Нафталинге тән реакциялар
1. Қандай қосылыстар конденсирленген деп аталады?
А) Бензол сақиналары жай байланыспен байланысқан қосылыстар
Б) Бензол сақиналары бір көміртегі атомдары арқылы байланысқан қосылыстар
В) Бензол сақиналары бірнеше көміртегі атомдары арқылы байланысқан қосылыстар
С) Бензол сақиналары ортақ көміртегі атомдары арқылы байланысқан қосылыстар
Е) Бензол сақиналары жай байланыспен байланыспаған қосылыстар
2. Сызықты ацендерге жататын қосылыстар:
А) нафталин, пирен, бензол
Б) дифенил, антрацен, фенантрен
В) нафтол, фенол, нафтацен
С) индол, пирен, антрацен,
Е) нафталин, антрацен, нафтацен
3. Конденсирленген бензол сақиналары бар қосылыстар қайда қолданыс табады?
А) Азобояғыштар
Б) Азоқосылыстар
В) Диазоқосылыстар
С) Синтетикалық заттар
Е) Индикаторлар
4. Нафталиннің молекулалық формуласы:
А) С10Н12
Б) С12Н14
В) С10Н14
С) С11Н14
Е) С10Н10
5. Нафталиндегі альфа орындар:
А) 1,2,3,4
Б) 1,4,5,8
В) 2,3,6,7
С) 1,3,5,8
Е) 2,4,6,8
6. Нафталиндегі бетта орындар:
А) 1,2,3,4
Б) 1,4,5,8
В) 2,3,6,7
С) 1,3,5,8
Е) 2,4,6,8
7. Әртүрлі екі орынбасарлары бар нафталиннің неше изомері бар?
А) 14
Б) 13
В) 12
С) 11
Е) 10
8. Нафталиндегі екі сақина тең дәрежелі екенін дәлелдейтін реакция:
А) нитрлеу, тотықтыру
Б) нитрлеу, сульфурлеу
В) тотықтыру, тотықсыздандыру
С) нитрлеу, тотықсыздандыру
Е) аминдеу, тотықсыздандыру
9. Нафталинді тотықсыздандыру арқылы алынатын өнім:
А) нитронафталин
Б) метилнафталин
В) аминонафталин
С) сульфонафталин
Е) нафтол
10. Нафталиндегі барлық көміртегі атомдары қандай гибридтелген күйде болады?
А) Sp3
Б) Sp2
В) Sp
С) Spd
Е) Sp2d
11. Нафталин ароматтық критерииіне сәйкес келеме?
А) Хюккель ережесі орындалады
Б) Ароматты иісі бар
В) Эрленмейер-Гербтің құрылымдық формуласына сәйкес
С) Қос байланыстар бар
Е) Квазиароматты жүйе
12. Квазиметриялық қасиет:
А) қосып алу реакцияларында диенді жүйе сияқты қабілетке ие болуы
Б) Хюккель ережесінің орындалуы
В) қосып алу реакциясында қос байланысты жүйе сияқты қабілетке ие болуы
С) ароматтылық қасиет көрсетіп, электрофильді орынбасу реакциясына түсуі
Е) делокализдену энергиясының жоғарылығы
13. Нафталин диенді жуйеге жату себебі:
А) 4 еселі байланыстың болуы (С1-С4 және С2-С3)
Б) 4 еселі байланыстың болуы (С1-С4 және С5-С8)
В) 5 еселі байланыстың болуы (С2-С3 және С5-С8)
С) 2 диендік байланыстың болуы (С1-С4 және С2-С3)
Е) уш диендік байланыстың болуы (С1-С4 және С2-С3)
14. Бензол гомологтарының дегидроциклденуі нәтижесінде қандай зат түзіледі:
А) нафтол
Б) дифенил
В) нафталин
С) трифенил
Е) метилнафталин
15. Нафталинге тән реакциялар:
А) қосу, айырлу, орынбасу
Б) қосу, тотықсыздану, орынбасу
В) айыру, орынбасу, қосылу
С) орынбасу, тотығу, тотықсыздану
Е) қосу, тотығу, орынбасу
16. 4-фенилбутенді-1-дің дегидроциклденуі нәтижесінде қандай зат түзіледі:
А) нафтол
Б) дифенил
В) нафталин
С) трифенил
Е) метилнафталин
17. Нафталинге қосылу реакциясы нешінші орындарда жеңіл жүреді:
А) 1,3,5
Б) 2,4,6
В) 1,4,6
С) 2,5
Е) 1,4
18. Нафталиннің органикалық еріткіштердегі сілтілік металдармен әрекеттесуі нәтижесінде түзілетін бөлшек:
А) катион радикал нафталин-натрий
Б) анион радикал нафталин-натрий
В) нуклеофиль нафталин-натрий
С) электрофиль нафталин-натрий
Е) бейтарап бөлшек нафталин-натрий
19. Нафталинге екі молекула сутегі қосылғанда түзілетін өнім:
А) нафтол
Б) индол
В) декалин
С) тетралин
Е) трикалин
20. Нафталин гидрленуінің бірінші сатысы жеңіл жүру себебі:
А) қайнау температурасы төмен
Б) қайнау температурасы жоғары
В) делокализдену энергиясы жоғары емес
С) органикалық ерітшіктерде ерігіштігі төмен
Е) протонды қосып алу қабілеті жоғары
21. Нафталинді спирттегі белсенді металдармен тотықсыздандырғанда жүретін реакция:
А) гидрлеу
Б) гидратация
В) дегидратация
С) дегидрлеу
Е) тотықсыздану
22.Нафталинді қайнау температурасы жоғары амил спиртегі металдармен тотықсыздандырғанда түзілетін өнім:
А) нафтол
Б) индол
В) декалин
С) тетралин
Е) трикалин
23. Нафталинді галогендеу раекциясы:
А) нуклеофильді қосылу
Б) электрофильді қосылу
В) нуклеофильді орынбасу
С) радикалды орынбасу
Е) радикалды қосылу
24. Нафталинді бромдау реакциясның өнімі:
А) бета бромнафталин
Б) гамма бромнафталин
В) альфа бромнафталин
С) бромнафталин
Е) дибромнафталин
25. Нафталин ауадағы оттегімен каталитикалық тотығу нәтижесінде алынатын қосылыс:
А) фтал қышқылы
Б) терефтал қышқылы
В) фтал ангидриді
С) нафтол қышқылы
Е) терефтал ангидриді
26. Нафталиннің ароматтылық қасиетін сипаттайтын реакция:
А) электрофильді қосылу
Б) электрофильді орынбасу
В) нуклеофильді қосылу
С) нуклеофильді орынбасу
Е) радикалды қосылу
27. Нафталинде электрофильді реагент шабуылдайтын қолайлы жағдай:
А) гамма
Б) бетта
В) альфа
С) альфа, бетта
Е) гамма , бетта
28. Нафталинде альфа жағдайға электрофиль шабуылдағанда:
А) сақина тығыздығы артады
Б) сақинаның ароматтылығы артады
В) сақинаның ароматтылығы бұзылады
С) сақинаның ароматтылығы сақталады
Е) сақинадағы электрон тығыздығы біркелкі болмайды
29. Нафталинде альфа жағдайға электрофиль шабуылдағанда түзіледі:
А) бірінші сақина делокализденуі нәтижесінде тұрақты -комплекс
Б) екінші сақина делокализденуі нәтижесінде тұрақты π-комплекс
В) бірінші сақина локализденуі нәтижесінде тұрақты -комплекс
С) екінші сақина локализденуі нәтижесінде тұрақсыз π-комплекс
Е) бірінші сақина делокализденуі нәтижесінде тұрақсыз -комплекс
30. Нафталиннің Льюис кышқылдарының қатысында жүретін реакциясы:
А) гидрлеу
Б) гидратациялау
В) дегидрлеу
С) галогендеу
Е) хлорлау
31. Нафталинді нитрлеу реакциясының жағдайы:
А) 500С, нитрелеуші топ
Б) 500С, нитрелеуші қоспа
В) 1000С, нитрелеуші топ
С) 1000С, нитрелеуші қоспа
Е) 1500С, нитрелеуші қоспа
32. Нитронафталиндер тотықсыздану нәтижесінде түзіделі:
А) динитронафталин
Б) нафтиламин
В) натилдиамин
С) нафтол
Е) анилин
33. Динитронафталиннің азобояғыштарда қолданылатын тотықсыздану өнімі:
А) нитронафталин
Б) нафтиламин
В) нафтилдиамин
С) нафтол
Е) анилин
34. Динитронафталин –
А) суда, органикалық еріткіште еритін, сары түсті сұйық зат
Б) суда ерімейтін, органикалық еріткіштерді еритін, сары түсті қатты зат
В) суда, органикалық еріткіште ерімейтін, жасыл түсті сұйық зат
С) суда ерімейтін, органикалық еріткіште еритін, жасыл түсті қатты зат
Е) суда еритін, органикалық еріткіште ерімейтін, сары түсті қатты зат
35. Нафталинді сульфурлеу нәтижесінде түзіледі:
А) α-нафталинсульфоқышқылдар
Б) α және β-нафталинсульфоқышқылдар
В) β-нафталинсульфоқышқылдар
С) α және β, -нафталинсульфоқышқылдар
Е) -нафталинсульфоқышқылдар
36. α және β-нафталинсульфоқышқылдар түзілу жағдайы:
А) 500С және 1000С
Б) 600С және 1600С
В) 700С және 1700С
С) 800С және 1800С
Е) 900С және 1900С
37. Нафталиндегі молекула аралық қайта топтасу (десульфирлену-сульфирлену) болады:
А) α-сульфоқышқыл гидролизденгенде және нафталин β-жағдайда сульфурленгенде
Б) α-сульфоқышқыл сульфурленгенде және нафталин α-жағдайда сульфурленгенде
В) α-сульфоқышқыл гидролизденгенде және нафталин α-жағдайда сульфурленгенде
С) β-сульфоқышқыл гидролизденгенде және нафталин α-жағдайда сульфурленгенде
Е) β -сульфоқышқыл гидролизденгенде және нафталин β-жағдайда сульфурленгенде
38. Сульфотоп 2-текті орынбасушы болғандықтан, нафталиндегі:
А) о- және п- жағдайлардағы электрон тығыздығын төмендетіп, сақинаны дезактивтендіреді
Б) о- және п- жағдайлардағы электрон тығыздығын жоғарылатып, сақинаны дезактивтендіреді
В) о- және п- жағдайлардағы электрон тығыздығын жоғарылатып, сақинаны активтендіреді
С) м- жағдайдағы электрон тығыздығын төмендетіп, сақинаны дезактивтендіреді
Е) м- жағдайдағы электрон тығыздығын төмендетіп, сақинаны активтендіреді
39. α-нафталинсульфоқышқылдарды сульфурлегенде түзіледі:
А) 1,5; 1,7; 1,8 дисульфоқышқылдар
Б) 1,3; 1,5; 1,8 дисульфоқышқылдар
В) 1,5; 1,6; 1,8 дисульфоқышқылдар
С) 1,5; 1,7; 1,9 дисульфоқышқылдар
Е) 1,5; 1,2; 1,8 дисульфоқышқылдар
40. 1,5-дисульфоқышқылдармен бірге 1,7 және 1,8-дисульфоқышқылдардың түзілу себебі:
А) 1,5-сульфоқышқыл гидролизденгенде және нафталин β-жағдайда сульфурленгенде
Б) 1,5-сульфоқышқыл сульфурленгенде және нафталин α-жағдайда сульфурленгенде
В) 1,5-сульфоқышқыл гидролизденгенде және нафталин α-жағдайда сульфурленгенде
С) 1,5-сульфоқышқыл гидролизденгенде және нафталин α-жағдайда сульфурленгенде
Е) 1,5 -сульфоқышқыл гидролизденгенде және нафталин β-жағдайда сульфурленгенде
41. β –сульфоқышқылды сульфурлегенде түзілетін изомерлер:
А) 2,3; 2,5; 2,7; 2,8
Б) 2,5; 2,6; 2,7; 2,8
В) 2,6; 2,7; 2,8; 2,9
С) 2,4; 2,5; 2,6; 2,7
Е) 2,3; 2,5; 2,6; 2,7
42. 1-нафтол-1-нитроанилиннің тотықсыздандыру өнімі 1-нафтиламиннің тұздарын қышқылдық гидролиздеу арқылы алынатын өнім:
А) нафталин
Б) нафтиламин тұзы
В) нафтол
С) анилин
Е) нитроанилин тұзы
43. Химиялық қасиеттері бойынша фенолға ұқсас қосылыс:
А) нафталин
Б) 1-нафтол
В) анилин
С) бензол
Е) 2-нафтол
44. 1-Нафтолдың фенолға қарағанда:
А) қышқылдық қасиеті төмен
Б) қышқылдық қасиеті бірдей
В) қышқылдық қасиеті жоғары
С) негіздік қасиеті төмен
Е) негіздік қасиеті жоғары
45. 1-нафтолдың сілтілік ортада жүретін раекциясы:
А) диазобірігу
Б) азобірігу
В) орынбасу
С) тотығу
Е) қосылу
46. 2-нафтолдағы ОНтобы белсендіретін орын:
А) 2 орын
Б) 3-орын
В) 4-орын
С) 1-орын
Е) 6-орын
47. Нафтолдар –
А) түсті, суда, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, кристалды заттар
Б) түссіз, суда, органикалық еріткіштерде жақсы еритін, кристалды заттар
В) түсті, суда, сілтілерде жақсы еритін, кристалды заттар
С) түсті, суда, қышқылдарда жақсы еритін, кристалды заттар
Е) түссіз, суда нашар еритін, сілтілерде жақсы еритін, кристалды заттар
48. Химиялық қасиеттері бойынша анилинге ұқсас қосылыс:
А) нафталин
Б) 1-нафтол
В) анилин
С) бензол
Е) 2-нафтол
49. Анилинге қарағанда нафтиламиндердің:
А) қышқылдық қасиеті төмен
Б) қышқылдық қасиеті бірдей
В) қышқылдық қасиеті жоғары
С) негіздік қасиеті төмен
Е) негіздік қасиеті жоғары
50. Нафтолға 130-1600С температурада натрий гидросульфиті қатысында аммиак қосқанда алынатын өнім:
А) нитронафтол
Б) азоқосылыстар
В) нафталин
С) анилин
Е) нафтиламин
51. Бухерер реакциясы механизмі бойынша:
А) нуклеофильді қосылу
Б) айырылу
В) электрофильді орынбасу
С) нуклеофильді орынбасу
Е) электрофильді қосылу
52. Нафтион қышқылы алынады:
А) 1-нафтиламиннен
Б) 2-нафтиламиннен
В) нитронафталиннен
С) нафтолдан
Е) нафталиннен
53.Нафтион қышқылы қандай бис-азобояғыш алуға қолданылады:
А) метилоранж
Б) нитроанил қызыл
В) нафтолоранж
С) хромоген қараша
Е) конго-қызыл
54.Аминонафталинсульфоқышқылды алады:
А) 2-натиламинді сульфурлеу арқылы
Б) 1-натиламинді сульфурлеу арқылы
В) 2-нафтолды сулфурлеп, аминдеу арқылы
С) 1-нафтолды сульфурлеп, аминдеу арқылы
Е) нафтион қышқылын сульфурлеу арқылы
55. Бояғыштардың түс шеңбері анықталады:
А) біыңғай түйіскен жүйенің ұзындығы және орныбасарлардың өзара орналасуымен
Б) бірыңғай түйіскен жүйенің қысқалы мен орынбасарлардың табиғатымен
В) әртүрлі түйіскен жүйелердің ұзындығы мен орынбасарлардың өзара орналасуымен
С) азобояғыштарда бір, екі, үш азотоптардың болуымен
Е) азобояғыштардағы азобірігу
56. Хромотропалы қышқыл бұл –
А) 2,6-дисульфо-1,8-дигидроксинафталин
Б) 4,8-дисульфо-1,7-дигидросинафталин
В) 3,6-дисульфо-1,8-дигидроксинафталин
С) 4,6-дисульфо-1,9-дигидроксинафталин
Е) 2,5-дисульфо-1,6-дигидроксинафталин
57. 1-нафтиламин және 1-нафтоламин үйлесетін орны:
А) 1-орында
Б) 2-орында
В) 3-орында
С) 4-орында
Е) 5-орында
58. 2-нафтиламин және 2-нафтоламин үйлесетін орны:
А) 1-орында
Б) 2-орында
В) 3-орында
С) 4-орында
Е) 5-орында
59. Азобірігу кезінде әлсіз қышқыл ортада:
А) ОН тобына қарағанда аминтоп электродонорлы қасиеті басым болғандықтан үйлесу аминотопқа орта жағдайда жүреді
Б) ОН тобына қарағанда аминтоп электродонорлы қасиеті төмен болғандықтан үйлесу аминотопқа мета жағдайда жүреді
В) ОН тобына қарағанда аминтоп эектроноакцепторлы қасиеті төмен болғандықтан үйлесу аминотопқа орта жағдайда жүреді
С) ОН тобына қарағанда аминтоп эектроноакцепторлы қасиеті жоғары болғандықтан үйлесу аминотопқа пара жағдайда жүреді
Е) ОН тобына қарағанда аминтоп электродонорлы қасиеті басым болғандықтан үйлесу аминотопқа пара жағдайда жүреді
60. Азобірігу кезінде әлсіз сілтілік ортада:
А) Аминотобына қарағанда теріс зарядталған оттек атомының бағыттаушы әсері күштірек нафтолят түзіледі
Б) Аминотобына қарағанда теріс зарядталған оттек атомының бағыттаушы әсері әлсізірек нафтолят түзіледі
В) ОН тобына қарағанда теріс зарядталған оттек атомының бағыттаушы әсері әлсізірек нафтолят түзіледі
С) ОН тобына қарағанда теріс зарядталған оттек атомының бағыттаушы әсері күштірек нафтолят түзіледі
Е) Аминотобына қарағанда теріс зарядталған оттек атомының бағыттаушы әсері жок нафтолят түзіледі
61. Н-қышқылдардан алынған моноазобояғыштар және арилдиазоний тұздарының түсі
А) қызыл
Б) сары
В) жасыл
С) көк
Е) қара
62. Н-қышқылдардан алынған бисазобояғыштар түсі
А) қою қызыл
Б) қызыл немесе қызғылт-сары
В) көк немесе қою жасыл
С) ашық көк немесе көк
Е) қою қара
63. Бензидин және нафтион қышқылынан алынған индикатор зат
А) хромоген қара
Б) нитро-қызыл
В) конго-қызыл
С) метилоранж
Е) фенолфталеин
64. Екі карбонил тобы екі байланыспен түйіскен қосылыстар:
А) нафталин
Б) нафтол
В) нафтиламин
С) нафтохинон
Е) нафталндиол
65. Нафтахинондар тотықсыздану өнімі
А) безнохинон
Б) нафталиндиол
В) нафталинол
С) нафтол
Е) нафталин
66. Нафтахинондар безохинондарға қарағанда:
А) қосымша ароматты сақина болғандықтан әлсіз тотықсыздандырғыштар
Б) екінші ароматты сақина болғандықтан әлсіз тотықсыздандырғыштар
В) қосымша ароматты сақина болғандықтан әлсіз тотықтырғыштар
С) екінші ароматты сақина болғандықтан әлсіз тотықтырғыштар
Е) екі оксо топ болғандықтан әлсіз тотықтырғыштар
67. Табиғи бояғыштар құрылысының ядросы тұрады
А) о-нафтохиноннан
Б) м-нафтохиноннан
В) п-нафтохиноннан
С) о, м-нафтохиноннан
Е) о, м-нафтохиноннан
68. Тропиктік өсімдік жапырығындағы (хна) сары пигмент беретін лаусон:
А) 2-амино-1,4-нафтохинон
Б) 2-гидрокси-1,4-нафтохинон
В) 2-гидрокси-1,6-нафтохинон
С) 3-гидрокси-1,6-нафтохинон
Е) 4-амино-1,4-нафтохинон
69. Піспеген грек жаңғаның қабығындағы теріні бояйтын сары-қоңыр түсті пигмент беретін юглан:
А) 7-гидрокси -1,4-нафтохинон
Б) 5-гидрокси-1,4-нафтохинон
В) 6-гидрокси-1,4-нафтохинон
С) 3-гидрокси-1,6-нафтохинон
Е) 4-гидрокси-1,4-нафтохинон
70. Үнді бұтақтарынан дәрілік зат ретінде қолданылатын плюмбагир:
А) 7-гидрокси -2-этил-1,4-нафтохинон
Б) 7-гидрокси-3-метил-1,4-нафтохинон
В) 7-гидрокси-3-этил-1,4-нафтохинон
С) 7-гидрокси-2-метил-1,4-нафтохинон
Е) 7-гидрокси-3-пропил-1,4-нафтохинон
71. Адамның туберкулез бацилінен К1 виатминнің ыдырауы кезінде түзілуі мүмкіән сары түсті фтиокол:
А) 3-гидрокси -2-этил-1,4-нафтохинон
Б) 3-гидрокси-2-метил-1,4-нафтохинон
В) 4-гидрокси-3-этил-1,4-нафтохинон
С) 4-гидрокси-2-метил-1,4-нафтохинон
Е) 4-гидрокси-3-пропил-1,4-нафтохинон
72. К витаминінің биологиялық ролі:
А) ағзада қан сұйылту үшін қолданылады
Б) ағзада қан ұюуы үшін қолданылады
В) ағзада қан алмастырғыш ретінде қолданылады
С) ағзада плазма алмастырғыш ретінде қолданылады
Е) ағзада қан рН-ын тұрақты етіп ұстап тұру үшін қолданылады
73. Филлохинон және форнохиноннан тұратын зат
А) витамин Ф
Б) витамин К1
В) витамин К2
Е) витамин К
С) витамин А
74. Конденсирленген үш бензол сақинасынан тұратын қосылыс:
А) нафталин
Б) нафтол
В) антрацен
Е) нафтохинон
С) хинон
75. С14Н10 формуласын сәйкес қосылыс:
А) нафталин
Б) нафтол
В) антрацен
Е) нафтохинон
С) хинон
76. Антрацен монотуындыланың изомерлері:
А) α, β, - немесе 1-,2-,9-
Б) α, β, - немесе 1-,3-,9-
В) α, β, немесе 1-,4-,
С) α, β, - немесе 1-,4-,9-
Е) α, - немесе 1-,8-
77. Антраценнің бірдей орынбасарлары бар дитуындыларының изомерлер саны:
А) 14
Б) 15
В) 13
С) 12
Е) 10
78. Ароматтылық қасиеттің арту қатары:
А) бензол нафталинантрацен
Б) нафталиннафтолантрацен
В) антраценнафталинбензол
С) нафтахиноннафтолантрацен
Е) бензолантраценнафталин
79. 1,2-дибромбензол және 1,2-бисбромметилбензол әрекеттесу өнімі:
А) нафтол
Б) нафталин
В) антрацен
С) нафтахинон
С) трибромнафталин
80. Антраценді алу әдісі:
А)Клар әдісі
Б) Дюма әдісі
В) Вюрц-Виттинг әдісі
С) Дильс-Альдер әдісі
Е) Фридель әдісі
81. Антрацендегі көміртегі атомдарының гибридтелу типі:
А) sp
Б) Sp2
В) Sp3
С) Spd
Е) Sp2d
82. Антраценнің қолысу реакциясы нафталинге қарағанда жеңіл жүру себебі:
А) қос диендік жүйе
Б) үш диендік жүйе
В) бір диендік жүйе
С) қанықпаған жүйе
Е) қаныққан жүйе
83. Антрацендегі реакциялық қабілеті жоғары орталық:
А) 1,4
Б) 2,4
В) 7,9
С) 1,9
Е) 9,10
84. Антраценді гидрлеудің бірінші сатысында түзілетін өнім:
А) тетрагидроантрацен
Б) дигидроантрацен
В) гексагидроантрацен
С) пергидроантрацен
Е) тригидроантрацен
85. Құрамы С12Н12 нафталиннің алкил туындыларынң мүмкін болатын изомерлерінің саны:
А) 10
Б) 11
В) 13
С) 12
Е) 14
86. 2-метоксинафталинге сірке қышқылының хлор ангидридін қосқанда түзілетін өнім:
А) 6-ацетилтуынды
Б) 2-ацетилтуынды
В) 1-ацетилтуынды
С) 4-ацетилтуынды
Е) 3-ацетилтуынды
87. Антраценді толық гидрлеу өнімі:
А) тетрагидроантрацен
Б) дигидроантрацен
В) гексагидроантрацен
С) пергидроантрацен
Е) тригидроантрацен
88. Антрацен металл натрийден электрондарды қабылау нәтижесінде түзеді:
А) катион
Б) дикатион
В) анион
С) дианион
Е) радикал
89. Антарценді сұйық аммиактағы натрий және спиртпен өңдегенде түзіледі:
А) фенантрен
Б) антрохинон
В) нафтохинон
С) дигидроантрацен
Е) гексагидроантрацен
С
90.
Конденсирленген бензол сақиналары бар көп ядролы қосылыстар (нафталин)
Антрацен
Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер
Қазіргі заманға сай жаңа технологияларды игеру арқылы жеке оқу құралдарының жиынтығымен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін электрондық оқулықтың маңызын ашып көрсету
Көк түсті ерітінді
Жуғыш заттар туралы
Тұрмыстық химия
Синтетикалық жуғыш заттар
Шәйқурайдың барлық түрі көпжылдық өсімдіктер
Мұнай құрамындағы ароматты көмірсутектерді бөліп алу және анықтау
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Қашықтықтан оқыту
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Бас тоғанның негізделуі, Арыс-Түркістан каналын суғару мақсатында пайдалану және су әкету
САРЫҰЛЫ АҚТАНБЕРДІ
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану
Қазақстанның ұлттық экологиялық проблемалары