ Xn

Өндірістің ұлттық көлемін анықтау үшін елдегі барлық табыстардың қосындысын алады. Факторлық табыстардың төрт компанентін ажыратады: жалақы, рента, пайыз және пайда.
Жалақы – жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек ақысы. Бұған ведомость бойынша алынатын жалақы сомасы, әлеуметтік қамсыздандыру бойынша қосымша төлемдер және т.б. жатады.
Рента жерді, ғимаратты, тұрғын үйді арендаға беру нәтижесінде үй шаруашылықтарымен алынатын ренталық табыстарды білдіреді.
Пайыз бұл ақша капиталы үшін төлем, ол банкке салым бойынша , несиелер бойынша пайыздар.
Пайда жеке шаруашылықтар, серіктестіктер, кооперативтер иелері алатын пайда.
Номиналды және нақты , сонымен қатар іс жүзіндегі және потенциалды ЖҰӨ ажыратады. Нақты ЖҰӨ - бұл баға деңгейі өзгерісін ескерумен ЖҰӨ. Нақты ЖҰӨ-ді формула бойынша табуға болады:

Нақты ЖҰӨ = (Номиналды ЖҰӨ баға индексі) · 100%

Потенциалды ЖҰӨ - бұл толық жұмыспен қамту жағдайында яғни , фрикционды және құрылымдық жұмыссыздық жағдайында алынған өндірістің ұлттық көлемі. Іс жүзіндегі ЖҰӨ - бұл циклдық жұмыссыздық жағдайында шығарылған өндірістің ұлттық көлемі.
Өндірістің ұлттық көлемін өлшеу үшін қолданылатын тағы бір көрсеткіш – жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) . Ол сол ел территориясы ішінде, берілген жыл ағымында өндірілген түпкілікті өнімдер мен қызмет көрсетулердің нарықтық бағасы.
Ұлттық есеп-шот жүйесін жүргізу экономикалық ғылымда баланстық тәсілді дамыту бағыттарының бірі болып табылады. Ұлттық есеп-шот жүргізу жүйесі әлемдік қауымдастық елдерінің түгелдей экономика аумағында өндіріс жағдайын өлшеуде қолданылып және оның түпкі қорытындысы – тұрғындардың әл-ауқат деңгейін көрсету болып табылады.
Қоғамдық өндіріс нәтижесінің жалпылама көрсеткішіне жиынтық (жалпы) қоғамдық өнімді жатқызамыз, себебі ол қоғамдық өндірістің бір жылда құрылған материалдық игілігінің (өндіріс құрал-жабдығы мен тұтыну заттары) жиынтығын бейнелейді. Жиынтық қоғамдық өнім (ЖҚӨ) екі түрде өндіріледі: натуралды-заттай және құндылық. ЖҚӨ натуралды-заттай түрінде өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттарынан тұрады. Осы тұрғыдан барлық қоғамдық өндіріс екіге бөлшектенеді: құрал-жабдықтар өндірісі (I-ші бөлімше) және тұтыну заттары өндірісі (II-ші бөлімше).
ЖҚӨ құрылымы құн тұрғысынан тұтынылған өндіріс құрал-жабдығы құнына бөлінеді.
Жиынтық қоғамдық өнімнің (ЖҚӨ) құн формуласы:
W = c + v + m
мұндағы W – жиынтық қоғамдық өнім немесе қоғамдық жиынтық өнім.
с - өндіріс құрал-жабдығы өндірісдегі тұтынылған құн.
v – қажетті өнім.
m – қосымша өнім.
Қоғамдық өндірістің нәтижесін дәлірек анықтауда басқа көрсеткіш-түпкі өнім қолданылады және ол қайталану есеп-шотын жүзеге асырмайды.
Түпкі қоғамдық өнім жиынтық қоғамдық өнімнен шикізат пен материал айналымын алып тастау жолымен құрылады, яғни олардың қайталану есеп-шотын болдырмайды.
Тауар мен қызмет көрсетуге орташа баға пайызының өзгеруін – баға индексі дейміз.
Өндіріс көлемін өлшеу үшін таза өнім (ТҰӨ) көрсеткіші қолданылады. Әдетте ол жойылып кеткен ірі жабдықтарды ауыстырудан тұтынуға қалған түпкі өнім мен қызмет көрсетудің сомасын көрсетеді.
ТҰӨ = ЖҰӨ - амортизацияҚоғамның экономикалық дамуының ең маңызды жиынтық көрсеткішіне ұлттық табыс жатады. Ол барлық өндіріс факторлары иегері табысының қосындысын (рента, жалақы, капиталға пайыз (%), меншіктен табыс, корпорация пайдасы) құрайды. Шетел практикасында ұлттық табыс таза ұлттық өнім (ТҰӨ) мен бизнеске деген жанама салық айырмасы ретінде анықталады:
ҰТ = ТҰӨ - жанама салықтар
Ұлттық табысты жиынтық қоғамдық өнімнің бір бөлігі ретінде өндіріс процесінде тұтынылған материалдық ресурстарды қайтаруды шегеру арқылы анықтаймыз.
ҰТ = ЖҚӨ - МШ
мұндағы: ҰТ – ұлттық табыс,
ЖҚӨ - жиынтық қоғамдық өнім,
МШ- материалдық шығындар.
Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт стадиядан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыныс пен қорлану).
Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады: а) тұтыну қоры; ә) қорлану қоры.
Келесі ең маңызды көрсеткіштердің бірі өзіндік табыс. Ол салықты төлегенен кейінгі өзіндік шығындарға жұмсалатын жалпы табысты көрсетеді.
Орнықтылған табыс тұрғындардың билігінде болатын табысты айтамыз. Оның мөлшері жеке табыстан дара дербес салықты шегеру арқылы анықталады. ЖҰӨ көрсеткішінде ресми емес және рынокты емес қызмет түрлері ескерілмейді. ЖҰӨ тұрғындардың әл-ауқаттылығының өсуін сипаттайтын дәл макроэкономикалық көрсеткіш болып табылмайды. Жоғарыдағы аталған факторларды ескеру үшін таза экономикалық әл-ауқаттылық көрсеткіші қолданылады.

8 - дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:
1. Макроэкономика қандай мәселелерді қарастырады?
2. Макроэкономиканың негізгі субъектісі кім?
3. Макроэкономикалық талдау әдістері қандай?
4. Жалпы ішкі өнім дегеніміз не?
5. Жалпы ұлттық өнім дегеніміз не?
6. Таза ұлттық өнім неліктен ұлттық байлықты сипаттамайды?

9-ДӘРІС. НАРЫҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ

Дәріс мазмұны
1. Мемлекеттің экономикалық қызметтері
2. Мемлекеттік реттеудің классикалық және кейнсиандық бағыттары
3. Макроэкономикалық тепе-теңдік және оның ауытқуы
4. Мемлекеттік реттеу әдістері

1. Мемлекеттің экономикалық қызметтері
Нарықтық экономика дамыған сайын оның құрылымы күрделірек. Таза нарықтық экономика өзінің табиғи заңдылықтары арқасында қозғалыста болады. Осы қозғалыстың арасында дағдарыстар және т.б. зиянды салдар болуы мүмкін. Сондықтан экономиканы мемлекеттік реттеудің бірінші себебі, қоғамды терең экономикалық дағдарыстардан, өндірістің құлдырауынан сақтау керек.
Реттеудің екінші себебі, ғылыми –техникалық прогресті қамтамасыз ету. Әрине, нарық өз табиғатымен ҒТП өз-өзін итермелейді. Бәсекеден қалмауы үшін және керекті пайда түсіру үшін бүгінгі кәсіпкер ҒТП байланысты құрал-жабдықты пайдалануға тырысады. Ал мемлекет негізінде жеке кәсіпкердің қолынан келмейтін ірі ғылыми –техникалық жобаларды, бағдарламаларды өз мойнына алады. Олар: ғарышты зерттеу, табиғатты қорғау, жалпы адамзаттық ауруларды зерттеу (СПИД, құс тұмауы т.б.), энергияның жаңа түрлерін зерттеу және т.с.с.
Нарықтық экономика 20 ғасыр шенiнде өзiнiң дамуының жаңа кезеңiне аяқ басады. Ғылыми техникалық революция, өнеркәсiп өндiрiсiнiң шұғыл өсуi, өнеркәсiптiң және банк капиталдарының шоғырлануы нарықтық қатынастың сол кездегi күрделi жаңа құрылымын құрды. Мемлекеттiк реттеудiң қажеттiлiгi мынадай негiзгi себептермен түсiндiрiледi:
Өндiрiстiң шоғырлануы және монополизмнiң өсуi экономиканы үнемi дағдарысқа және диспропорция ға әкеледi. Сондықтан, мемлекетiң монополияға қарсы саясаты қажет.
Нарықтық механизм байлық пен кедейшiлiктi тудырады. Мемлекеттiк ретеудiң мақсаты болып адамдардың әл-ауқатын жақсарту болып табылады.
Мемлекетiк мүдденi қарастыратын салалар мен сфералар бар, оның iшiнде, ұлттық қорғаныс, қоршаған ортаны қорғау, жалпыға бiрдей бiлiм беру, мемлекеттiк қызметкерлердi ұстау, iргелi ғылым, тарихи құндылықтар. Бұлардың кейбiреулерi кәсiпкерлер үшiн тиiм әкелмейдi.
Нарықтық заңдар экономикаға тербелiстер мен дағдарыстар әкеледi. Сондықтан, мемлекет экономикалық тұрақтылық пен экономиканың өсуiн қамтамасыз етуi қажет.
Мемлекет нарықтық механизмге тән емес ұлттық экономика дамуының перспективалық стратегиясын анықтайды.
Нарықтық экономикада мемлекет кәсiпкерлiк сияқты пайда табуға ұмтылмайды, реттеушi мақсатқа ие болады. Бұл экономиканы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi қағидасы болып табылады. Реттеу дегеніміз бұл біріншіден бақылау , екіншіден экономикалық бағытын көрсету. Экономикадағы мемлекеттiң ролi оның экономикалық қызметтерiнен көрiнедi. Атқаратын қызметтердi келесiдей бөлуге болады:
Экономиканың заңдылық базасын құру, бәсекелестiктi қолдау, қоғамдық тауарлармен қамтамасыз ету, табыстарды бөлу мен қайта бөлу, iшкi және жанама нәтижелердi реттеу, экономиканы тұрақтандыру, экономикалық болжау жасау.
Көптеген елдердерде экономиканы мемлекеттік реттеудің түпкілікті мақсаты қоғамды әлеуметтік тепе-теңдікке жеткізу, яғни халықтың көпшілігінің тұрмыс жағдайын орта деңгейге көтеру.

2. Реттеудің классикалық және кейнсиандық үлгілері

Экономиканы мемлекеттік реттеудің жалпы екі бағыты бар: Классикалық және кейнсиандық. Классикалық мектептің бастаушылары Адам Смит, Давид Рикардо және т.б. Бұл үлгіге сәйкес өндірушілер де , тұтынушылар да рыноктың ережелеріне сай қызмет атқарады.
Мұндай үлгіні тұңғыш рет А.Смит Халықтар байлығының табиғаты мен себептерін зерттеу деген әйгілі кітабында (1776 ж.) ұсынған болатын. А.Смит пікірінше, жеке тауар өндірушілер рыногы мемлекеттің бақылауынан түгелдей босауы керек, өйткені экономикалық заңдар өзіндік қайшылықтарды өз-өзімен шешеді. А.Смит сөзімен дәлірек айтқанда рынокты өздігінен реттейтін көрінбейтін қол ешбір сыртқы ықпалсыз, мемлекеттің қатысуынсыз өндірушілерді бүліл қоғам мүддесіне қызмет етуге жұмылдырады. Мемлекет жеке фирмалардың, кәсіпкерлердің жағдайына, әсіресе рыноктың ұсыныс шарттарына көп назар аударуы керек. Ол шарттарға жататыны қолайлы несие алу және салықтарды төлеу. Сонымен классикалық мектептің экономистері жеке кәсіпкерлік қызметті жақтай отырып, мемлекеттің рыноктық механизмге араласуына қарсы күресті және жеке мүдделерді қорғау мақсатында қоғам тарапынан қолдау іздеді. Алайда,адамзаттың көп жылғы даму тарихы көрсеткендей,жеке мүдде тұтас алғанда қоғамдық мүдделерге әрдайым сай келе бермейді.Мысалы,жекелеген коммерциялық фирмалар мен бірқатар сатып алушылар рынокта жоғары сұраныс туғызатын наркотиктер,арақ-шарап,темекі,қару-жарақ т.б ерекше тауарлар мен қызмет түрлеріне тез көңіл аударады. Әрине, әлеуметтік мораль мен адам өмірін қорғау тұрғысынан бұл әрекеттерге мемлекет бейтарап қала алмайды. Сөз жоқ,мемлекет мұндай жағдайда рынокты қадағалап, реттеу жұмысына араласуы керек.
Қазіргі заманда неоклассикалық мектептің монетаризм теориясы бойынша мемлекет кәсіпкерлікке жағдай жасау үшін қатал қаржылық саясатты жүргізуге ұмтылу керек. Оның мәні қаражаттарды босқа шашпай тек қана ең керекті өндірістерге күрделі қаржылармен инвестиция жасауға тырысу керек. Сонымен бірге, бюджеттік және әлеуметтік шығындарды азайту, банк арналған қатал саясат жүргізу. Осындай қатал саясатпне инфляция деңгей айтарлықтай төиендейді және салықтарды азайтуға, несие пайызын төмендетуге мүмкіншілік ұлғая бастайды. Ал мұндай мүмкіншіліктер кәсіпкерлікті ынталандырады.
Кейнсиандық теорияның бастаушысы ағылшын экономисі Дж.М. Кейнс. Осы мектептің өкілдерінің айтуы бойынша мемлекет экономиканы белсенді түрде реттеуі қажет. Олай болмаса дағдарыстар, жұмыссыздық, инфляция басқа да зиянды салдар өз бетімен шешілмейді. Классикалық теория жиынтық ұсыныс жаққа назар аударса, ал Кейнс жиынтық сұранысты ынталандыруға үлес салады. Ұсыныс өздігінен сұранысты тудырады деген Ж.Б. Сэйдің заңын сынай отырып , Кейнс үздіксіз дамуды қамтамасыз ету үшін сұранысты ынталандыру, тиімді сұраныс пен ұлттық табыстың өсімін қалыптастыратын факторларға әсер ету қажет деген логикалық тұжырым жасады. Кейнстің бұл бағыттағы негізгі жұмысы – Жұмыспен қамту , ақша және проценттің жалпы теориясы 1936 жылы жарық көрді.
3. Макроэкономикалық тепе –теңдік
Макроэкономикалық тепе-теңдік проблемасы – бұл әр түрлі тауарларды жасау үшін қолданылатын шектеулі өндірістік ресурстарды пайдалану тәсілі және оларды қоғамның түрлі мүшелері арасында тарату тең болатын таңдау мәселесі.
Бұл тепе-теңдік келесілер арасында жиынтық пропоцианалдылық болатынын білдіреді:
а) өндіріс пен тұтыну; б) ресурстар мен оларды қолдану; в) ұсыныс пен сұраныс; г) өндіріс факторлары мен олардың нәтижелері ; д) материалды-заттай және қаржылық ағымдар.
Макроэкономикалық тепе-теңдік үлгілері:
Сэй үлгісі, тауарлардың макроэкономикалық ұсынысы сұранысты тудырады және теңдестіреді, яғни AS=AD , мұнда
AS –жиынтық ұсыныс
AD – жиынтық сұраныс
елдің ұлттық есебі үлгісі, мұнда елдің жиынтық ұлттық шығындары ұлттық табыс көлеміне тең, яғни AE = NI , мұндағы
AE - ұлттық шығындар көлемі
NI - ұлттық табыс
Экономикадағы тепе-тең күрделі қаржылар мен жинақтардың үлгісі, яғни S =I , мұндағы S – жалпы жинақтар
I – жалпы инвестициялар
Жиынтық сұраныс – бұл кез келген баға деңгейі кезінде тұтынушылар сатып алуға даяр нақты ұлттық өндіріс көлеміне тең экономикалық агрегат.

баға

Нақты ЖҰӨ
Нақты ЖҰӨ динамикасына бағалық және бағалық емес факторлар әсер етеді.
Жиынтық ұсыныс - бұл кез келген баға деңгейі кезінде нақты ұлттық өндіріс көлеміне тең экономикалық агрегат.
Жиынтық ұсыныс қисығының формасы ұлттық өндіріс көлемі өзгерген кезде өнім бірлігіне шығындардың өзгергенін көрсетеді.

баға

Нақты ЖҰӨ
Қазіргі экономикалық әдебиеттерде жиынтық ұсыныс қисығының үш кесіндісі бар.
Кейнсиандық (көлденең) кесіндіде ұлттық өндіріс көлемі өзгерісі тұрақты баға жағдайында жүзеге асырылады. Аралық кесіндіде ұлттық өндіріс көлемінің өсуі баға деңгейі өсуімен қатар жүреді. Классикалық (тік) кесіндіде бағалар өседі ,ал нақты ЖҰӨ сол қалпында қалады. Жиынтық ұсыныстың бағалық емес факторларына жатады:
1) өндірістік ресурстарға баға деңгейі
2) нарық құрылымы
3) өнімділік
4) құқықтық нормалардың өзгеруі.

4. Мемлекеттік реттеу әдістері

Экономиканы мемлекеттік реттеу әдістері мемлекет экономикаға қандай бағытпен , жолмен ықпалын тигізетіндегін көрсетеді. Реттеу әдістерін оның реттеу субъектілеріне қарай , мемлекеттік және мемлекеттік емес, ал нарықтық тепе-теңдікке әсер ету тәсілдеріне қарай – тікелей және жанама деп жіктеледі. Тікелей реттеу әдістері көбінесе экономикалық процестердің өзіне және оның шамасына әсер ету мен байланысты. Олар әдетте белгілі бір адрестік сипатта болады және қайсыбір нысанға бағытталған.

Нарықты жанама реттеу әдістері негізінен адрессіз , бірақ барлық шаруашылық субъектілері үшін міндетті болып табылады. Олардың қызметі көбінесе экономикалық қаракеттің шарттары мен нәтижесіне әсер етумен байланысты.

Мемлекет бағдарламасы мен мемлекеттік тапсырыс арқылы реттеу.
Бұл жағдайда мемлекеттік органдар бюджет қаражатының бір бөлігін әлеуметтік, ғылыми бағдарламаға бөледі, әскери өнімдер мен қоғамдық көлікке тапсырыстар береді.
Баға және табыс арқылы реттеу. Осы мақсатта мемлекет баға мен табыстардың өсуінің жоғарғы шегін белгілейді, кейде олардың көбеюіне уақытша тиым салады. Дегенмен тікелей шектеулер табыстың пайда мен дивиденд сияқты түрлеріне таратылмайды.
Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу құралдарын қамтиды. Бюджеттің арқасында мемлекеттің экономикалық саясаты жүргізіледі және жиналған қорлар керекті пропорциямен , мөлшермен үйлестіріледі.
Салықпен реттеу. Салықтар бюджеттің негізін құрайды. Бұл әдісте экономиканы ынталандыруға немесе кейбір салалардықысқартуға үлес қосады.
Ақша-несиелі реттеу. Бұл бағытта мемлекеттің өкілі ретінде ұлттық банк болып табылады.Ол өз саясатымен бүкіл банк жүйесінің жұмысын реттеп отырып ақша айналымды бақылайды.

9- дәрісті өздік қайталау үшін сұрақтар:

1. Жиынтық сұраныс құрамына не жатады?
2. Жиынтық ұсыныс құрамына не қіреді?
3. Макроэкономикалық тепе- теңдік дегеніміз не?
4. Макроэкономикалық тепе – теңдіктің шарты не?
5. Мемлекеттiң экономикалық қызметтерi
6. Мемлекеттiк реттеудiң формалары және әдiстерi
7. Өтпелi экономика жағдайындағы мемлекеттiк реттеудiң негiзгi мiндеттерi

10- ДӘРІС. ЭКОНОМИКАЛЫҚ ДАМУДЫҢ АУЫТҚЫМАЛЫ БОЛУЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ

1. Экономикалық цикл фазалары
2. Экономикалық өсу үлгілері

Артық өндiру және жеткiлiксiз өндiру экономикалық дағдарыстың теориялары
Қазiргi нарықтық өндiрiс бiр қалыпты әрi үзiлiссiз еместiгiмен айқындалады. Өндiрiстiң экоомикалық өсуi және бiр қалыптылығы үнемi оның құлдырауымен қосақтасып отырады.Экономикалық дағдарыс - бұл өндiрiс көлемiнiң кенеттен төмендеуi.Өндiрiс көлемi төмендеуiнiң алғы шартына экономикалағы қорлану диспропорциясын жатқызамыз.
Бiрiншiден,бұл тауар және ақша қайшылығымен байланысты екендiгi белгiлi.Қай кезде Ақша айналым Құралы ретiнде қолданылғанда,онда айырбас процесi Т-А-т екi қарама-қарсы актiге үзiледi:1)сату Т-А болса,2)сатып алу А-Т болмақ.Тауарды сату деген сол мезгiлде басқаны сатып алуды көрсетпейдi: сатып алу кештеу басқа жерде болуы мүмкiн немесе тiптi болмауы мүмкiн - ақша жинау құралы ретiнде қолданылады.
Екiншiден,бағалы қағаздардың үзiлiссiз тербелуi осы рыноктағы сұраным мен ұсыным арасындағы диспропорциясын тұрақты пайда болуы байқатады.
Үшiншiден - бұл капиталдың артық қорлануы.Өндiрiстiң ұлғаюы төлем сұранымымен салыстырғанда тым артық болып келедi.Сондықтан экономикалық дағдарыс - артық өндiру деп те атайды.
“Бәсекелестiк күрес,әсiресе техникадағы шешушi төңкерiстер кезiнде,ескi еңбек құралдарын оның табиғи өлуiне дейiн жаңасымен ауыстыруды талап етедi. Катастрофа,дағдарыстың басты қояр нәрсесi - кәсiпорындағы iрi жабдықтарды кең қоғамдық масштабта мерзiмiнен ертерк жаңалауға итермелейдi.”
ТМД елдерiнде 1990-ыншы жылдар экономикалық дағдарыстың жаңа типi пайда болды - бұл өндiруi жетпеген дағдарыс.
1990-ыншы жылы 16,5млрд сомға тауар қанағаттындырылмады.1997-ыншы жылы экономика 1990-ыншы жылдың 40% құрады.
1.2.Экономикалық цикл.Кейнстiк,неокейнстiк және монетарлық тұжырымдамалары.
Экономикалық цикл - бұл дағдарыстар арасындағы мерзiм және осы кезде оның 4 фазасы ауысады.Фазаның 1-шi циклы - өндiрiс құлдырауының дағдарысы.Дағдарыс құбылысыың болуы сұраным төлем қабiлеттiлiгiмен салыстырғанда тауарды артық өндiрумен түсiндiрiледi.
Экономикалық циклдың келесi фазасы депрессия.Бұл фазада өндiрiстiң құлдырауы тоқталады.
Келесi фаза - тiрiлу,бұған тән нәрсе өндiрiстi ұлғайту,демек пайда бар деген сөз.
Циклдың кезектi фазасы - өрлеумен алмасады.

1.3.Қазiргi циклдық дамудың ерекшелiктерi,ұзын толқындар.
Қазiргi кезде экономикалық дағдарыстар тым жиiледi және терендей түстi. Дағдарыс сипаты инфляциямен сипатталады. Дағдарыс құбылысының инфляциямен қосылуы стагфляция деп аталды.
Жаңа технологиялардың дамуымен байланысты ,ескi салалар құлдырады,бұл құлдырау құрылымдық деп аталады.
Циклдардың классификациялары:
1.Н.П.Кондратьевтiң циклдары немесе ұзақтығы 40-60 жылға созылған ұзын толқынды циклдар.
2.белгiлi американ экономисi С.Кузнецтiң(1901-1983)циклдары және олардың ұзақтығы 20 жылмен шектеледi.
3.Жеке шаруашылық циклдары.1 жылдан 12-жылға дейiн қамтидi,инвестициялық белсендiлікке байланысты.

t, уақыт

Макконнелл және С.Брю циклдары фазалары

Циклдардың сипатты белгілері
өрлеу
құлдырау
қорлардың көбеюі
өндірістік инвестициялардың артуы
еңбекке сұраныстың көбеюі
пайданың жоғарлауы
несиеге сұраныстың жоғарлауы
өндірістің өсуі
қорларды жою
өндірістік инвестициялардың қысқаруы
еңбекке сұраныстың кемуі
пайданың кемуі
несиеге сұраныстың азаюы
өндіріс көлемінің қысқаруы

Соңғы жүзжылдықта дүние жүзінің көп мемлекеттерінде адам басына шаққандағы ЖҰӨ және жиынтық ЖҰӨ тұрақты түрде өсуде. Экономиканың өсуі кеңінен тараған құбылыс болып отыр.
Экономиканың өсуі көбінесе тұтынудың жаңа түрлерін қанағаттандыру қабілеті болып табылады. Сонымен қатар ірі әлеуметтік экономикалық мәселелерді шешуге бағыталады. Сондықтан экономикалық теория экономикалық өсу категориясына теориялық және практикалық тұрғыдан ерекше мән береді.
Экономикалық өсу деп нені түсінуге болады?
Экономикалық өсу ұлғаймалы ұдайы өндірістің болуымен түсіндіріледі: бұл жыл сайынғы, қоғамдық өнімінің сандық әрі сапалық артуы және лоар екі топтан: өндіріс құралдары мен тұтыну құралдарынан тұрады. Жыл сайынғы қоғамдық өнім көлемінің өсуі ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типті негізінде дамиды.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің экстенсивті типінде өнім шығаруды екі есеге арттыру үшін, жұмыскер саны және өндірістік қорлары екі есе ұлғаюы қажет.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің интенсивті типінде осындай нәтижеге жұмыс қүшін және өндірістік қорларды дұрыс қолдану арқылы қол жеткізуге болады.
Практикада бұл ұлғаймалы өндірістің типтерін белгілі арақатынаста немесе бірін – бірі толықтыратын жағдайда кездестіреміз. Қазіргі жағдайда, ҒТР жағдайында, өндірістің интенсификациялануының негізінде барлық дамыған елдерде экономикалық өсудің жаңа сапасы қалыптасты: ал техникалық жарақтандыру мен еңбек өнімділігінің өсуі, ресурстарды қамтамасыз ету, қаржы қайтарымының көтерілуі негізінде жүзеге асады.
Ұлғаймалы ұдайы өндірістің қайнар көзі өосымша құн болып табылады, осы мақсатқа ол күрделі қаржы ретінде жұмсалады. Алайда рыноктық механизмнің сұранымы мен ұсынымы жағдайында мұның өзі жеткіліксіз.
Әдетте, бұл жағдайда туындаған кедергілер шаруашылық айналымына жекелеген, қомайлы емес пайдалы қазбаларды қосу есебінен жабылады және бұл ресурстарды қымбаттатады. Өнделген кезінде ресурстар құнының бірлігі нәтижесінде түпкі өнімнің өсуін өте аз береді. Оның тиімділігінің төмендегенінде экономикадағы пропорционалдық өзгереді және экономикалық өсу қарқыны төмендей бастайды.
Сұранымның өсу жағдайында табиғи ресурстар мүмкіндігі мәселесі одан әрі қиындай түседі, сондықтан экономикалық өсу бірақтар факторларға байланысты:
табиғат ресурстарының саны мен сапасына;
еңбек ресурстарының саны мен сапасына;
капитал ресурстарына;
қолда бар технологияға.
Бір сөзбен айтатын болсак, экстенсивті дамудың өзіндік экономикалық шектеулері бар. Мұндай жағдайға тап болған қоғам өзінің бағыт-бағдарын өзгертуге тырысады. Экстенсивті дамудың қайнар көзінің жойылуы қоғамды интенсивті өсу мүмкіндіктерін карастыруға итермелейді. Демек техникалық процестің ресурсты сақтау түрлеріне бағыт-бағдар жасау: оларға – метериалды сақтау, энергияны сақтау және қорды сақтау жатады. Барлық қоғам масштабындағы экономикалық өсу тауар мен қызмет көрсетудің жылдық көлемінің ұлғаюымен байкалады. Сондықтан экономикалық өсуді өлшеудің көрсеткіші: жалпы ішкі өнім (ЖІӨ) неиесе жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) немесе ұлттық табыс (ҰТ) болып табылады. Экономикалық өсу абсолюттік және салыстырмалы мөлшерде (алдағы кезеңдегі мөлшерге пайыз ретінде) өлшенеді. Мысалы, осы жылы реалды ЖҰӨ 210 млн. теңге құраса, ал алдыңғы да – 200 млн. теңге болған, онда абсолюттік тұрғыдағы өсімі 10 млн. теңге, ал салыстырмалы тұрғыда – 5% құрайды.
Жекелеген уақыт мерзімінде экономикалық өсу жылдық өсу қарқынымен анықталады. (ЖҰӨ-нің өсу қарқынын анықтау үшін, осы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерін алдағы жылғы нақты ЖҰӨ мөлшерінен шегеру қажет. Сол айырманы алдағы жылғы нақты ЖҰӨ-ге жатқызып, нәтижесін пайыз түрінде көрсетеді).
Жалпы ұлттық өнімінің (ЖҰО) біраз жылғы қарқынды өсу сипаттамасы көрсеткіштерін тізе отырып, оның тенденциясын ашуға, яғни экономикалық дамудың бағытын анықтауға болады.
Неге экономикалық өсу қажетті экономикалық мақсат ретінде қарастырылады? Жан басына шаққандағы жалпы өнімнің өсуі халық жағдайының көтерілуіне әкеледі. Қойылған сұраққа жауап басқа түрде және басқа әдіспен құралуы мүмкін. өсіп келе жатқан экономика жаңа тұтынуларды қанағаттандыра алады және әлеуметтік-экономикалық ахуалдарды шеше алады. Экономикалық өсу ресурс шектеулінің ахуалын шешуді жеңілдетеді.
Экономикалық өсу экономиканың бір қалыпты оң қозғалысын және оның әлеуметтік-экономикалық прогресін көрсетеді. Мұндай прогрестің жалпы критериі өндіргіш күштердің даму деңгейі болып табылады. Экономикалық прогрестің қозғаушы күші қайшылық болады. өндіріс пен тұтыныс арасындағы қайшылық жалпы негізгі және қозғаушы күш болып табылады.
Экономиканың өсуінің қайнар көзі неде? Кез келген мемлекеттің өсуі негізгі алты фактордан тәуелді. Олар:
1. Табиғи ресурстардың сапасы мен көлемі.
2. Еңбек ресурстарының сапасы мен саны.
3. Негізгі капитал қорының көлемі.
4. Технология.
Экономиканың өсуіне әсер ететін осы төрт факторды ұсыныс факторлары деп айтуға болады.
Дәл осылар өндірістің өсуіне мүмкіндік береді. Сапалы ресурстар және технологиялық әлует бірігіп нақты өнім көлемін өндіруді ұлғайтады. Экономиканың өсуіне әсер ететін соңғы екі факторды қарастырсақ, олар:
1. Сұраныс факторы
2. Бөлу, тарату факторы.
Өндіріс әулетін дұрыс пайдалану үшін, өндірумен қатар өндірген өнімді дер кезінде сату да маңызды.
Экономиканың өсуіне әсер ететін сұраныс және ұсыныс факторлар бір-бірімен тығыз байланысты.
Сұраныс пен ұсыныс талдырмасы (шок) және циклдік тербелістерге байланысты жағдайынан ауытқуын экономикалық саясат тұрақтандыруға тырысады. Бірақ өнім көлемінің қысқы мерзімді ауытқуы, жұмысбастылықтың деңгейі экономиканың жалпы өсуінің қозғалысымен берілген, оның өсуінің көлемін ұлғайту экономикалық өсумен байланысты. Экономикалық өсуді жиынтық ұсыныстың ұзақ мерзімді динамикасы (құбылысы, жайы) ретінде немесе өнім көлемінің өсуі ретінде қарастыруға болады.
Экономикада нақты пайданың өсуі экономикалық өсу деп түсіндіріледі және әрбір адам басына шаққандағы нақты өнімнің өсу есебі болып табылады. Сондықтан экономиканың өсуін өлшеу үшін абсолюттік арттыру немесе нақты өнім көлемі өсуінің екпініне немесе адам басына шаққандағы көрсеткіштер қолданылады. Мысалы:

∆Y=Yt - Yt-1 немесе Yt = ∆YYt-1,
t – уақыт индексі.

Егер экономикалық өсу сырттан әкелінген қосымша ресурстардан жасаланса және қоғамдағы еңбектің орта өнімділігін өзгертпесе, онда ол экстенсивті болады. Интенсивті өсу технологиямен және өндіріс факторының жетілген түрімен байланысты, яғни өнімді ресурс көлемінің көбеюі нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде ұлғайту емес, олардың қайтымының, тиімділігінің нәтижесінде өнім өндіру.
Қазіргі жағдайда ғылым ролінің өзгеруімен экономикалық өсу жаңа сапалық дәрежеге көтеріледі. Ғылым қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуы аяқталып келеді. Жоғарыда аталған барлық жағдайлар экономика қозғалысына, экономикалық дамуына жаңа сапалық сыйпат береді.
Экономикалық өсудің теориялары. Мультипликатор және акселератор эффектісі. Өсу формуласының негізінде Кейнстің “мультипликатор” теориясы жатыр. Ол кейінірек “акселерация” теориясымен толықтырылды.
Мультипликатор- көбейткіш, ал акселератор- бұл дайын өнім сұранымының өсуіне деген интенсивті өсушілік коэффициенті.

10 -дәрісті қайталауға арналған сұрақтар.

1.Артық өндiру экономикалық дағдарысы.Бұл дегенiмiз не,оның пайда болу себептерi?
2.Экономикалық дағдарыстың белгiлi уақыт аралығында қайталануы немен түсiндiрiледi? 3.Экономикалық цикл дегенiмiз не?
4.Қазiргi экономикалық дағдарыстың ерекшелiктерi неде?
5.Н.Д.Кондратьевтiң ұзын толқындары дегенiмiз не?
6.Экономикалық өсу дегеніміз не?
7.Экономикалық өсу факторларына не жатады?
8.Экономикалық өсу түрлері қандай?

11-ДӘРІС. АҚША-НЕСИЕЛІК РЕТТЕУ

1. Мемлекеттің ақша жүйесі
2. Банктік жүйе және банктік операциялар
3. Мемлекеттік бюджет - қаржы жүйесінің жетекші звеносы
4. ҚР салық жүйесі.

Ақша жүйесінің маңызды компонентарына: 1) Тауарлар және қызмет көрсетулер бағасын білдіретін ұлттық ақша бірлігі (доллар, рубль, теңге, евро т.б.); 2) Қолма –қол айналымда заңды төлем қаржылары болып саналатын несие және қағаз ақша, ауыстырылатын монеталар жүйесі; 3) Ақша эмиссиясы жүйесі, яғни айналымға ақша шығарудың заңмен бекітілген тәртібі; 4) Ақша айналымен реттеу сұрақтарымен айналысатын мемлекеттік ұйымдар.

Айналысқа түсетін ақша түріне байланысты ақша айналымы жүйесінің екі негізгі типін ажыратуға болады:
Метал ақша айналымы жүйесі
Мұнда айналымда толық бағалы алтын және күміс монеталар болады. Бұл монеталар ақшаның барлық қызметтерін орындайды. Ал кредиттік ақшалар еркін түрде метал ақшаға ауыстырылады.
Несиелік және қағаз ақша айналым жүйесі
Бұлар алтынға айырбасталынбайды, алтынның өэі айырбастан ығыстырылады.
Ақша массасы – бұл халық шаруашылығында тауар мен қызмет көрсетулердің айналымын қамтамасыз ететін қолма-қол және қолма –қол емес сатып алу мен төлем заттары жиынтығы.

АҚША МАССАСЫ

Ақшадан басқа қаржы құралдарына акция мен облигация жатады. Облигация – бұл облигация ұстаушыға жарты жылда бір төленетін пайыз түріндегі тұрақты табысқа кепілдік беретін қаржы құралы. Облигация көмегімен мемлекет немесе жеке корпорациялар үй шаруашылықтарынан ақшаны қарызға алады.
Акциялар – акция ұстаушыларға корпорация пайдасынан дивиденд түріндегі табысты қамтамасыз ететін қаржы құралы. Қаржы құралдарының маңызды белгілерінің бірі болып олардың өтімділігі-қолма қол ақшаға ауыстырылу қабілеті табылады.Ақша абсолютті өтімділікке ие.Кез келген облигация не акцияны қолма қол ақшаға аудару күрделі.Қаржы құралдарының өтімділігі неғұрлым төмен болса,соғұрлым шығындалу тәуекелі жоғары.Экономикалық теорияда қаржы нарығы әдетте екі бөлікке бөлінеді-ақша нарығы және капиталдар нарығы.Ақша нарығында келісімдер қысқа мерзімді бағалы қағаздармен жасалады. Қысқа мерзімді бағалы қағаздар деп қарызды жабу мерзімі бір жылдан аспайтын бағалы қағаздарды атаймыз.Капиталдар нарығы қарызды жабу мерзімі бір жылдан асатын бағалы қарыздармен келісімдерді біріктіреді.
Инфляция – бұл ақшаның алтынмен байланысты үзгеннен кейінгі қағаз ақша айналымының ауруы. Мұндай жағдайда айналымда жүрген қағаз ақшаның көлемі ерекше маңызды болады: егерде ол тауар айналымы қажеттілігенен асып кетсе онда инфляция артық ақша шығарудың нәтижесі ретінде шығады. Шынында, инфляция – нарықтық экономиканың өзіндік ерекшелігі бар қағаз ақшаның ісігі.
Нарықтық экономика үшін инфляция өте қауіпті. Барлық деңгейдегі бағалардың жалпы көтерілумен көрінетін инфляцияның мына төмендегідей кемшіліктерге әкеліп тайстайтыны бар.
Инфляцияның мәні - ол тауарлар мен көрсетілген қызметтердің бағасының өсуі және тауар тапшылығы мен қызмет сапасының төмендеуі салдарынан ақшаның құнсыздануы, оның сатып алу мүмкіндігінің құлдырауы. Инфляция -қоғамдық ұдайы өндірістегі диспропорцияның көрінісі. Ол мемлекеттің табысы мен шығынының үйлеспеуі салдарынан кездесетін кез келген экономикалық формацияға тән кұбылыс. Инфляция ұлттық табысты экономиканың салалары арасында, коммерциялык құрылымдар, халықтың топтары мен мемлекеттің және шаруашылық субъектілері арасында қайта бөлуге тірейді.
"Инфляция" қабару, көтерілу, ісу деген мағынаны білдіретін латын сөзі. Шындығында да, кауырт жағдайларда (мысалы, соғыс, революция және с.с. кездейсоқ жағдайларда экономиканы дамыту үшін) мемлекеттік шығындарды қағаз ақша шығарумен қаржыландыру ақша айналымының күрт "көтеріліп", қағаз ақшаның құнсыздануына әкеп соктырады.
Инфляцияның түбегейлі себептері тауар айналымы және тауар өндірісі аясында болғанымен, оған елдегі саяси жағдайлар да әсер етеді.
Инфляцияға әсер ететін бірінші топтағы ақшалы факторлар - ақшаға сұраныстың тауарлы ұсыныстан жоғары болуының нәтижесінде ақша айналысы заңы талаптарының бұзылуы, яғни бюджет тапшылығын жою мақсатында шама-дан тыс ақша шыгаруға байланысты айналыстағы ақша массасынын көбеюі; халық шаруашылығындағы несие ақшаларының көптігі; ұлттық валютанын курсын бірқалыпта ұстау ушін үкіметтің қолданатын тәсілдері; ұлттык валюта-ныя қозғалысын шектеу және т.б. факторлар.
Екінші топка тауарлар бағасын және шығындарды өсіретін акшалы емес факторлар жатады. Олар: қоғамдык ұдайы өндіріс құрылымының үйлеспеушілігі, шаруашылык механизмінің шығындылығы, мемлекеттің экономикалық саясаты, оның ішінде салық және баға саясаты, сыртқы экономикалық іс-шаралары және с.с. факторлар.
Инфляцияның бірнеше түрлері бар. Баға өсуі қарқыны көзқарасы тұрғысынан инфляцияны төмендегідей түрге бөлуге болады: а) баяу; ү) қарқынды; б) ұшқыр. Баяу инфляция кезінде бағалар баяу (жылына 10% - дан аздау) өседіү Инфляция 2-3 % болған жағдайда, нарық ұшін орынды құбылыс болып табылады. Қарқынды инфляция кезінде баға жылдам, ырғи-ырғи (жылында 20-дан 200% - ға дейін) өседі. Ұшқыр инфляция кезінде айналымдағы ақшаның саны мен баға астрономиялық жылдамдықпен (500-1000%) өседі.

Несие-банк жүйесі.
Қарыз нарығы – қаржы нарығының бір бөлігі. Ұдайы өндіріс процесіне уақытша қатысуға пайдалану үшін еркін қалған ақша қорлары өткерілу (өткізу) объектісі міндетін атқарады. Қарыз нарығы еркін қалған қайта бөліп, жаңадан ақша ресурстарын құрайды.
Банк ұсынатын несиелер - қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұсақ мерзімді болып жіктеледі.
Несиенің бірнеше түрлері бар: а) банктік, ә) чектік, б) коммерциялық, в) тұтыну, г) халықаралық..
Несиенің өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді. Экономикалық көзқарас тұрғысынан, банктер - несие-қаржы мекемесі . Банктың негізгі қызметі тұрғандар мен ұйымдардың , кәсіпорындардың еркін ақша қорларын тартып, қорландыруды жүзеге асыру.
Коммерциаялықбанктер әртүрлі меншік негізінде құрылады. Олар – акционерлік, кооперативтік, шетел банккапиталының қосылуымен жеке банк де болуы мүмкін.
Коммерциялық банктің классикалық қызметі вексельдік айналымға негізднлген.
Берілген қарыз бойынша алынған пайыз жиынтығы, басқада жүргізген операциялар табысымен бірге және осыдан банк шығынын алып тастағандағы қалдық банк пайдасы болады. Банк пайдасының аты маржа деп аталады.
Банкке табыс әкелетін операцияны – активті (қарқынды); ал ақша капиталын қосу арқылы жасалған операцияны - пассивті деп атаймыз.
Активті (қарқынды) операциялар: вексельді, тауар ішіндегі қорлық (қаржылық) және баланстық операция болып бөлінеді.
Осы операциялардың бастысы – вексель есебі мен вексель бойынша қарыздар беру болып табылады.
Банктің қорлық операциялық бағалы қағаздар-акция, облигация арқылы жүзеге асады. Бұл операцияларға бағалы қағаздар кепілдігі мен қарыз беру, банк инвестициясы жатады.
Соңғы 10-15 жылда банк қызметінде операцияның жаңа түрлері белең ала бастады. Олар: лизинг, факторинг, қаржы-трастық операциялар.
Лизинг (ағылшын сөзі) мүліктерді (машина, ірі құрал-жабдықтар т.б.) уақытша пайдалануға алу немесе беру.
Факторинг – қаржы коммерциялық қызметтің бір түрі. Сондай-ақ банк өз клиентінен құқықты сатып алып, оған ақшалай қарыз болғандарды өндіреді.
Коммерциялық банктің жеке және заңды тұлғалар мүліктерін басқару жұмысын – трастық операция дейміз.
4. Бағалы қағаздар және оның айналу мәселелері. Қор биржасы.
Бағалы қағаздар – иесіне табыс әкелетін, оның кәсіпорын (фирма) мүліктеріне қатысы барлығын куәландыратын коммерциялық документ. Бағалы қағаздар табысты иелеріне дивидент түрінде әкеленеді.
Капитал салудың сенімділігіне, табыс әкелудің тұрақтылығына тек облигация ие бола алады.
Облигацияның бірнеше түрі бар: мемлекеттің ішкі және жергілікті займ облигация, мақсатты займдар обликациясы, аймақтық облигация, аймақтық облигация және кәсіпорын (фирма) облигациясы.
Акция – акционерлік қоғамның мүлкіне белгілі пайды салғанын қуаттайтын бағалы қағаз және оның иесіне пайданың бір бөлігін дивидент түрінде алу құқын береді.
Акцияның номиналды құны мен нарықтық бағасы бар.
Шетел тәжірибесінде акцияның әртүрлі: есімді және өкілді, жай, жеңілдікпен пайдаланатын, бір дауысты, көп дауысты, дауыссыз болып қолдананылады.
Акция категория бойынша былай бөлінеді: еңбек ұжымының акциясы, кәсіпорын акциясы және акционерлік қоғам акциясы.
Акцияның сатылу және сатып алу бағасын акция курсы дейміз. Ол былайша анықталады:

Акция курсы = (Дивиденд Қарыз пайызы) × 100 %

Бағалы қағаздар сауда-саттығынан орталығы қор биржасы болады. Бұл тұрақты жұмыс істейтін, тәртіптілікті қатаң сақтайтын қаржы мекемесі немесе сатушы мен сатып алушы белгілі уақытта бір-бірін табатын түрақты орын.
Биржалық курс дегеніміз – қор биржасы айналымындағы бағалы қағаздың сатылу бағасы.
Чек - қайта түрде бекітілген құжат.

Қаржы жүйесі қаржы қатынастары жиынтығынан және оны реттейтін институтардан тұрады. Қаржы қатынастары кез келген қоғамдық жүйеде орын алатын жалпы экономикалық қатынастардың құрамды бөлігі. Мемлекет қаржы жүйесі арқылы саяси , экономикалық және әлеуметтік салалардың алуан түрлі қызметтеріне қажетті қаражаттарды жинақтап, пайдаланады.
Мемлекеттік қаржылар ұлттық табысты қайта бөлуде, қоғамдық ұдайы өндірісті дамытуда, қоғамның экономикалық құрылымын қалыптастыруда, өндіргіш күштерді жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Мемлекеттің қаржылары әлеуметтік бағдарламаны жүзеге асыруға, мемлекеттік басқару аппараты мен қорғанысқа, тәртіп сақтау күштерін қаржыландыруға, сыртқы экономикалық қызметті атқаруға жұмсалады.
Мемлекет қаржы жүйесінің бел ортасында мемлекеттік бюджет тұрады. Бюджеттік жүйе өте күрделі механизм. Ол сол елдің ерекшілігін, оның әлеуметтік-экономикалық құрылысын, мемлекеттік құрылымын білдіреді. Бюджет жүйесі – түрлі деңгейдегі бюджеттердің экономикалық қатынастары мен заңдық нормаларға негізделген жиынтығы, сондай-ақ оларды әзірлеу , қарау, бекіту, атқару және атқарылуын бақылау процесі. Бюджеттердің төменгі деңгейінен келесі деңгейіне қажетті статистикалық және бюджеттік ақпарат беру.
Унитарлық мемлекеттердің бюджеттік жүйесі екі деңгейден – мемлекеттік және жергілікті бюджеттерден тұрады.
Мемлекеттік бюджет үкімет қолындағы ақша ресурстарының орталықтанған қоры. Қазіргі жағдайда бюджет экономиканы мемлекеттік реттеудің, шаруашылық конъюктураға ықпал етудің , дағдарысқа қарсы шараларды жүзеге асырудың аса күшті құралы. Ең алдымен бюджетте мемлекттің кірісі мен шығысының құрылымы бейнеленеді. Өзінің құрылымы жағынан бюджеттің шығысы мынадай бөлімдерден тұрады: мемлекетті басқару шығындары, әскери шығындар, әлеуметтік-экономикалық мақсаттағы шығындар, мемлекеттік шаруашылық жұмыстарының шығындары, сыртқы экономикалық қызметтердің шығындары.
Жергілікті бюджет. Жергілікті өкілдікті органдардың қаржы базасы, олардың қажетті шараларды қаржыландыруға арналған қаражатын қалыптастырудың негізгі жоспары.Оларға облыстық,қалалық (республикалық және облыстық маңызы бар қалалар),аудандық бюджеттер және экономикалық аймақтардың бюджеттері жатады.Жергілікті бюджеттен жергілікті өкімет органдары жүзеге асыратын, жергілікті же аймақ аралық мәні бар экономикалық, әлеуметтік,мәдени және басқа бағдарламалар мен шараларды қаржыландыру жоспарланады. ҚР әрбір деңгейдегі бюджеттердің кірістері оның салық , жергілікті өзін-өзі басқару, жергілікті шаруашылық, бюджет жүйесі туралы заңдарына сәйкес құралады. Жергілікті бюджетке жоғары деңгейдегі бюджеттерден дотациялар, субсидиялар, субвенциялар түрінде қаражат берілуі мүмкін.
Субвенция- жоғары дейгейлі бюджеттен белгілі мерзімге және нақты мақсатқа бөлінетін ақшалай сома.
Субсидия – мемлекеттік бюджет есебінен берілетін әдетте біржолғы жәрдем ақы.
Жергілікті өкілдікті органдар өздеріне жоғары тұрған бюджеттерден берілген қаражаттан және мақсатты қаржы ресурстарынан басқа бюджет қаражатының пайдаланылу бағытын дербес айқындайды.
Республикалық бюджет – жалпы республикалық мәні бар шараларды қаржыландыру үшін қаражатты құраудың негізгі жоспары. Оның кірісі жергілікті бюджетке аударылатын бөлігі шегерілген жалпы республикалық салықтар мен кірістер, экспортқа, импортқа салынатын салық, кеден алымдары мен баждары.
Республикалық бюджеттің шығысы мыналарды қаржыландыруға жұмсалады: республикалық меншікке жататын нысандарға жұмсалатын күрделі қаржы, табиғат қорғау шаралары, халықты арнаулы қорғау жөніндегі жалпы республикалық бағдарламалар. Мемлекеттік өкіметпен басқару органдарын, соттарды, құқық қорғау органдары мен прокуратураны , ұлттық қауіпсіздік органдарын ұстауға жұмсалатын шығындар.

А. Смит салық салудың төрт принципін айқындаған. Оның осы принциптері дамыған елдерде салық, салудың негізін құрайды.
1. Өзіне бекем мемлекет мүмкіндігіне қарай, қабілеті мен күшіне сай үкіметті ұстауға (қардыландыруға) катысады.
2. Жеке тұлға төлейтін салық міндетті түрде айқын болуы керек.
3. Әрбір алынатын салық белгілі уақытта немесе белгілі тәсілмен толеуші үшін ынғайлы кезде барлығын төлейді.
4. Әрбір салык ой елегінен өткізіліп, толғағына толық жеткізілгені дұрыс.
Экономикалық мазмұны тұрғысынан салык дегеніміз тұрғындар, кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан занға негізделіп алынатын міндетті төлем жүйесін айтамыз.
Салық салудың мынадай принциптері бар:
- салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай алынады;
- салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады.
Салық төмендегідей қызметтерді атқарады:
- фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру, кызметі. Осы қызметте мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық жинайды;
- бөлу кызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардын арасында, территория, облыс аудандар бойынша жүргізеді;
- реттеуші қызметі, мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және қорлану арасындағы пропориияны реттейді;
- ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалык прогресті дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады;
- шектеу қызметі, мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс гүрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді;
- бақылап-есептеу кызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар топтарының, қаржы қоры көлемінін табысын есептеуді жүзеге асырады.
Салық сииаты тұрғысынан тікелей және жанама болып бөлінеді.
Тікелей салык;
Жанама салыкты;
Салық өсімі үш түрге бөлінеді.
Бірінші түрі - прогрессивтік салық өсімі.
Екінші түріне салық осімінің пропорционалды өсім жатады.
Үшінші түрінде - регрессивтік салық есімі жатады.
Қазакстан Республикасында жалпы мемлекеттік салықтар бар.
Жалпы мемлекеттік салыққа жататындар.
Жергілікті салық пен алымға жататындар.
Салықтардың ішіндегі - салығы ерекше орын алады.
Американ экономисі Артур Лаффер 80-ші жылдардың басында осы мәселені қарап, мынандай ой түйген: салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық белсенділігін бәсендетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермейді.

11- дәрісті өздігінен қайталау сұрақтары

1. Ақша агрегаттары және оларды өлшеу.
2. Ақшаның сандық теориясының негізі неде?
3. Ақша нарығындағы ақшаға сұраныс пен ақша ұсынысы?
4. Ақша мультипликаторы қалай есептеледі?
5. Инфляцияның деңгейіне байланысты қандай түрлері бар?
6. Инфляцияға қарсы мемлекеттің шаралары қандай?
7. Инфляцияның әлеуметтік-экономикалық салдары қандай?
8. Салықтың түрлері қандай? ҚР салық жүйесіне түсінік бер.

12-ДӘРІС. МЕМЛЕКЕТТІҢ ӘЛЕУМЕТТІК САЯСАТЫ

Дәріс мазмұны

1. Нарықтық экономикадағы табыстар ,теңсiздiк мәселесi және табыстарды бөлу.
2. Жұмыссыздықтың әлеуметтiк және экономикалық мәнi және түрлерi.
3. Жұмыссыздықты мемлекеттiк реттеу және жұмыссыздарды әлеуметтiк қорғау.

Әлеуметтік қорғау және әлеуметтік кепілдік. Еліміздің әкімшілдік-әміршілдіктен нарықтық экономика көшуі адамның әлеуметтік тәукелінің артуына алып барады.
Ескерту: трансферттік төлемдер – және ақы, стипендия, білім мен денсаулық сақтау саласындағы тегін қызмет көрсету баспанадағылар жатады. Мұндай топтар табатын табыс мөлшеріне байланысты қалыптасады.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік кепілдікке мыналарды жатқызамыз: минималды жалақы, зейнет ақы, стипендия , жәрдем ақы – оның ішінде уақытша еңбекке жарамсыздық үшін ақы және ақысыз білім алу мен медициналық қымет көрсету, еңбек жағдайымен байланыстырылған жеңілдіктер. Тұрғындар табысын индексациялау, жұмыссыздықтан әлеуметтік қорғау құқығы, жұмыссыздық бойынша жәрдем ақы алуға құқылығы, меншікке құқы және одан табыс табу.
Тұрғындарды әлеуметтік қорғау жүйесінің басты элементі ретінде олардың ақшалай табысын индексациялауды жатқызады. Оның мәнісі: инфляция келтірген зиянның орынын толтыруға қызмет етеді. Тұрғындардың табысын индексациялау өзінің экономикалық мазмұны бойынша- тұрғындардың ақшалай табыс мөлшерін түзететін механизм. Инфляцияның әсерінен болған тұтыну тауарлары мен қызмет көрсетудің қымбаттауын сол механизм арқылы некен-саяқ немесе түгел орнын толтырады.
Күн көру дегеніміз не және ол қалай өлшенеді? Өмір сүру минимумы деп адамның өмір сүруін және оның жұмыс күшін қалпына келтіруді сүйемелдеуге қажетті ақшалай қаржы денгейін айтамыз.
Күн көру деңгейін екі тәсілмен анықтауға талпынды. Бірінші тәоіл минималды тұтыну бюджетіне негізделген Ол отбасы табысының балансы мен шығындарынан тұрады. Күн көру деңгейін анықтаудың екінші тәсіліндде кедей отбасы өз табысының 13 бөлігін тамақ өнімдеріне жұмсайтыны ескеріледі. Күн көру деңгейін бюджетінің рационалды тұтыну бюджетінен айырмашылығы сол барлық ойдағы тұтынуды қанағаттандыруға есептелмеген. Әлемдік тәжірибеде тұрғындар табысын индексациялаудың екі негізгі түрі белгілі: а) автоматты, б) жартылай атвоматты, кейде келісімді дейді.
1.1Жұмыспен қамтудың бұрынғы және қазіргі теориясы.
Жұмыссыздық - экономикалық теорияның бұрынғы және қазіргі тарихындағы ең өткір мәселесінің бірі. Жұмыс- сыздықты әртүрлі мектеп өклдкері әртүрлі түсіндіреді.Мысалы,мальтузиандық теория жұмыссыздықтың пайда болуын
Тұрғындардың тым артып кетуімен түсіндіреді.Кейнстік теория бұл құбылысты нарықтық сұраныстың жетіспегендігі-
мен дәлелдейді,еркін кәсіпкерлік мектебінің теориясы-жұмыссыздық жалақы деңгейінің жоғарлауымен туындайтынын
айтады,яғни ол еркін болып табылады.Еркін кәсіпкерлік теориясы қазіргі өкілдері –монетаристер-осы көзқарасты құп- тайды .
К.Маркстың қорлану теориясы мен қазіргі технологиялық теория жұмыссыздықтың болуын біріншіден-капиталдың
Қорлануымен,екіншіден,-техника прогрессімен болатындығын айтады.
Енді осы теориялардың мән-жайына қысқаша тоқталайық.
Мальтузиандық теорияны ағылшын экономисі Томас Роберт Мальтус(1766-1834)жасаған. Ол 1798 жылы Халық
саны туралы заңның тәжірибесі кітабын шығарған.Онда ол былай жазған:жер шарындағы тұрғындар геометриялық прогрессиямен өседі;яғни әрбір 25 жылда екі есе өседі;алөмір сүру жабдығы тек арифметикалық прогрессиямен өседі:
халық саны-1,2,4,8,16,32 және т.б.,ал өмір сүру жабдығы-1,2,3,4,5 және т.б.
Тұрғындардың қарқынды өсуін Мальтус(әрбір 25 жылда екі есе өсуі) XVI I-ші ғасырда АҚШ-да халық санының өсуі негізінде есептеген,бірақ ол кезде АҚШ-да тұрғындар сан тек табиғи өсіммен ғана емес, Еуропадан иммигранттар легінің келуімен де өскенін ескермеді.
Ағылшын экономисі Джон Кейнстің баяндауынша, жұмыссыздық бұл тарауға сұранымның төлем қабілеттілігінің жеткіліксіздігі мен жалақының өте жоғарлауының салдары деп түсіндіреді.
Жұмысшылар шектен тыс жоғарғы жалақыны талап етеді, сондықтан жұмыс күшіне сұраным төмендейді.Бұл теорияны ағылшын экономисі Кембридж университетінің професоры А.Пигу өте дәлдікпен жасады.
Қазіргі жағдайда монетарлық теория өзі туралы барынша айқын көрсете білуде.Осы теорияны жақтаушылар жұ- мыссыздық себебін мемлекеттің ақша саясатын дұрыс жүргізбеуінде екендігімен түсіндіреді.Ақша массасын дұрыс бас- қара отырып, өндіріс процессін реттеуге болады.Олардың ойынша, түзу инфляция өндірісті ынталандырады және жұмыссыздықты басады.Мысалы, жаңа зеландиялық экономист Олбен Филлипс(1914ж.) осы тәуелділікті математикалық тілде қисық түрінде көрсетіп, кейінірек ол Филлипс қисығы аталды.
2. Жұмыссыздықтың мәні ,түрлері мен себептері.
Жұмыссыздық-бұл жұмыс істегісі келетін еңбекке жарамды халықтың өндірісте жұмыспен қамтылмауы.Оның мына-
дай түрлері бар:
1.Жасырын жұмыссыздық-өндірісте және мемлекеттік аппаратта артық жұмысшылардың қолданылуы Қазіргі болмыста олардың жұмыстарын аз жұмыс күшімен атқаруға болады.
2.Фрикционалдық жұмыссыздық-адамдар бір жұмыстан басқа жұмысқа, бір жерден басқа жерге жұмыс ізденумен ауысуын айтамыз.
3.Маусымдық жұмыссыздық-жұмыс күшінің тек маусымдық кезенде жұмыс жасауы;бұл кейбір ауыл шаруашылығы өндірісі саласында кездеседі, әсіресе қайта өңдеу өнеркәсібінде т.б.
4.Құрылымдық жұмыссыздық-өндірістік қуаттың жетпеуінің нәтижесінде болады:жеке саланың дамуының кері пропорционалды болуынан және ескі саланы жабу мен жаңа саланы дамытудың нәтижесі ретінде қараймыз.
5.Технологиялық жұмыссыздық-адамдарды машинамен ауыстырудың нәтижесі, біліктілікті өзгертуді немесе басқа мамандықты игеруді талап етеді.
6.Циклдық жұмыссыздық-өндірістің құлдырауынан туындайды, яғни экономикалық циклдың осы фазасымен бай- ланысты.
АҚШ Конгресі экономикалық статистика бойынша комиссияның жүргізген зерттеуі, жұмыссыздықтың 70 түрін атаған.Олардың әрқайсысының өзінің ерекше себептері бар.
Кез келген жұмыссыздықтың болуы- қоғам үшін ең ауыр экономикалық және әлеуметтік сілкініс.
Жұмыссыздық деңгейін есептеу төмендегідей формуламен анықталады:

ЖД=ЖС*100 ЖК

Мұндағы ЖД –жұмыссыздық деңгейі ЖС-жұмыссыздар саны
ЖК-жұмыс күшінің саны

Кез келген жұмыссыздың деңгейімен байланыста болатын экономикалық зиянды анықтау үшін, әлемдік практикада Оукен заңы қолданылады.Бұл заң американ экономисі Артур Оукеннің(1724-1780ж.ж.) есімімен аталған.

1.3 Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттік саясаты.
Еңбек нарығы-бұл нарықтың ерекше түрі, онда жұмыс күші тауарын сату және сатып алу жүзеге асады.Бұл жұмыс күшін тауар ретінде сату-сатып алу туралы экономикалық қатынастардың жүйесі.
Нарықта сұраным мен ұсыным заңы жұмыс жасайды және ол еңбек ақыға әсер етеді.Мұнда жұмыс күшін сатушы мен сатып алушылар кездеседі.Өзінің жұмыс күшін ұсынатын жұмыскерлер,яғни өзінің жұмысқа қабілеттілігін сатушылар болып табылады.
Толық еңбекпен қамту дегеніміз халық шаруашылығы көлемінде еңбекке қабілетті тұрғындарды жұмыс орынымен қамтамасыз ету.
Тиімді еңбекпен қамту дегеніміз қоғам қажеттілігін өте аз еңбек шығынымен қанағаттандыра білу.
12- дәрісті өздігінен қайталау сұрақтары

1. Кедейшiлiк проблемасы және әлеуметтiк теңсiздiк ,Лоренц қисығы.
2. Табыстарды қайта бөлуде мемлекеттiң ролi.
3. Жұмыссыздықтың алдын алуда елімізде қандай шаралар жүзеге асуда?

13-ДӘРІС. ӘЛЕМДІК ЭКОНОМИКА

1.Әлемдiк экономика мәнi және халықаралық еңбек бөлiнiсi,
2.Экономикалық интеграция мәнi және формалары
3. Халықаралық экономикалық қатынастардың негiзгi формалары.
4.Экономиканың ғаламдық мәселелерi.

Ғаламдық проблемалар термині алғашқы рет Батыс елдеріне 60- шы жылдарда пайда болып, әрі қарай кең көлемде таратыла бастады.
Ғаламдық ұғым – франсуздың globol- жалпылама, латынның globas – шар деген сөзінің қортынды туындысы.
Демек, ғаламдық дегеніміз жер шарындағы көкейтесті мәселелер ауқымын қамту болып табылады.
Дүниежүзілік өз ара соғысты болдырмау; қоршаған ортаны қорғау; дамушы елдердің экономикалық артта қалувн жою; энергетикалық, шикізаттық, азық- түлік және демографиялық проблемалар; дүниежүзілік мұхит байлығы мен бейбіт- жағдайда космосты игеру; ауруларды жою және басқалар.
Ғаламдық проблемалардың ерекшелігі сол, оның барлығы адам тағдырына қатыста және оны шешуді тоқтату өркениеттілігі күйретумен бірдей немесе жердегі өндіріс қызметі мен өмір жағдайын деградациялау болып табылмақ.
Өркениеттілік болу негізі әртүрлі процесстердің әсеріне ұшырап отырады:
милитаризация мен қару – жарақтану;
қоршаған ортаның төзімсіз ластануы;
қауіпті аурулардың тарауы мен өсуі: СПИД, рак, нашақорлық т.б.
дамушы елдердегі демографиялық процестердің асқыну салдарынан тақыр кедейлену, жұмыссыздық, сауатсыздықтың пайда болуы;
жаппай мәдениеттілікті уағыздау әсерінен ұлттық мәдениеттің ыдырауы.
дүниежүзілік мұхит байлығын бақылаусыз қанау.
Ақпараттық қатынастың үдеуі өндірістің дамуы мен интелектаулдық құндылықтарды қарқынды пайдаланумен түсіндіріледі. Құндылықтарға: білім, ақпараттар, ғылыми – техникалар, жаңалықтар, алгоритмдар, ресурстар жатады.
Халықаралық капиталды сыртқа шығару түрлері



Халықаралық валюталық қор (ХВҚ) Біріккен Ұлттар Ұйымының арнайы мекемесі болып саналады. Бұл мекеме 1944 жылы құрылған, оған дүниежүзінің 160- тан астам мемлекеттері мүше.
Валюта қатынастары үш валюта жүйесі белгілі. Біріншісі стихиялы ХІХ ғасырдың аяғында алтын стандартының негізінде пайда болды. Алтын монеттік және алтын құймалары ретінде стандартқа сай 1922 жылға дейін өмір сүрді. Алтын монеттік стандарт қағаз ақша белгісінің алтын монетаға еркін ауысуын қамтамасыз етті.
Бірінші дүниежүзілік соғыстан соң Генуез конференциясында (Италия 1922 ж.) алтын ұрандық стандартқа көшу туралы халықаралық келісімге қол қойылды. Бұл алтыны аз елдерге халақаралық сауда жасауға кепілдік туғызды.
50- ші жылдары алтын валюта (алтын доллар) стандарттың негізінде валюта жүйесі қалыптасады. Дүниежүзілік ақша міндетін алтынмен қоса АҚШ доллары атқара бастады. Бұл шешім 1944 жылы халықаралық Бреттон– Вуд конференциясында (АҚШ) қабылданады.
Жаңа дүниежүзілік валюта жүйесі 1979 жылдан бастап күшіне еніп, мұны Ямайкада ХВҚ- на қатысушы елдер бекітті. Дүниежүзілік валюта жүйесі тарихында тұңғыш рет дүниежүзілік ақша міндетін алтын емес, ұлттық валюта мен интернационалды есеп ақша атқара бастады. Мұны – интернационалды есепті ақшаны- халықаралық валюта қоры шығарды.
Қазіргі валюталық жүйе- жан жақты валюталық нарықтық стандарт.
Қазіргі валюталық механизм осы кездегі валюталық қатынасты реттейді. Валюталық қатынастың негізгі мәні мынада:
валюталық өлшем алтынмен тікелей байланысын үзіп, оның алтынға қатаң бағамы жойылды;
алтын ел ішіндегі айналымды ғана емес, дүниежүзілік нарықты да жалпы төлем құралы қызметін де тоқтатады;

13 -дәрісті қайталауға арналған сұрақтар.

1. Халықаралық еңбек бөлiнiсi,салыстырмалы артықшылықтар теориясы.
2. Халықаралық экономикалық қатынастардың негiзгi формалары.
3. Халықаралық сауда және оның қазiргi кездегi ерекшелiктерi .
4. Халықаралық жұмысшы күшi миграциясы және оның қазiргi кездегi орталықтары.
5. ҚР-ның дүниежүзiлiк кеңестiкке ену проблемалары


Ұқсас жұмыстар
Жер заңдарын бұзғаны үшін заңды жауаптылықтың жалпы ережелері
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Ерте Палеолит адамдары
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Тауарлық – материалдық қорлар есебі мен аудиті және олардың жетілдіру жолдары
Адамдар арасындағы қарым-қатынастар
Құнды қағаздар нарығы
Тауар саясаты фирманың маркетинг қызметінің негізгі құрамдас бөлігі