Денсаулық – зор байлық

Денсаулық – зор байлық

Денсаулық туралы түсінік тек «аурудың жоқтығы» ғана емес. Ол — адамның дене, психикалық және әлеуметтік саулығын сақтап, өмір сапасын арттыруға бағытталған тұтас ұғым. Төмендегі тапсырмалар мен мәтіндер осы ойды тереңірек түсінуге көмектеседі.

Негізгі идея

Денсаулық — еңбекке қабілеттілік, белсенділік, ұзақ өмір және рухани тепе-теңдік.

Қоршаған орта

Температура, жарық, ылғал, ауа мен судың құрамы денсаулыққа тікелей әсер етеді.

Тазалық

Тазалық — саулықтың негізі, ал саулық — байлықтың негізі.

1-жаттығу: Мақал-мәтелдер және олардың мәні

Төмендегі денсаулыққа қатысты мақал-мәтелдерді оқып, мағынасын түсіндіріңіз. Өз ана тіліңіздегі баламасын да табуға тырысыңыз.

  1. Ауру қалса да, әдет қалмайды.
  2. Ауру батпандап кіреді, мысқалдап шығады.
  3. Денсаулық – зор байлық.
  4. Денсаулық кепілі – тазалық.
  5. Тазалық – саулық негізі, саулық – байлық негізі.
  6. Әлсіз денеге ауру ұялағыш.
  7. Аман болса бұл басым, тағы шығар шашым.
  8. Ауырып тұрдың — аунап тұрдың.
  9. Жаның сау болса, «сорлымын» деме; тәнің сау болса, «жарлымын» деме.
  10. Ұйқы тынықтырады, жұмыс шынықтырады.

2-жаттығу: Ибн Синаның ойы

Ибн Сина бұл сөзді не үшін айтты деп ойлайсыз? Мағынасын талдап көріңіз.

«Дәрігердің қолында үш түрлі құрал бар. Біріншісі — сөз. Екіншісі — дәрі. Соңғысы — пышақ.»
— Ибн Сина

Сөз

Сендіру, түсіндіру, қолдау — емнің бастау нүктесі.

Дәрі

Дұрыс таңдалған дәрі — физиологиялық емнің негізі.

Пышақ

Қажет кезде ғана қолданылатын хирургиялық шара.

3-жаттығу: Тілдік тапсырмалар және мәтін

Тапсырмалар

  1. Мәтіндегі ауыспалы осы/келер шақтағы етістіктерді теріп жазып, оларды өткен шаққа түрлендіріңіз.
  2. «Ауру», «белсенді», «анықтама» сөздерінің синонимдерін жазыңыз.

Денсаулық туралы түсінік

Денсаулық — күрделі ұғым. Көптеген ғалымдар оған әртүрлі анықтама береді, бірақ негізгі көзқарас шамамен бірдей. Денсаулық — адамның еңбекке белсенді болуы, ұзақ өмір сүруі, тән саулығын және рухани саулықты сезінуі.

Профессор В. П. Казначеевтің айтуынша, «денсаулық» — адамның белсенді өмірі ұзақ болған жағдайда оның биологиялық және физиологиялық функцияларын, еңбек қабілетін және әлеуметтік белсенділігін сақтап, дамыту үдерісі.

Денсаулық күйіне қоршаған ортаның да ықпалы бар. Адам денсаулығына температура, жарық, ылғал, ауаның және судың құрамы, сондай-ақ көптеген басқа факторлар әсер етеді.

Денсаулықтың негізгі қызметі — адамның дамуы мен тіршілігін қамтамасыз ету. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының тұжырымдамасы бойынша: «Денсаулық — бұл аурудың және дене кемістігінің болмауы ғана емес, толық тәндік, психикалық және әлеуметтік саулық».

4-жаттығу: Сөйлемді аяқтаңыз (темекінің әсері)

Берілген сөздер мен тіркестерді пайдаланып, сөйлемдерді толықтырыңыз.

Белгілер

  • жөтелу
  • ашуланшақтық
  • бас ауыру
  • тез ренжігіштік
  • жүрек айну
  • ұмытшақтық

Құрамы

  • никотин
  • шайыр
  • күйе
  • темекі

5-жаттығу: Жағдаятқа кеңес беріңіз

Төмендегі жағдайлар бойынша қандай ақыл-кеңес айтар едіңіз? Ойыңызды нақты, сыпайы және дәлелмен жеткізіңіз.

  1. Дос қызыңыз темекі шегуді сән деп санайды.
  2. Көпшілік ересек адамдар темекі тұқылын қай жерде болса, сол жерде тастай салады.
  3. Жолдасыңыз темекі тартпаса, көңіл-күйі болмайды.
  4. Күніне 20 тал шылым шегетін адам шамамен 90 мг никотин қабылдайды. Осы дерекке сүйеніп, құрбыларыңызға үгіт-насихат жүргізіңіз.

6-жаттығу: Мәтінді оқып, қазақша баяндаңыз

Төмендегі ақпаратты оқып, өз түсінгеніңізді қазақ тілінде қысқаша әрі жүйелі баяндап беріңіз.

За год в Казахстане от заболеваний, вызванных курением, погибает 25000 человек. По данным статистического опроса, проведенного Национальным центром проблем формирования здорового образа жизни, курить начинают дети с 7 лет. В целом по республике в возрасте 15–17 лет употребляет табачные изделия каждый третий школьник, который к студенческим годам (18–19) уже становится регулярным курильщиком. По употреблению табака среди студентов и молодежи г. Алматы занимает лидирующее положение по республике. Отсутствует или не в полном объеме реализуется антитабачная политика в школах, колледжах, вузах. Не соблюдается Закон о запрете курения в общественных местах, продаже табачных изделий несовершеннолетним.

7-жаттығу: Антонимдер мен синонимдер

Қарама-қарсы мағына (антоним)

Төмендегі сөздердің антонимдерін табыңыз:

  • тәуелді
  • ұяңдық
  • батыл
  • сенімді
  • нашар
  • жадырау
  • әуес болу
  • қатыгездік
  • қоштасу

Мағыналас сөз (синоним)

Төмендегі сөздердің синонимдерін табыңыз:

  • есірткі
  • себеп
  • адам
  • жадырау
  • тосын
  • абырой
  • жады
  • төзімділік

8-жаттығу: Жағдаят бойынша сөйлеңіз

  1. Досыңыз көңіл көтеру үшін үнемі арақ ішуді әдетке айналдырды. Қандай кеңес бересіз?
  2. Көлікте келе жатырсыз. Қасыңызға мас адам отырды да, мазаңызды алды. Не істейсіз?
  3. Кештер мен отырыстардың сәні арақ-шарап ішуге айналып барады. Мұны тоқтату үшін қандай амал ұсынар едіңіз?

9-жаттығу: Алкогольдің зияны (дене мүшелерін табу)

Мәтінді оқып, дене мүшелеріне қатысты сөздерді теріп жазыңыз.

Алкоголь бүкіл организмге зиянын тигізеді, әсіресе ми, жүрек, қан тамырлары, асқазан және бауыр қатты зардап шегеді. Ол асқазанның кілегей қабығын қабындырып, қарын сөлінің бөлінуін нашарлатады, ал бұл гастриттің дамуына себеп болады. Алкоголь ақыл-ой және дене еңбегі қабілеттілігін төмендетеді, қимыл-қозғалысты нашарлатады. Соның салдарынан жол-көлік апатына ұшырап, ауыр жарақат алуға және бақытсыз оқиғаларға душар етеді. Организмде ішімдікке тәуелділік дамиды, әсіресе бала организмі оған өте бейім келеді.

Дереккөз: Р. Ә. Көзденова, Н. Қ. Сейтмамбетова. Медициналық валеология. «Бастау» ЖШС, Алматы, 2004.

Өлең: «Денсаулық – шексіз бақыт» (Гүлбира Махамбетқызы)

Уа халқым, назар аудар денсаулыққа,
Өмірде бақыттысың денің сау да.

«Денсаулық – терең бақыт» деген сөзді
Құр айтпаған ұлы Абай данамыз да.

Денің сау да күштісің бұл әлемде,
Денің сау да сұлусың жер бетінде.

Сол мықты денсаулықтың арқасында
Жеңерсің ауыр заман тәлкегін де.

Денің сау да жетерсің арманыңа,
Жоспарлап алға қойған мақсатыңа.

Денің сау да көрерсің бұл дүниенің
Бар қызық, рахатын, жарығын да.

Денсаулық – шексіз бақыт халқым менің,
Сондықтан көңіл аудар денсаулыққа.

Қолда барда біл оның қасиетін,
Күтіп, баптап аяла әр уақытта.

Дереккөз: Р. Ә. Көзденова, Н. Қ. Сейтмамбетова. Медициналық валеология. «Бастау» ЖШС, Алматы, 2004.

10-жаттығу: Дұрыс жауабын табыңыз

Төмендегі үш тақырыпқа сәйкес келетін сөйлемдерді дұрыс сәйкестендіріңіз.

1) Денсаулыққа залал келтіретін әсерлер

Қай сөйлемдер осы тармаққа сәйкес келеді?

2) Ұзақ өмір сүрудің биологиялық қағидалары

Қай сөйлемдер осы тармақты сипаттайды?

3) Организмді шынықтыру негіздері

Қай сөйлемдер шынығу мен алдын алуды қамтиды?

Қажетті сөйлемдер

  • Аурудың алдын алу, климат жағдайларына төзімділік таныту, иммунитетті көтеру.
  • Әр ұлттың қалыптасқан өмір салты, тұқым қуалау факторы, табиғи-географиялық орта жағдайлары, еңбек ету ұзақтығы.
  • Жалпы мәдениеттің төмендігі, тиімсіз және құнарсыз тамақтану, радиациялық факторлар, арақ-шарапқа әуесқойлық, шылым шегу, есірткі қолдану.

Білгенге маржан: Витаминдер, олардың құрамы және маңызы

Витаминдер (vita — «өмір», amin — «қажетті») — организмнің тіршілігіне қажет заттар. Витаминдер ағзаға қоректік заттармен бірге жеткізіледі.

Олар организмде жүретін барлық үдерістерге қатысады: қалыпты физиологиялық жағдайды қамтамасыз етеді, өсу мен дамуға ықпал етеді, сондай-ақ қоршаған орта факторларының әсеріне төзімділікті арттыруға көмектеседі.

А дәрумені

А дәрумені — «өсу дәрумені» деп аталады.