Макарон өндірісінде қолданылатын өсімдік текті шикізаттар
2-ші аралық бақылауға арналған тапсырмалар
«Өңдеу өндірістерінің тауартануы» пәні бойынша 2-ші аралық бақылау жұмысы төмендегі форматтарда орындалады. Тапсырмаларды белгіленген талаптарға сай рәсімдеп, дайын жұмысты қорғауға дайын болыңыз.
A
Слайд тапсырмасы
Төмендегі тақырыптардың біреуі бойынша слайд дайындаңыз. Слайд көлемі кемінде 10–12 бет болуы тиіс. Орындалған жұмысты қорғау қарастырылады.
-
Кондитер өнімдеріне сипаттама (түрлері, құрамы, өндіріс ерекшеліктері, сақтау шарттары)
-
Нан және нан өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар (органолептикалық, физика-химиялық көрсеткіштер, қауіпсіздік талаптары)
-
Макарон өнімдерінің сапасына қойылатын талаптар (шикізат сапасы, құрылым, пісіру қасиеттері, стандарттау)
B
Эссе тапсырмасы
Төмендегі тақырыптардың біреуі бойынша эссе жазыңыз. Құжатты әрлеу БӨЖ талаптарына сәйкес болуы керек. Эссе көлемі кемінде 300 сөз.
-
Дәнді дақылдарды тағамдық мақсатта қолданудың тиімді технологиялары
-
Макарон өндірісінде қолданылатын өсімдік текті шикізаттар
-
ҚР-да нан және ұннан жасалған өнімдердің тағамдық құндылығын арттыру мәселелері
Құрастырған
Аға оқытушы Игенбаев А.Қ.