Мәтінді оқушыларға тізбектей оқыту

Бақылау жұмысы

Мекеме: Ж. Досмұхамбетов атындағы педагогикалық колледж

Тақырып: Өзін-өзі жетілдіру

Тексерген: Сапиева Б.К.

Орындаған: Абдрахманова М.Т.

Қала/жыл: Орал — 2013

Жоспар

I. Кіріспе

Оқушы белсенділігін арттырудағы жұмыстың жаңа технологиямен байланысы

II. Негізгі бөлім

  • Өзін-өзі жетілдіру әдісіне қойылатын басты талаптар
  • Өзін-өзі жетілдіру әдісінің ерекшеліктері

III–IV. Қорытынды және әдебиеттер

Тұжырым, сабақ тиімділігі, пайдаланылған дереккөздер тізімі

Кіріспе: белсенділік пен жаңа технологиялардың байланысы

Қай заманда да мектеп қоғамның әлеуметтік, экономикалық және мәдени өзгерістеріне бейімделіп келеді. Әр кезеңге сай оқыту теориялары, оқу үдерісін ұйымдастыру тәсілдері жаңарып, жаңа сұраныстарға жауап беретіндей қалыптасады.

Бүгінде адамның ақыл-ой және шығармашылық мүмкіндіктеріне қойылатын талап күшейді. Осындай күрделі міндеттерді шешуде орта мектептің бастауыш сатысының орны ерекше: кейінгі сатылардағы табысты дамудың негізі дәл осы кезеңде қаланады.

Зерттеудің көкейкестілігі

Білім беру үдерісін ізгілендіру және практикалық бағыттылықты күшейту мақсатында бірқатар шаралар атқарылды. Егемен еліміздің жас ұрпағын ойлы, іскер, өзіне сенімді, интеллектуалдық деңгейі жоғары азамат етіп тәрбиелеуде мектептің рөлі айрықша.

Бастауыш саты — білім, дағды және іскерліктің қалыптасуы басталатын кезең. Мұндағы міндет: жеке тұлғаны дамыту, білімге сенімін нығайту, оқуға қызығушылығын оятып, ынтасын арттыру.

Негіздеме

ХХ ғасырдың басында Жүсіпбек Аймауытов: «Сабақ беру — үйреншікті жай ғана шеберлік емес, жаңадан жаңаны табатын өнер» деген. Демек, педагогикалық жаңалықтарды пән ерекшелігіне сай қолдана білу — мақсатқа жетудің маңызды жолы.

Зерттеудің болжамы

Оқу-тәрбие үдерісінде баланы жаңаша әдіспен оқыту үшін әр мұғалім жаңа технологияларды толық түсініп, меңгеруі тиіс. Сонда ғана мұғалім тәжірибесі жоғары деңгейге көтеріледі: ол оқушыны дамытумен қатар, өзінің кәсіби және тұлғалық қасиеттерін де жаңа қырынан ашады.

Өзін-өзі жетілдіру әдісіне қойылатын басты талаптар

Оқушының берілген білімді саналы ұғынуы, ой дәлдігі, өмірге көзқарасының қалыптасуы және өз бетінше білім алуға дайындығы — бәрі де ана тілінде сөйлеу деңгейімен тығыз байланысты.

Оқу мазмұны мен тәрбие әдістерін жаңарту бағытында сапалы білім және саналы тәрбие беру үшін мына проблеманы айқындадым: оқушылардың жаңа сабақты өз бетімен игеруі, яғни өзін-өзі жетілдіру әдісін жүйелі қолдану.

Әдістің мәні

Өзін-өзі жетілдіру технологиясы оқу материалын меңгертуде сұрақ-жауап формасына сүйенеді. Оқушы бұрынғы білімі мен практикалық тәжірибесін тірек етіп, жаңа білімді өз бетінше игеруге тартылады.

Басты талаптар

  • Сұрақтардың алдын ала ойластырылған жүйесі болуы.
  • Күтілетін жауаптардың дұрыстығы мен шамасын (деңгейін) нақтылау.
  • Сұрақтың анық әрі дәл қойылуы.
  • Жауап дәл болмауы немесе қате болуы мүмкін екенін оқу жағдайы ретінде қабылдау және түзетуге мүмкіндік беру.

Сабақ барысындағы тиімділік логикасы

Дайындық кезеңі

  • Алдын ала оқу: қанша рет оқыды, қалай түсінді?
  • Үйдегі көмек: түсініксіз/жаңа сөздерді анықтау.
  • Мұғалімге сауал: қолдау болмаған жағдайда сұрақ қою.

Нәтиже кезеңі

  • Ой толықтыру: жаңа сабақтан кейін түсінігін нақтылау.
  • Жеткен нәтиже: сабақты қорытындылап, мазмұнын айту.
  • Өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастыру.

Өзін-өзі жетілдіру әдісінің ерекшеліктері

Бұл әдістің қызықтыратын тұсы — оқушылардың алдын ала дайындалып, ізденуі және өз ойын дәлелдей білуі. Олар бір-бірінің қателерін байқап, сұрақ қою арқылы білімін толықтырып отырады.

Бақылаған өзгерістер

  • Озат оқушылар бастапқыда көшбасшы болып, өзгелерге үлгі болды.
  • Қалған оқушылар сол деңгейге жетуге ұмтылып, оқу ынтасы артты.
  • Төмен үлгерімді оқушылардың қызығушылығы күшейіп, ілгерілеу байқалды.
  • Оқушыда «жеке тұлғамын, тәуелді емеспін» деген сенім қалыптаса бастады.

Нақты мысал: Қарамұрзин Нұржан

Бұл әдісті жақсы меңгерген алғашқы оқушыларымның бірі — Қарамұрзин Нұржан. Ол сабақта озат, тәртіпті, ерекше белсенді болды: білмегенін міндетті түрде сұрап, көп білуге және үйренуге ұмтылды. Жаңа ұғымдар мен сөздерді мұғалімнен және ата-анасынан сұрап анықтап, оқу қарқынын жақсартты. Нәтижесінде ойлау қабілеті шыңдалып, сөйлеу мәдениеті артты; мектепішілік және аудандық олимпиадаларда жоғары нәтиже көрсетті (аудандық олимпиадада ана тілі пәнінен бірінші орын).

Сынып көрсеткіші (тәжірибеден)

3 «Б» сыныбында 17 оқушы: білім деңгейі жалпы алғанда жақсы, белсенділік жоғары. Сыныпта 6 оқу озаты, 5 оқу екпіндісі, 6 оқушы орташа деңгейде. Оқушылар мектепішілік және республикалық пәндік олимпиадаларда жүлдегер атанып жүр.

Мақсат

Қорытындыда дайындықты тыңдап, мазмұндауға жетелеу

Күтілетін нәтиже

Оқушылардың кемінде жартысы сабақты толық меңгереді

Қолдану аясы

Сабақ, тәрбие сағаты, сыныптан тыс шаралар

Сабақ үлгісі: «Менің апам — дәрігер» (Дүниетану)

Тақырыбы

Менің апам — дәрігер

Түрі

Аралас сабақ

Мақсаты

Мәтінді түсіндіру және сын тұрғысынан ойлау арқылы меңгерту

Білімділік

Жаңа мәтін туралы түсінік беру, ойын ашық айтуға төселдіру, өз бетімен жұмысқа бейімдеу

Дамытушылық

Ауылдағы мекемелер, мамандықтар, көлік түрлері туралы көзқарас қалыптастыру; тіл байлығын арттыру

Тәрбиелік бағыт

Туған жерге қызығушылық ояту, сүйіспеншілікке тәрбиелеу, адал әрі абыройлы оқушы болуға жетелеу

Әдіс-тәсілдер

Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, көрнекілікпен жұмыс, сөздік жұмыс, Венн диаграммасы, топтастыру, ойын элементтері, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі бағалау

Көрнекіліктер

Көшпелі тақта, плакаттар, суреттер, үлестірмелі таяқшалар және т.б.

Сабақтың жүру барысы

  1. I Ұйымдастыру кезеңі. Жаңа сабаққа назар аударту.
  2. II Үй тапсырмасын сұрау және бағалау.
  3. III Жаңа сабақ: алдын ала дайындалып келген оқушыларды анықтау.

1) «Кім болам?» ойыны

Оқушылар болашақта кім болғысы келетінін айтады. Тақырыпқа шығу: дәрігер мамандығы. Осыдан кейін сабақ тақырыбы жарияланады.

2) Түсіндірме жұмыс

Жаңа тақырыпты сурет арқылы түсіндіру, бастапқы ұғымдарды нақтылау.

3) Оқулықпен жұмыс

  • Мәтінді тізбектей оқу.
  • Жеке оқыту арқылы түсінуді нақтылау.
  • Жаңа сабақты игерту: «үйдегі көмек» кезеңін талдау.

4) Сергіту сәті

Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары (өлең/сергіту мәтінімен).

5) Тапсырмалар

Мекемелер

Ауылда қандай мекемелер бар?

Мәтіндегі мекемелер: балабақша, аурухана, мектеп. Қосымша мысалдар: дәріхана, спорт мектебі.

Шаруа түрлері

Ауылдағы жұмыстарды теріп оқу және талдау

Жасалатын жұмыс түрлерін мәтіннен табу, өмірмен байланыстыру.

Мамандықтар

Ауылда қандай мамандар жұмыс істейді?

Мәтіндегі мамандар: дәрігер, мал дәрігері. Қосымша: мұғалім, теміржолшы, күзетші, құрылысшы, жүргізуші, жөндеуші, су айдаушы, малшы, есепші, бақылаушы, суретші, мүсінші, тәрбиеші және т.б.

Қала мен ауыл

Салыстыру және ұғымдарды нақтылау

«Салт атты» — атқа мінген адам. «Ат-арба» — атқа жегілген арба. Қала мен ауыл ерекшеліктерін салыстыру.

Қорытындылау: өзін-өзі жетілдіру арқылы бекіту

Бекіту кезеңінде оқушылар «мұғалімге қояр сауал», «ой толықтыру», «жеткен нәтиже» бағыттарымен өз түсінігін айтады. Үйден алдын ала дайындалған екі оқушының жұмысы талданады.

Оқушы Алдын ала оқу Үйдегі көмек Мұғалімге сауал Ой толықтыру Жеткен нәтиже
Сағынғали Амангүл Мәтінді үйден 5 рет оқыдым, мазмұндауға дайындалдым. Дәрігер туралы сұрап, атқаратын жұмыстарын білдім. Мәтінде не себепті дәрігер туралы айтылған? Мәтін туралы мағлұмат алдым. Мамандықтар мен мекемелерді ажыраттым; мақсатқа қиындықсыз жеттім.
Жұбандық Әсемгүл Мәтінді түсініп оқыдым, тапсырмаларға көз жүгірттім. Мәтіндегі мамандардан бөлек маман иелерін сұрап білдім. Кей тапсырмаларда мұғалім көмегіне жүгіндім. Тапсырмаларды қызығушылықпен орындауға тырыстым. Жаңа сабақты меңгеріп, өз ойымды қорытындыладым.

Үй тапсырмасы

Мәтіннің мазмұнын айту

Соңғы қадам

Өзін-өзі бағалау

Ұстаным

Әрекет теориясына сай ұйымдастыру — тұлға дамуының кепілі

Қорытынды

«Сен ешбір жаңа нәрсе меңгермеген және өз біліміңе ештеңе қоспаған осы күнді немесе сағатты бақытсыз сана», — деген Коменскийдің ойына сүйене отырып, ұстаз ретінде өзімді «бақыттымын» деп айтуға лайық болу үшін әлі де көптеген ізгілікті іс атқаруым керек деген тұжырымға келемін.

Түйін

Өзін-өзі жетілдіру әдісі оқушының белсенділігін арттырып, өз бетімен жұмыс жасау дағдысын қалыптастырады. Ол мұғалімнің жұмысын жеңілдетумен қатар, оқушы–ата-ана–мұғалім байланысын да нығайтады.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. 1. «Атырау ұстазы» №7 (17), 11 шілде, 2008 жыл.
  2. 2. Тұрғынбаева Б.Ә. Дамыта оқыту технологиялары. Алматы, 2000 жыл.
  3. 3. «Бастауыш мектеп» №7, 2005 жыл, Алматы.
  4. 4. «Бастауыш мектеп» №2, 2007 жыл, Алматы.
  5. 5. Бастауыш класс оқушыларының ой-өрісін дамытудың кейбір тиімді әдістері. Ақтөбе қаласы, 1994 жыл.
  6. 6. Бастауыш класс оқушыларының ой-өрісін дамытудың кейбір тиімді әдістері. Ақтөбе қаласы, 1994 жыл.
  7. 7. Берікұлы Н. Педагогика. Ақтөбе, 2004 жыл.
  8. 8. «Тәрбие құралы» №2, 2006 жыл, Алматы. Қақанова Б.
  9. 9. «Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыру мақсатында тиімді технологияларды енгізу». «Бастауыш мектеп» №10, 2009 жыл.