Орташа қысымдағы газдарды тазалау
200 қондырғысынан Ғ-202 сепараторынан шыққан орташа қысымдағы газдардан, СС-201.1/2/3 бірінші сатысының орташа қысымдағы газдары және Е-210 жылуалмастырғышынан кейінгі жоғары қысымдағы өткізу газдарынан тұратын газды қоспа 40-500С температурамен 2 бар абс қысыммен жоғары қысымдағы Ғ-328 біріншілік сепараторына беріледі, мұнда сұйықтықтардың бөлшектерін аздап аулау жүзеге асырылады. Осы сепаратордан соң газды ағын коалесцирлеуші сүзгі сепараторға Ғ-324 бағытталады және ол жерде сұйықтықтардың өте кіші бөлшектері ауланады. Сұйық өнімдер: Ғ-328, Ғ-324 сепараторынан шығып реттегіш клапаны бойынша LICAHL 31053 Ғ-203 сепараторынан LICAHL 31051 (жоғарғы секция) және LICAHL 31052 (төменгі секция) орташа қысымдағы Ғ-202 сепараторынан шығарылады.
Сепарацияланған газ Ғ-314 сепараторынан жоғары қысымдағы контактор Д-302 төменді табақшасына беріледі. Контактор үш бөліктен тұрады. Төменгі бөліктерінде 17 ден 25 дейінгі табақшалыранда регенерацияланған аминнің қарсы ағынымен Н2S және СО2 едәуір бөлігі сіңіріледі. Температурасы 51,70С болатын аминнің шығыны 17 табақшаға С-304 А/В/С сораппен беріледі, және ол ҒІСАЛ 31005 реттегіш клапанымен реттеледі. Аминнің байыту үшін жұмсалатын шығыны ҒІСАЛ 31002 реттегіш клапанымен реттеліп отырады. Контактордың ортаңғы бөлігінде 6 ден 16 дейін табақшалар реттегіш насадкалар пакетімен алмастырылған, олар табақшалармен салыстырғанда массаалмасудың жоғары коэффициентін қамтамасыз етеді. Колоннаның ортаңғы бөлігіне ҒІСАЛ 31001 шығын реттегіш клапаны арқылы берілген регенерацияланған амин ағымы күкіртсутектің қалған бөлігін абсорбциялайды. Контактордың жоғарғы жағында табақшалар 1 ден 5 дейін ДЭА ерітіндісі ағынымен СОS карбонил сульфидін абсорбциялайды. Жоғарғы секицяға жұмсалатын регенерацияланған аминнің шығыны LІСАЛ 31016 приборымен реттеледі. Контактордың жоғарғы секциясында аминнің қаныққан карбонил сульфидін деңгей реттегіш LIHAL 31005 клапаны арқылы бітеу табақшамен қаныққан амин сепарациялық жинағыш ыдысына Ғ-302 беру қарастырылған. Аминнің газдармен тасымалдануын болдырмау үшін демистер орнатылған. ДЭА ерітіндісінің көбіктенуін болдырмау үшін ҒІСАЛ 31005 және ҒІСАЛ 31017 клапандарынан соң абсорберге берілу тізбегінде көбіктүзуге қарсы тұрғышты енгізу қарастырылған.
Одан ары тазартылған газ 23 бар абс қысыммен және 51,70С температурамен өңделіп шыққан газ сепараторынан Ғ-319 өткізіледі, мұнда газбен тасымалданып кеткен амин бөлшектерін ажырату жүргізіледі. Ғ-319 жиналатын сұйықтық LІСАЛ 31021 клапаны көмегімен қаныққан аминді жинақтау ыдысына Ғ-303 жіберіледі. Күкіртсіздендірілген газ орташа қысымда Ғ-319 сепараторынан 200 қонджырғысының қабылдағыш сепараторға Ғ-207. 1/2/3 екінші сатысына СС-201.1/2/3 бағытталады. Газдың шығыны шығын өлшеуішпен ҒІ 31003 өлшенеді. ОРАН 31001 анализаторы бойынша күкіртсутекктің тазартылған газдағы мөлшеріне бақылау жүргізіледі. Тазартылған газды Ғ-319 сепараторынан соң отындық газ коллекторына жіберу мүмкіндігі қарастырылған.
ДЭА регенерациялау
Қаныққан аминнің сепарациялық жинағышына Ғ-303 ДЭА қаныққа ерітіндісі жоғарғы секциядан және контакторлар Д-301, Д-302 кбтарынан келіп түседі, сонымен бірге Ғ-301 арқылы қоректендіргіш су беріледі, ол су 400 қондырғысынан шыққан және қышқылды болып табылады, сонымен бірге осында Ғ-305 тен амин жіберіледі.
Ғ-303 жинағышында қаныққан аминнен қысымның 4,5 бар абс төмендеуі есебінен еріген көмірсутекті газдардың көп бөлігі және күкірт сутек пен көмірқышқыл газдың едәуір бөлігі бөлінеді. Бұл газдар отындық газ контакторына Д-303 беріледі, ол Ғ-303 пен конструктивті қосылған. Д-303 жоғарғы жағына ҒІСАЛ – 31008 позициялы шығын реттегіш клапаны арқылы С-304 А/В/С сорабымен регенерацияланған ДЭА ерітіндісі беріледі. Осы тізбекте көбіктүзуге қарсы тұрушыны енгізу қарастырылған. Қышқылды газ контактор Д-303 үш қабатынан өте отырып ДЭА ерітіндісімен тазартылады. Контактордағы қысым РІС 31006 реттегіш клапанымен ұсталып тұрады, ол тазартылған газды зауыттың отындық газ жүйесіне береді. Одан басқа сепарациялық жинағышта Ғ-303 сұйық көмірсутектерді қаныққан амин ерітіндісінен тазалдау жүргізіледі. Бұл көмірсутектер отсек ішіне жиналады.
Газ құбырының тиімді параметрлері
Тұрғын үйді газбен қамту жүйесі
Табиғи газдар
Газ өңдеу
Мұнай және табиғи газдардың ірі шикізат базалары
Табиғи, ілеспе газдар және оларды өңдеу мен тазалау әдістері
Газды қаладағы газ тарату механизімі
Концентрленген азот қыш
Өндіріс орындарын желдету әдістері жайлы мәлімет
Газбен қамту жабдықтарын есептеу
Мақта тазалау кәсіпорын басқарушылық есебін және ішкі аудитін ұйымдастыруды ( Шардара - мақта ЖШС)
АРИФМЕТИКАЛЫҚ ОРТАША ШАМАЛАР
Жұмыспен қамтылған халық санын жай арифметикалық орташа шама әдісімен талдау
Бағалы қағаздардың бағасыздану бойынша операциялар
Фосфор қышқылымен электрохимиялық тазалау
Жоғары қысымдағы газдарды тазалау
Бағалы қағаздардың экономикалық мәні, атқаратын қызметтері
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Дене бітімі орташа, сүтті мал
Газдардың диффузиясының бұзылыстары