Орта ғасырлық Қазақстан тарихы мәселелері XIX ғ

І.ТАРАУ. Орта ғасырлық Қазақстан тарихы мәселелері XIX ғ. соңы- ХХғ. басындағы орыс зерттеушілерінің еңбектерінде

1.1. Казақ өлкесі мен тарихын зерттеу барысында тарихи мәліметтердің жинақталуы мен сипаты

1861 жылғы реформадан кейінгі Ресейдің әлеуметтік-экономикалық дамуы тез қарқынмен алға басты және сондықтан күн тәртібіне отарлық шет аймақтардың байлықтарын игеру, олардың ресурстарын зерделеу мен зерттеу мәселелері қойылды. Мұнда орыс географиялық қоғамына едәуір мән берілді. 60-жылдардың өзінде-ақ оның Орынбор бөлімін ашу туралы қойылды. Орынбор генерал-губернаторы бөлім ашудың практикалық пайдасын көздей отырып, 1867 жылдың басында ішкі істер министріне былай деп жазды: «Мысалы, көп жерлерден белгілері табылса да, тас көмір кен орындарының болуы белгісіз, дала өңіріндегі егіншіліктің, демек, отырықшылықтың жағдайлары мен көлемінің мүмкіндіктері белгісіз. Оның бір жағында мәселелер және өте елеулі мәселелер туындап отыр, оларды шешу кезінде өлкені егжей-тегжейлі ғылыми зерттеудің кемшіліктері сөзсіз дерлік қателерге ұшырады» /8/.
Елдің шығыс аудандарын, бірінші кезекте Сібір мен Қазақстанды игеруден кейін Батыс Сібір бөлімі ашылды. Омбыда Батыс Сібір деп аталатын бөлім ашу туралы өтінішті орталық қоғамға Дала өлкесінің генерал-губернаторы Н.Г. Казнаков жазды. Ол 1877 жылғы 30 шілдеде сол кезге дейін-ақ Омбыда болған Императорлық орыс географиялық қоғамының кейбір толық мүшелеріне өзінің арнайы Батыс Сібір бөлімін құру туралы өтініш жасағанын хабарлады. Бүл өтініш «аса жоғары мәртебелінің назарына ілініп», бөлімге жыл сайын 2 мың сом алып отыруға рүқсат етілді /9/. Кейіннен бөлім туралы ереже бекітіліп, ол өзінің ғылыми жұмысын бастады.
XIX ғасырдың аяғында орыс географиялық қоғамының Түркістан бөлімі ашылды. 1895 жылдың аяғында Түркістан генерал - губернаторы А.Б. Вребский императорлық орыс географиялық қоғамының алдында оның Түркістан бөлімін ашу туралы өтініш жасады. Сөйтіп бұл бөлім 1896 жылғы 20-мамырда ашылды.
XIX ғасырдың аяғында қоғамның көптеген көрнекті өкілдеріне жергілікті жерлердегі бөлімдердің де кең-байтақ Қазақстан кеңістігін зерттеу жөнінде алға қойылған міндеттерді атқара алмай отырғаны белгілі болып, күн тәртібіне бөлімдер құрамында бөлімшелер ашу туралы мәселе қойылды. Батыс Сібір бөлімі Семей бөлімшесінің ашылуы осылайша дайындалды. Өлкені зерттеу ісіне қосқан үлесі, сондай-ақ, өзінің ғылыми-практикалық жұмысы бойынша ол Қазақстанның шығысындағы аса ірі ғылыми мекемеге айналды. Бұған, біріншіден айдауда жүрген зиялылардың көптеп шоғырлануы ықпал етті, екіншіден, Семейдің өлкедегі ірі экономикалық және мәдени орталыққа айналуы себеп болды.
Бұл жөнінде Семей облысының губернаторы А. Карпов Императорлық орыс географиялық қоғамының Батыс Сібір бөлімі төрағасының атына жолдаған хатында 1898 жылдың өзінде-ақ жазған болатын.
1902 жылы Семей бөлімі ашылды: «Губернатордың үсынысы бойынша, статистика комитетінің хатшысы Н.Я.Коншин бөлімшенің құрылуы туралы жазбасын оқып берді» /10/. Бұл жазбасында Н.Я.Коншин «білім үшін жүргізген жұмысына қоса, Сібір бөлімі жергілікті өмірдің әртүрлі мәселелері мен қажеттеріне де сергек қарап, олардың шындық пен ізгілік мүдделерінде шешілуіне әрқашанда жәрдемдесуге тырысты...» деп атап өтті /11/. Семей бөлімшесі облыстық әскери губернаторының өкімімен 1902 жылғы 31 наурызда ашылды.
ХХғасырдың алғашқы он жылдығында Жетісу облысы елеулі рөл атқара бастады. Бұл бірінші кезекте, облысқа қоныс аударушылардың көптеп ағылып келуіне, сондай-ақ оның әлеуметтік мүмкіндіктеріне байланысты болды. Осылайша кең-байтақ облыстың экономикасын, тұрмысын, геологиясын, этнографиясын және т.б. жүйелі түрде ғылыми-қолданбалы түрғыдан зерттеу орыс географиялық қоғамы қызметінің саласында алғашқы орындардың біріне шығып, соған байланысты Жетісу бөлімін ашуға әрекеттер жасалды. Семей бөлімшесінің жандана түсуі, бірінші кезекте, сол кезеңдегі Қазақстанның шаруашылық және саяси өмірінде Дала өлкесінің де, облыстың да рөлі артуымен байланысты. Семей облысында белсенділігі арта түскен демократиялық элементтерде аз рөл атқарған XX ғасырдың басында, әсіресе 1905-1907 жылдардағы революциядан кейін Жетісу облысында Орыс географиялық қоғамның нақ сондай белсенділік көрсету байқалды.
Қоғам өмір сүрген бастапқы кезеңде Ресейдің орыс емес халықтарының этнографиясын зерттеу жөнінде бағдарламалар жасауға әрекет етілді. «Халықтық зандық ғұрыптарды жинауға арналған бағдарлама» осылайша жасалды /12/. Оны этнография бөлімшесі жанынан құрылған Халықтық заңдық ғұрыптарды комиссиясы дайындады: «... сол қоғамның этнография бөлімшесінің төрағасы М.В. Калачевтің бастамасымен және П.А.Муновтың қызу қатысуы арқылы 1864 жылы заңдық ғұрыптарды жинауға арналған бағдарлама жасалып, зерделенді» /13/. Бағдарламада: «қолайлы жағдайлар болғанда Ресей шегінде тұратын бұратаналар тұрмысының тайпалық ерекшеліктерін де көрсеткен жөн болар еді» деп атап айтылған /14/. Онда Ресейдің оған кіретін халықтарды зерттеу жөніндегі ғылыми топтары ден қоятын барлық тұрмыс ерекшеліктеріне баса назар аударылды. Барлығы 425 сұрақ әзірленді. Ол 1889 жылы қайта шығарылды, сонымен бірге қайта өңделді. Бағдарламада жеке адамның да, тұтас алғанда қауымның да барлық өмірінің жақтары қамтылды. Бұл бағдарлама орыс емес халықтардың әлеуметтік, экономикалық және тұрмыстық жағдайларын 20 жылдан астам уақыт бойы қамтып келді. XX ғасырдың басында Ресей бұратаналарының әлеуметтік және экономикалық жағдайына деген ғылыми ынта-ықылас тағы да өсе түсті. Осыған байланысты 1914 жылы этнографиялық карталар жасау жөніндегі комиссияның сауалнама сұрақтары. Ал 1915 жылы «Ресейдің тайпалық картасын жасау жобасы» жарияланды /15/. 1917 жылы С.Ольденбургтің басшылығымен «Тайпалық карталар жасау жөніндегі нұсқау» жасалды, онда былай деп атап көрсетілді «қолданымдағы тайпалық карталарды... Орта Азия үшін, Сібір үшін масштабы - дюймде 40 шақырым болатын етіп, жеке парақтар және екі жиынтық тайпалар карта шығару жобаланды. Сібір мен Орта Азияға арналған екіншісінің масштабы — бір дюймде 100 шақырым» /16/. 1912 жылы көрнекті этнограф және орыс географиялық қоғамының мүшесі Л.Я.Штеренбергтің лекциясын тындаушылар оның лекциясы бойынша «этнографиялық материалдар жинауға арналған нұсқау» дайындады, ол кейін қазақтардың және басқа да азиялық халықтардың этнографиясын зерттеу ісіне елеулі үлес қосты /17/.
Қазақ халқының тарихи өткенін зерттеу жөнінде Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы зор жұмыс атқарды. XIX ғасырдың аяғында Ресейдің 29 губерниясында ғылыми мұрағат комиссиялары құрылды. Олардың негізгі міндеті өлкенің тарихы бойынша мұрағат деректемелерін жинап, жүйеге келтіру болатын. Сонымен бірге, олардың міндетіне губерниялардың аумағына археологиялық зерттеу жүргізу кірді. Сондай-ақ,, мұрағат комиссияларына жергілікті жағдайлар бойынша өзінің тікелей міндетіне қарамастан, елдің басқа да кез-келген ескерткіштерін іздеп табуды, суреттеуді және түсіндіруді өз жұмыстары шеңберіне енгізу жүктелді /18/. 1881 жылы бұрынғы Орынбор генерал губернаторлығы кеңесінің мұрағат істерін ретке келтіру жөніндегі комиссия ретіндегі құрылған Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы ғылыми мекемеге айналды. Комиссияның жұмыс көлемін, мақсаттары мен міндеттерін анықтаған кезде 90 мыңнан астам істеп тұратын, олардың 1/10 бөлігі ғана мұрағатқа енгізілуге тиіс болған орасан көп құжаттардың құндылығын анықтау мен сақталуын қамтамасыз ету қажет екендігі байқалды. Алайда кездескен қиыншылықтарға қарамастан, 1887 жылдың желтоқсан санында екі адамнан тұратын Орынбор ғылыми мұрағат комиссиясы (ОҒМК) құрылып, жұмысын бастады. Төрағасы болып П.Н. Ракков, орынбасары болып Т.Н. Аидриев, хатшысы болып «Оренбургский листоктың» редакторы И.И. Ефимовский-Мировид сайланды. Комиссияның басты мақсаты - мұрағат істерін ретке келтіру, Орынбор өлкесінің тарихын зерттеу, археологиялық және этнографиялық материалдар жинау болды /19/. Күрделі мәселелердің бірі комиссияны материалдық жағынан қамтамасыз ету болды, неғұрлым кең қызметке қаражат жетіспеді. Алғашқы жұмыс жылында мұрағат құжаттары тәртіпке келтірілді, онда қазақтардың тарихы жөніндегі құжаттар, әкімшіліктің өкімдері, көрші мемлекеттермен сауда және қарым-қатынастар туралы құжаттар көрініс тапты. Тұтас алғанда, істерде өлкенің алуан түрлілігі көрсетілді. Сондай-ақ өлкенің көптеген бағалы мәліметтер комиссияның мұрағат істерін тәртіпке келтіру жөніндегі қызметінің арқасында сақталып қалды. ОҒМК қызметін ұйымдастырумен бірге ғылыми баяндамлар оқылған отырыстар өткізілді. Мысалы, олар Г.Н: Зелениннің «Перовскийдің 1831-1833 жылдары Хиуаға жорығы туралы, Маңғыстау түбіндегі адайлар көтерілісі туралы және оларды басу туралы, » М.Л. Юдиннің «Қазақтар этнографиялық очерк» деген баяндамасы.
Жергілікті өлкетанушылармен бірге комиссияның жұмысына В.В. Бартольд, С-Петербург Археология институтының директоры И.В. Покровский, академик В.В.Радлов құрметті мүшелер ретінде белсене араласты.
ОҒМК еңбектерінде ХҮІІІ - ХІХ ғасырдағы Қазақстанды отарлау тарихы жөніндегі



Ұқсас жұмыстар

Саяси және құқықтық ілімдер тарихының пәнімен әдісі
«Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламаның мемлекеттік мәдени саясаты ретіндегі кітапхананың рөлі
Ежелгі Греция тарихы бойынша деректер
Ш. Құдайбердіұлы шығармашылығындағы нәзирагөйлік дәстүр жалғастығы
Қазақ әдеби тілін зерттеудің теориялық негіздері
Жібек жолындағы қалалар
ҚАЗАҚ ХАНДЫҒЫ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ
XVI-XVIII ғасыр лингвистикасы. в.ф.гумбольдтың лингвистикалық көзқарастары
Қазақ хандарының негізгі мөрлерінің сипаттамасын қарастыру
Еліміздегі тарихи-мәдени және археологиялық ескерткіштердің туризмдегі рөлі
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Қазіргі дүниежүзінің саяси картасы
МЫҢЗЫҚҰЛЫ ЕДІЛ ҚАҒАН
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
БУМЫН ҚАҒАН
ҚР қоғамдық жаңа даму кезеңінде жоғары білім беру