Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар
Кедендік төлемдер туралы
Кедендік баж салығы — мемлекеттік шекара арқылы өткізілген кезде мемлекет кеден органдарының жүйесі арқылы тауарлардан, мүліктерден және құнды заттардан алынатын ақшалай төлем.
Кеден ісін жүзеге асыру барысында Қазақстан Республикасының кеден органдары ҚР кеден заңнамасында белгіленген кедендік төлемдерді алады. Кедендік төлемдер бойынша төлеушілер, есептеу мен төлеу тәртібі, қайтару және өндіріп алу тәртібі, сондай-ақ жеңілдіктер ҚР кеден заңнамасымен анықталады.
Кедендік төлемдердің түрлері
ҚР кеден шекарасы арқылы тауарлар алып өткен кезде және кеден заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда мынадай кедендік төлемдер төленеді:
- Кедендік баж.
- Кедендік ресімдеу үшін кедендік алым.
- Тауарларды сақтау үшін кедендік алым.
- Кедендік ілесіп алып жүру үшін кедендік алым.
- ҚР кеден органдарының лицензия бергені үшін алым.
- Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алым.
- Алдын ала шешім үшін төлемақы.
Ескерту
Жеке тұлғалар тауарларды ҚР кеден заңнамасында белгіленген оңайлатылған тәртіппен алып өткен кезде, жоғарыда көрсетілген кедендік төлемдер мен салықтар жиынтық кедендік төлем түрінде төленуі мүмкін.
Кеден органдары алымдары мен төлемдердің ставкалары (ЕВРО)
Төменде кеден органдары алымдары мен төлемдерінің кейбір ставкалары көрсетілген.
| Төлем атауы | Ставка (ЕВРО) |
|---|---|
|
Кеден шекарасы арқылы заңды және жеке тұлғалар өткізетін тауарлар мен көлік құралдарын кедендік ресімдеу үшін кеден алымдары
Жүктің кедендік декларациясы бойынша
|
|
|
Кеден қоймаларында және уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін кеден алымдары (ашық орын)
Иелері кеден органдары болып табылатын қоймалар
|
Тәулігіне 1 м² үшін 0,17 |
|
Кеден қоймаларында және уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін кеден алымдары (жабық үй-жай)
Иелері кеден органдары болып табылатын қоймалар
|
Тәулігіне 1 м² үшін 0,48 |
|
Кеден қоймаларында және уақытша сақтау қоймаларында сақтағаны үшін кеден алымдары (арнайы бейімделген үй-жай)
Ерекше температуралық режим және т.б. арнайы жағдайлар
|
Тәулігіне 1 м² үшін 0,86 |
|
Тауарларды кедендік алып жүру үшін кеден алымдары
Қашықтыққа байланысты
|
|
|
Кеден қоймасын құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар
Ауданына байланысты
|
|
| Бажсыз сауда дүкенін құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар | 20000 |
|
Еркін қойманы құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар
Ауданына байланысты
|
|
| Уақытша сақтау қоймасын құруға арналған лицензия бергені үшін алымдар | 8000 |
| Кеден брокері ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия бергені үшін алымдар | 5000 |
| Кеден тасымалдаушысы ретіндегі қызметті жүзеге асыруға арналған лицензия бергені үшін алымдар | 5000 |
| Кедендік ресімдеу жөніндегі маманның біліктілік аттестатын бергені үшін алымдар | 200 |
| Алдын ала шешім қабылдағаны үшін төлем | 50 |