ЖЭО тарихынан

1-ЖЭО: іске қосылу және қаланың энергетикалық тірегі

1961 жылдың желтоқсан айының соңында Ақмолалық 1-ЖЭО алғашқы қазан мен алғашқы турбинаны пайдалануға беріп, ресми түрде жұмысын бастады. Бұл оқиға сол кездегі Целинный өлкесінің облыстық орталығы үшін индустрияландыру мен халықтың әлеуметтік әл-ауқатын жақсартуға бағытталған маңызды тарихи кезең болды.

Қырық жыл бойы 1-ЖЭО қызметкерлері қаланы электр энергиясымен үздіксіз қамтамасыз ету үшін тәулік бойы еңбек етті. Бүгінде астананың мыңдаған шаммен жарқырауы — Астана энергетикалық кешенінің тұңғышы саналатын осы станцияда жұмыс істеген бірнеше буын энергетиктердің маңдай тері.

Негізгі дерек

1-ЖЭО құрылысы 1950-жылдардың басында жоспарланып, бастапқыда 3200 кВт қуатты AEG фирмасының турбогенераторын орнату көзделді.

Құрылыс қарқыны

Ғимараттардың блокты емес, қаңқалы жүйеде салынғанын ескерсек, бірінші кезектің небәрі үш жылда аяқталуы сол уақыт үшін өте қысқа мерзім болды.

Құрылысты жеделдеткен қажеттілік және инженерлік шешімдер

1959 жылы ЖЭО алаңында тұрмыстық корпустың қабырғалары тек екінші қабатқа дейін ғана көтерілген еді. Алайда электр мен жылуға деген сұраныс құрылысты жеделдетуге мәжбүрледі.

Сумен жабдықтау инфрақұрылымы

Бірінші кезек аясында су жүйесін құру бойынша аса ауқымды жұмыстар орындалды: бес сорғы ұңғымасы, екінші сорғы станциясы, жерге көмілген су қоймасы, тораптық құбыр жүргізу және қысым мұнарасы.

Градирня: міндетті әрі күрделі нысан

Алғашқы турбина градирнясыз жұмыс істей алмады. Бұл — күрделі инженерлік құрылыс. Металл қаңқаның биіктігі 42 метр болды, жоба бойынша монтаж кран көмегімен жүргізілуі тиіс еді.

Градирняның қабаттары кезекпен орнатылды: әуелі бірінші, кейін екінші, соңында үшінші қабат. Бірақ сол кезеңде Ақмолада мұндай биіктікте жұмыс істейтін крандар жоқ болатын.

Ұйымдастыру және қолдау

СМП-209 мердігер ұйымының бас инженерлері құрылыс кезіндегі инженерлік ізденістерді уақытша қолдап, ынталандырды. Еңбек пен шығармашылық талпыныстың нәтижесінде нысан қысқа мерзімде аяқталды.

Құрылыс барысына кеңес және партиялық органдардың араласуы да елеулі көмек бергенін атап өткен жөн.

1961 жыл: алғашқы қазан мен турбоагрегаттың іске қосылуы

1961 жылдың желтоқсанының соңғы күндері 1-ЖЭО бірінші кезегі іске қосылды. Іске қосылған негізгі жабдықтар:

№1 қазан агрегаты (БКЗ)

  • Бу параметрлері: 40 атм, 440°C
  • Өнімділігі: сағатына 50 тонна

№1 турбоагрегат (АТ-6)

  • Электр қуаты: 6 МВт
  • Сол кезең үшін бұл іске қосу целина энергетиктері үшін күрделі жеңіс болды.

Экономикалық және экологиялық нәтиже

Қала тұтынушыларын электрмен жабдықтаудағы қарбаластық бәсеңдеді. Осы уақыттан бастап орталықтандырылған жылумен жабдықтауға көшу басталып, көптеген жергілікті қазандықтар біртіндеп жабылды. Бұл қадам айтарлықтай экономикалық әсер беріп, қала экологиясының жақсаруына ықпал етті.

Еңбек ырғағы: тәулік бойғы кезекшілік және станцияның өсуі

Қуанышпен қатар қиындықтар да қатар жүрді. Жабдықтың тоқтаусыз жұмысын қамтамасыз ету үшін тәуліктік кезекшілік қажет болды. Ұжым жұмысты ұйымшылдықпен, жоғары жауапкершілікпен атқарды: ешкім үстеме ақы, сыйақы немесе қосымша демалыс талап етпеді.

Кей кездері жұмыс күші, әсіресе қатып қалған көмірді түсіру кезінде, жеткіліксіз болып, сарбаздардың көмегіне жүгінуге тура келді. Уақыт өте келе жаңа қазандар мен турбиналар пайдалануға беріліп, станция қуаты кезең-кезеңімен арта түсті.

Ұйымдық өзгерістер: бірігу және жаңа құрылымдар

1989 жыл

1-ЖЭО мен 2-ЖЭО біріктіріліп, Целиноградтық ЖЭО деп аталды.

1999 жыл

1999 жылдың 7 қаңтарында «Астанаэнергосервис» ААҚ құрылды. Оның құрамына 1-ЖЭО ҚБ мен 2-ЖЭО ҚБ енгізілді.

2004 жыл

2004 жылғы ҚР Үкіметінің №190 қаулысы және «Астанаэнергосервис» АҚ-ның №23/1001 бұйрығы негізінде 2004 жылдың 1 желтоқсанынан бастап «Астана-Энергия» АҚ құрылды.

Тағайындаулар (1999)

  • 1-ЖЭО ҚБ директоры: Жұмебеков Ержан Мұхтарұлы
  • Бас инженер: Утюжников Юрий Леонидович

Станция өмірі айтарлықтай жақсарды: еңбек өнімділігі мен орындалатын жұмыстың сапасы өсті, жалақы тұрақталып, кадр тұрақсыздығы азайды.

Ардагерлердің еңбегі

Бұрынғыдай ардагер мамандар алдыңғы қатарда болды, олардың қатарында:

  • Бүркітбаев Рыскелді Мәуленқұлұлы
  • Сирабидзе Людмила Борисовна
  • Попов Александр Герасимович
  • Филимонова Нина Николаевна
  • Нұраева Райхан Мағзұмқызы
  • Царева Надежда Михайловна
  • Генералова Тамара Ивановна
  • Алтымбеков Юрий Кенесович
  • Слакаев Владимир Петрович және басқалар

Тағайындаулар (2004)

  • Бас директор: Жақыпов Ғабдолла Өксекпайұлы
  • Бас директордың орынбасары: Утюжников Юрий Леонидович

2-ЖЭО: жобалау шешімінен алғашқы блокқа дейін

1971 жылдың 29 маусымында КСРО Энергетика министрлігі Ақмолалық 2-ЖЭО-ның техникалық жобасын әзірлеу туралы арнайы шешім қабылдады. Құрылыстың басталуына тарихи алғышарттар әсер етті: тың және тыңайған жерлерді игеру науқаны, Ақмоланың бұрынғы уездік қаладан өндірісі қарқынды дамыған өңірлік орталыққа айналуы, сондай-ақ бүкіл Кеңес Одағының түкпір-түкпірінен келген жас мамандар легі.

Осы кезең көптеген жас энергетиктердің өмір жолына ықпал етіп, кешегі студенттердің ертеңгі басшыға, ал тәжірибелі мамандардың жас буын тәлімгеріне айналған уақыты болды.

География және климаттық ерекшелік

Ақмолалық 1-ЖЭО қаланың Солтүстік өнеркәсіптік аймағында орналасқан. Жылу беру маусымының ұзақтығы — 215 күн.

Құрылыстың мерзімдері

2-ЖЭО бірінші кезегінің құрылысы 1972 жылы басталып, 1985 жылы аяқталды.

Маңызды даталар

  • 1972 22 сәуірде, коммунистік сенбілік күні, болашақ 2-ЖЭО орналасатын жерде нысанның белгісі ретінде стела орнатылды.
  • 1974 Көктемде құрылыс қарқыны айқын күшейді.
  • 1979 29 тамызда 2-ЖЭО бірінші кезегінің бірінші блогын пайдалануға енгізу туралы құжаттарға қол қойылды.

Стеланы орнатуға қатысқандар

Негізін салу рәсіміне Бономанко Борис Александрович (партия обкомының өнеркәсіп бөлімінің меңгерушісі), Кириленко Василий Петрович (обкомның екінші хатшысы), Левин Вениамин Моисеевич («Целинэнерго» басқарушысы), Шадыжев Ахмет Туханұлы (салынып жатқан 2-ЖЭО бас инженерінің орынбасары) қатысты.