Лоренц коэффициенті
Тест тапсырмалары арқылы студенттердің білімдерін бақылау түрі ретінде республиканың жоғары оқу орындарында өткен жүз жылдықтың 90–шы жылдарынан бастап кеңінен қолданылды. 1993 жылы ҚазақстанРеспубликасы Білім беру Министрлігінің О разработке инструментария аттестации учебных заведений №371 бұйрығы бойынша барлық оқу мекемелерінде тестілерді құру жəне мамандардың дайындық деңгейін көтеру мақсатында оқу үрдісіне енгізу міндеттері жүктелді.
Тест тапсырмалары білімгерлердің білім деңгейін тексеруде маңызды, тиімді жəне негізгі əдіс болып отыр.
Тест – бұл стандартталған тапсырма, оның орындалу нəтижелеріне сəйкес тексерілушінің білімі, білігі жəне дағдыларының деңгейін бағалау жүргізіледі. Білімгерлердің білімдерін тиімді бағалау əдістерінің бірі.
Əдістің артықшылығы:
тестілеу арқылы бағалаудың объективтілігінің артуы;
бағалаудың жылдам жүргізілуі;
қарапайымдылығы мен түсініктілігі;
тестілеу нəтижелерінің компьютерлік тəсілмен өңдеулігі;
бағалаудың статистикалық əдістерін қолдану мүмкіндігі.
Тестілеу оқыту деңгейін бақылаудың дəстүрлік жүйесіне маңызды толықтырушы болып табылады. Білімгерлердің білім сапасының деңгейлерін тестілеу арқылы бағалау үшін арнайы педагогикалық тестілер жасалады.
Тестілеудің негізгі мақсаты жоғары оқу орнының мамандарды дайындау сапасын ішкі басқару міндеттеріне, сонымен бірге түлектерді қорытынды аттестациялау, мемлекеттік аттестациялау міндеттеріне байланысты өткізу.
Педагогикалық тестің белгілі мазмұны, өзіне тəн пішіні бар, əрбір тексерілуші білімін сапалы бағалауға жəне тиімді өлшеуге мүмкіндік беретін есептермен (немесе) cұрақтардың жүйесі ретінде анықталады.
Кейінгі кездегі тест тапсырмалары деңгейленіп құрастырылады:
I деңгей – тану;
II деңгей – жаңарту;
III деңгей – білімді, білікті жəне дағдыны ұғына отырып қолдану;
IV деңгей – шығармашылық деңгей, студент білімінің ең жоғарғы деңгейі, терең білім көрінісі болып табылады.
2-ші межелік бақылау тестілері
Статистика пәнінен
білімгерлердің білімін бағалауға арналған сұрақтар
$$$ 1
Жиналған материалдарды топқа бөлмей қортынды көрсеткіштерін есептеу жинақтаудың қай түрі болып табылады?
А) кездейсоқ
В) күрделі
С) жай
D) қолмен жинақтау
A) машинамен жинақтау
$$$ 2
Статистикалық жинақтау дегеніміз не?
А) қоғамдық құбылыстар мен процестерді белгілеріне қарай топтарға бөлу
В) бақылауда жинақталған мәліметтерді ғылыми жүйеде өңдеуді және жиынтық бірліктерінің белгілері бойынша бөліп, қортынды көрсеткіштерді есептеу
С) жинақталған мәліметтер нәтижелерін қортындылау
D) жиналған мәліметтерді топқа бөлмей есептеу
Е) зерттеуге алынған құбылысты белгілі бір уақыт аралығында тіркеу
$$$ 3
Статистикалық нақты шамалар дегеніміз не?
А) жеке топтарды бүтіндей сипаттайтын сандық мәндер
В) әр топта варианттың өз қатарында қайталануын көрсететін көрсеткіштердің жеке мәндері
С) топтауда тартпалы қатардың сандық белгісі бойынша бөлінуі
D) сандық мәліметтерді ұтымды түрде қолдану
A) қоғамдық құбылыстардың бір жердегі уақыт мөлшерін, көлемін, деңгейін сипаттайтын сандық көрсеткіштер
$$$ 4
Қоғамдық өмірдегі әлеуметтік-экономикалық құбылыстардың сандық қатынасының мөлшерін көрсететін көрсеткіштер қалай аталады?
А) нақты шамалар
В) жеке нақты шамалар
С) қатысты шамалар
D) статистикалық кестелер
A) орташа шамалар
$$$ 5
Өсіңкілік қатысты шамалар қандай формула бойынша есептеледі?
А)
В)
С)
D)
A)
$$$ 6
Орташа шамалардың қандай түрлері бар?
А) арифметикалық, геометриялық
В) құрылымдылық
С) үйсесімдік
D) шаршылық
A) барлық жоғарыдағылар
$$$ 7
Маусымдық ауытқу дегеніміз не?
А) өсіңкілік қатардың ішінде берілмеген,яғни жетіспейтін сандық көрсеткішті жуық шамамен есептеп табу
В) құбылыстар мен процестер жыл ішінде мезгілдің қайталамалы ауысуына байланысты өзгеруі
С) нақты факті мен зерттеу көрсеткіштерінің белгілеріне түрлі себептердің әсер етуінен болған сандық өзгеріс
D) жиынтық бірліктерінің белгілеріне түрлі себептердің әсер етуінен болған сандық өзгеріс
E) сандық қатар белгілерінің ең үлкен және ең кіші мән шамаларының арасындағы айырмашылық
$$$ 8
Халықтың тұрмыс деңгейі дегеніміз –
A) абыройлы өмір сүру үшін, яғни салауатты өмір салтын жүргізу, әлеуметтік және аумақтық мобильдіктің қамтамасыз етілуі, ақпаратпен алмасу және қоғам өміріне қатысу үшін материалдық ресурстарға қол жеткізу;
B) экономикалық өндірісте жұмыс істеу.
C) күрделі экономикалық категория ретінде жеке және интегралдық көрсеткіштер жүйесі
D) адам дамуының индексі
E) барлық қоғам дамуы
$$$ 9
Адам дамуының индексі неше индекстің арифметикалық ортасы ретінде есептеледі?
A) 5 индекстің арифметикалық ортасы ретінде
B) 4 индекстің арифметикалық ортасы ретінде
C) 2 индекстің арифметикалық ортасы ретінде
D) 3 индекстің арифметикалық ортасы ретінде
E) 6 индекстің арифметикалық ортасы ретінде
$$$ 10
Әлеуметтік статистиканың пәні нені оқытады?
A) мәліметтер сұрақтарға жауап ретінде жиналу кезеңін;
B) тұрғындардың табыстары мен шығыстарын есептеуді
C) орташа жылдық табысты анықтауды
D) көтерме сауда бағасынан түсетін табыстармен жұмысты
E) қоғам өмірінің әлеуметтік қатынастар жүйесінің сандық-сапалық бағасы, адамдардың жағдайын және олардың арасындағы игіліктерді бөлу заңдылықтарын анықтауды.
$$$ 11
Халықтың тұрмыстық деңгейі көрсеткіштерінің негізгі ақпарат көзі:
A) үй шаруашылықтарын ішінара бақылау.
B) мәліметтерді жинау
C) табысты анықтау
D) мәліметтерді бақылау
E) заңдылықтарды анықтау
$$$ 12
Джини коэффициенті нені сипаттайды?
A) Лоренц қисығының негізін
B) Халық табыстарының барлық сомасы мен халықтың квантильдік топтарының арасындағы бөлінуді сипаттайды
C) квадраттық коэффициенттің джини коэффициентіне қатынасын сипаттайды
D) Джини коэффициентіның Лоренц коэффициентіне қатынасын сипаттайды
E) Лоренц коэффициентінің басқа коэффициенттермен қатынасын сипаттайды
$$$ 13
формуласы қай ғалымның еңбегінің нәтижесі
A) Салайдың индексі
B) К. Гатевтің интегралдық коэффициенті
C) Құрылымдық айырмашылықтардың сызықтық коэффициенті
D) Әр страттағы таңдама мөлшерін есептеу формуласы
E) Лоренц коэффициенті
$$$ 14
Әлеуметтік статистиканың ерекшеліктері:
A) зерттеу шығындары мен объектілері ерекше мәнге ие, сандық және сандық емес мәліметтерді пайдаланады
B) мәліметтер сұрақтарға жауап ретінде жиналады, әлеуметтік ақпараттарды жинау және өңдеу үшін ерекше әдістер, тәсілдер қолданылады
C) квадраттық коэффициентке негізделген негізгі кезеңдерді сипаттайды
D) A,B жауабы дұрыс
E) C жауабы дұрыс
$$$ 15
Әлеуметтік статистиканың жеке обьектісі:
A) адам, халық
B) зерттелетін құбылыс
C) негізгі мәлімет қоры
D) ақпараттар жинақталуы
E) құбылысты талдау
$$$ 16
Егер негізгі тұтыну капиталының мәліметтері бар болса, онда баланстаушы бап қалай аталады?
A) баланс-кесте
B) баланстаушы бап
C) график
D) бағаларды жіктеу
E) жалпы көлем
$$$ 17
Баланстаушы бап қандай жағдайда таза көлем деп аталады?
A) баланс-кестеде мәлімет көп болса
B) баланстаушы бапта мәлімет анықталса
C) График түрінде мәлімет берілсе
D) Мәліметтер болса
E) Мәліметтер жоқ болса
$$$ 18
Алтыншы сектор қандай ұғымға негізделген?
A) қалған әлем
B) баланстаушы бап
C) үй шаруашылығы
D) бағаларды жіктеу
E) қаржылық корпорациялар
$$$ 19
Табыстарды қайта тарату шотына қандай баптар жатады?
A) Қалған әлемге берілген, әлемдегі трансферттер
B) Қолда бар жалпы табыс
C) Негізгі капиталды тұтыну
D) Қолда бар таза табыс
E) Барлық жауаптар дұрыс
$$$ 20
СИФ сөзі қай тілден аударылған?
A) Француз тілінен
B) Итальян тілінен
C) Неміс тілінен
D) Ағылшын тілінен
E) Қытай тілінен
$$$ 21
Негізгі бағасы бойынша қандай өнім бағаланады?
A) Жеке тұтынуға, бартерге арналған өнім
B) Сатылатын өнім
C) Нарыққа енді шығарылатын өнім
D) Көтерме саудадағы өнім
E) айырбасқа жіберілмейтін өнім
$$$ 22
Агрегатталған баға индексінің атауы -
A) физикалық көлем
B) Нарық бағасы
C) Индекстер жиыны
D) Көтерме саудадағы өнім
E) Дефлятор
$$$ 23
Дефлятор дегеніміз не?
A) агрегатталған баға индексі
B) өнімнің жалпы құны
C) физикалық көлем
D) еңбек өнімділігі
E) тұрақты баға
$$$ 24
Бағаларды бақылаудың мақсаты не?
A) тұтыну және бөлшек сауда бағаларының индексін анықтау
B) өнімнің жалпы құнын қадағалап отыру
C) бағаларды ішінара бақылауды ұйымдастыру
D) еңбек өнімділігін арттыруға негіздеу
E) халыққа уақыттың ағымдағы кезеңіне сәйкестендірілетін тауарлар мен қызметтерді сату бағалары мен тарифтерін тіркеу және бөлшек сауда бағасы мен тұтыну бағаларын есептеу
$$$ 25
Тариф дегеніміз –
A) Негізгі бағалар тағайындаудың кезеңі
B) Қызмет көрсету құнының ақшалай көрінісі.
C) Баға қоюдың көрінісі
D) Ағымдағы нарықтық бағаларды бақылау
E) Тұтынушының нарықтық бағасы
$$$ 26
Өнімдерге және импортқа төленетін барлық таза салықтарды қосқанда сатып алушының тауар немесе қызмет үшін төлейтін бағасы:
A) Тұтынушының нарықтық бағасы
B) Өндірушінің бағасы
C) Негізгі баға
D) Факторлық баға
E) СИФ бағасымен
$$$ 27
Кедендік статистика тауарлар экспортын қандай бағамен есептейді?
A) Нарықтық бағамен
B) Үстеме бағамен
C) СИФ бағасымен
D) ФОБ бағасымен
E) Факторлық баға
$$$ 28
Ұлттық Шоттар Жүйесіндегі экономикалық өндіріс деген не?
А) несие беруші қарыз алушыға қаржыларын пайдалануға берген кезде жасалатын қаржылық құралдар.
В) жаңа тауар мен қызмет өндіру үшін еңбек капитал, тауар мен қызмет шығындарының жұмсалуымен орындалатын бір институтционалдық бірліктің іс-әрекеті.
С) халықтың, мекемелердің, ұйымдардың, кәсіпорындардың салымы.
D) меншік капиталының жинақталған тозу сомасын шегергендегі ағымдағы құн.
E) акционерлік қоғамның меншігінен адамның өз үлесін алуға құқығы барын растайтын және оған пайданың бір бөлігін дивиденттер түрінде алуға құқық беретін бағалы қағаз.
$$$ 29
Өндіріс нәтижелері статистикасының міндеттері қандай?
А) ҚР тауар мен қызмет көрсету өндірісінің микро-мезо-макроэкономикалық көрсеткіштерін анықтау және мәліметтер жинау.
В) ұлттық шоттар, баланстық кестелер түрінде құрылған тауар мен қызмет өндірісінің өзара байланысты статистикалық көрсеткіштерін жасау және құру.
С) тауар және қызмет өндірісінің динамикасын және құрылымын талдау.
D) статистикалық талдау тәсілдерінің көмегімен тауар және қызмет өндірісінің өсуіне әсер ететін факторларды зерттеу, Ұлттық Шоттар Жүйесінің ұйғарымымен тауар және қызмет өндірісінің есептеу методологиясын жетілдіру.
E) барлық жоғарыдағылар.
$$$ 30
Шығын және аралық тұтыну статистикасының міндеттері қандай?
А) кәсіпорындарда, экономика салаларында және тұтас экономикада өнімді өндіру мен өткізуге кеткен шығындар сомасын анықтау, өнімнің өзіндік құнын есептеу.
В) шығын элементтері, кәсіпорынның меншік формасы, экономика салалары, экономика секторы бойынша шығынның кұрамы мен кұрылымын зерттеу.
С) өнімді өндіру мен өтк1зуге кеткен шығындар динамикасын талдау.
D) топтастыру, индекстер, корреляция теориясының көмегімен өнімнің өзіндік құнына әсер етуші факторларды статистикалық зерттеу.
E) барлық жоғарыдағылар.
Электромагниттік индукция
Нарықтық экономика мәні
Радиотехникалық динамикалық хаос генераторларының энергетикалық тиімділігін анықтау
Мемлекеттің қаржы және ақша-несие жүйесі.Әлеуметтік саясат
Еңбек рыногында жұмыс күші ұсынысы мен жұмыс күшіне сұраныстың үйлесуі:
Хаос генераторлары
Шығындардың мақсатқа лайықтылығын талдау
Заттардың магниттік қасиеттері туралы
Генераторлар негізіндегі телекоммуникациялық жүйелер
Физикадан лекциялар
Меншікті капиталдың жеткіліктілік коэффициенті
Өтімділік коэффициенті
Магниттік күшейткіш кері байланыс коэффициенті
Айналымдылық коэффициентін табу
Көпірлік типтегі крандардың уақытқа байланысты операцияларды біріктіру коэффициенті тең
Жылуөткізгіштік коэффициентінің өлшем бірлігі
Дәнекерленген қосылыстың беріктілік коэффициенті
Жылуберілу сызықтық коэффициентінің өлшем бірлігі
Келтірілген шығындарды табу. Айналымдылық коэффициентін табу
Жылуберу коэффициентінің өлшем бірлігі