Қазақша рефераттар

Қазақтың асыл қазынасы - кестелеу өнері



Жоспар
Кіріспе
1.Қазақтың асыл қазынасы- кестелеу өнері
2.Кестелеуде қолданылатын құралдар мен материалдар
3.Түс үйлесімділігінің кестелеудегі маңызы
4.Кестелеу техникасы
5.Кестелі бұйымдарды әзірлеу жолдары
5.1.Трафарет, қима, үлгі, пішімдер дайындау
5.2.Бедер құрастыру
5.3.Мата шетін тегістеу
5.4.Жіпті бекіту
6.Бұйымның өзіндік құнын есептеу
Қорытынды.
Пайдаланған әдебиеттер.
Қосымша.


Кіріспе.
Өнер таусылмас қазына, жұтамас байлық- дейді дана халқымыз. Қазақ қол өнері өзінің төл тума бітім қасиетімен, көркемдік мән мағынасымен шын мәнінде, халқымыздың ғасырлар талғамынан өткен асыл қазынасы, соның бірі- кестелеу өнері. Сол кестелеу өнерді жоғалтпай үйреніп, ары қарай дамыту біздің міндетіміз. Ертеде халқымыз тұтынған бұйымдарының бәрін дерлік кестемен безендірген Мысалы, үй бұйымдарын төсеніштерді, ұлттық киімдерді кестелеген. Негізі қандай өрнекті болмасын, адам баласы өзін қоршаған дүниеден алатыны мәлім. Киім кестесінде адамның жас ерекшелігіне, кестеге тігілетін жіптің түсіне кестелеу барысында үлкен мән беріледі. Кестенің ашық түсті болуы лайық деп қабылданған.
Жалпы кесте тігу технологиясы табиғатпен тығыз байланысты. Әр халықтың өзіндік кесте тігу нақыштары бар. Көне заманнан бері, біздің эрамызға дейінгіV-VI ғасырдан кестелеу өнері жалғасып келеді. Мысалы, Қытайда кестені таза жібекке алтын, күміс жіптермен тіккен. Кестелеу арқылы киімдерді ғана емес, кілем, сәнді панноларға құстар мен ағаштар бейнеленген. Өте нәзік тігілген Қытай кестесі Жапон кесте тігу өнеріне әсер еткен. Үнді иран елдерінің кестелері өсімдік тектес, жан-жануарлармен бейнелерді тігумен ерекшеленген. Ал Византия кестесінде таза жібек немесе алтын жіптерді төгіп зерлеген. Бұл кесте тігу өнеріне үлкен жетістіктер енгізді. Сонымен қатар, XIIIғасырдың басында Францияда, Германия, Швеция, Англия, Дания, Нарвегия елдерінде ұлттық киімдер мен тұрмыс бұйымдарын әшекейлеуге қолданған. Соның ішінде кеңінен өріс алған тігінен немесе айналдыра тығыздап тігумен қолдан тігу болды. Халық өнері ғасырлар бойы әр түрлі болып өзгеріп, адам өмірімен олардың тұрмысымен әлі күнге дейін байланысты болып келеді. Кестенің әдемі әшекейлері адамдардың тұрған жерлеріне, мәдениетіне, саудасына, көршілес елдермен қарым-қатынасына байланысты болған. Ұрпақтан-ұрпаққа жалғасудың арқасында әрбір елдің шеберлері өздеріне тән ерекшеліктері мен тігудің сан түрлі әдістерін киімге тұрмыстық бұйымдарға, әшекей заттарға қоса білді.
Кестелеу өнерін оқушыларға үйретудің маңызы зор. Ол оқушыларды еңбек етуге машықтандыра отырып іске икемділігін, іскерлік пен шеберлік дағдыларын қалыптыстырады. Бұл жобаның негізгі міндеті:
кестелеу тарихымен және түрлерімен таныстыру;
кестелеуде құралдармен материалдарды қолдану туралы мағлұмат беру;
кестелеудегі түстер үйлесімділігін айқындау;
кестелі бұйымдарды әзірлеу техникасын үйрету;
кестелі бұйымдардың құнын айқындау;
Мақсаты:
-сәндік қолданбалы өнер туралы түсінік беру;
-тарихи мағлұматтармен таныстыру;
-оқушылардың көркемдік және эстетикалық талғамдарын дамыту;
-қол жұмыстарын орындауда біліктіліктермен дағдыларды қалыптастыру;

VI Бұйымның құнын есептеу.

Атауы
өлшем бірлігі
Шығын
Бағасы
Теңгемен есеп
1.
2.
3.
4.
Мата
Жіп
Рамка
Ине
М
Шт
Шт
Шт
30см
9
1
1
200
10
500
10
60тг
90
500
10

Шикізат құны: =660тг.
1.Негізгі жалақы.
НЖ=(ШҚ.*50%)100=(660*50%)100=330.
2.Қосымша жалақы:
ҚЖ=(НЖ*10)100=(330*10)100=33.
3.Амортизация:
А=(НЖ+ҚЖ)*2)100=(330+33)*2)100=7,26.
4.Цех жұмысы:
ЦЖ=(НЖ+ҚЖ+А)*8)100=((330+33+7,26)*8)100=29,6208.
5.Жол шығыны:
ЖШ=((НЖ+ҚЖ+А)*4)100=(330+33+7,26)4100=14,8104.
Барлығы: 414,6912.
1.Бұйымның өзіндік құны:
Бқ=ШҚ+НЖ=660+330=990.
2.Бұйым құны.
Р=(БҚ*5)100=(990*5)100=49,5.
3.Бұйымның жалпы құны.
Б.Қ=БҚ+Р=990+49,5=1039,5.
4.Сатуға қойылатын үстеме баға.
СҚҮБ=(БҚ*20)100=(1039,5*20)100=207,9
5.Бұйымның толық құны.
БТҚ=БҚ+СҚҮБ=1039,5+207,9=1247,4.
6.Сатуға қойылатын қосымша.
СҚҚ=(БТҚ*20)100=(1247,4*20)100=249,48.
7.Бұйымның сатылу бағасы.
БСБ=БТҚ+СҚҚ=1247,4+249,48=1496,88.