Зиянсыздықтың экономикалық моделі
«Басқару есебі 2» пәні бойынша 2-аралық бақылау тапсырмалары
Төменде берілген тақырыптардың бірін таңдап, эссе жазыңыз. Эсседе тақырыпты жан-жақты ашып, жеке пікіріңізді дәлелдермен негіздеңіз.
Эссе тақырыптары
-
1
Қорлар деңгейін жоспарлау және бақылау
Қорларды басқару мақсаттары, жоспарлау тәсілдері және бақылау құралдары арқылы тиімділікке қол жеткізу жолдарын талдаңыз.
-
2
Кешенді өндіріс шығындарының есебі және қосалқы өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Кешенді шығындарды бөлу қағидалары мен қосалқы өнімнің өзіндік құнын есептеу тәсілдерін түсіндіріп, олардың басқарушылық шешімдерге ықпалын көрсетіңіз.
-
3
Зиянсыздықтың экономикалық моделі
Зиянсыздық нүктесінің мәнін, есептеу логикасын және модельдің шектеулерін сипаттап, практикалық мысалмен негіздеңіз.
-
4
Шығын – көлем – табыс (CVP) талдауы: деңгейлерін анықтау
Шығын, өндіріс көлемі және табыс арасындағы байланысты ашып, маржиналдық табыс пен қауіпсіздік қорын қолдану арқылы талдау жасаңыз.
-
5
Дифференциалданған есеп: қысқа мерзімді шешімдер қабылдау
Маңызды (релевантты) шығындар мен табыстарды анықтау қағидасын түсіндіріп, қысқа мерзімді басқарушылық шешімдерге қолданылуын талдаңыз.
Эссеге қойылатын талаптар
-
Тақырыпты толық ашу
Ұғымдарды нақтылап, негізгі идеяларды жүйелі түрде баяндаңыз.
-
Жеке пікір
Өз көзқарасыңызды көрсетіп, оны дәлелдермен негіздеңіз.
-
Дәлел мен құрылым
Ойды логикалық бөлімдерге бөліп, мысалдар мен тұжырымдар арқылы бекітіңіз.
-
Тіл тазалығы
Грамматикалық тұрғыдан сауатты, түсінікті және ғылыми стильге жақын мәтін жазыңыз.