Сапарғали Бегалин – балалар жазушысы

Өмірбаяны және қалыптасу жолы

Сапарғали Бегалин 1895 жылы Семей облысы, Абай ауданы, Дегелең ауылында дүниеге келген. Алғаш сауатын ауыл молдасынан ашады. Кейін керуенмен Семейге келіп, пристанда жүкші болып жұмыс істейді. Одан соң оқытушылар даярлайтын семинарияда қызмет еткен Құлжановтың үйінде ат күтуші болады да, сол кісіден орыс тілін үйренеді. Кейін приход мектебіне түсіп, жаз айларында жүк тасу жұмысын жалғастырады.

1916 жылы патша жарлығымен тыл жұмысына алынады. 1923–1928 жылдары аудандық халық сотында қызмет атқарады.

Әдебиетке келуі

Ақынның әдеби қызметі 1914 жылы басталады. Оның «Қазақ жастарына» атты өлеңі «Айқап» журналында жарияланған.

Шығармалары және әдеби мұрасы

С. Бегалиннің көне қазақ аңызының сюжетіне құрылған алғашқы кітабы — «Қыран кегі» поэмасы 1944 жылы жарық көрді. Бұдан кейін «Сәтжан» атты жас аңшы туралы повесі алдымен 30 мың данамен, кейін 300 мың данамен қайта басылып шықты. Повесть әзербайжан, өзбек, армян, корей тілдеріне аударылды.

Жазушы балаларға арналған «Ермектің алмасы», «Бақыт» жинақтарын ұсынды. Сондай-ақ Пушкин мен Лермонтов шығармаларын аударып, Шоқан Уәлихановтың балалық шағы туралы да жазды.

Балалар әдебиетіндегі орны

Бегалин — балалар әдебиетінде әңгіме жанрын дамытып, көркемдік тұрғыдан жоғары үлгі көрсеткен қаламгер.

CRITICAL RABBIT ERROR: stream_socket_client(): Unable to connect to tcp://45.86.81.61:5672 (Connection timed out) #0 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(253): PhpAmqpLib\Wire\IO\StreamIO->connect() #1 /var/www/6_temp_zharar.kz_2/vendor/php-amqplib/php-amqplib/PhpAmqpLib/Connection/AbstractConnection.php(720): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->connect() #2 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(41): PhpAmqpLib\Connection\AbstractConnection->channel() #3 /var/www/1_cheetah/corp/RabbitPublisherBig.php(126): Corp\RabbitPublisherBig::channel() #4 [internal function]: Corp\RabbitPublisherBig::flush() #5 {main}