ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ — КАСТОДИАН

ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ БАНКІ — КАСТОДИАН

Қазақстан Республикасының Қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі 2004 жылғы 19 ақпанда кастодиалдық қызметпен айналысу үшін әрекет мерзімін шектемей № 0407100221 мемлекеттік лицензия берген.
Кастодиан — бағалы қағаздар рыногының кәсіпқой қатысушысы, клиенттердің қаржы құралдары мен ақшасының есебін жүргізеді және оларды растау құқығын іске асырады, сонымен қатар өзіне тиісті міндеттеме қабылдай отырып, клиенттердің құжаттамалық қаржылық құралдарын сақтауды жүзеге асырады.
Бүгінгі күні жұмыс істеп жатқан кастодиан-банктер арасында Халық банкі алғашқылардың бірі болып кастодиалдық қызметпен айналысуға лицензия алды және 1997 жылдан бастап өз клиенттеріне кастодиалдық қызмет ұсынып келеді.
ҚР-ның заңнамалық актілерімен белгіленген кастодиан функцияларын іске асыру мақсатында «Қазақстан Халық Банкі» АҚ:

- кастодиалдық қызмет көрсетуге берілген ақшаға, эмиссиялық бағалы қағазға және басқа да қаржы құралдарына қатысты клиент шоттарын ашады;
- кастодиалдық қызмет көрсетуге берілген ақшаның, эмиссиялық бағалы қағаздардың және өзге қаржы құралдарының есебін қамтамасыз етеді;
- кастодиалдық қызмет көрсетуге берілген эмиссиялық бағалы қағаздармен және өзге қаржы құралдарымен жасалатын мәмілелер бойынша төлем агентінің функцияларын орындайды;
- клиенттер бұйрығының негізінде бағалы қағаздармен жасалатын мәмілелерді тіркейді және олардың бағалы қағазға құқығын растайды;
- бағалы қағаздар бойынша табыс табады және оларды клиенттер шотының есебіне аударады;
- клиенттердің құжаттық бағалы қағаздарын сақтайды;
- клиент бұйрықтарын олардың мазмұнына сәйкес орындап отырады;
- клиенттің бағалы қағаздары мен ақшасын өзінің меншікті бағалы қағаздары мен ақшасына қатысты оқшаулап сақтауды қамтамасыз етеді:
- шоттарды жүргізудің және клиенттің бағалы қағаздары мен ақшасы есебінің технологиясын орындайды;
- өз клиенттерінің бағалы қағаздармен жасалған мәмілелерінің орындауын, оның ішінде жинақтаушы зейнетақы қорлары зейнетақы активтерінің өз мақсатында, ҚР-ның заңнамасымен белгіленген тәртіпке сай инвестициялануын бақылайды;
- клиенттерге олардың шоттары туралы ақпаратты тұрақты түрде және олардың талап етуімен бірден беріп отырады;
- клиент шоттары туралы ақпараттың конфиденциалдығын қамтамасыз етеді және бағалы қағазды шығарушының тапсырумен клиентке ақпарат береді;
- Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпке сәйкес уәкілетті органға ақпарат беріп отырады.
Кастодиалдық қызметке деген объективті қажеттілікті рынокта мемлекеттік, муниципалдық және корпоративтік бағалы қағаздардың ірі портфельдеріне иелік етушілер санының көбеюімен түсіндіруге болады.

Аталған қызмет түрін барынша кеңейту стратегиясына сүйене отырып, Халық Банкі кастодиалдық қызметтер бойынша бәсекелік қабілеті жақсы және бизнес жүргізуге тиімді ықпал ететін тарифтер кестесін жасады, қазіргі уақытта клиенттердің бағалы қағаздары мен ақшасын кастодиалдық есепке алу бойынша толық мәнді, кәсіби қызмет көрсетіледі.
Кастодиалдық қызмет көрсетуші құрылымдық бөлімшенің қызметкерлері аталған рынокта мол тәжірибе жинақтаған, терең білімді әрі жоғары кәсіпкерлікке дағдыланған мамандар болып табылады, олар тиісінше жоғары деңгейлі қызмет көрсете алады.
Кастодиалдық қызмет рыногындағы «Қазақстан Халық Банкі» АҚ стратегиясының негізгі және айқындаушы бағыты бағалы қағаздар рыногында инвесторлар тәуекелін барынша азайтуды қамтамасыз ету, сондай-ақ бағалы қағаздармен мәмілелер бойынша уақытылы есеп айырысу және олардың меншік құқығын растау болып табылады.
Халық банкі өзі көрсететін қызмет түрлерінің сапасын үнемі арттырып отырады және кастодиан қызметін пайдаланған клиент неғұрлым аз тәуекелмен барынша жоғары пайда табуына ықпал етуге ұмтылады.

Банктің үлестес тұлғаларын қоспағанда,
Кастодиан клиенттері мыналар бола алады:
- ҚР резиденттері,
- ҚР бейрезиденттері,
- заңды тұлғалар,
- жеке тұлғалар.
Институционалдық және жеке инвесторлар активтерімен халықаралық рыноктарда тиімді жұмыс істеу үшін әрі олардың инвестициялық мүмкіндіктерін кеңейту үшін «Қазақстан Халық Банкі» АҚ кастодиандық қызмет көрсету жөнінде Deutsche Bank (Frankfurt) және Morgan Stanley DW (London) банктерімен шарт бекітті және кастодиалдық шоттар ашты, бұл шын мәнінде кез келген шет мемлекетте халықаралық мәміле жасауға мүмкіндік береді деген сөз. Халықаралық рынокта қызмет көрсету ерекшеліктерін, мәмілелерді орындау, табыс алу рәсімдерін, басқа да факторларды жақсы білу аталған рыноктардағы инвестициялық қызметпен байланысты тәуекелдерге жол бермеудің алғышарты болып табылады.
ҚР-ның «Бағалы қағаздар рыногы туралы» заңының 45-бабына (5-тармақ) сәйкес клиенттердің ақшасы мен бағалы қағаздарын Кастодиан өзінің меншікті активтерінен бөлек есепке алады және олар Кастодиан банкротқа ұшыраған немесе ерікті түрде таратылған жағдайда таратылатын активтер массасына қосылмайды. Бұл қағида клиентке кастодиан-банк банкротқа ұшыраған немесе таратылған жағдайда өз активтерін жоғалту тәуекеліне ұшырамауға мүмкіндік береді.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ капиталдандыру деңгейінің жоғары болуы клиенттерге Кастодианда қаржы құралдарын айтарлықтай көлемде сақтауға мүмкіндік береді, өз кезегінде Кастодианның клиенттер алдындағы өз міндеттемелері бойынша толық көлемде жауап беру мүмкіндігі болады.
«Қазақстан Халық Банкі» АҚ жинақтаушы зейнетақы жүйесінің белсенді қатысушысы болып табылады. Кастодиандық қызмет көрсетілетін клиенттірдің зейнетақы активтері бүгінгі күнгі жалпы қазақстандық зейнетақы активтері қорының 25 пайызын құрайды.



Ұқсас жұмыстар

Коммерциялық банктердің пайда болуы
Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру жүйесінің қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасында зейнет ақымен қамтамасыз етудің қазіргі жағдайы мен оны жетілдіру мәселелері
Зейнетақы жүйесінің дамуы
Қазақстандағы зейнетақы ісінің жағдайының талдауы
Қазақстан Республикасында зейнетақы жүйесінің дамуы, мәселелері
Зейнет ақы активтерін басқару механизмін сипаттау
Зейнетақымен қамсыздандыру жүйесін басқару
Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қызмет ету механизмі
Қазақстан Республикасындағы зейнетақы жүйесінің құрылым негіздері
ҚР «Халық Банкі» АҚ құрылымы
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастардағы орны
ХАЛЫҚТЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНЫҢ НЕГІЗІ
Оңтүстік Қазақстан облысындағы несие нарығының қазіргі жағдайын талдау
Қазақстан Республикасындағы ақша реформалары және оның ерекшелiктерi
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану
Қазақстанның ұлттық экологиялық проблемалары
Оңтүстік Қазақстан облысы топонимиясының физикалық-географиялық астарлары