ҚАТТЫ ДЕНЕ КИНЕМАТИКАСЫ

Қатты дене қозғалысын анықтау және негізгі теорема

Кеңістіктегі қатты дененің қозғалысы оның бір түзуде жатпайтын үш нүктесінің қозғалысымен толық анықталады.

Қатты дене кинематикасындағы жылдамдықтарға қатысты негізгі теорема: қатты дененің екі нүктесінің жылдамдықтарының оларды қосатын түзуге проекциялары өзара тең болады.

§7. Дененің ілгерілемелі қозғалысы

Қатты дененің ілгерілемелі қозғалысы деп денеден алынған кез келген түзу өзінің бастапқы бағытына әрдайым параллель болып қалатын қозғалысты айтады.

Ілгерілемелі қозғалыс кезінде дененің барлық нүктелерінің жылдамдығы мен үдеуі бірдей болады.

§8. Қозғалмайтын ось айналасынан қатты дененің айналуы

Қатты дененің қозғалмайтын ось айналасынан айналуы деп берілген санақ жүйесінде денемен байланысқан екі нүкте (немесе екі нүкте) қозғалыссыз қалатын қозғалысты айтады.

Егер уақыттың функциясы ретінде айналу осі арқылы өтетін жазықтықтың бұрылу бұрышы және айналатын дененің кез келген бір нүктесі берілсе, онда қатты дененің айналмалы қозғалысы анықталады.

Бұрыштық жылдамдық

Бұрыштық жылдамдық уақыт бойынша бұрылыс бұрышының бірінші туындысымен анықталады:

ω = dφ/dt

Қозғалмайтын бір нүктесі бар дененің бұрыштық жылдамдығы

Бұл бөлімде қозғалмайтын бір нүктесі бар қатты дененің айналуын сипаттайтын бұрыштық жылдамдық ұғымы қарастырылады.