ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СЕМЕЙ ҚАЛАСЫНЫҢ ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ФАКУЛЬТЕТІ
ПЕДАГОГИКА КАФЕДРАСЫ
СМЖ 3 - деңгейдегі құжаты
ПОӘК

УМКД 042- 1830-2013
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі пәнінің оқу-әдістемелік кешені
(оқу әдістемелік материалдар)

№3 – басылым

ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ
ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

(Барлық мамандықтарға арналған)

ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАР

Cемей - 2013
1.ӘЗІРЛЕГЕН:
Құрастырушы: 28.08.2013
п.ғ.к., доцент м.а. Тұрғанбаева Бейбітгүл Шәкәрімқызы

2.ТАЛҚЫЛАНДЫ:
2.1. Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Педагогика кафедрасының мәжілісінде қаралды.
Хаттама № 1 04.09.2013ж.
Кафедра меңгерушісі: ______________ Джанбубекова М.З.

2.2. Педагогика факультетінің оқу-әдістемелік бюросының отырысында.
Хаттама № 1 05 09.2013ж.
Төрағасы: ________________ Ахметова Т.Ш.

3. БЕКІТІЛДІ:
Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің отырысында мақұлданған және басып шығаруға ұсынылды.
Хаттама №1 18.09.2013ж.
ОӘК төрағасы: ____________ с.ғ.д. Искакова Г.К.

4. АЛҒАШ РЕТ ЕНГІЗІЛГЕН (Хаттама №1, 18.09.2013ж. басылымның

МАЗМҰНЫ

1. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні бойынша негізгі түсініктер (глоссарий).
2. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні бойынша дәрістер кешені.
3. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні бойынша семинар тапсырмалары.
4. Студенттердің өздік жұмыстары.

1. ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІНІҢ ПӘНІ БОЙЫНША НЕГІЗГІ ТҮСІНІКТЕР
(ГЛОССАРИЙ)

Глоссарий

Адамның өзіндігі (индивидуальность)-адам тұлғасының қайталанбас ерекшелігі, оның бүкіл адамзаттық құндылықтарды өндіру және жетілдіру қабілеті дамуының жоғарғы саласы. Тіршілік иесі ретінде адам басқа адамдармен қарым-қатынас барысында жалпы адамзаттық мәдениет мұраларын жасау турлерін, тәсілдерін және құралдарын игере отырып қана өмір сүреді.
Адамға өзіндік тұрғыдан қарау-оқыту және тәрбиелеу барысында оқушыларды өздеріне тән ерекшеліктерін есепке алу. Мысалы олардың білім деңгейін,саяси дайындығын,мұраттарын, өмір тәжірибесін т.с.с. есепке алу.
Адам тұласының бағыттылығы- белгілі қоғамға оның мұрат-мақсаттарына орынды немесе теріс қатынастары тұрғысынан қарағандағы жеке адамның ең елеулі,шешуші сипаттамаларының бірі. Жинақталған түрінде адам тұлғасының бағыттылығы-өз халқының, бүкіл адамзаттың асыл мұратына ұмтылуы, оған жету жолындағы күресі.
Азаматтық- адам тұлғасының жетекші сапаларының бірі. Іс-әрекет, қарым қатынас және қарым-қатынас тәрбие жүйесімен қалыптасады. Азаматтықтың мәні адамдық міндеттерін және борыштарын санаулы, белсенді атқару құқын орынды пайдалану, қоғам белгілеген ережелерді дәл орындау болып табылады.
Ақыл- ойлаудың таным қабілеті дамуының жоғары басқышы, жаңа білімінің шығармалығы, адамның жүріс-тұрғысында және бүкіл өмірлік іс-әрекетде орындылықтың болуы. ақыл атауы ойлау қабілетінің синониміне ретінде жиі қолданылады. Ақылдың болуы, ақылды болу қарқынды және нәтижесі ақыл-ой іс-әрекетіне қабілеттің болуы деген сөз.
Ақыл-ой тұжырымы- бір немесе бірнеше пікірлерден жаңа, туынды пікірді алудың логикалық тәсілін көрсететін ойлаудың түрі.Ақыл-ой түйіні алғы шарттан (бастапқы пікірден), қорытындыдан (алғы шарттан тұжырымға көшуден) тұруды.Білімдердің ғылымда және тәжірибеде дамуы, құбылыстардың мәні болып танылуы, олардың заңдылықты ара байланыстарының айқындалуы ақыл-ой тұжырымы нақты құбылыстарға баға беру, теориялық және тәжірибелік мәнді ерекшеліктерді дәлелдеу барысындағы ой-пікірлердің негізін құрайды.
Ақыл-ой тәрбиесі- тәрбиенің басқа салаларымен үздіксіз байланысты ойлаудың шығармалық қабілеттерін мақсатқа сай дамыту.Ойдың жұмысы адам өмірінің шарттары мен жағдайларында болатын обьективтік қарама-қайшылықтарды шешуге әрдайым бағытталып отырады.
Алдын-ала сезіну– адамның дәлелдеудің көмегінсіз тікелей ақыл-ойға салып ақиқаттыққа жету қабілеті. Шындықты алдын-ала сезінуден бұрын игерілген тәжірибенің және алдыңғы болған ақыл-ой жұмысының нәтижесі болуы мүмкін. Бұл тәжірибенің шешілетін міндетпен байланысты.Белгілі кезеңге жеке адаммен ұғынылмайды.Шындықты алдынала сезіну жинақталған тәжірибе оның өзекті ізденіс іс-әрекетімен байла нысқан ғана пайда болады. Шындықты алдын-ала сезіну арқылы табылған жауап лоикалық дәлелдемемен бекітілуі қажет.
Ашық сабақ- мұғалімнің жұмыс тәжірибесін зерттеу және тарату түрі. Ашық сабақты өз ісінің шеберлік деңгейіне көтерілген мұғалімдер,тәрбиешілер өткізеді. Оған жас мамандар, пәндік бірлестік мүшелері және басқа да іске қатысты бір адамдар шақырылады. Ашық сабақ ұжым болып талқыланумен аяқталады. Мұғалім мен оқушылардың бірлескен іс-әрекетімен жарамды және жарамсыз жақтары айқандалады.
Әдіс- білім беру тәрбилеу және дамыту барысында белгіленген мақсатқа жетуді қамтамассыз етуге, ғылыми зерттеуді жүзеге асыруға көмектесетін тәсіл, алға қойылған міндеттерді шешу үшін ұйымдастырылған адамдардың, ұжымдардың іс-әрекетінің бір жолы.
Әдіснама (методология) - (грек тіліндегі methoolos -зерттеу жэне тану жолдары, logos - тцсінкі, ілім) -теориялық және практикалық жұмыстарды, сондай-ақ осы жүйе туралы ілімді кұру және ұйымдастыру принциптері мен әдістерінің жүйесі.
Әдістеме -әдістердің жиынтығы, 6ip нәрсені ic жүзінде қолданудың тәсілдері. Окыту тәсілдері тура­лы ғылым.
Әміршілдік стиль - бұйрық беру түріндегі стиль.
Әдістемелік кеңес- мұғалімдердің іс әрекетін басқарудың қоғамдық орталығы. әдістемелік кеңес бірлестігі оқу пәндері, тәрбие жұмыс, бастауыш оқыту мәселелері төңірегінде құрылады. Әдістемелік кеңес міндеттерін оқу тәрбие барысын орынды жүзеге асыру жолдарын жетілдіру және тиімділігін арттыру мәселелерін қарау кіреді.Семинар, курстар,теорялық, ғылыми тәжірбелік және әдістемелік конференциалар откізіледі. Жеке жүмыстарға байланысты әдістемелік нұсқаулар, тәжірбені зерттеу, жинақтау, тарату жасайды. Мұғалімдер мамандыққа даярлық денгейін көтерумен айланысады.
Әдістемелік құрал- белгілі бір пәнді оқытуды ұйымдастыруды мұғалімге көмек көрсететін нұсқаулар және ақыл кеңестер жиынтығы.Мұны тәжірбелі ғалымдар,мұғалімдер құрайды.
Әлеуметтік құбылыс- қоғамдық өмірдің ішкі мәнін ашатын нақты сыртқы көрінісі ретіндегі деректер, оқиғалар ,барыстар жиынтығы. Әлеуметтік шындықтың теориясын,оның зерттейтін заңдарымен заңдылықтарын ұғынып алу танысу субьектінің құбылыстар мәніне енуі болып табылады. Бұл өзара тығыз байланысты құбылыстар мәніне енуі болып табылады, нақты оқиғаларды, деректерді, барыстарды талдау арқылы жүзеге асып, нәтижесінде адам қоғамдық дамудың жалпы заңдылықтары жөнінде қорытындағы келеді және оларды тәжірбелік іс-әрекетіне басшылыққа алу мүмкіндігіне ие болады.
Әлеуметтену - қоғамның жеке мүшелеріне мәдениеттің жалпы тәжірибесінде берілу процесі (рөл, кұндылық, іскерлік, білім, норма, т.б.).
Әңгімелесу- мектепте оқыту барысын ұйымдастырудың құрамды бөлігі,белгілі бір тақырыпты игеру мақсатына жетудің жолы. Әңгімелесу мақсаты оқушылардың әдебиеттерімен өз беттерімен жұмысында қиындық тудыратын келелі мәселелерді терең зеттеу үшін мұғалім басшылығымен ұжым болып талқылау. Әңгімелесу арқылы ұжым болып талқылап оқытуды ұйымдастырудың басқа турлерінде оқушылардың алған білімін жинақтауға, айқындай тусуге,бекітуге көмектеседі.
Әсемдіктану (эстетика)- табиғатта, қоғамда, адам іс-әрекетінде, әсіресе өнерде заттардың және құбылыстардың мәні мен дамуының заңдылықтары жөніндегі философиялық ғылым. Ақиқатты адамның тануы құбылыстар сырына тек ақыл арқылы ену емес.
Әскери партриоттық тәрбие- адамгершілікті адам тәрбиелеудің құрамды бөлігі. Бұл тәрбиеде өз халқының Отанының тарихи тәрбиесі, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстурлері үлкен орын алады. Әскери потриоттық тәрбие саласында жас ұрпақтың бойында сенім, халқын, Отанын сүю, патриоттық және интернационалдық сезім, аға ұрпақтың жауынгерлік дәстүрлерін жалғастыру мен дамыту және басқа сапалық қасиеттер қалыптсады, әскери патриотттық тәрбие мектеп, жанұя, қоғамдағы басқа де әлеуметтік тәрбие институттары арқылы жүзеге асады.
Бағыттылық принципі -жеке адамның жан-жақты дамуына оқыту мен тәрбиені үйлесімділігіне ықпал жасау
Байымдау, ұғынып ойлау- заттардың және олардың белгілерінің арасындағы байланыстарды бекітуді және жоққа шығаруды, ақиқаттық немесе жалғандық түрінде ие болуды бейнелейтін ойлаудың турі.
Байқау- іс-әрекеттің міндетінен шығатын алдын алы белгіленген мақсатқа бағыты қабылдау. Тарихи турғыдан қарасақ байқау еңбектің құрамдыбөлігі ретінде дамыды. Әлеуметтік шындықтың және еңбектің іс-әрекеттің күрделенуіне байланысты байқау өзалдына салыстармалы барыс ретінде болініп шықты. Ғылыми байқауда қойылатын талаптар ойластырудың бір мәнділігі, обьективтілігі, яғни байқауда бақылау арқылы қайталау мүмкіндігі немесі зерттеудің одан да қуаттырақ басқа әдістерін әсіресе эксперименттік пайдалану байқау нәтижелерін талқылауға көбірек көңіл бөлінуі қажет.
Баланың әлеуметтік кеңістігі - оң және тepic валенттілікке ие болатын, бағалау және кұндылық жүйесі арқылы оның мінез-құлкына қалай әсер ететінін, оның санасындағы шағын әлеуметтік топ туралы түсінік жиынтығы.
Баланың әлеуметтік өcyi - мектепте оқуға көшу қарсаңында жиі көрінетін педагог пен ата-ананың бірлескен әрекетінің күшею көрсеткіші.
Баланың әлеуметтік қорғау - баланың әлеуметтік қызметке қабілетін қалыптастыру, жақсарту және қалпына келтіру мақсатында көмек көрсету, осы мақсатқа жету үшін жайлы жағдай туғызу жөніндегі кәсіптік қызмет.
Баяндама- нақты тақырыптың мазмұнын кеңейтіп айтып беру,оқушылардың өз бетімен жұмысының түрі ретінде көрінетін әдіс. Мектеп жағдайында сабақта сыныптан тыс жұмыстарда пайдаланады. Оқылатын материалдың негізгі мазмұнына сай көкейкесті теориялық мәселелерге арналды.
Бедел- жеке адамның,әлеуметтік институттың идеяларны жуйесінің нақты сапаларының,сіңірген еңбегіні күшіне қарай көпшілік мойындаған мағына,ықпал.
Тәрбие мен оқытуда бедел оқушылардың жасампаз құлшыныс жігері мен бетіндегінің дамытады,тұлғаның іс-әрекетінің мақсаттылығының жауыапкершілігінің және тәртіптілігінің шарты болады.
Бейімделу- тіршілік ету жағдайына адамның өз тұлғасын қолайлау әрекеті.Тарбиелену және оку барысында байланыста қоғамда белгіленген ережелерге оқушылардың өз тәртібін сәйкестендіру болып табылады. Бейімделу – мүшенің, ағзаның, тұлғаның немесе топтың өзгерген сыртқы жағдайға икемделуі.
Болжам- құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі. Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды. Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.
Білік -әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.Білікті әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес оларды тәжірибеге қолдану.
Білім- адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім-адам санасында түсінік, пайымдау, теория түрінде шындыктың бара-бар бейнесін тану процесінің нәтижесі.
Білім беру- жүйеге келтірілген білім, білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту білім берудің мектепке дейінгі бастауыш, орта, жоғары тағы сол сияқты сатылары.
Гуманистік- адам сүйгіштік, адам мен қоғамдық қасиеттерге құрметпен қарау
Ғылыми абстрактілеу- заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, турі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімждігін әдістемелік дайындығын көтеру педагогика ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау оқушылар мен жұмыста тиімді әдістер мен жұмыс турлерін қолайлы пайдалануды өндіру.
Дағды - еңбек және басқа да іс-әрекет құралдарымен белгіленген делдікпен және шапшандықпен оқу немесе ойын міндеттерін орындауда оқыту мен қайталау нәтижесіндегі білік негізінде жақсы қалыптасқан әрект Оқыту барысында мысалы, еңбек дағдыларын қалыптастыруда тек қозғалыс емес, мақсатқа сай және орынды әрекеттер танымдық іс дағдыларына ерекше зейін аудару қажет.
Даму- өзіне тән ерекшелігі бар сапалық қозғалыстың турі. Құбылыстардың пайда болуы мен жойылып кету дамуға байланысты. Кез келген баму уақытпен байланысты болады. Дамудың бағытын тек уақыт анықтайды
Дәлелдеу -әйтеуір бір қағиданың ақиқаттығын осымен байланысты бар басқа ақиқаттар және пайымдаулар көмегімен тауып алудағы логикалық амал. Дәлелді пікір ғылыми ойлау өрнегінің ажырамас белгісі, ғылыми сенімдерді қалыптастыр кезеңі. Сондықтан ұстаздық жумыста дәлелдеу тактикасы мен методологиясы маңызды орын алады
Дәстурлер -ұзақуақыт бойына қоғамда адамдар арасындағы қатынасқа сақталып ұрпақтан-ұрпаққа берілетін әлеумттік және мәдени мұралардың құрыамды болігі.
Диагностика - жұмыс тәртібінде мүмкін болатын ауытқуларды болжау үшін, процестерде, машиналарда ақауларды сипаттайтын белгілерді техникальқ басқару және зерделеу, ауруларды анықтау және диагноз қою әдістері мен принцптері туралы ілім.
Дербестік (индивидуальность) - жеке адамныц өзіне ғана тән ерекшелігі. Адам және оның тұлғасының жеке жағдайда көрінуі.
Еліктеу - басқаның ic-әрекетіне еру; басқаның ic-әрекет нәтижесіне еру;
Жеке адам (индивид) - жеке өмір сүретін ағза; жеке адам, адам жаратылысының бірегей өкілі.
Жеке даму - жеке адамның өмірі мен ic-әрекеті процесінде даму.
Жеке тұлғаның дамуы - жеке адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеу нәтижесінде, жеке адамды әлеуметтік тұлға ретінде қалыптастыру процессі.
Жетекші ic-әрекет - онтогенездің белгілі кезеңінде психикалық дамуды сипатын анықтайтын ic-әрекет.
Концепция (тужырымдама) - қандайда бip кұбылысты түсінудің бeлгiлi тәciлi, түсіндірмесі, пікірдің нeгiздeлyi, жeтeкшi идеясы, әр түрдің құрамалы принципі.
Көрнекі әрекетті ойлау - қабылдау көрнекі жағдайда өтетін, заттармен байланыс сыртқы бағдарлық әрекет көмегімен орындалатын ойлау.
Көрнекі бейнелі ойлау - бейне мен байланыс ішкі бағдарлық әрекет көмегімен орындалатын ойлау.
Көрнекілік принципі- сабаққа оқушының дұниетанымы негізінде оқуды көрінекілік арқылы жүзеге асыру
Қарым-қатынас - ортақ рухани немесе материалдық нәтижеге жету және байланысты жақсарту мақсатындағы күш-жігерді бipiктipy және үйлестіруге бағытталған адамдардың өзара әрекеті.
Мақсаттық принципі- оқыту мен тәрбие жұмыстарының мақсаттылығы, мұғалім мен оқушының іс -әрекетін үйлестіріп, ұйымдастырып жоспарлы түрде өткізу
Мектептің өмірімен байланыс принципі- мектеп тәрбие мен білім беру ісін қоғамдық өмірмен байланысты жүзеге асыру
Оку бағдарламасы - әр оқу пәні бойынша меңгеру үшін білім, дағды бейімділік көлемінен тұратын құжат.
Онтогенез - ағзаның тұқымының ұрықтану сатысынан бастап жеке өмірінің аяқталуына дейінгі дамуы.
Өзін-өзі бағалау - өзін-өзі білу арқылы өзіне баға беретін өзіндік сананың құрамдас бөлігі.
Өзін-өзі тәрбиелеу - саналы түрде қойылған мақсатқа сәйкес адамның тұлға ретінде қалыптасуы.
Педагогика- тәрбиелеу, жетектеу, бағу
Педагогикалық басқару – қойылған мақсатқа сәйкес педагогикалық жағдайды, процесті немесе жүйелерді бір қалыптан екінші қалыпқа ауыстыру процесі.
Педагогикалық диагноз – оқушының қабілетін, мінезіндегі ауытқуларды, оқу барысында кездесуі мүмкін қиындықтарын анықтау. Педагогикалық диагноз оқушының мектеп бағдарламасын игеруі туралы мәліметтер негізінде, оның оқу іс-әрекеттерін бақылау және нәтижелерін талдау және т.б. арқылы қойылады.
Педагогикалық инновация - бала тұлғасын қалыптастыру процесі тұжырымдамасының мәдени дәстурінен басқа, білім беру процесіне басқаша тәсіл, көзқараста болатын білім беру қызметі.
Педагогикалық процесс - саналы түрде ұйымдастырылған, мақсатты және жоспарлы түрдегі ұстаздардың шәкірттерімен, оларды оқытып, тәрбиелеу мақсатындағы өзара ic-әpeкетi.
Педагогикалық техника - ұстаздардың шәкірттерінің белсенділігін ынталандыру мақсатында қолданылатын әр түрлі шеберліктері мен ықпалды әдіс-тәсілдері.
Рөлдік ойын - мектепке дейінгі жастағы балалардың ойынының түpi. Онда бала ойын сюжетіне сәйкес өзіне қандай да бip рөлді таңдап алады.
$$$ 8 Педагогикалық тұлға – ұстаздың шәкіртіне өзінің жеке бас үлгісімен ықпал етуі. Ол идеяның тұңғыш негізін салушы Лейпциг қаласындағы (Германия) қыздар мектебінің директоры Г.Гаудиг (1860 – 1923 ж.ж.) болды. Ол XIX ғ. екінші жартысында ұстаздың жеке бас үлгісінің педагогикалық негізі туралы арнайы еңбек жазды. Гаудигтің теориясы бойынша, мұғалім арнайы ережені немесе әдістемелік нұсқауды басшылыққа алмай, өзінің білімі мен іскерлігін жеке басының үлгісімен шығармашылықпен іске асыру арқылы шәкірттеріне ықпал етуі керек.
$$$ 9 Педагогикалық ұжым – оқу-тәрбие мекемесі қызметкерлерінен құралған ұжым. Педагогикалық ұжым қызметін директор үйлестіріп басқарады. Педагогикалық ұжымның жоғарғы органы – педагогикалық кеңес.
$$$ 10 Педагогикалық шеберлік – педагогикалық қызметтің жоғары деңгейде меңгерілуі; педагогтың оқушылардың оқу - танымдық іс-әрекетін пәрменді басқарып, мақсаткерлік педагогикалық әсер мен өзара әрекеттестікті жүзеге асыруына мүмкіндік беретін арнаулы білімдерінің, біліктері мен машықтарының, тұлғалық кәсіптік маңызды қасиеттерінің кешені.
$$$ 11 Педагогикалық ықпал - мектеп әкімшілігінің, мұғалімнің, сынып жетекшіснің, тәрбиешінің оқушылардың дұрыс білім және тәрбие алуына, қоғамда өз орнын айқын табуына ықпал етуі.
Рефлексия – лат. бейнелеу деген сөз (өз ойларын, бастан кешіргендерін талдау). Адам санасының өзін - өзі білуге, ішкі жан – дүниесін, психикалық жай - күйін тануға бағытталуы.
Талап – педагогикалық ықпал етудің негізгі әдістерінің бірі. Іс -әрекетке итермелейтін талап (кесімділік дәрежесіне қарай -өтініш, тапсырма, бұйрық) және әрекет етуге тыйым салатын талап (нұсқау, сәйкес бұйрық, жазалау) болып бөлінеді.
Тәрбие –жеке тұлғаның адамдық бейнесін қалыптастырып, өмірге бейімдеу үшін жүргізілетін игі әрекет. Тәрбие-адамды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке дайындау мақсаты көздеп, жаңа үрпаққа қоғамдық тарихи тәжрибені беру процесі
Тәрбие әдістері – ересектер мен балалар арасындағы қоғамдық қарым –қатынастардан туындаған тәрбиелік әрекеттестік тәсілдерінің жиынтығы.
Тәрбие технологиясы - процестегі жекелеген педагогикалық міндеттерді орындауға бағытталған әдістер жүйесі; ұжымдық жоспарлардың орындалуын ұйымдастыру тәсілі; оқушылармен байланыс орнату тәсілі; педагогикалық диагностика тәсілі.
Тәрбиелік әлеуметтану - қоғамның тәрбиелік күшін, адамды әлеуметтендіру процесін, әлеуметтік институт ретінде тәрбиені зерттейтін ғылым саласы.
Тұлға – 1) –дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты және адам болмысының қайталанбас, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны; 2) адамдар арасындағы өзінің ұстаным – орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Тұлға қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым –қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам, тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.
Тәрбиелік қарым–қатынас – баланы дамытуға, яғни оның өзін - өзі тәрбиелеуіне, өздігінен білімін жетілдіруіне бағытталған қарым – қатынас. Тәрбиелік қарым–қатынас – адамзат тәжірибесінің алмасуы, берілуі, меңгерілуі және пайдаланылуы.
Тәртіптілік – адамның адамгершілік бағыттылығын, өз тәртібін ойша жобалау қабілетін және өзіндік күнделікті әрекетін қамтитын тәртіпке, ұйымшылдыққы әдеттенуі. Тәртіптілік – адамдардың қоғамдық ортада белгілі бір тәртіп жүйесін сақтауын және олардың игеруге міндетті нормаларды (құқықтық, моральдық, саяси –этностық) берік сақтауын талап ететін жүйе.
Теория – практика мен тәжірибені қорыта келіп, әр алуан қоғамдық құбылыстар мен фактілерді түсіндіретін және оларға әсер ете алатын жалпы ғылыми принциптерді білдіретін ілім.
Технология- материалды өңдеудің тәсілдері мен құралдары туралы білімнің жиынтығы
Түсініктілік принципі- жеңілден қиынға, қарапайымнан күрделіге, белгіліден белгісізге көшу, оқушының таным процесін бірте- бірте үйрету арқылы нақты фактілерден жалпы қортындыға көшу ұғымы
Сапалық пен бірізділік - білімді саналылықпен белсене қабылдап, өмірмен байланыссын тереңдете отырып оқыту
Іскерлік ойын - әр түрлі жағдайларда берілген неме­се қатысушылардың өздері бекіткен ережелер бойынша басқаратын шешімдер қабылдауының еліктеушілік әдісі (имитация).

2. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні бойынша дәрістер кешені

Қысқаша дәріс сабақтарының конспектісі

1-тақырып
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні және міндеттері.
Мақсаты: Тәрбиенің тұтас педагогикалық процесс ретіндегі мәнін ашу және қазіогі қоғамдық даму кезеңіндегі тәрбие формасы , құралы., әдістері мазмұнын сипаттау.
Негізгі ұғымдар: теория, әдістеме, процесс, әдіс, қызметі, қозғаушы күш.
Жоспар:
1. Тәрбие мақсаты, міндеттері, мәні және ерекшеліктері.
2. Тәрбиенің қозғаушы күштері.
3. Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі.

Теория ұғымы грек тілінде зерттеймін деген түсінікті береді. Ол педагогика саласында тәрбие және оқытудың мәні , мақсаты , принциптері , мазмұны жайындағы көзқарастардың жүйесін білдіреді. Бұл жүйе педагогикалық теорияның құрылымын анықтайды.
Теория педагогтарды әртүрлі жастағы адамдарды тәрбиелеу және білім беру процестерінің ерекшеліктері жайында кәсіби білімдермен қаруландырады, әр түрлі жағдайдағы оқу-тәрбие процестерін жобалауға және оны жүзеге асыруға, оның нәтижесін бағалауға көмектеседі.
Тәрбие- күрделі әрі ұзақ процес.Тәрбие педагогикалық әрекетте
Мәдени құбылыс ;
Педагогикалық ықпал ету ;
Балалардың әрекетін ұйымдастыру ;
Қарым ұатынас құралы ретінде жан жақты қарастырылады.
Тәрбие теориясы – тәрбиенің негізгі заңдылықтары , принциптері , ұғымдары туралы білімдердің жүйесін құрайды.
Тәрбие методикасы немесе әдістемесі – тәрбие процесін оның мақсат-міндеттеріне сай ұйымдастырудың көптеген амал-тәсілдерінің жиынтығы болып есептелінеді.
Тәрбие мақсаты дегеніміз не ?
Мақсат – бұл ғылыми түсінік, ол белгілі бір әрекеттің түпкі нәтижесін сезіну деп түсіну керек.
Мақсат - белгілі бір межеге қол жеткізуге бағытталған әрекеттің ой санадағы көрінісі. Мақсат тікелей міндет ретінде іс қимылды бағыттап, реттеп отырады.Мақсат келешектегі, таяудағы тікелей, жалпылама, жеке, аралық және түпкі мақсаттарға бөлінеді.
Педагогика ғылымы тәрбиенің мақсатын жеке адамды жан жақты дамыту , әділетті қоғамды өз қолымен құратын және оны қорғай алатын азамат етіп тәрбиелеу деп қарастырады.
Тәрбиелеу дегеннің мәнісі не ?
Жас бала жаңа өркен жайған жасыл ағаш тәрізді дейді халқымыз. Жерге отырғызылған жас көшет те қашан тамыры тереңдеп , жапырағы жайқалып , саялы ағаш болып үлкейгенше мәпелеп күтіп , үзбей тәрбиелеуді керек етеді.
Тәрбие жеке тұлғаның санасына , мінез - құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.
Тәрбие-халықтың ғасырлар бойы жинақтап , іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру , олардың айналамен қарым-қатынасын , өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.
Тәрбиелеу-халықтар бойына білімге негізделген этикалық ізгіліктер мен өнерлерді дарыту. Әл Фараби.
Тәрбие -біз кімдерді тәрбиелейміз , солардың жүрегіне ықпал ету... Тәрбие бізге мәлім адамгершілік әдет ғұрыптарын меңгеруді мақсат көздеп , бір адамның екінші адамға ықпал етуі Л.Н. Толстой.
Тәрбие кең мағынасында бұл рухани жағынан үнемі жетілу және баюда көпсалалы процесс В.А. Сухомлинский .
Тәрбие кең мағынасымен алғанда , қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп , сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз.Ал, енді адамзат туралы айтылғанда , адамның баласын кәміл жасқа толып , өзінеөзі қожа болғанша тиісті азық беріп , өсіру деген мағынада жүргізіледі М. Жұмабаев.
Тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін оны өмір сүре біліуге, өзін қоршаған ортамен қарым қатынас жасай білуге үйрету.
Тәрбие процесі деп қоғамның талап тілектеріне сай әрбір жеке тұлғаның ақыл ойын , сана сезімін , ерік жігерін , мінез құлық ерекшеліктерін жүйелі түрде қалыптастырып , дамытудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекетін айтамыз.
Тәрбиенің қоғамдағы атқаратын қызметіне орай өзіндік ерекшеліктері бар.
Тәрбие қоғамдық құбылыс.Себебі қоғамның материалдық жағдайының өсуі, идеологиясының өзгеруімен байланысты тәрбиенің мақсат міндеттері , мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері де толығып , жаңа жағдайға сәйкес жақсарыи отырады.Ал, қоғам дегеніміз адамдардың тіршілік ету, өмір сүру үшін топтасқан ортасы.
Тәрбие мақсатты процесс. Тәрбие мақсаты айқын әрі нақты өмір жағдайына сай белгіленсе ғана өз нәтижесін дұрыс береді.
Тәрбие біртұтас процесс. Себебі тұлға жеке адам ретінде тәрбиеленеді. Сондықтан жеке тұлғаның кісілік қасиеттерін қалыптастыру жеке дара атқарылмайды , керісінше бір мезгілде , бірыңғай жағдайда жүзеге асырылады. Өйткені тұлғаның қалыптасып дамуы тұтас процесс.
Тәрбие ұзақ әрі күрделі процесс. Жеке адамның қалыптасуы бүтіндей бір ұзақ дәуірді қажет етеді. Адам баласы туғаннан бастап, есейіп ер жеткенге дейін тәрбиенің ықпалында болса,ейінгі уақытта ол өзін өзі тәрбиелеу процесімен жалғасып отырады.
Екіншіден , тәрбиелеу барысында қойылған мақсаттың нәтижесін көбінесе жуық арада байқауға болмайды.Өйткені әрбір жеке тұлғаның мінез құлқында дара епекшеліктері , қабілеттері , дүниетанымы бірыңғай қалыптасып дамымайды. Оған ықпал ететін ішкі және сыртқы факторлардың да әсері мол.
Тәрбие көпжақты процесс. Жасөспірімдерді азамат етіп тәрбиелеу , қоғамдық пайдалы еңбекке әзірлеу процесі қоғамның барлық азаматтарының міндеті , отбасы , мектеп пен жұртшылықпен бірлесіп атқаратын ортақ мақсаты.
Тәрбие әдістері тәрбие процесінің маңызды әрі өте күрделі құрамдас бөлігі. Себебі , тәрбиенің мақсат пен міндеттеріне сай оның мазмұны тек әдістерді қолдану барысында жүзеге асады.Тәрбие әдістеріне берілген әр түрлі анықтамаларға талдау жасасақ, онда :
Жеке басқа ықпал ету құралы;
Тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің іс әрекетінің өзара байланыс тәсілдері;
Тәрбиенің мақсатына сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету тәсілдерінің жиынтығы;
Тәрбие мақсатына жету жолдары ретінде қарастырылғанын байқаймыз .
Бұдан шығатын қорытынды, тәрбие әдістері деп тәрбиенің мақсат міндеттеріне сай оқушылардың санасы мен ерік күшіне ықпал ету , жағымды мінез құлық нормаларын қалыптастыру және осы бағытта олардың іс әрекеттерін ұйымдастыру , ынталандырудағы тәрбиешілер мен тәрбиеленушілердің өзара бірлескен әрекеттерінде қолданатын амал тәсілдер мен құралдарының жиынтығы.
Педагогика оқулықтары мен ғылыми зерттеу еңбектерінде тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты ортақ пікір жоқ . Дегенмен де қалыптасқан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен 3 топқа жіктейміз .
Г.И. Шукинаның Педагогика оқулығында тәрбие әдістерін :
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру ;
2. Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру , іс әрекетті ұйымдастыру ;
3. Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру деп жіктесе, В.А. Сластенин бойынша оған қосымша :
4. Мінез құлық , іс әрекетке бақылау жасау , өзін өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне өзі баға беру әдістері деп те қарастырады.
Ғалым педагогтар Н.И. Болдырев , Н.Г. Гончарев , Ф.Ф. Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру , жаттығу , мадақтау және жазалау деп қарастырады.
Жеке адамның санасын қалыптастыру немесе сендіру әдісі. Бұл тәрбие әдістеріне негізінен әңгіме , әңгімелесу , лекция , пікірталас , өнеге жатады.
Әңгімеде тақырыптың мақсаты айқын белгіленуі, мазмұны нақтылы фактілермен дәлелденуі, оқушылардың жас ерекшелігін ескеріп, қарапайым тілмен нақтылы өмірге қатысты мәселелер қозғалуы қажет.
Әңгімелесу сынып ұжымының өмірі мен оқушылардың мүддесіне сай тақырыптарды талдау, оған олардың белсене араласуын , қойылған мәселеге сын көзбен қарап, нақтылы қорытындылар жасапу қажеттігі туындайды.
Тұлғаның идеялық сенімі мен адамгершілік қасиеттерін қалыптастыруда лекция тәсілі де қолданылады.
Тәрбие әдістерінің келесі бір түрі пікірталас тәсілі.Ерекшелігі, оқушылардың жай тыңдаушылар қатарында емес , керісінше қаралып отырған мәселеге олардың белсене қатысу жағдайында ұйымдастырылуы, оған ұжым болып пікір алмасуы , дербес ойлай білуге дағдылануы т.с.с. болып келеді.
Ереже ұсынғанша өнеге ұсын демекші сендіру әдістерін қолданғанда балаға шектен тыс мораль айтудан аулақ болған жөн. Оның санасы мен мінез құлқын қалыптастыруда өзін қоршаған ортаның ықпалы зор. Бұл орайда өнеге жеке бастың үлгісі негізінде тәрбиелеудің маңызы ерекше.
Қоғамдық мінез құлықты қалыптастыру, іс әрекетті ұйымдастыру немесе жаттықтыру әдісі.Бұл топтағы әдістерге талап қою , жаттықтыру , тәжірибелік жағдай туғызу, тапсырма беру жатады.
Мінез құлық пен іс әрекетті ынталандыру немесе мадақтау және жазалау әдістері.
Тәрбие әдістерін таңдап алу шарттары.
Кез келген тәрбие әдістерін таңдау:
Нақтылы сынып жағдайына;
Баланың жас және дара ерекшелігіне;
Оқушылар ұжымының қалыптасу дәрежесіне;
Тәрбиешілердің педагогикалық әдетімен балаларды қаншалықты жақсы білуі және білім дәрежесіне;
Бала әрекетінің сапасына байланысты болып келеді
Сондықтан да тәрбиешілер тарапынан әдістерді таңдау және оларды қолдануда аса жауапкершілікті қажет етеді.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тәрбие процесін түсіндіріңіз.
2. Тәрбиенің әлеуметтік мәні неде?
3. Тәрбиенің қозғаушы күшін анықтаңыз.
4. Тәрбие әдістерін сипаттаңыз.
5. Тәрбие мақсаты дегеніміз не ?
Әдебиеттері:
1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Мектеп, 1987 ж
3. Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
4. Педагогика тағылымы. Табылдиев А.
5. Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

2-тақырып.
Мектеп тәрбие жүйесі ретінде. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар тәрбие жүйесінің субъектісі ретінде.
Мақсаты : Студенттерді мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар жайлы толық мәліметпен қаруландырып, мектептегі тәрбие жүйесінің маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар сынып жетекшісінің рөлі мен қызметі жайлы нақты ақпарат беру.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық кеңес, жеке тұлға, топ жетекші, сыныптық сабақ жүйесі, сынып жетекші, мақсат қоюшылық, жоспарлау, жобалау, педагогикалық қызмет,әлеуметтік- гуманитарлық қызмет, ұйымдастырушылық қызмет.
Жоспары:
1. Мектептегі тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және балаларды әлеуметтендіру мен дамытудың мақсатты факторы ретінде.
2. Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі. Сынып жетекшісі және оның негізгі қызметтері. Сынып жетекшісінің пегагогикалық процестегі орыны.

1. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтері:
Кіріктіруші;
Реттеуші;
Дамытушы;
Кіріктіруші қызметі бұрын бөлек-салақ, стихиялы сипаттағы келісілмеген тәрбиелік ықпалдарды біртұтас етіп біріктіруге қол жеткізеді. Реттеуші қызметі педагогикалық үрдістерді реттеугу, оларды басқаруға бағытталады. Дамытушы қызметі бір шетінен оның қызмет етуін оңтайландырудағы екінші жағында дамуында, жаңаруында, жетілдіруіндегі жуйе динамикасын қамтамасыз етеді.
Соңғы жылдардағы педагогикалық бақылаулар мектептің тәрбиелік жүйесінің өміріміздің объективті шындығы туғызған жаңа қызметтері бар екенін корсетуге мүмкіндік берді. Олар:
Қорғау;
Түзету;
Теңестіру;
Кез-келген мектептің тәрбиелік жүйесі ең алдымен педагогикалық ұжым ойластырған, қабылдаған мақсаттар блогын қамтиды. Егер жоқ болса онда жүйе де жоқ. Өкінішке орай жаңадан құрылған жүйелердің авторлары, оны қалай жасайтынын айтады да, ал оны не үшін жасайтыны туралы ештеме демейді. Мақсаттар жүйенің сипатын анықтайды және жүзеге асырады. Автормен бірге жүйені педагогтар, оқушылар, ата- аналар, мәдени мекемелер, құқықтық басқа да мектеп өміріне қатысты тұлғалар құрады. Сондықтан осы адамдардың барлығы да жүйені тудырушылар болып есептеледі, олар мектептің тәрбиелік ұжымымен қоян-қолтық бірлесіп әрекет еткенде ғана тәрбиелік жүйенің өзегіне айналады.
Қазіргі жағдайда ғалымдар тәрбие үрдісінің тиімділігін көтеруді тәрбиелік жүйе құрумен байланыстырады, сонымен бірге онда шешуші рөл директордың тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарына беріледі.Тәрбие жүйесін басқару, дамыту, қалыптастыру теориясы оның тиімді екеніне көз жеткізуде.
Біріншіден, жүйелі амалды пайдаланғанда тәрбиелік әрекет субъектілерінің ықпалының кіріктірілуі, педагогикалық үрдіс құрауыштарының өзара байланысы бекиді. Бұл маңызды, себебі, оқушы тұлғасының толық дамуын тек тұтас тәрбиелік үрдіс қана қамтамасыз ете алады.
Екіншіден, мектеп ұжымы игерген әлеуметтік және табиғи ортаны қамтыған тәрбиелік жүйені құру, тұлғаға деген тәрбиелік ықпал мүмкіндігінің ауқымын кеңейтеді.
Үшіншіден, тәрбиелік жуйе құру әр жақты дамыған толыққанды тұлға тәрбиелеуде педагогикалық ұжымның күшін және уақытын үнемдейді. Әрекет пен қарым – қатынасты құру тұлғағ ықпал ететін барлық дәстүрлік амалдардың тиімділігін арттырып, шығын аз талап етіледі. Өйткені жаңа жағдайда немесе үйренбеген қалыпта жұмыс істегеннен гөрі дәстүрлі амалмен әрекет ету жеңілдеу болады. Сондықтан жүйе құру барысында белгелі бір дәстүрдің қалыптасуына жете мән беру керек.Олар жүйеге орнықтылық беріп, ғұмырын ұзартады.
Төртіншіден, тәрбиелік жүйеде оқушы, мұғалім, ата- ана тұлғасы өзін-өзі іске асыруы және өзіне-өзі сенім артуы үшін арнайы жағдай туғызылады әрі моделденеді. Бұл олардың шығармышылық және басты қабілеттерінің анықталуына және өсуіне зор ықпал етеді. Сондай-ақ ұжымда гуманистік іскерлік қарым–қатынастар орнауына жоол ашады. Педагогикалық жүйені және мектептің тәрбиелік жүйесін өзгерту, жетілдірудің бірден-бір шарты ретінде ұжыммен бірге қабылданған мектептің даму тұжырымдамасы есептеледі. Педагогикалық жүйе секілді тәрбиелік жүйенің де басқарылатынын, оны басқару функцияларының алуан түрлі екенін есте сақтауымыз керек. Демек, бүгінгі таңда білім беру мекемелері әрекетінің сапасын арттырып, деңгейін көтеру мақсатында тәрбиелік жүйе құру қажет және аса маңызды әрі пайдалы.
Мектеп өмірінде мұғалім - басты тұлға.Мектеп мұғалімі балаларды оқытып қана қоймайды,сонымен бірге оларды тәрбиелейді.Ол белгілі бір сыныпта оқушылардың оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырушысы әрі ұстазы, ақылшы-кеңесші болып саналады. Сондықтан да ол қиын әрі жауапты міндетті іс. Соған қарамастан мұғалімдердің кейбіреуі бұл міндетті өздерінің білім беру қызметіне қосымша іс ретінде қараса, ал басқалары оны негізігі педагогикалық әрекеті ретінде қарастырады. Дегенмен, сынып жетекшісінің тәрбиелік қызметі қаншалықты қиын болғанымен де, әрине ол балаларға өте қажет.Себебі, мектеп құрылымындағы ең негізгі буын ол – сынып. Мұнда оқушылардың таным әрекеті ұйымдастырылып, олардың өзара әлеуметтік қатынастары қалыптасады.Балалардың болашақ әлеуметтік жағдайға бейімделуі, олардың демалысына қатысты мәселелері,алғашқы ұжым болып қалыптасу дәрежесі, соған сәйкес сыныптың жағымды көңіл –күй жағдайлары жүзеге асырылады.
2. Сынып жетекшісінің жұмысының негізігі мақсаты- мектеп оқушыларын қоғамның белсенді және саналы азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал жасау.Сыныптағы әрбір жеке тұлғаның ғылыми дүние танымының қалыптасуын,адамгершілік қасиеттерін,еңбекке деген сүйіспеншілігін қаматамасыз етіп, жан-жақты жарасымды дамуына жағдай туғызу.
Сынып жетекшісінің міндеті- сан алуан. Сол себепті ол жүргізетін тәрбие жұмысы өзінің психологиялық мазмұны жағынан өте күрделі әрі көп ізденісті талап етеді.
Сынып жетекшісі жұмысының негізгі міндеттері қандай?
1.Сныптағы оқушылардың талап –тілектері мен мүдделерін және олардың жеке басының ерекшеліктерін жан-жақты танып білу.
2.Сыныптағы оқушылардың не нәрсеге бейімділігін анықтап, оларды ынтымағы жарасқан, белсенді, саналы ұжымға ұйымдастыру.
3.Сыныптағы пән мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің және оқушылардың ата-аналарының тәрбиелік ықпалын үйлестіру.
4.Тәрбие үрдісінде мектептің, отбасы мен жұртшылықтың тығыз қарым-қатынасын қамтамасыз ету.
5.Оқушылардың ата –аналармен үнемі байланыс жасап, отбасындағы бала тәрбиесіне байланысты педпгогикалық оқу, насихат жұмыстарын жүргізу.
6.Оқушыларды тәрбиелеуде сыныптан және мектептен тыс түрлі бағытта тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру.
7.Тәрбие мен өзін -өзі тәрбиелеудің бірлігін қамтамасыз ету.
8. Тәрбие қызметінің тұтасытығын, жүйелігін, тәрбиелік шаралардың бірлігін қаматамасыз ету.
9. Тәрбиенің негізгі бастауы – ұлттық тәләм – тәрбиені сынып жетекшісі қызметінің маңызды бір саласы ретінде қарастыру.
Сынып жетекшісінің қызметі.
Мұғалім, белгілі бір сыныпқа балалар ұжымының жетекшісі ретінде тағайындалып, жұмысқа кіріскен жағдайда,өзінің қызметін сынып ұжымына әрі жекелеген оқушыға қатысты жүзеге асырады.Соған сәйкес оның қызметі 3 бағытта қаратыруға болады.
1.Педагогикалық және әлеуметтік- гуманитарлық.
Оның бұл қызметі балаға барлық бағытта көмектесу: оның әлеуметтін қалыптасуы мен дамуына жағдай тудыруға,баланың тұлғалық өзекті мәселесін шешуге, оның әлеуметтік өмірге араластыру және өз бетінше өмір сүре білуіне көмектесуге бағытталған. Баланың отбасымен, тәрбиенің басқа да мекемелерімен тығыз байланыс орнату. Рухани- адамгершілік және рухани – эстетикалық мәдениетін қалыптастыру.
2.Ұйымдастырушылық қызметі.
Тәрбие процесін ұйымдастыру. Балалардың орынды талап-тілектерін қолдай отыра, ынтымағы жарасқан, саналы да белсенді әрі іскр сынып ұжыман қалыптастыру.
3.Оқушылардың жалпы әрекетін басқару.
Оған: нақтамалық,мақсат қоюшылық, жоспарлау, жобалау, бақылау және түзету енгізіп отыру қызметін жатқызуға болады.
Бүгінде сынып жетекшілері өздерінің педагогикалық қызметінің көлемінің тым ұлғайып бара жатқанын айтады. Ол бір жағдайда, барлық жерде балалар ұйымы (октябрят, пионер, комсомол) жұмысының тоқтауымен байланысты болса, ал екінші жағдайда, көптеген мектептен тыс балалар мекмелері қызметінің ақылы жүйеге ауысуы да кері әсерін тигізуде. Соған орай, мүмкіншілігі жоқ кейбір балалар тобы, оның қызметін көре алмауда. Ол сынып жетекшісі үшін де қосымша жұмыс болып табылады. Оның орнын толтыру, ендігі жерде сынып жетекшілерінің басты мәселесі болып отыр.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтерін сипаттаңыз..
2. Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінде негізгі рөлі қандай?
3. Сынып жетекшісінің қызметін атаңыз.
3.Сынып жетекшісінің педагогикалық процестегі орнын анықтаңыз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

3-тақырып
Сыныптың тәрбие жұмысының жүйесі тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы ретінде.
Мақсаты: Студенттерге сыныптық тәрбие жұмсының жүйесі туралы түсінік беру, балалар ұжымын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі туралы, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары туралы мәлімет беру. Өмірде және нақты еңбек іс-әрекетінде алған білімді қолдана білуге үйрету, іскерлікке, педагогикалық шеберлікке төселту.
Негізгі ұғымдар: ұйым, бірлестік, өзін- өзі басқару, қалыптастырушы орта.
Жоспар:
1. Мектеп сыныбы тәрбие жұмысы жүйесінің бастапқы өзегі ретінде.
2. Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту әрекеті.
3. Балалар ұжымында жеке оқушымен жұмыс істеу маңыздылығы, әдістемесі.
4. Сынып ұжымында оқушылардың өзін-өзі басқаруы: маңызы, құрылымы.
5. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері сынып оқушыларын тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы ретінде, олардың белгілері, қазіргі кездегі қызметі.

Мектептегі сынып жетекшісінің тәрбие жұмысындағы негізгі міндеті- оқушылардың жеке басын қоғамның талабына сай тәрбиелеу.Бұл міндетті орындау, әдетте оқушылар ұжымын қалыптастырудан басталады.Мектеп құрылымындағы ең тұрақты ұжым болып- сынып ұжымы есептелінеді. Соның негізінде оқушылардың негізгі оқу әрекеті жүзеге асады. Тек сынып ұжымында ғана оқушылар арасында өзара байланыс және қарым- қатынасытң алғышарттары пайда болып, берік қалыптасады. Соның шеңберінде жалпы мектеп ұжымының іргесі қаланады.
Олай болса, оқушылар ұжымы деп- ортақ әлуметтік маңызы бар мақсатқа біріккен, соған сай белсенді әрекет ететін және ортақ сайланбалы ұйымы бар, барлық мүшелерінің құқықтары мен міндеттері бірдей және өзара жауапкершілікке негізделген оқушылар тобын айтамыз.
Сынып жетекшісі оқушылар ұжымын құруда, олардың сапалы білім мен саналы тәртібін қамтамасыз етудің маңызы ерекше. Саналы тәртіп болмаған жерде сапалы білім алу болмайды. Бұлар бір- бірімен өзара тығыз байланысты болып келеді.
Саналы тәртіп- мақсатты тәртіп. Ол қоғамның мақсатымен ұштасады. Саналы тәртіпке тән сипат- өз мақсатын қоғам мақсатына, жеке бастың мүддесін, оқушылар ұжымының мүддесіне бағындыра білу.
Оқушыларды саналы тәртіпке тәрбиелеудегі негізгі міндет- білім алу мен оқу әрекетінің сапасын үнемі арттырып отыру. Сынып жетекшісінің шеберлігі дегеніміз- оқушылар ұжымының алдына қызықты мақсат қойып, ұжымдық іске ұйытқы бола білуінде, әрі оны ұйымдастыруда ғы білімі мен қабілеті.
Оқушылардың оқу- тәрбие процесіндегі әрекеттерін жандандыруда сынып жетекшісі белсенділер тобына арқа сүйейді. Бұл сынып жетекшісінің ұжымды топтпастырудағы атқаратын жұмысының маңызды екінші кезеңі.
Сынып белсенділері бір жағдайда үлгілі оқушылар болса, екінші жағдайда қоғамдық тапсырмаларды атқара алатын қабілетті балалар тобы. Олар- ұжымның ұйытқысы.
Сынып белсенділері неғұрлым күшті болса сынып жетекшісіне тәрбие жұмысын ұйымдастыруда соғұрлым жеңіл болады.
Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету – сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге , өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын айқындайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл-кеңес беріп отырады.
Оқушылардың санасы мен белсенділіктерін арттыруды, оларды қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатыстыру, тапсырмалар берудің ықпалы және тәрбиелік мәні зор.Қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындау барысында оқушыларда жаууапкершілік пен іскерлік қасиеттері қалыптасады.
Оқу- тәрбие жұмысының барысында оқушылардың сана- сезімін ояту, өз бетінше жұмыс істей білуге үйрету- сынып жетекшісінің негізгі міндеттерінің бірі. Ол әрбір оқушыны білімге, өнерге қызығушылық ынтасын, спорт ойындарына құштарлығын анықтайды, өзін- өзі тәрбиелеуге сай осы бағыттағы жұмыстарын ұйымдастырып, ақыл- кеңес беріп отырады.
Оқушылар ұжымын қалыптастыруда оның жекелеген мүшелерінің өзін- өзі тәрбиелеуі маңызды.Өзін- өзі тәрбиелеу – баланың белгілі бір нақты мақсат көздеген саналы әрекетінің нәтижесі.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- олардың мектеп жағдайындағы өмірлерін ұйымдастырудың басқа формаларына қарағанда демократиялық тұрғыдағы түрі.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруын дамыту сынып ұжымын басқару жүйесінен өзін- өзі дербес басқару жүйесіне көшуді қамтамасыз ететін біртіндеп өзгермелі үздіксіз сапалы процесс.
Оқушылардың өзін- өзі басқаруы- қоғамдық маңызы бар мәселелерді шешуде оқушылар ұжымының өмірін ұйымдастырудың демократиялық бағыттағы формасы. Соған сәйкес оның өзіндік белгілері бар:
оқушылар ұжымының белгілі бір мәселеге қатысты өз алдына дербес шешім қабылдауы және оны жүзеге асыру мүмкіндігінің болуы;
дербестігін дамыту мүмкіндігінің болуы;
сынып ұжымының өмірін педагогикалық тұрғыдан демократиялық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы;
ұжымның әрбір мүшесінің оқушылардың сынып, мектеп, және қоғамдық жолмен ұйымдастыру мүмкіндігінің болуы.
Бұдан шығатын қорытынды ретінде, өзін- өзі басқарудың шартты түрде алынған негізгі ұстанымына:
өзіміз шараны ойластырамыз;
өзіміз жоспарлап, өзіміз оны атқарамыз;
өзіміз қорытынды жасаймыз қағидаларын жатқызуға болады.
А. С. Макаренконың көзқарасынша Өзін –өзі басқаруды әрекет тудырады, басқадай болуы мүмкін емес. Олай болса, өзін- өзі басқару тек ортақ мақсатқа жетудегі белсенді әрекеттің жемісі.
Өзін- өзі басқару ұйымының құрылымы негізінен 3 кезеңнен тұрады:
1. Сынып жағдайында өзін –өзі басқару оқу, еңбек, көпшілік- мәдени, спорт секторларының жұмысы. Олардың жұмысына сынып кеңесінің төрағасы басшылық жасайды.
2. Мектеп оқушыларының өзін –өзі басқаруы. Мұнда әрбір сыныптың өзін –өзі басқару ұйымының төрағалары мүше болады. Оны жалпы мектептің өзін- өзі басқару ұйымының төрағасы және оның орынбасары басқарады. Олар тек оқушылар есебінен сайланады. Бүгінде мұндай дәстүрлі тәжірибе кейбір алдыңғы қатарлы мектеп практикасында Парламент түрінде өзінің жұмысын жалғастыруда. Оның жұмысына мектеп әкімшілігінің тәрбие жөнінідегі орынбасары жетекшілік етеді.
3. Мектеп жағдайында тең төрағалық басқару жүйесі арқылы атқарылады. Оның құрамына оқушылардың өзін –өзі басқару ұйымының атқарушы кеңесі мүшелері (тұрақты комисссиялардың бағытына байланысты шамамен- 7 оқушы), кеңесші мұғалімдер- 5, ата- аналар- 2 адам кіреді. Мұның қызметі негізінен мектептің даму болашағы мен оның өмірін жақсарту және шешім қабылдау мәселелерін стратегиялық жоспарлауды көздейді.
Мектеп және оқушылар өмірін басқарудың мұндай жүйесі қоғамды демократия жолмен басқарудың негізін қалайды, соған сәйкес оқушыларды тәрбиелейді.
Бүгінде оқушылардың өзін –өзі басқаруды дамытуда белсенділерді даярлау міндеті өзекті мәселе болып отыр. Ол үшін олардың мектеп, қоғам өміріндегі саналы көзқарастарын орнықтырып, олардың мектепті басқару ісіне еркін араластыруына, әрбір оқушының әлеуметтану процесіне қатысуына жағдай туғызу керек. Әрине, негізгісі оларды осындай етіп міндетті түрде тәрбиелеу керек.
Оқушылар ұжымындағы өзін –өзі басқаруды дамыту үлгісін шартты түрде былай көрсетуге болады:
1. Әрекеттің мақсатын анықтау.
2. Ұжым болып мақсатты белгілеу (мақсатты ұжым болып талқылау) .
3. Басқару мәселесін қою (идея ұсыну).
4. Шешімді ұжым болып талқылау (жобасын немесе бір нұсқасын таңдау).
5. Шешімді қабылдау( жобаны бағалау).
6. Шешімді жүзеге асыру (әрекетті пәрменді түрде ұйымдастыру).
7. Ұжым болып нәтижесін қорытындылау (өздерінің мүмкіншілігін бағалау).
Өзін –өзі басқару процесінің қозғаушы күші- ондағы мотивтің болуы. Сондықтан, өзін- өзі басқарудың жоғарыда әрбір кезеңі мотивті қалыптастыруға нақтылы ықпал етуі тиіс.
Жеке оқушымен жұмыстағы мақсат- оның тұлғалық дамуына педагогикалық тұрғыдан жағдай жасауды, оның жеке басының жан- жақты қалыптасуын және күш- жігерінің артуын қамтамасыз ету. Соған орай, оқушымен жеке жұмыстың мәні- оның тұлғасын әлеуметтендіру, оның өзінің жетілуі мен өзін- өзі тәрбиелеуге деген қажетсінуін тәрбиелеу. Оның нәтижесіне қол жеткізу, соған орай ұйымдастырылған тәрбие жұмысының әртүрлі формалары немесе әдістерін таңдауға ғана байланысты болмайды, керісінше оған оның өзін қатыстырумен жемісті болмақ.
Жеке оқушымен жұмыс барысында мұғалімдермен оған қатысты асқан сезімділікті, кішіпейілділікті, қайырымдылықты, ілтипаттылықты, ықыластықты, зер салуды және қамқорлық жасауды қажет етеді. Ол үшін мынадай жағдайларды ескеруі тиіс:
Бала жанын жақсы түсіну. Яғни, оның сезімін, көңіл- күйін , ықыласын, тілегін, қажеттілігін. Себебі, бала үшін барлық мәселе маңызды.
Баланың таңдау еркіндігін қолдау. Сынып жетекшісі белгілі бір әрекеттің нәтижесіне қол жеткізуде тек өзімнің айтқаным ғана болады деген көзқараста емес, баланың көзқарасымен санасып, оның таңдау еркін қолдап отыруы тиіс.
Оқушының тұлғасын қалыптастыру және дамытуда, оны әлеуметтік тұрғыдан қорғау. Сынып жетекшісінің бұл бағыттағы атқаратын қызметі- баланың дамуына және тұлға ретінде қалыптасуына мүмкіндік беретін жағдайды туғызу.
Мақсатты әлеуметтік қолдау көрсету. Бұл бағытта баланың өте күрделі, қиын- қыстау жағдайында тұрақты қолдау көрсетуді қажет етеді: көп балалы және табысы аз отбасына, мүгедек, жетім балаға, оралман отбасына т.с.с.
Іс – әрекет сыртқы ортамен байланыс жасаудың, жалпы тіршілік етудің негізгі шарты. Ол- адамның түрлі қасиеттеріне, мақсатын мен міндеті, орындау жолы туралы бағыт беретін жоспары болады.
Олай болса, балалардың және жас жеткіншектердің дамуында маңызды фактор- құрбылар қауымдастығы. Бала өзінің құрбыларымен қарым- қатынасында қосымша мағлұматтар алады, өмірлік тәжірибесін молайтады,әлуметтік мінез- құлық ережелері мен құндылық бағдарды меңгереді, жолдастық және достық сезімін қалыптастырады. Сондықтан да тәрбие теориясы мен әдістемесінде балалар қозғалысын- тұлғаны дамытудың маңызды факторы ретінде оған айрықша маңыз береді. Біріккен Ұлттар Ұйымының баланы қорғау Конвенциясына сәйкес олардың жас мөлшері 7- 18 деп қарастырылған.
Жастар қозғалысына назар аударсақ, ол- дүниежүзінің барлық халықтарында болып, іске асатын қозғалыс заңы. Қайсы бір қозғалысы болмасын, ол белгілі бір мүддені көздейді.
Қазіргі кездегі балалар қозғалысы жаңа жағдайға байланысты принциптік тұрғыдан өздерінің жұмыстарын ұйымдастыруда ерікті, өзін- өзі басқаратын қоғамдық негізде жұмыс істеуде. Әрине, бұл тұрғысында мемлекет тарапынан қолдауға ие болғанымен де, өз әрекеттері барысында олар әлеуметтік жеке мәртебеге ие болуда. Соған сәйкес, балалар мен жас жеткіншектердің өз қалауы бойынша ұйымдастырылып жатқан бірлестіктерінің мақсаттары- олардың өмір сүріп отырған қоғамның азаматы болып қалыптасуына жағдай тудыру, ол үшін олардың құқықтарын қорғауды жүзеге асыруды көздейді.
Өзінің бұрынғы өткен тарихында, балалар мен жас жеткінщектер қозғалысын 20 ғасырдың бастапқы кезеңінде скауттер деген атпен тұңғыш рет дүниеге келеді. Оның негізін қалаған ағылшын полковнигі Баден- Поуэелл болды.
Скаутизм ағылшын тілінде SCOT , яғни барлаушы деген ұғымды білдіреді. Оны құрудағы негізгі мақсат- балалар мен жас жеткіншектерді сол дәуірдегі үстем тап өкілдеріне берілгендік рухта тәрбиелеуді көздеді.
Ал 19 мамыр 1922 жылы КСРО-да пионерлер ұйымы құрылды. Оның алдына қойған мақсаты- жас жеткіншектерді коммунистік рухта тәрбиелеу болды.
Бүгінгі жағдайда Қазақстан елі үшін қажет ететін балалар мен жас жеткіншектерді тәрбиелеуде қызмет ететін ұйымдарға- олардың қоғамдық негіздегі бірлестіктері жатады. Олар 1980 жылдардың орта шенінде пайда болып, пионер ұйымдарымен қатарласа жұмыс істеп келеді. Олардың қызметі негізінен 3 бағыты қамтиды:
1. Дамытушылық қызметі. Ол тұлғаның азаматтық, адамгершілік қалыптасуын және оның әлеуметтік, шығармашылық дамуын қамтамасыз етеді.
2. Бағыттаушылық қызметі. Мұнда адамгершілік, әлеуметтік, саяси және мәдени құндылық жүйесін меңгерудің бағытын қамтамасыз етуді көздейді.
3. Компенсаторлық қызметі. Бұл балалардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын және мүмкіншіліктерін жүзеге асыру үшін жағдай тудырыды көздейді.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Мектеп сыныбының тәрбие жұмысы жүйесіндегі рөлін анықтаңыз.
2.Сынып жетекшісінің ортаны ұйымдастыру және дамыту әрекетін сипаттаңыз.
3. Оқушылар ұжымы дегеніміз ... ... ... . Олардың мақсаты.
4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының құрылымы қандай?
5. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің мақсатын анықтаңыз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

4-тақырып
Сыныпта және мектептен тыс тәрбие жұмысы.
Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын түсіндіру. Тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлін анықтау. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттерін және формаларын сипаттау.
Негізгі ұғымдар: сыныптан тыс тәрбие, формасы, сыныптан тыс тәрбие қызметі, әлеуметтік қалыптасу, тәрбие әрекеті.
Жоспар:
1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлі.
2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, мазмұны, формалары.

Жеке тұлғаның қалыптасып дамуы үздіксіз сипатт болатыны бізге мәлім. Оның жүзеге асуы тек сабақ жүйесінде ғана емес, сабақтан тыс жүргізілетін әртүрлі тәрбиелік әрекеттермен ұштасады. Ол әдетте сыныптан тыс және мектептен тыс жұмыс болып бөлінеді.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы– тұлғаың әлеуметтік қалыптасуын қамтамасыз етуде оған жағдай туғызатын мұғалімдердің басшылығымен ұйымдастырылған және сабақтың мақсатымен өзара байланысты болып келетін тәрбие жұмысының дербес түрі. Ол әртүрлі тәрбие әрекетінің жиынтығы ретінде балаға кең көлемде тәрбиелік ықпал ете алады.
1. оқудан тыс әр тарапты әрекет баланың сабақта мүмкін болмайтын жан – жақты дара қабілетін ашуға ықпал етеді.
2. сыныптан тыс әр түрлі тәрбие жұмысы ның түрімен айналысу баланың жеке әлеуметтік тәжірибесін жандандырып, жетілдіреді, оның адамзат құндылықтарына негізделген білімдерін байытып, қажетті практикалық іскерлігі мен дағдысын қалыптастырады.
3. сыныптан тыс түрлі тәрбие жұмысы оқушылрда әрекеттің әртүріне қатысты қызығушылығының дамуына, оған белсенді қатысу құлшынысын тәрбиелеуге нәтижелі ықпал етеді.
4.сыныптан тыс әртүрлі тәрбие жұмысының формасы тек қана баланың өзіндік дара қабілетін ашуға ықпал етпейді, сонымен бірге оқушылар ұжымында өмір сүруге үйретеді. Мысалы, балалар бірігіп спектакль қойды делік, онда өзара қарым – қатынас тәжірибесін меңгереді. Спорттық әрекетте балалар бірі бәрі үшін, бәрі бірі үшін деген қағиданың маңызын жетті түсінеді.
5. сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру мен өткізуде қатысты қатаң шектеу болмайды. Сынып жетекшісі оның оның формалары мен әдістерін құралдары мен мазмұнын және бағытын таңдауда ерікті болады. Бұған қосымша, одан шығармаршылық белсенділікті талап етеді.
6. сыныптан тыс тәрбие жұмысының нәтижесіне күнделікті бақылау мүмкіндігінің болмауы. Себебі, онда тек жалпыжетістік пен оқушылардың жеке дара даму деңгейін бақылауға ғана мүмкіндік беріді. Соған сәйкес қандай да бір форма немесе әдістің нәтижесін бірден анықтау өте көп қиындықты туғызады.
7. сыныптан тыс тәрбие жұмысы оқушылардың мүмкіндіктеріне сай қолдары бос уақытта ұйымдастырылады. Сонымен қатар оған кең көлемде ата – аналар мен жұртшылықтың өкілдері қатыстырылады.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттері.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысы мектептегі тәрбие жұмысының құрамдас бөлігі болғандықтан, ол тәрбиенің жалпы мақсатын орындауға бағытталады – балаға қоғамда өмір сүруге қажетті әлеуметтік тәжірибені меңгеруту және қоғамдық тұрғыдан қабылданған құндылықтар жүйсін қалыптастыру. Соған орай негізгі мақсаты – сабақ үстінде жүзеге асыратын тәрбие міндеттерін толықтыру және тереңдету, олардың қабілеттерін неғұрлым толық ашу, белгілі бір нәрсеге қызығушылығы мен ынтасын ояту, қоғамдық белсенділіктерін шыңдау, бос уақытын дұрыс ұйымдастыруды көздейді.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының ерекшелігі төмендегі аталған міндеттерте көрсетілген.
1. балада өзіне қатысты жағымды қатынасты қалыптастыру және ондағы өзін - өзі бағалаудың әділдігін қамтамасыз ету. Бұл баланың одан әрі дара дамуының негізі болады.
2. Балада ынтымақтастық, ұжымдық өзара әрекет ету дағдысын қалыптастыру. Егерде балада өзіне қатыстыжағымды көзқарасы бар жағдайда жолдастарымен тіл табысу, олардың пікірін тыңдау, өзара міндеттерін бөлісу, басқа адамдардың мүддесін ескеру, көмектесу біліктілігі қалыптасқан жағдайда, онда толығымен ұжымдық өзара жағымды әрекеттесу дағдысы қалыптасады.
3. Балада әртүрлі көркемөнер әрекеттерінің түрімен тікелей танысу арқылы ондағы қажеттілікті қалыптастыру. Оған қызығушлықты баланың дара ерекшеліктерін және қажетті біліктілік пен дағды дәрежесін ескеру негізінде қалыптастыру. Басқа сөзбен айтқанда, сабақтан тыс жұмыста бала өзіне пайдалы әрекетпен шұғылдануы тиіс және оны өздік тұрғыдан ұйымдастыра алуы керек.
4. Баланың дүниетанымының компоненттері;адамгершілік, эмоционалдық, ерік – жігерін қалыптастыру.
5. Баланың таным қызығушылығын дамыту. Баланың таным қызығушылығын дамыту, бір жағдайда, ол оқыту процесіне жұмыс істесе, екінші жағдайда, балаға тәрбиелік ықпалын күшейтеді.
Жоғарыда аталған міндеттер тәрбие берудің ажырамас бөлігін құрайды.
Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметі.
Білімділік қызыметі. Балаларда белгілі бір мінез-құлық дағдысын қалыптастыру, ұжымдық өмірді, қарым – қатынас мәдениетін үйретеді.
Дамытушылық қызыметі оқушылардың психикалық процестерін, жеке- дара қабілеттерін дамытуды көздейді.
Тәрбие жұмыс мазмұнының ерекшеліктері.
1. сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұны баланың сезіміне, әсерленуіне назар аударуды міндеттейді.
2. баланың практикалық әрекетін ұйымдастыруды көздейді.
3. жаңа мағлұматтарды іздеу, сабақтан тыс әртүрлі тәрбие жұмыстарын атқаруда өздігінен жұмыс істеу біліктілігін машықтандыру.
4. коммуникативтік біліктілік пен дағдысын тәрбиелеу.
5. этикалық нормаларын сақтай білуге дағдыландыру.
Тәрбие жұмысының формасы.
Тәрбие жұмысының формасы деп – бұл тәрбие процесінің мазмұнында өмір сүретін және көрініс беретін ұйымдастыру тәсілі.
Тәрбие жұмысының формасы оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендкермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымен, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін, дайындық және өткізу технологиясын анықтайды.

ТӘРБИЕЛІК ЖҰМЫСТАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ ФОРМАЛАРЫ

ПІКІРТАЛАС
Пікірталас барысында оқушылар қоғамдағы құбылыстар мен оқиғаларды, олардың себептерін терең анықтап,адамдардың әрекеттерін терең сезініп, ұғынуға үйренеді.
Пікірталастың мақсаты:оқушыларды ұжым болып пікір таластыруға, алмасуға, өз ойларын нақты жеткізе білуге, өз беттерінше ойлай білуге үйрету.
Пікірталастың негізгі мәселесі: дәлелді ой-пікірлердің айтылуы,фактілермен тұжырымдау.
САЯСИ ХАБАРЛАМА
Саяси білім берудің маңызды формасы, мемлекет саясатында болған оқиғалармен таныстыру.
Саяси шолуға арналған хабарда 1-2 жұма ішінде ел мен шетелде болған оқиғалар туралы хабар береді.
ТАҚЫРЫПТЫҚ КОНФЕРЕНЦИЯ
Белгілі бір нақтылы тақырыпқа негізделе отырып, көкейкесті мәселелерді шешуге арналған.
Дайындық жұмыстары барысында оқушылар оның жоспарын құрады. Конференцияға алдын-ала баяндама әзірленеді. Ол жазба немесе ауызша сөйлеу мәдениетін дамытуға көмектеседі.
Конференцияны өткізу барысында хабарландыру ілінеді.
Тақырыптық конференция көбінесе жоғарғы сынып оқушыларымен ұйымдастырылады. Оның жұмысын ұйымдастыру оқушылардың өздеріне тапсырылады.
БАСПАСӨЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ
Ол әрбір оқушыны сынып ұжымының алдында ғана емес, бүкіл мектеп оқушыларының және ата-аналарының алдында өз пікірін білдіріп сараптауға дағдыландырады.
Бұл тәрбие жұмысының түрі балаларды байқағыштыққа, оптимистік көтеріңкі көңіл күйге баулиды.

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сыныптас тыс тәрбие міндеттерін атаңыз.
2.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметтеріне анықтама беріңіз.
3.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына анықтама беріңіз.
4.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттерін анықтаңыз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

5-тақырып.
Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының диогностикасы.
Мақсаты: Оқушылардың дамуындағы проблемаларды анықтау жолдарын меңгерту. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруы үшін өз оқушыларын жақсы білуі қажеттігін түсіндіру, олардың дамуын қадағалауы, тәрбиесіндегі проблемаларды көре білу жолдарын меңгерту.
Негізгі ұғымдар: диогностикалау, тәрбие жұмысын жетілдіру, кешенді зерттеу, зерттеу әдістері.
Жоспар :
1. Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын жетілдіруді диогностикалау.
2. Оқушылар ұжымының тәрбиесін диогностикалау әдістемесі.

Сынып жетекшісінен өз оқушылыарын және сынып ұжымын жүйелі түрде зерттеп білу талап етіледі. Ол үшін сынып жетекшісі ең алдымен оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне назар аудара отырып, сыныптағы балалар құрамын мұқиат тани білгені жөн.
Сынып жетекшілері жаңа оқу жылының басында немесе тоқсан соңында оқушылар мен бірге атқарылған жұмыстарына талдау жасайды және ары қарай не істеу керектігін ойластырады. Олар күнделікті балалармен қарым –қатынас жасай отырып оқушыларымды жақсы білеміз деп есептейді. Дегенмен, бұл үнемі ойлаған мен жанаса бермейді.
Мұғалімге балалармен қатынасы жақсы, олар барлығын дұрыс орындайтын сиақты болып көрінеді, ал оқушылдардың мұғалімдер мен қарым –қатынасқа көңілдері толмайды, олар өздерін тереңірек түсінуді, олармен санасуды, сабақтарды басқаша формада өткізуді, мұғалімдермен өзара қатынасқа өзгеріс еңгізуді қажет етеді. Сабақтағы қателіктер және тәрбие жұмысындағы сәтсіздіктердің көпшілігі мұғалімнің өз оқушыларын жетік білмеуінен болатыны белгілі жайт, демек, бұл сынып жетекшісі жұмысының диагностикалық маңызын арттырды.
Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика (тұтас топты және оқушыларды кешенді зерттеу) ‑бұл педагогикалық диагностиканың жаңа бағыты. Педагогикалық диагностика оқыту мен тәрбие процесін және оның нәтижесін зерттеу.
Сынып жетекшісі жұмысындағы диагностика:



Әр оқушының жеке басы және оқушылар ұжымын жетік зерттеу тәрбиелеу процесінің нақты жағдайлары мен анықталатын, келесі талаптарды есепке алып жүргізуді қажет етеді.
1. зерттеу әр оқушының дамуындағы ерекшеліктерін анықтауға бағытталуы керек.
2. әр оқушының және оқушылыр ұжымының диагностикасы осының алдындыағы диагностика нәтижелерімен салыстыру арқылы жүргізіледі оның мақсаты‑ осы уақыт аралығындағы дамудағы өзгерістерді анықтау.
3. әр оқушыға және оқушылар ұжымына жүргізілетін диагностикалық жұмыстар, оның бүкіл мектептегі оқу жылдарында жүзеге асырылады, өйткені мектеп жылдарында бала психикасы мен мінезінде көптеген өзгерістер болады. Міне, осылардың барлығы сынып жетекші және әр мұғалім болуы керек. Егер бұл талап орындалмаса, мұғалімдегі оқушы туралы қалыптасқан алғашқы түсінік сол қалпында қалады.
4. әр оқушының жеке басын және оқушылар ұжымын зерттеу‑ нақты педагогикалық міндетті шешуге бағытталуы керек. Сондықтан диагностикалық әдістемелер осыны есепке алып таңдалынады.
5. зерттеу кезінде оқушылардың жасын ескеру, яғни эксперименттік тапсырмалар оқушылардың жасына сай ұйымдастырылуы қажет.
6. оқушылыарды оқыту және тәрбиелеу процесінде зерттеп білген дұрыс.
Сонымен әр оқушының жеке басы және оқушылыар ұжымын зерттеуге қойылатын негізгі талаптар осылар.

Диагностикалық карта
сынып ______мектеп ________оқу жылы _____________________ құрастырған

реті
Аты –жөні
Туған күні, айы, жылы
Ата‑анасының мамандығы
Отбасы тәрбиесінің түрі
денсаулығы
Оқу үлгерімі
Адамгершілігі, жақсы жақтары,
Кемшіліктері
Арнаулы іскерліктері, қызығулары
Жоғары қабілеттілігі
Оқуға қатынасы
Жалпы мәдениті
Ұжымдағы орны
Формальді емес бірлестіктер
Тапсырмаларды орындауы
Еңбектегі белсенділік
Мамандық таңдауы
Мектептен тыс сабақтар
Жеке оқушыға тәрбие міндеті
1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын диогностикалаудың мақсатын түсіндіріңіз.
2.Оқушылар ұжымының тәрбиесін диогностикалау әдістемесін жүргізіңіз.
3. Диогностика әдістері және оларға анықтама беріңіз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
4.Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Мектеп, 1987 ж

6-тақырып.
Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсатын қою және жоспарлау.
Мақсаты: Тәрбие жұмыстарының жоспарлану жолы мен тәртібін меңгеру. Тәрбие жұмыстарының түрлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын байқап, қай жерде және қандай жағдайларда қолданылатындарын білу. Оларды болашақ педагогикалық жұмыс барысында орынды да шебер пайдалана білудің амалдарын оқып-білу және жетік меңгерту.
Негізгі ұғымдар: жоспар, тәрбие жұмысын жоспарлау, талаптар.
Жоспар:
1. Тәрбие жұмысын жоспарлау және оған қойылатын негізгі талаптар.
2. Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы және тәрбиелік іс- шаралардың формалары.

Сынып жетекшісінің жоспары – міндетті педагогикалық құжат. Жоспар оқушылар ұжымының қалыпты дамуына мақсатты және жүйелі түрде ықпал етеді, тәрбие міндеттерін дұрыс ұйымдастыруға мүмкіндік туғызады. Жоспар болмаған жағдайда тәрбие процесінде көп қиыншылықтар туады.
Жоспар – сынып жетекшісі мен оқушылар ұжымының бірлесе атқаратын жұмысын айқындайды. Сынып жетекшісінің тәрбие жоспарындағы оның мақсат-міндеттері және мазмұнымен танысу барысында, белгілі бір сыныптағы оқушылардың тәрбиелік деңгейінің сапасын, адамгершілік қасиеттерін, қызығушылығы мен жеке бастарының кемшілігін т. б. байқауға болады. Ол үшін тәрбие жоспары объективтік тұрғыда сыныптағы оқушылардың нақтылы жағдайларын ескере отыра жасалуы тиіс. Сонда ғана мектеп оқушыларын тәрбиелеу қоғамның талабына сай нәтижелі жүргізіледі.
Сынып жетекшісі тәрбие жұмысын жоспарлау барысында оған оқушыларды қатыстыруы міндетті. Бұл күнде баланы сырттай билеп, бәрін де шешуге болмайды. Бала да өз мүддесін өзінше шеше алмайды. Тәрбиедегі даналықтың бір белгісі – бала болашағын оның өзімен бірге шешу. Бұл педагогикалық тағылым. Әр баланың өзі сүйетін ісі болады (сурет салу, ән айту, биге икемінің болуы). Мұндай жағдайда, тәртібі нашар балалардың да басынан табылатын осындай жақсы қасиеттерді тауып алып, оларды сынып ұжымының ісімен ұштсатыру бірден-бір педагогикалық тәсіл болып табылады.
Қойылатын негізгі талаптар.
1) Жоспар – ұжымдық еңбектің белгісі. Сондықтан тәрбие жоспарын құру барысында оқушылардың белсенділігін арттыра отырып, олардың өздерін қатыстыруды қамтамасыз ету.
2) Тәрбие жоспарының мақсаты, міндеттері айқын болуы керек.
3) Тәрбие жоспарының мазмұны оның мақсатымен бірлікте болуы қажет.
4) Оқушылардың жеке басының, жас ерекшеліктерін және мүмкіншіліктерін ескеру.
5) Тәрбие жоспары ықшамды әрі ондағы көрсетілген шаралар орындалуы керек.
6) Тәрбие жоспарындағы атқарылатын шаралар саны жағынан емес, әртартпа және әржақты болуын ескеру керек.
Тәрбие жоспарының үлгісі.
1) Сынып жайлы мәлімет: сынып, сынып белсенділері, балалардың тәртібі, денсаулығы, сабақ үлгерімі, қабілеттері, олардың ата-аналары, белгілі бір ұйымға қатысы, қоғамдық тапсырмасы, тұрақтылығы, мекен-жайы туралы қысқаша сипаттама беріледі.
2) Өтілген оқу жылына сай атқарылған тәрбиелік шаралардың нәтижесіне қысқаша талдау.
3) Жаңа оқу жылына белгіленген тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтау.
4) Сынып жайлы мәлімет, өткен оқу жылында атқарылған тәрбие жұмыстарының нәтижесіне талдау, жаңа оқу жылына арналған сол сыныптағы тәрбие жұмыстарының міндеттері негізінде оқушылармен, ата-аналармен, қоғамдық ұйымдар және пән мұғалімдерімен бірлесе атқарылатын іс-әрекеттердің түрімен, әр тараптағы атқарылатын тәрбиелік шаралар мазмұны және формалары бөлімдерде көрсетіледі.

Негізгі бөлімдер
Апта аралығын көрсету

Тәрбиелік шаралардың мазмұны
Формасы мен тәсілі
Мерзімі, уақыты
Жауапты адамдар
Өтілгені туралы белгі
1.Сынып ұжымын ұйымдастыру

2.Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары және балалардың бірлестіктері мен өзара әрекеттері

3.Пән мұғалімдері және мектеп әкімшіліктерімен байланыс

4.Отбасы және жұртшылықпен жұмыс

5.Жеке оқушымен жұмыс

Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Тәрбие жұмысын жоспарлаудың мақсатын түсіндіріңіз.
2. Жоспарға қойылатын негізгі талаптарды анықтаңыз.
3.Тәрбие жоспарының құрылымын түсіндіріңіз.
4. Тәрбиелік іс- шаралардың формалары дегеніміз ... ... ... ...
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
4.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Қалиев С, Майғаранова Ш. Алматы, 2001.
5.Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Меңжанова А. Алматы, 2003.
6.Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Дүйсембекова Ш.Д. Семей, 2003.

7-тақырып
Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы толық мағлұмат беру. Білім бере отырып, оқушылардың тәрбие сағаттарын ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.
Негізгі ұғымдар: Тәрбие сағаты, Сынып сағаты, ұйымдастыру,
Жоспар:
1. Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру.
2. Тәрбие сағаты, Сынып сағаты ұғымдарына сипаттама.
3. Тәрбие сағатын жоспарлау және оны ұйымдастыруға дайындық.
4. Тәрбие сағатын өткізу.

Мектептегі әрбір мұғалімге оқу процесін ұйымдастырудың негізі формасы сыныптық-сабак, екендігі түсінікті. Сол секілді орта мектептегі оқушылармен ұйымдастыратын тәрбие жұмысының негізгі формасы – сынып немесе тәрбие сагаты деп аталады Соның негізінде окушылар мұғалімдердің басшылығы арқасында өздерін қоршаған өмірге жүйелі қатынасын қалыптастыратын арнаулы ұйымдастырылған тәрбиелік әрекетгерге катысады.
Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысында сынып сағатының алатын орны өте ерекше. Сынып сағаты - окушылардын адамгершілік қасиетін қалыптастыруда, өнер саласындағы талгам-тілектерін тәрбиелеуде, адамдар өмірінде кездесетін жағымды-жағымсыз мінез-кұлык, нормаларына, олардағы дұрыс көзкарасты калыптастыруға, елжандылык сезімдерін шындауда, сабактан тыс кезде өткізілетін тәрбие жұмысын ұйымдастырудың негізгі бір формасы болып саналады.
Сынып сағаттарын өткізу барысында оқушылардың танымдык, белсенділігі артады, оларда іскерлік, дағды касиеттері қалыптасады.
Сынып сағаты мынандай тәрбиелік кызметті аткарады: ағартушылык,, бағыттаушылык., болжамдылық және қалыптастырушылык.
Сынып сағатының ағартушылық кызметі оқушылардың оку бағдарламасында қамтылмаған білімдерінің көлемін кеңейтеді. Яғни, онда қарастыратын нысана өмірдің барлық құбылысын қамтиды.
Болжамдылық қызметінде оқушыларда ақиқат өмірге белгілі бір қарым-қатынасты қалыптастыру, оларда белгілі бір затгық және рухани құндылықтарды жасау болады. Егерде сынып сағатының ағартушылық қызметі айнала қоршаған өмірмен танысуға мүмкіндік берсе, ал болжамдылық оны бағалауға көмектеседі Бұл оның негізгі қызметі. Дегенмен де ол сынып сағатының ағартушылық қызметімен өзара
байланыста болады.
Бағыттаушылық кызметі оқушылардың өмірін шынайы практикалық, әрекетке бағыттауға көмектеседі, Егерде сынып сағатын өткізу барысында онда белгілі бір нақты бағыттың болмауы, онда оның ықпал ету әсері төмендейді, білім сенімге айналмайды, соның нәтижесінде тұлғаның мінез-құлкында келеңсіз сапалардың пайда болуына жағдай туады.
Қалыптастырушылық кызметі де жоғарыда 3 аталған, кызметін орындалуымен байланысты және оқушыларда ойланып істеу және өздерін, сонымен бірге өздерінің өмірін бағалауды дағдыға айнадыруды калыптастыруды, топпен диалог құра білу біліктілігін тәрбиелеу, өзінің пікірін корғай білуді көздейді :
Бүгінде тәрбие сағатын балалар әрекетінің сипатына, олардың белсенділігі және дербестігі, өздігінен жұмыс істеу дәрежесіне, тәрбие сағатын дайындау және өткізуде мұғалімнің рөлі қанншалықты екендігіне байланысты 3 түрге жіктеу қарастырылуда.
Біршшісіне, тәрбие сағатын өткізуде кең көлемде білім, мағлұматтың, өмірлік және педагогикалық тәжірибенің болуы талап етіледі. Мұндай жағдайда балалар әңгіме барысында тек кейбір сұрақтарды талқылауға, деректерді мен мысаддарды келтіруге тарпылады. Мысалы "Өзін-өзі тәрбиелеу туралы", "Өздігінен бідім алу дегеніміз не?"; "Есте сақтау қабілетін қалай дамытуға болады?", Көркемөнер талғамы және сән т.б. тәрбие сағаттарының тақырыптарын талқылауда ұстаздарды, мамандарды, психологтарды, лекторларда шакырған жөн. Мұндай жағдайда сынып жетекшісінің міндеті - окушылар алдында олардың шығып сөйлеуіне көмектесу, жагдай туғызу.
Екінші түрі, мұғалімдер мен окушылардың өзара бірлікте атқаратын әрекетімен сипатталады. Ондағы негізгі ойды анықтау негізінен мұғалімге жүктелсе, оның. Жолдарын, амал-тәсілдерін кұру әрі жүзеге асыру мұғалімнің оқушылармен бірлесіп атқаруытымен сипатталады. Оқушылар мүғалімнің басшылығымен тәрбие сағатының жоспарын және мазмұнын кұрайды, мұғалім оқушыларды талқыланып отырған сұракқа шақырып, олардың сөздерін ұйлесітіріп, бағытынынп қадағалап, оның барысын өзі жүргізеді. Онда каралатын мәселе такырыбына: "Адамның сырт көрініс мәдениеті", "Адамның сырт көрінісі және ішкі мәдениетінің әдемілігін тәрбиелеу", "Адам өміріндегі жолдастық, достықтың маңызы" т.с.с.
Үшінші түрі. оқушылардың өзіндік дербес белсенді жұмысымен сипатталады. Яғни, тәрбие сағатын дайындау, өткізу барысы оқушылардың өздеріне немесе белгілі бір нақты топқа тапсырылады. Сынып жетекшісі окушылармен бірігіп, оның негізгі ойын, бағытын және жоспарын құруда оларға көмектеседі. Тәрбие сағатын өткізу окушылардың өздеріне жүктеледі.
Тәрбие сағатые өткізу құрылымы негізінен 3 бөлімнен тұрады: ұйымдастыру, негізгі және қорытынды бөлімі.
Ұйымдастыру бөлімінде окушылардың назарын талқылап отырған такырыптың максат, міндеттерінің маңыздылығына аударып, оның барысымен таныстырады. Кіріспе сөзді оқушыларға ой тастайтындай проблемалык жағдаяттан немесе тақырыпқа катысты кейбір деректерден мысал келтіру аркылы ұйымдастырған жөн. Бұл оқушылардың қызығушылығы мен көңіл-күйін көтеруге мүмкіндік береді Ол шамамен 5-7 минут уақыт мөлшерін алады.
Негізгі бәлімнің міндеті тәрбие сағатының міндеттері мен қызметі арқылы анықталады. Бұл бөлімде жоспарда көрсетілген негізгі талқыланатын мәселелердің мазмұны ашып көрсетіледі. Окушылар тақырыпта қаралып отырған мәселеге катысты жаңа мағлұматтар алады, оған өздерінің көзкарастарын білдіріп және пікірлерін қосады, сонымен бірге алдын ала даярлаған материалдары бойынша жұмыс істейді. Белсенділік көрсетіп, оны кызу талкылайды. Соған орай тәрбие сағатьшының басым уакыт мөлшері осы бөлімге беріледі.
Бұл кезеңде мұғалім немесе сынып жетекшісі балалардың белсенді катысын орнықтырып, тәрбиелік ықпалды күшейтеді. Оның нәтижесі алдын-ала жасалған болжамға қаншалықты сай келетінін анықтайды.
Қорытынды бөлімде оқушылардың тәрбие са,атынан алған әсерлерін, қанағат сезімдерін орнықтыру, олардың жеке бастарына және сынып өміріне немесе мінез-кұлқына жаңа сипат ендіруте деген ықыластарьын ояту, келешекке деген талпыныстарын, сенімдерінің пайда болуына әсер ету. Бұл бөлім уакыт мөлшері жағынан шектеулі, онша ұзак болмайды. Себебі, оқушылардың негізгі бөлімінің мазмұны арқылы алған әсерлеріне кері ықпалын тигізбеуі және оларды мезі етпей, көбінесе демалысына, жақсы көңіл күйіне баса назар аудару қажет. Сонымен бірге сынып жетекшісі тәрбие сағатының корытынды бөлімінде оқушыларға кеңес беріп, оның жұмысын корытындылайды.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Тәрбие сағатын ұйымдастыру мақсатын түсіндіріңіз.
2.Тәрбие сағаты, Сынып сағаты ұғымдарына сипаттама беріңіз, айырмашылығын анықтаңыз.
3.Практика барысында тәрбие сағатын жоспарлап оны ұйымдастыруға дайындық жасаңыз.
4.Тәрбие сағатын өткізіңіз, оған талдау жасаңыз
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
4.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Қалиев С, Майғаранова Ш. Алматы, 2001.
5.Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Меңжанова А. Алматы, 2003.
6.Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Дүйсембекова Ш.Д. Семей, 2003.

8-тақырып
Оқушылырдың тәрбие жұмыстарының нәтижесінің талдауы және өз беттерінше талдау.
Мақсаты: өткізілген тәрбие жұмысын және оның нәтижесін талдау жұмыстарымен таныстыру. Педагогикалық талдаудың үлгісімен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: Педагогикалық талдау, тұжырымдама, талдау үлгісі.
Жоспары:
1. Тәрбие жұмысын және оның нәтижесін талдау.
2. Сыныпта тәрбиелік шараларды ұжым болып талдау.
3. Педагогикалық талдаудың рөлі және оның орны.

Тәрбиелеудегі кәсіптік деңгейде шебер ұйымдастыру, әлбетте педагогикалық талдаудан тұрады, оған байланысты ұстаздар тәрбиелеу жолдарының дұрыс-бұрыстығын, үлгерімдік деңгейін, ұйымдастыруды жетілдіріп немесе уақытқы, баланың жасына, оқйғалар мен жағдайларға қарап түзетіп отырады.
Педагогикалық талдау- бұл тәрбиенің мәндік элементтерін бағалап қарастырыу.
Қазіргі кездегі тәрбиенің негізгі мақсаттарының бірі ретінде әр оқушының гуманистік тұрғыдан белсенді субьект позициясына қойып оның өзін-өзі дамытуға, әлеуметтік өртаға бейімделуіне ықпал жасау болып табылады. Әр оқушының өзінің жеке менін дұрыс қалыптастыруда сынып жетекшілерінің атқаратын рөлі өте жоғары.
Бала әр дайым сынып ұжымында тәрбиеленгенімен оның жеке даралығын, оның қайталанбастығын, өзіндік ерекшелігін сақтап қалу сынып жетекшілерінің құзырында.
Тәрбиелік жұмыстар арнайы сынып жетекшісі құрастырған, мектеп әкімшілігі бекіткен тәрбиелік жоспары бойынша жүргізіледі. Тәрбиелік жұмыстарды жүргізу пән сабақтарына қарағанда қызықтырақ. Оның себебі пән сабақтарында балаларын дайындық деңгейлеріне байланысты білімдері бағаланады, үй тапсырмаларын орындаулары тексеріледі, сабақ үстінде қатаң тәртіптің сақталуы талап етіледі. Әрине, пән сабақтарында да тәрбиелік мақсаттар қойылып, оның міндеттері шешіліп жатады, дегенмен сабақтан тыс тәрбиелік жұмыстарды жүргізуде оқушылардың қызығушылықтарын есекріліп, олардың өз қабілеттерін жан-жақты дамытуларына көп қолайлы жағдай жасалады. Әр оқушы үшін осындай психологиялық- педагогикалық жағымдщы жағдай жасау үшін мұғалімнің ұйымдастырушылық, коммуникативтік қабілеті жоғары болуы қажет. Егер мұғалім тәрбиелік іс-шараларды дұрыс ұйымдастырып басқара алмаса, онда оқушылардың тәртібі нашарлап, олардың тәрбиелік, шығармашылық істерге ынтасы да төмендеп кетуі мүмкін.
Қазір қоғам талабына сай ҚР–ның білім беру ұйымдарындағы 2006-2011 оқу жылдарына арналған Тәрбие жұмысының кешенді бағдарламасы құрастырылып бекітілген. Аталған бағдарламада саяси және құқықтық мәдениет тәрбиесі, патриоттық тәрбие, рухани-адамгершілік тәрбие, есірткі және зиянкес заттардың алдын алу, ата-аналармен білім беру мекемелерінің әлеуметті қарым- қатынасы сияқты тәрбие жұмысының негізгі бағыттары қарастырылады.
Ең бастысы бұл өткізілетін тәрбиелік іс-шаралар оқушыларды қызықтыратындай ойластырылуы қажет. Сол үшін тәрбие сағатының жоспарын құруда оқушылармен ақылдасып олардың тәрбиелік іс-шаралардың қандай формасын қалайтынын анықтап алған абзал.
Мектептегі тәрбиелік іс–шараларға арнайы шақырылған қонақтар, әдіскерлер, мектеп әкімшілігі, көрермендерді де шақыруға болады. Олар қатысып отырған тәрбиелік іс–шараларға талдау үлгісін негізге ала отырып оның жоспарлануы, ұйымдастырылуы туралыталдау жасап баға береді. Сол үшін төмендегідей тәрбиелік іс–шараны негізге ала отырып кез келген тақырыпта тәрбие сағатын ұйымдастырса мұғалімдер алдын ала қандай мәселелерге көп көңіл бөлу керектігін біліп , оларға психололгиялық жағынан даяр бола алады.

Тәрбие жұмыстанын талдаудың үлгі нұсқасы.
1. Тәрбие жұмысын жүргізуші мұғалімнің аты жөні.
2. Тәрбие жұмысының мақсаты мен міндеттерін анықтауы.
3. Тәрбие жұмысын өткізу түрлерін анықтауы.
4. Іс-шараларды өткізудің дайындығын талдау:
а) тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар және ынталылар тобының құрамы (мұғалімдер, сынып белсенділері, ынталы топ, барлық ұжым);
б) оқушылардың қызығушылығын, жасерекшелігі, олардың тәрбиелік деңгейін ескеруі;
в) тәрбие жұмысын жоспарлау және дайындау ерекшеліктері;:
г) оқушылардың тұлғалық сапасына, ұжым ретінде біріктіруге тәрбие жұмыстарының дайындығының әсері.
5. Іс-шараларды талдау барысы:
а) тәрбие жұмысының құрылымын және оны ұйымдастыру әдістерін анықтау;
б) іс-шараның басындағы психологиялық даярлық, оған жету құралдары;
в) тәрбие жұмысын өткізу кезіндегі оқушылардың ұйымшылдығы және тәртіптілігі, оларды көтермелеу әдістері;
г) өтілетін тәрбие жұмысының мақсатына және міндетіне сәйкес өткізілу орнын (кабинет, зал) безендіру;
д) Тәрбие жұмысының барысында оқушыларды тарту, оқушылардың эмоциясына әсер ету құралдары, оқушылардың эмоциясын білдіру түрлері;
е) тәрбие жұмысының құрылымын және оны ұйымдастыру әдістерін негіздеу.
6. Тәрбие жұмысының қорытындысын талдау:
а) Қойынған міндеттер қандай дәрежеде жетілдірілді (қандай ұғымдар түсіндірілді, тереңдетілді, оқушылардың оған қандай қатысы бар, қарастырылған мәселелер бекітілді ме, алынған мәліметтерді өмірде пайдалануға балалардың қызығушылығы болды ма?)
б) жеке оқушылардың және ұжымның ары қарай дамуына тәрбие жұмысының әсері.
в) тәрбие жұмысының тиімділігін төмендететін әдістемелік қателіктер мен кемшіліктер және оларды жою жолдары.
Әр мұғалім өзін-өзі жетілдіру мақсатымен өзінің барлық іс- әрекеттеріне талдау жасап есеп бергені абзал, өйткені мұндай процесс мұғалім тұлғасының шыңдалуына, кәсіби жетілуіне, педагогикалық құзіреттердің қалыптасуына көп септігін тигізетіні анық. Тәрбиелік іс- шараны өткізіп болғаннан кейін оған әрұстаз өзіндік талдау жасауына болады. өзіндік талдаудың төмендегідей үлгісін ұсынамыз.
Тәрбие жұмысын өзіндік талдау.

1.Мақсаты бойынша:
1) Өткізілген тәрбие жұмысының мақсаты және оның тәрбие жалпы тәрбие мақсатымен сәйкестілігі.
2) Оқушылырдың жас ерекшелігіне, қажеттіліктеріне сәйкестілігі.
3) Өткізілген тәрбие жұмысының оқушылардың әлеуметтенуіне, қоғамдық қатынастарға бейімделуіне ықпалы.
2. Мазмұны бойынша:
1) Тәрбие жұмысы тақырыбының өзектілігі, көкейкестілігі.
2) Мазмұны тәрбиелік құндылығы, оқушының эмоциясына әсер ету мүмкіншілігі.
3) Тәрбие жұмысының мазмұнының оқушылардың өмірлік тәжірибесіне байланыстылығы.
4) Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың материалдарды меңгеру деңгейі, олардың осы мәселе бойынша сауаттылығы.
3. Өткізу әдістемесі бойынша:
1) Тәрбие жұмысын өткізу әдістемесін, түрін анықтау және оны ұйымдастырудағы нақтылық, мақсаттылық, уақытты дұрыс пайдалана білу.
2) Оқушылардың белсенділігі, өз бетімен жұмыс істей білу қабілеттері, оны қамтамасыз етіші әдістер мен тәсілдер.
3) Ішкі және сыртқы көрнекіліктерді, техникалық оқыту құралдарын пайдалану.
4) Тәрбие жұмысын ұыймдастырушылар және қатысушылар арасында дұрыс қарым- қатынастың болуы, оған жету жолдары мен құралдары.
5) Тәрбие жұмысын өткізу түрінің (кеш, пікірталас, кездесі т.б.) ерекшелігін ескеру.
6) Мұғалімнің педагогикалық қабілеттілігі, педагогикалық техниканы меңгеру деңгейі, мұғалімніңғ педагогикалық шеберлігі.
4. Нәтижелілігі бойынша:
1) Алдына қойған мақсатқа жету, міндеттерді жүзеге асыру деңгейі.
2) Оқушылардың өткізген іс- шаралаға қатынасы, қызығушылығы, белсенділік деңгейлері.
3) Тәрбие жұмысын өткізудегі қол жеткізген жетістіктер, оны қарай дамыту жолдарының мүмкіндіктері.
4) Тәрбие жұмысын өткізудегі кемшіліктерді анықтау, олардың себептері және оларды болдырмау жолдары.
Сонымен, тәрбиелік ықпалды кәсіптік деңгейде шебер ұйымдастыру педагогикалық талдаудан тұрады, оған байланысты ұстаздар тәрбиелеу жолдарының дұрыс-бұрыстығын, үлгерімдік деңгейін, ұйымдастыруды жетілдіріп немесе уақытқа, баланың жасына, оқиғалар мен жағдайларға қарап түзетіп отырады.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тәрбие жұмысын талдаудың қажеттігін дәлелдеңіз.
2. Ұсынылған тәрбие жұмысын өзіндік талдау үлгі бойынша педагоггикалық іс-тәжірибе барысында өткізген тәрбие сағатына талдау жасаңыз.
3. Педагогикалық талдаудың мақсатын түсіндіріңіз.
4. Тәрбиелік шараларды ұжым болып талдау дегеніміз ... ... ... ... ... ... .?.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
4.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Қалиев С, Майғаранова Ш. Алматы, 2001.
5.Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Меңжанова А. Алматы, 2003.
6. А.Е. Берикханова. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. А,2009

9-тақырып
Сынып жетекшісінің ата- аналармен жүргізілетін жұмысының түрлері.
Мақсаты: Сынып жетекшісінің ата–аналармен жүргізілетін жұмысының түрлерімен таныстыру. Ата – аналарды тәрбие процесін жетілдіруге тарту мақсатын анықтау. Отбасының негізгі қызметтері және отбасынадағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдарын түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: отбасы, ата–аналармен жүргізілетін жұмыс, сынып жетекшісінің отбасымен байланысы, конференция өткізу, дәрістер, ата- аналар жиналысы.
Жоспары:
1. Сынып жетекшісінің ата–аналармен жүргізілетін жұмысының түрлері.
2. Ата – аналарды тәрбие процесін жетілдіруге тарту.
3. Отбасының негізгі қызметтері және отбасынадағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдары.

Ата аналардың өз баларының жан дүниесін жақсы түсінуі, оларға отбасында дұрыс та тиімді тәрбиелі орта тудыру үшін,бала тәрбиесіне қатысты білімі және біліктерін ұдайы көтеріп отыруы қажеттілігін өздері түсінуі тиіс.Сол үшін де мектептін,сынып жетекшісінін ата аналармен педагогикалық жұмыс жүргізуі,оның бағытын дұрыс ұйымдастырып отыруы міндеттелінеді.
Соңғы жылдары педагогикалық әдебиеттерде ата аналарды тәрбиелеу деген ұғым пайда болуда.Ондағы көзделген мақсат ата аналарға бала тәрбиесіне қатысты педагогиқалық кеңес,оқуды ұйымдастыру,соған сәйкес олардын педагогикалық білімдерін жетілдіріп отыруды көздейді. Ғалымдардың айтуынша, әр елде, сонымен қатар отандық педагогикада жүргізілген зерттеу жұмыстарының нәтижесіне сай,ата аналар балаларын тәрбиелеу барысында мұғалімдердін ақыл кеңестерін,практиқалық көмектерін аса қажет етеді.Олардын ұйымдастыруындағы ақыл кеңес тек отбасы жағдайы сәтсіз ата аналарға ғана қажет емес,сонымен бірге отбасы тәрбиелі ата аналарға да керек.Себебі,қоғамның қарқынды дамуы осы бағытта жаңа талаптар қоюда.Сондықтан,ата аналарға бала тәрбиесінде біріншіден,педагогиқалық білімдерді жинақтауға,екіншіден,олардың өздерінің тәрбиелі және дамуын міндеттейді.Егерде мектеп пен ата аналардың тәрбиешілік өзара әрекетін бірілікте ұйымдастырса,бұл шешімін табатын міндеттер.Ол мектеп тәжірибесінде мұғалімдердін ата аналармен кездесуін,ата аналар белсенділерімен жұмыс істеу,ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер ұйымдастыру,конференция өткізу секілді жұмыстар барысында атқарылады.
Ата аналармен жеке кездесу.
Сынып жетекшілерінің,мұғалімдердін ата аналармен жеке кездесуі мектеп өміріне дәстүрге айналған.Оқушылардын отбасына бару,ата аналарды мектепке шакыру арқылы сынып жетекшілері олармен кездеседі.Ата аналармен әңгімелесудің барысында баланын мінез құлқы,ынтасы мен қабілеті,қызығушылығы мен бейімділігі,отбасы мүшелерімен,жолдастарымен қарым қатынасы жайлы түсінік алады.Сонымен бірге, сынып жетекшілері ата аналарды балаларынын үлгерімі,қоғамдық жұмысқа белсенділігі,кейбір қылықтары туралы мәліметтермен таныстырады.Оқушылардын күн режимі,оларды еңбекке баулу,үйге берілген тапсырмаларды орындау жайлы ата аналарға педагогикалық кеңес береді.
Ата аналар жиналысы.
Ата аналар жиналысы мектеп бойынша жылына екі рет,сыныптар бойынша төрт рет өткізіледі.Жиналысты дұрыс ұйымдастырып өткізугеата аналар комитеті мен ата аналар белсенділері және мектеп басшылыра сынып жеткешілерімен бірдей жауап береді.Ата аналар жиналыстарында оқу тәрбие жұмысы қаралады,оның сапасын жақсартудын негізгі жолдары белгіленеді.Мектеп өмірінде тақырыптық ата аналар жиналыстарын отырудын зор тәрбиелік мәні бар.Мұндай жиналыстардын мақсаты ата аналарды психологиялық педагогикалық білім мен тәжірибе жаналытарымен таныстыру,ой қорыту.Мұғалімдердін басшылығымен оқушылар көркем өнерпаздар үйірмесінін мүшелері ата аналар алдында өнер көрсетеді.
Ата аналар комитеті
Ата аналар жұртшылығынын тұрақты органы ата аналар комитеті.Ол мектеп ұжымымен біріге жұртшылықтын көмегін пайдалана отырып,оқу тәрбие және шаруашылық жұмыстарын жақсартудын шараларын жасайды,оларды іске асырудын барлық мүмкіншіліктерін қарастырады.Ата аналар комитеті айналысатын басты мәселелер:мектеп және сыныптар бойынша ата аналар жиналыстарын,коференцияларын,семиналарын өткізуге көмектесу;университетке ата аналарды тарту,қатысуларын бақылау;үлгірмейтін және қиын баларды шефке алу,сынып жетекшілеріне көмектесу;үйірме жұмыстарын басқару;балалардын жазғы демалысын ұйымдастыру;экскурсияларды,жорықтарды,ұйымдастыруға қатысу;мектеп үйін жөндеу т.б.
Ата аналар белсенділерімен жұмыс
Белсенділер мектептін барлық жұмысына қатысады,ата аналармен қарым қатынас жасайды,пікір алысады,оларға көмек көрсетеді,ата аналар конференциясын және жиналыстарын,оқушылардын үйірме жұмыстарын өткізуге көмектеседі,еңбек тәрбиесін,қоғамдық пайдалы жұмысты және өнімді еңбекті ұйымдастыруда өз үлесін қосады.Мектеп үйін,спорт алаңын жөндеу жұмысына қатысады.Жеке отбасымен жұмыс істейді,бала тәрбиесіне салқын және жауапсыз қарайтын ата аналарға ықпал жасайды,кейбір,әсіресе қиын балаларды шефке алады,оларға қажетті көмек көрсетеді.Ата аналар белсенділері мұғалімдер ұжымынын үлкен тірегі.Сондықтан, мектеп басшылары,ата аналар белсенділнрімен арнайы жұмыстар жүргізеді.Олар үшін семинарлар,коллоквиумдер ұйымдастырып,тәрбие үрдісі мен ұстанымдары,әдістері мен тәсілдері,баланың жасына қарай дене және психикалық даму ерекшеліктері жайлы теориялық және практикалық білімен
Белсенділер мүшелерін қаруландырады.
Ата аналар үшін әңгімелер мен дәрістер
Педагогикалық және психологиялық тақырыптарға сай ата аналарға түрлі әңгімелер және дәрістер өткізіледі.Олардын мазмұны ата аналардын білім дәрежесіне,тілектері мен мүдделеріне сай болуы тиіс.Әсіресе,мектеп жайлы газет және журнал беттерінде жарияланған озат тәжірибелерге әңгімелер мен дәрістерде үлкен мән беріліп,оның күн тәртібіндегі өзекті мәселе екендігі ата аналар арасында дұрыс насихаталуы керек.Жоғары сынып оқушыларымен өткізілетін тәрбие жұмысы мазмұнын өзіндік ерекшеліктері бар.Оқушылар ғылым негіздерін игереді,адамгершілік еңбек тәжірібиесінің барысында,олардын көз қарастары қалыптасады,қоғамдық пайдалы және өнімді еңбекке өзін өзі даярлауға бет бұрады.Ата аналар үшін мұндай ағартушылық жұмыс алдын ала белгіленген бағдарлама бойынша,негізінде әрбір ат аналар жиналысы бастапқы бөлімінде белгілі бір мамандарды немесе озық тәжірибелі мұғалімдерді шақыру барысында жүргізіледі.
Конференция өткізу
Отбасы тәрбиесінін басты мәселелері жайлы пікір алысу негізінде параллельді сыныптарды қатыстыру барысында ата аналарымен конференциялар өткізіледі.Конференцияға жұртшылық және еңбек ұжымдарынын уәкілдері де қатыса алады.Конференцияда талқыланатын тақырыптар күні бұрын ұсынылады.Мысалы балаларды тәрбиелеуде мектеп пен отбасынын ынтымақтастығы.Сонымен бірге кейбір отбасында бала тәрбиесі жайлы тәрбиелер еске алынып,конференцияларда ата аналардын:”үйге берілген оқу тапсырмасын орындауда мен балама қалай көмектесемін”,”біздін отбасындағы еңбек тәрбиесі ”,”отбасында бала бос уакытын қалай пайдалану керек” сияқты баяндамалары тыңдалады.Конференция кезінде көрме ұйымдастырылып,отбасылық тәрбие тақырыптарына түрлі экспонаттарды көрсетуге болады.Олар ата аналардын үлгі істері,отбасылық тәрбие жайлы педагогикалық әдебиетер,олрадын тізімі,оқушылардын отбасындағы күн режимі,отбасы тәрбесі туралы жасалған баяндамалардын мәтіні,теле және кинофильдердін тізімі т.б.
Ата аналар лекторийлері
Бұлар мектептердін,балалар бақшаларының,мәдени сарайлары мен үйлерінің жанынан ұйымдастырылады.Лекторий жұмысы бір немесе екі жылға жоспарланып,онда арнаулы бағдарлама бойынша ата аналар үшін дәрістер оқылады. Облыстық мұғалімдер білімін жетілдіру институттары мен облыстық педагогикалық білім қоғамы лекторийлердін бағдарламасын жасап,өздерінін біріккен кеңесінін мәжілісінде бектеді, мысалы, мынадай тақрыптарды ұсынуға болады
1. қоғамдық және отбасылық тәрбие,олардың бірлігі.
2. балалар мен жеткіншектерді еңбекке даярлауда, сүйген мамандығын саналылықпен таңдауда өнеркәсіп,ауыл шаруашылық өндірістерінін тәрбиелік ролі.
3. жыныс тәрбиесі,жастарды некелік отбасылық өмірге дайындау.
Ата аналар университеттері
Ата аналарға,жұртшылыққа жүйелі педагогикалық білім брген ата аналар университтері және халық университтерінін жанынан педагогикалық факульттер ұйымдастырылады. Университтерде оқу мерзімі екі жыл.Оқу сабақ кестесі бойынша жүргізіледі.Университетке түсетін адамдар мектеп жанындағы ата аналар комитеті арқылы қабылданады.университетке түскендер педагогика,балалар психологиясы,жас ерекшелік физиологиясы,мектеп гигиенасы мәселелерін және халықралық жағдайдан,өнер,медицина,құқық және заң тақырыпартарынан дәрістер тыңдайды,семинарға қатысады,рефераттар жазады.Мектеп тәжірибесінде озық ойлы шығармашылық пен жұмыс істейтін мұғалімдер ата аналармен жұмыс істеу барысында жоғарыда аталған дәстүрлі формалардан басқа бейдәстүр формаларын да қолданады.Дегенменде мектеп пен отбасыны өзара қарым қатынасынын нәтижелі болуы көбінесе педагогикалық тұрғыдан таңдалған қарым қатынас пен өзара әрекет формасына байланысты.Олардын негізіне міндетті түрде бес жағдайыды ескеру қажет
1. оқушыға қатысты жағымды қарым қатынастын болуы.
2. мұғалімдердін ата аналар тарапынан болатын кенестеріне өте мұқият назар аударуы.
3. оқушы тұлғасында пайда болған жағымсыз құбылыстын себебі бірлесіп анықтау,талдау және оны жоюдын тәсілін бірге қарастыру.
4. оқушы тұлғасына немесе сынып ұжымына нәтижелі әсер етудін формалары мен тәрбиелік ортасын табуда бірлесе іс қимыл көрсету.
5. мұғалімдердін ата аналарымен қарым қатынасында педагогикалық әдептін,этиканын қатаң сақталуы.
Олай болса, мұғалімдермен, сынып жетекшісі және ата аналардын өзара жағымды қарым қатынасын ұйымдастыруға сай жоғарыда аталған бес жағдайдын межеге айналуы, бала тәрбиесіндегі олардын өзара тәрбиелік ұйымдастырушылық әрекетін біртіндеп жоғары деңгейде нәтижелі болуға септігін тигізеді.
Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тəрбие мекемелері, балалар жəне жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары – бұлардың бəрі де тұлға дамуындағы қалыптастырушы ықпал жасайтын ерекше тəрбиешілер тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тəрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткіншектер ұйымдары қарым-қатынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, əрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таңдайды, соның ықпал тəуелділігінде болады.
Осыдан тəрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.
Бала үшін отбасы – ең алғашқы да аса белсенді тұлғалық қалыптасу көзі. Осыдан отбасында қабылданған көзқарастар, салт-дəстүрлер, ұстанымдар, əрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.
Отбасы белгілі қызметтерді атқарады:
- қайта өндіру (репродуктивті) –ұрпақ келтіру (тек жалғастыру тума əрекеті, перзентті болу, оларды өсіру жəне тəрбиелеу қажеттігі);
- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық жəне қаржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық жəне оларды материалды қамсыздандыру);
- тəрбиелеу (отбасы, оның əрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ықпал жасап баруы; өмірлік тəжірибе, инабаттылық тəртіптері мен адамгершілік құндылықтарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті – отбасы ішіндегі қатынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, əлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);
- қайта қалыпқа келу (рекреативті – бос уақыттарындағы демалыс іс-əрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету).
Отбасы тəрбиелік қызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, əлеуметтік –мəдени салт-дəстүрлеріне жəне ол енген қауымдастыққа тəн талап-тəртіп ұстанымдарына байланысты.
Тұлғаның əлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тəжірибе өткізуге бағытталған əрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы жəне ықпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, қызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-аналар мүмкіндіктері орасан.
Отбасылардың өздеріне тəн ерекшеліктеріне орай топтасуы төмендегідей:
Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш əулетті отбасылар – ата-аналар, балалар, немерелер; екі əулетті отбасы- ата-аналар жəне балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз жəне т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы жəне даму жағдайларына байланысты (жарасымды жəне қисыны кеткен жанұялар); отбасылық тəрбие стиліне орай (əкімшіл, адамгершілікті, либералды).
Əкімшіл (авторитарлы) отбасы – бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.
Адамгершілікті қатынас түрі (стилі) ата-аналардың бала тұлғасына болған сыйластық, құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін қабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлақ түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, əрдайым табысты əрекет қуанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі, олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нəзік сырларын ортаға салып, проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мəртебесін сезінеді.
Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді. Балалар ата-аналарының əсіре сүйіспеншілігін қорғаныс етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тəртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.
Өз перзентіне шынайы қамқорлық пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтық) стильді қолдана отырып, орынды жерінде əкімшіл не либералды тəрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.
Отбасында тиімді тəрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:
- баланы бар қалпында сүю, құрметтеу қажет;
- балаға əсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыққандығы мəнді;
- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сəйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тəрбие əдісін таңдап, қолдануға болады;
- баланың не айтқысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
- жазаны істеген келеңсіз əрекеті үшін қолдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман);
- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен əңгімелесіп, əрекетінің себебін анықтап, кейін шешім қабылдаған жөн: жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз балаңның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;
- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;
- өз балаңызға қанша рет жоқ деп, бетін қайтаратыныңызға мəн беріп көріңіз, содан қорытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тəуелді;
- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-анасының өз өміріне шын ықыласпен араласқанын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;
- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн, себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;
- баланы қиындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды.
Отбасы тəрбиесінде қолданылатын басты əдістер – бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-əрекет, əңгіме-сұхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. Мендей бол!, Мендей істе! ұранымен тəрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеттігін үйретіп, сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім мен енді сені тəрбиелемеймін - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бəрі: - баланы қалыптастыруда өз үлесін қосып барады. Балаға болған қатынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тəрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ –тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік əдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Сынып жетекшісінің ата–аналармен жүргізілетін жұмысының қандай түрлері бар?
2. Ата – аналарды тәрбие процесіне тарту жолдарын көрсетіңіз.
3. Отбасының негізгі қызметтерін атаңыз.
4. Отбасынадағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдары сипаттаңыз.
5.Баланы отбасыда дұрыс тəрбиелеудің шарттары қандай?
6.Отбасыдағы тəрбие əдістерін атаңыз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері. Атемова Қ.Т. Алматы, 1998.
4.Педагогика: оқулық. Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Р.Ильясова. Астана:2007ж
5.Педагогика тағылымы. Табылдиев А.

3. Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні бойынша семинар
тапсырмалары.

Семинар сабақтарының мазмұны.

1-тақырып.
Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесінің пәні және міндеттері.
Мақсаты: Тәрбиенің тұтас педагогикалық процесс ретіндегі мәнін ашу және қазіогі қоғамдық даму кезеңіндегі тәрбие формасы , құралы., әдістері мазмұнын сипаттау.
Негізгі ұғымдар: теория, әдістеме, процесс, әдіс, қызметі, қозғаушы күш.
Жоспар:
1. Тәрбие мақсаты, міндеттері, мәні және ерекшеліктері.
2. Тәрбиенің қозғаушы күштері.
3. Тәрбие әдістері, оның мәні мен қызметі.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тәрбие процесін түсіндіріңіз.
2. Тәрбиенің әлеуметтік мәні неде?
3. Тәрбиенің қозғаушы күшін анықтаңыз.
4. Тәрбие әдістерін сипаттаңыз.
5. Тәрбие мақсаты дегеніміз не ?
Әдебиеттері:
1. Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2. Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Мектеп, 1987 ж
3. Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
4. Педагогика тағылымы. Табылдиев А.
5. Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

2-тақырып.
Мектеп тәрбие жүйесі ретінде. Мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар тәрбие жүйесінің субъектісі ретінде.
Мақсаты: Студенттерді мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар жайлы толық мәліметпен қаруландырып, мектептегі тәрбие жүйесінің маңыздылығын түсіндіру. Сонымен қатар сынып жетекшісінің рөлі мен қызметі жайлы нақты ақпарат беру.
Негізгі ұғымдар: педагогикалық кеңес, жеке тұлға, топ жетекші, сыныптық сабақ жүйесі, сынып жетекші, мақсат қоюшылық, жоспарлау, жобалау, педагогикалық қызмет,әлеуметтік- гуманитарлық қызмет, ұйымдастырушылық қызмет.
Жоспары:
3. Мектептегі тәрбие жүйесі мектептің біртұтас әлеуметтік-педагогикалық құрылымы және балаларды әлеуметтендіру мен дамытудың мақсатты факторы ретінде.
4. Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің рөлі. Сынып жетекшісі және оның негізгі қызметтері. Сынып жетекшісінің пегагогикалық процестегі орыны.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Мектептің тәрбиелік жүйесінің негізгі қызметтерін сипаттаңыз..
2. Сынып жетекшісінің тәрбие жүйесінде негізгі рөлі қандай?
3. Сынып жетекшісінің қызметін атаңыз.
3.Сынып жетекшісінің педагогикалық процестегі орнын анықтаңыз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

3-тақырып
Сыныптың тәрбие жұмысының жүйесі тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы ретінде.
Мақсаты: Студенттерге сыныптық тәрбие жұмсының жүйесі туралы түсінік беру, балалар ұжымын ұйымдастырудағы мұғалімнің рөлі туралы, оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымдары туралы мәлімет беру. Өмірде және нақты еңбек іс-әрекетінде алған білімді қолдана білуге үйрету, іскерлікке, педагогикалық шеберлікке төселту.
Негізгі ұғымдар: ұйым, бірлестік, өзін- өзі басқару, қалыптастырушы орта.
Жоспар:
1. Мектеп сыныбы тәрбие жұмысы жүйесінің бастапқы өзегі ретінде.
2. Сынып жетекшісінің тәрбиелеуші ортаны ұйымдастыру және дамыту әрекеті.
3. Балалар ұжымында жеке оқушымен жұмыс істеу маңыздылығы, әдістемесі.
4. Сынып ұжымында оқушылардың өзін-өзі басқаруы: маңызы, құрылымы.
5. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктері сынып оқушыларын тәрбиелеуші және дамытушы ортаны қалыптастырушы ретінде, олардың белгілері, қазіргі кездегі қызметі.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Мектеп сыныбының тәрбие жұмысы жүйесіндегі рөлін анықтаңыз.
2.Сынып жетекшісінің ортаны ұйымдастыру және дамыту әрекетін сипаттаңыз.
3. Оқушылар ұжымы дегеніміз ... ... ... . Олардың мақсаты.
4. Оқушылардың өзін-өзі басқаруының құрылымы қандай?
5. Балалардың ұйымдары мен бірлестіктерінің мақсатын анықтаңыз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

4-тақырып
Сыныпта және мектептен тыс тәрбие жұмысы.
Мақсаты: Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мазмұнын түсіндіру. Тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлін анықтау. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттерін және формаларын сипаттау.
Негізгі ұғымдар: сыныптан тыс тәрбие, формасы, сыныптан тыс тәрбие қызметі, әлеуметтік қалыптасу, тәрбие әрекеті.
Жоспар:
1. Сыныптан тыс тәрбие жұмысы, тәрбие жүйесінде оның орыны және рөлі.
2. Сыныптан тыс тәрбие жұмысының міндеттері, мазмұны, формалары.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сыныптас тыс тәрбие міндеттерін атаңыз.
2.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының қызметтеріне анықтама беріңіз.
3.Сыныптан тыс тәрбие жұмысына анықтама беріңіз.
4.Сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсат және міндеттерін анықтаңыз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.

5-тақырып.
Мектеп және сыныптың тәрбие жұмысының диогностикасы.
Мақсаты: Оқушылардың дамуындағы проблемаларды анықтау жолдарын меңгерту. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыруы үшін өз оқушыларын жақсы білуі қажеттігін түсіндіру, олардың дамуын қадағалауы, тәрбиесіндегі проблемаларды көре білу жолдарын меңгерту.
Негізгі ұғымдар: диогностикалау, тәрбие жұмысын жетілдіру, кешенді зерттеу, зерттеу әдістері.
Жоспар :
1. Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын жетілдіруді диогностикалау.
2. Оқушылар ұжымының тәрбиесін диогностикалау әдістемесі.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Сынып ұжымындағы тәрбие жұмысын диогностикалаудың мақсатын түсіндіріңіз.
2.Оқушылар ұжымының тәрбиесін диогностикалау әдістемесін жүргізіңіз.
3. Диогностика әдістері және оларға анықтама беріңіз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
4.Болдырев Н.И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. -А.: Мектеп, 1987 ж

6-тақырып.
Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысының мақсатын қою және жоспарлау.
Мақсаты: Тәрбие жұмыстарының жоспарлану жолы мен тәртібін меңгеру. Тәрбие жұмыстарының түрлеріне жеке-жеке тоқталып, олардың ерекшеліктерін, айырмашылықтарын байқап, қай жерде және қандай жағдайларда қолданылатындарын білу. Оларды болашақ педагогикалық жұмыс барысында орынды да шебер пайдалана білудің амалдарын оқып-білу және жетік меңгерту.
Негізгі ұғымдар: жоспар, тәрбие жұмысын жоспарлау, талаптар.
Жоспар:
3. Тәрбие жұмысын жоспарлау және оған қойылатын негізгі талаптар.
4. Тәрбие жұмысы жоспарының құрылымы және тәрбиелік іс- шаралардың формалары.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Тәрбие жұмысын жоспарлаудың мақсатын түсіндіріңіз.
2. Жоспарға қойылатын негізгі талаптарды анықтаңыз.
3.Тәрбие жоспарының құрылымын түсіндіріңіз.
4. Тәрбиелік іс- шаралардың формалары дегеніміз ... ... ... ...
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
4.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Қалиев С, Майғаранова Ш. Алматы, 2001.
5.Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Меңжанова А. Алматы, 2003.
6.Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Дүйсембекова Ш.Д. Семей, 2003.

7-тақырып
Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру.
Мақсаты: Оқушылардың сыныптан тыс тәрбие жұмысын ұйымдастыру туралы толық мағлұмат беру. Білім бере отырып, оқушылардың тәрбие сағаттарын ұйымдастырушылық қабілетін арттыру.
Негізгі ұғымдар: Тәрбие сағаты, Сынып сағаты, ұйымдастыру,
Жоспар:
1. Тәрбие сағаты және оны ұйымдастыру.
2. Тәрбие сағаты, Сынып сағаты ұғымдарына сипаттама.
3. Тәрбие сағатын жоспарлау және оны ұйымдастыруға дайындық.
4. Тәрбие сағатын өткізу.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1.Тәрбие сағатын ұйымдастыру мақсатын түсіндіріңіз.
2.Тәрбие сағаты, Сынып сағаты ұғымдарына сипаттама беріңіз, айырмашылығын анықтаңыз.
3.Практика барысында тәрбие сағатын жоспарлап оны ұйымдастыруға дайындық жасаңыз.
4.Тәрбие сағатын өткізіңіз, оған талдау жасаңыз
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
4.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Қалиев С, Майғаранова Ш. Алматы, 2001.
5.Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Меңжанова А. Алматы, 2003.
6.Тәрбие үрдісінің ерекшеліктері. Дүйсембекова Ш.Д. Семей, 2003.

8-тақырып
Оқушылырдың тәрбие жұмыстарының нәтижесінің талдауы және өз беттерінше талдау.
Мақсаты: өткізілген тәрбие жұмысын және оның нәтижесін талдау жұмыстарымен таныстыру. Педагогикалық талдаудың үлгісімен таныстыру.
Негізгі ұғымдар: Педагогикалық талдау, тұжырымдама, талдау үлгісі.
Жоспары:
1. Тәрбие жұмысын және оның нәтижесін талдау.
2. Сыныпта тәрбиелік шараларды ұжым болып талдау.
3. Педагогикалық талдаудың рөлі және оның орны.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Тәрбие жұмысын талдаудың қажеттігін дәлелдеңіз.
2. Ұсынылған тәрбие жұмысын өзіндік талдау үлгі бойынша педагогикалық іс-тәжірибе барысында өткізген тәрбие сағатына талдау жасаңыз.
3. Педагогикалық талдаудың мақсатын түсіндіріңіз.
4. Тәрбиелік шараларды ұжым болып талдау дегеніміз ... ... ... ... ... ... .?.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Сынып жетекшісі Қожахметов К. Алматы, 2001.
4.Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық негіздері. Қалиев С, Майғаранова Ш. Алматы, 2001.
5.Тәлім-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру. Меңжанова А. Алматы, 2003.
6. А.Е. Берикханова. Педагогикалық мамандыққа кіріспе. А,2009

9-тақырып
Сынып жетекшісінің ата- аналармен жүргізілетін жұмысының түрлері.
Мақсаты: Сынып жетекшісінің ата–аналармен жүргізілетін жұмысының түрлерімен таныстыру. Ата – аналарды тәрбие процесін жетілдіруге тарту мақсатын анықтау. Отбасының негізгі қызметтері және отбасынадағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдарын түсіндіру.
Негізгі ұғымдар: отбасы, ата–аналармен жүргізілетін жұмыс, сынып жетекшісінің отбасымен байланысы, конференция өткізу, дәрістер, ата- аналар жиналысы.
Жоспары:
1. Сынып жетекшісінің ата–аналармен жүргізілетін жұмысының түрлері.
2. Ата – аналарды тәрбие процесін жетілдіруге тарту.
3. Отбасының негізгі қызметтері және отбасынадағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдары.
Студенттердің білімдерін бақылауға арналған сұрақтар:
1. Сынып жетекшісінің ата–аналармен жүргізілетін жұмысының қандай түрлері бар?
2. Ата – аналарды тәрбие процесіне тарту жолдарын көрсетіңіз.
3. Отбасының негізгі қызметтерін атаңыз.
4. Отбасынадағы тәрбиені ұйымдастырудың жолдары сипаттаңыз.
5.Баланы отбасыда дұрыс тəрбиелеудің шарттары қандай?
6.Отбасыдағы тəрбие əдістерін атаңыз.
Әдебиеттері:
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.Оқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
3.Мектеп пен отбасының бірлескен жұмысының бүгінгі күнгі ерекшеліктері. Атемова Қ.Т. Алматы, 1998.
4.Педагогика: оқулық. Ш.Құрманалина, Б.Мұқанова, Р.Ильясова. Астана:2007ж
5.Педагогика тағылымы. Табылдиев А.

4. Студенттердің өздік жұмыстары.

СОӨЖ тапсырмаларының кестесі



Тақырыптар
СОӨЖ
Тапсырма мазмұны
Формасы
Сағат саны
Ұпай
Саны
Өтілу мерзімі
1
Тәрбие жұмысының формалары.
Схема арқылы тәрбие жұмысының формаларын анықта және әр-біреуінің мәнін аш, қолдану мазмұнын көрсет.
Жазбаша
1
1
1-апта
2
Сынып оқушыларының өзін-өзі басқаруын ұйымдастыру.
Бір ұйымды алып, талдау жаса
Баяндама
1
1
3-Апта
3
Сынып жетекшісінің маңыздылығы.
Дискуссия:
1) Сынып жетекшісі қажет.
2) Сынып жетекшісі қажет емес.
(көзқарас, пікірлер, фактілер т.б)
Ауызша
1
1
1-Апта
4
Оқушылардың жеке басына және сынып ұжымына мінездеме жазу.
Оқушы тұлғасы және сыныптағы оқушылар ұжымын зерттеуге арналған бағдарлама негізінде студенттердің өзіне, топ студенттеріне мінездеме жазу. (Мыс: үзіліссіз педагогикалық практика кезінде бекітілген сыныптағы бір оқушыға және сыныпқа)
Жазбаша
1
1
3-Апта
5
Тәрбие жоспарының үлгісі.
Сынып сағаттарының жоспарын құру, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының бағыттары және оқушыларды тәрбиелеу мәселелері бойынша жұмыстарды проектлеу.
Жоспар құру. Жазбаша
1
1
1-Апта
6
Оқушылардың тәрбие жұмыстарының нәтижесінің талдауы және өз бетінше талдау.
Студенттік аудиторияда студенттердің даярлаған немесе өткізген сынып сағаттарының нәтижесін және олардың конспектісін талдау.
Талдау жаса. (Жазбаша)
1
1
3-Апта
7
Тақырып бойынша тәрбие сағатының үлгісін жасау.
Сынақ тәрбие сағатын өткізу

1,5
1
1-Апта

СӨЖ тапсырмаларының кестесі


Тақырыптар
СӨЖ
Тапсырма мазмұны
Әдебиет
Фор
масы
Сағат саны
Ұпай
саны
Өтілу мерзім
1
Құқықтық тәрбие әдістемесі.
Мектепте сынып жетекшісінің құқықтық тәрбиені ұйымдастыру формалары.
Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесіОқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
Реферат
9
1
3-апта
2
Ұжымдық тәрбие негіздері.
И.П.Иванов бойынша ұжымдық шығармашылық істердің сипаттамасы. Талдау жаса.
Ұжымдық шығармашылық істердің маңыздылығы
Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесіОқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж
Реферат

9
1
2-апта
3
Тәрбие процесінде инновациялық әдістерді қолдану.
Қазіргі кездегі тәрбиеде қолданылатын инновациялық әдістерді схема бойынша анықтап көрсет, мазмұнын түсіндір, мәнін анықта.
А.Ж.Едігенова. Сынып жетекшісі- тәрбие жұмысын ұйымдастырушы: Оқу құралы. Семей.2008ж
Тірек схема жаса.
9
1
4- апта
4
Мың бала патриоттық қозғалысының бағдарламасы.
1.Қажеттігі
2. Мазмұны.
3.Мәні.

1.З.Ә Әбілова, К.М.Қалиева. Этнопедагогика.А-1999ж
2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003
Реферат.
9
1
2-апта
5
Жеке оқушымен жұмыс
Озық тәжірибелермен танысу, тиімділігін анықтау. Мерзімді басылымдарды шолу.
Дарынды және педагогикалық тұрғыдан қараусыз қалған балалармен тәрбие жұмысы.
1.Әбенбаев С.Ш. Тәрбие теориясы мен әдістемесіОқу құралы.–Алматы.: Дарын, 2004 ж 2.Сынып жетекшісі. Әбенбаев С.Ш. Алматы, 2003.
Ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу.
9
2
3-апта



Ұқсас жұмыстар

Химияны оқыту әдістері
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту
Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау
ИНФОРМАТИКАНЫ ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ Бастауышты оқытудың әдістемесі мен педагогикасы мамандығы үшін
Бастауыш мектептің математика сабақтарында ұлттық және дидактикалық мазмұнды ойын есептерін қолдану арқылы оқушылардың ой-өрісін дамыту жайлы
Физиканы оқыту әдістемесі
Педагогикалық пәндер жүйесіндегі тарихты оқыту әдістемесі
Болашақ мұғалімдерді педагогикалық өлкетану жұмысына даярлығын қалыптастырудың тиімділігін тәжірибелі педагогикалық жолмен тексеру
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы