Оны тәжірибеде қолдана білу

Зерттеудің негізі

Курстық жұмыстың мазмұнын ашу үшін Исқақов, Көбесов, Колягин, Мишин және басқа да авторлардың еңбектері мен мақалалары пайдаланылды.

Зерттеу нысаны

Туынды ұғымы және оны оқыту барысында тарихи мағлұматтарды қолдану әдістемесі.

Жұмыстың бағыттылығы

Теориялық-тарихи зерттеу.

Мақсаты

  • Оқыту үдерісінде оқушы санасында ғылыми теориялардың негізін қалыптастырып, туынды ұғымын орнықты түрде меңгерту.
  • Туынды және оның қолданылу әдістері мен идеяларын толық әрі терең түсіндіру арқылы, күрделілігі әртүрлі есептерді шығару қабілетін дамытуға мүмкіндік беретін білім, іскерлік және дағдының жоғары деңгейін қамтамасыз ету.
  • Алынған білімді теориялық және практикалық мәселелерді шешуде тиімді қолдана білуге үйрету.
  • Туындыны және оның қолданылуын оқытуда тарихи мағлұматтарды пайдалану арқылы ұғымды меңгертуді тереңдетіп, оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, тиімді жақтарын көре білуін қалыптастыру және пәнге қызығушылығын арттыру.

Міндеттері

Түсіну

Туынды ұғымының мәнін ашып, негізгі анықтамалары мен байланыстарын жүйелі түрде түсіну.

Қолдану

Туындыны практикада қолдана білу және әртүрлі типтегі есептерде тиімді пайдалану.

Тарихи байланыс

Туындының қалыптасу тарихымен байланыстыра отырып, ұғымның дамуын және маңызын түсіндіру.

Нәтиже

Оқушылардың «Туынды» тақырыбын жан-жақты әрі берік меңгеруіне қол жеткізу.