Жарылмайтын бөгеттердің орнатылу ерекшеліктері жайында әңгімелеңдер
1- Межелік бақылау сұрақтары
1. Тактика пәні нені зерделейтінін айтып беріңдер.
2. Қарулы жасақтардың құрылу себептері қандай және олар қалай құрылады?
3. Қандай мемлекеттерде кәсіби армияны жинақтау жүйесі құрылған? Тұрақты әскер құрылуының себебі неде?
4. Армияны жаяу әскер, атты әскер және әскери – теңіз флотына бөлу қажеттігі неден туындады?
5. Көшпелі халықтарда еуропалық мемлекеттерге қарағанда, жаяу әскердің болмауын түсіндіріңдер.
6. XIV ғ-ға дейінгі әскерде қандай қару түрлері болады? Қару сапасы жақсаруының себебі неде?
7. XVII – XVIII ғ.ғ. қоғамдық құрылыстың өзгеруі дамыған елдер қарулы күштерінің қайта құрылуына қалай әсер етті? Бұл кезеңде қарудың қандай түрлері пайда болды?
8. Абылай ханның тұсында Қазақ хандығы әскерлерінің құрылуы қалай жүрді? XVII – XVIII ғ.ғ. Қазақ хандығының әскери әрекеттері жайлы әңгімелендер.
9. XVIII – XIX ғ.ғ. құрлық әскерлері мен әскери – теңіз ұйымдастырушылық құрылымында қандай өзгерістер болды?
10. XIX – XX ғ.ғ. аралығында Еуропа елдеріндегі әскери іс қандай ерекшеліктерімен сипатталады?
11. Қазақтың Бөгенбай, Қабанбай, Наурызбай атты батырлары әскери шеберліктің дамуына қандай үлес қосты? Олардың Отанға сіңірген еңбегі қандай?
12. Неліктен басқару органы жүйесінде тармақталу қажеттілігі туды?
13. Ұрыс нәтижесінде адамдар, қару мен әскери әрекеттердің материалдық негіздері сияқты басымды факторлар әсер етеді. Олардың арасындағы өзара байланыс жайында баяндап беріңдер.
14. Қазіргі жағдайларда ұрысты жүргізудің тактикасы қандай деп ойлайсыңдар? Осы жайында Парсы шығанағында болған соғыстың тәжірибесіне сүйене отырып айтып беріңдер.
15. Қазіргі кезеңде қарулы күрестің қандай құралдары өз жалғасын тапты?
16. Қазіргі кезеңдегі зақым келтіру құралдарын қандай белгілермен сипаттауға болады?
17. Жергілікті жерде қарсыластың барлық қару атысымен зақым келтіруіне қарсы қандай қорғаныс шараларын қолдану керектігін айтып беріңдер.
18. Қазіргі кезеңдегі жалпы әскери сап қандай сипатқа ие?
19. Ұрыс деп нені айтады? Қазіргі жалпы әскери ұрыста зақым келтірудің қандай құралдары қолданылады?
20. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар?ъ
21. Ұрыс деп нені айтады? Қазіргі жалпы әскери ұрыста зақым келтірудің қандай құралдары қолданылады?
22. Қазіргі жалпы әскери ұрыстың негізгі белгілерін атаңдар.
23. Шабуылға сипаттама беріңдер. Шабуыл қандай мақсаттармен жүргізіледі?
24. Қорғанысқа сипаттама беріңдер. Қорғаныстың мақсаттарын түсіндіріңдер.
25. Ұрыстың қандай түрі бетпе – бет ұрыс деп аталады? Оның басқа ұрыс түрлерінен айырмашылығы неде?
26. Мотоатқыш бөлімшелері қандай құралдармен қарсыласты жеңіліске ұшыратуға қабілетті?
27. Атыс бағытына байланысты ату түрлерін сипаттаңдар. Олардың айрықша белгілерін атаңдар.
28. Жергілікті жердің сызбасын жасағаннан кейін бөлімше командирі карточкада атыс жүйесінің қандай элементтерін көрсетуі тиіс?
29. Бөлімшенің атыс карточкасында жергілікті жердің сызбасын жасауда бөлімше командирі жергілікті жердің қандай ерекшеліктерін ескеруі керек?
30. “Атыс маневрі” мен “бөлімше маневрі” ұғымдарын сипаттаңдар.
31. Ұрыста сарбаздың бастамашылдық көрсетуі неден көрінуі керек?
32. “Кенеттілік” ұғымын түсіндіріңдер. Ұрыста кенеттілікке қалай қол жеткізілетінін айтып беріңдер.
33. Сарбаздар ұрыс кезіндегі қимылдарға қай жерде және қалай үйренеді?
34. Ұрыста сарбаздардың жер бауырлай жылжу тәсілдерін атаңдар. Бұл тәсілдердің неліктен тиімді болып табылатынын түсіндіріңдер.
35. Өзендер, бұлақтар, өткелдер мен басқа да су бөгеттері сияқты табиғи бөгеттерден өту тәсілдерін атаңдар.
36. Қандай инженерлік бөгеттер жарылғыш бөгеттер деп аталады? Қарсылас жергілікті жердің қандай учаскелерінде жарылғыш бөгеттерді орнатады?
37. Қандай инженерлік бөгеттер жарылмайтын бөгеттер деп аталады? Жарылмайтын бөгеттердің орнатылу ерекшеліктері жайында әңгімелеңдер.
38. Миналар (миналанған алаңдар) мен фугастардың бүркенішін ашу белгілері жайында айтып беріңдер.
39. Миналарды залалсыздандыру, сондай – ақ сол кездегі қауіпсіздік шараларын сақтау жайында айтып беріңдер.
40. Бөлімшелер миналы – жарғыш бөгеттерді қандай тәсілдер арқылы кесіп өтеді?
41. Сарбаздардың сымды бөгеттерден өтуі жайлы баяндаңдар.
42. Радиоактивті немесе уланғыш заттармен зақымдалған жер учаскелерінен өту тәсілдері жөнінде айтып беріңдер.
43. Сарбаз атыс үшін жергілікті жердің қандай учаскелерін таңдайды?
44. Шабуыл барысында қорғанысқа көшу қандай мақсатпен жүргізіледі?
45. Жеке оқпана мөлшерін атаңдар.
46. Зақымдалған жерде орлану қалай жүзеге асырылады?
47. Шабуылдан қорғанысқа көшу жағдайында бекіністі жабдықтау жөніндегі бөлімше (взвод) жеке құрамның іс-әрекет реті жөнінде баяндаңдар.
48. Бақылаушының міндеттері қандай?
49. Аға командирден тапсырма алған соң және міндеттерін орындау барысында бақылаушы – сарбаздың іс – қимылдары ретін атаңдар.
50. Бақылаушы – сарбаздың қандай аспаптары мен жабдықтары болуы керек?
Әскери құрылым жүйесіндегі әскери-инженерлік дайындық
Жарықшақты қол гранаталары
Алғашқы әскери дайындық оқу бағдарламасы
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің танкке қарсы және жаяу әскерге қарсы қолданылатын негізгі миналары, олардың тактикалық-техникалық сипаттары мен жалпы құрылысы
Төтенше жағдай енгізілген аймақтар
Мектепте Жүсіпбек Аймауытовтың шығармаларын оқыту
Сауат ашу кезеңіндегі оқыту типтері
Майкене - жоғары майлы өсімдік
Абай Құнанбаев дара туған ғұлама
Майкененің өсіру технологиясы
Батыс Еуропа елдері экономикалық интеграциясының ерекшеліктері
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Экономикадағы дағдарыстық жағдайдағы мемлекеттік бюджеттің ерекшеліктері
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Валюталық нарықтың және валюталық операциялардың ерекшеліктері мен дамуы
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Азияның басты өзендерінің географиялық ерекшеліктері
Кәсіби бағдар берудегі оқушылардың тұлғалық ерекшеліктерін психологиялық зерттеу
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері«СЕНІМ» АҚ
Қазақстандағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері