Дипломдық жұмыс тапсырмалары

Дипломдық жұмыс студенттердің университеттегі қорытынды кезеңі болып табылады және оның мақсаты:
-бітірушінің кәсіптік, ғылыми-зерттеу жұмысына дайындық дәрежесін көрсетеді;
-теориялық және практикалық білімін және мамандық бойынша практикалық іскерлігін кеңейту, жүйелеу, бекіту және нақты ғылыми шешімде оны қолдану;
-өзіндік жұмысты жүргізгенде дағдыны дамыту және зерттеу әдістемелігі мен дипломдық жұмыста қарастырылып отырған проблемалар мен сұрақтарды шешуде эксперимент жа-сау және салаға сәйкес көкейтесті мәселелерді шешуде арнайы әдебиеттерді қолдану;
Дипломдық жоба (жұмыс) студенттің өзіндік шығармашылық жұмысының қорытынды-сы болып табылады. Дипломдық жұмысқа профессор-оқытушылар құрамынан жетекшілік етеді.
-Дипломдық жұмыстың тақырыбы қазіргі заманға сай, ғылым мен техниканың дамуы-на сәйкес болуы тиіс;
-Дипломдық жұмыстың тақырыбы кафедрада талқыланып студенттерге дипломалды прак-тикаға екі апта қалғанға дейін хабарланады;
-Студент іздену жұмыстарына байланысты дипломдық жұмыстың тақырыбын өзі ұсынуға құқы бар;
-Студенттердің дипломдық жұмыстарының тақырыбы мен жетекшілері дипломды практи-каның басталуына екі апта қалғанда кафедраның ұсынуы бойынша университет бұйрығы-мен бекітіледі.
Диплом жұмысы тапсырмаларында мыналар қарастырылуы тиіс:
-студенттің дипломдық жұмысты жеке дара орындауы;
-дипломдық жұмысты студенттер тобының (3 адамнан артық емес) орындауы;
-дипломдық жұмысты студенттер тобының кешенді түрде орындауы;

Дипломдық жұмыстың тапсырмасында мыналар көрсетілуі тиіс:
-тақырып және тиісті мәліметтер;
-өңделген және графикалық материалдардың тізімі мен мазмұны;
-бөлімдердің орындалуының графикалық күнтізбесі;
-тапсырманың орындалу мерзімі және жобаны қорғауға дайындау мерзімі.
Диплом жұмысының тапсырмасы жетекшімен бірге тізімді және кафедра меңгерушісі бекітеді.
Егер дипломдық жұмыс топпен орындалғанда бір түсінік хат жазылса, онад мұқабалық бетте барлық орындаушылар көрсетіледі.

Дипломдық жұмыстың құрамы мен құрылымы

Дипломдық жұмыс студенттердің өзіндік, қорытынды жұмысы болып табылады және түсініктеме хат пен графикалық бөлімнен тұрады.
Түсініктеме хат мына құрылымдық элементтерден тұрады:
-мұқабалық бет;
-тапсырма;
-мазмұны;
-аннотация;
-нормативті сілтемелер;
-анықтама;
-қысқартулар мен шартты белгілер;
-кіріспе;
-I-II бөлім;
-дипломдық жұмыс талаптары;
-еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі;
-қорытынды
-қосымша, схемалар, иллюстрациялар;
-қолданылған әдебиеттер;
Дипломдық жұмыстың мазмұны мен рәсімделуіне қатысты жасалған ескертпелерді ка-федраның кеңесінде қаралуы барысында түзетуге болады. Дипломдық жұмыстың бірінші данасы Мемлекеттік емтихан комиссиясына өткізіледі. Ал екінші данасы автордың өзінде сақталады. Қажет болған жағдайда дипломдық жұмыстың үшінші данасын ғылыми жетек-шіге (ғылыми кеңесшіге) беруге болады.

Мұқабалық бет
Түсініктеме хаттың мұқабалық беті А4 форматта орындалады. Егер топтық дипломдық жоба болса бір түсініктеме хат орындалады, бірақ мұқабалық бете жобаны орындаушы-ның барлығы көрсетіледі.

Мазмұны
Мазмұнға реттік нөмерлер мен бөлімдер атаулары, тақырыптар мен көрсеткіштері бар қосымшалар, ал қажет болған жағдайда графикалық материалдар мен беттік номерлер ен-діріледі.
Аннотация (мазмұндама)
Мазмұндама дипломдық жұмыс туралы қысқаша мәлімет беріледі.

Нормативті сілтемелер
Мәтінінде сілтемелері бар нормативті құжаттар тізімі. Неігзгі құжаттар тізімі мынадай сөзден басталады:
«Бұл дипломдық жұмыста келесі құжаттардан сілтемелер пайдаланылады…».

Кіріспе
Кіріспе жұмыстың жалпы мазмұнын жоба тақырыбымен байланыстыра отырып ашып көрсетеді.
Кіріспеде қатаң талап болмауы тиіс.
Дипломдық жұмысқа қойылатын негізгі талаптар немесе бітірушінің мамандығын анықтайтын негізгі бөлім.
Әдістемені сипаттау мен зерттеулер нәтижелері, түсініктемелер мен есептеулердің толық сәйкес келуі.
Еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі.
Дипломдық жұмыста еңбекті қорғау, техника қауіпсіздігі, экономика мәселелері тақырыппен байланыстыра қамтылуы керек.

Қосымшалар, таблицалар, схемалар, бағдарламалық құжаттар.
Түсінік хаты толықтырушы материал қосымшаға кірістіріледі. Мұндайлар: графикалық материалдар, үлкен форматтағы таблицалар, іздену эскиздері, түрлі планшеттер.

Анықтама
Дипломдық жұмысқа қолданылатын қажетті терминдерді анықтап, бекітетін элемент

Қысқартулар мен шартты белгілер
Қысқартулар мен шартты белгілер нормативті құжаттарда қабылданғанмен сәйкес болуы керек. Бұл құрылымдық элемент жобада қолданылатын қысқартулар мен шартты белгілер тізімін алады.


Пікірде көрсетілетіндер:
-дипломдық жұмыстың тақырыбының көкейтестілігі;
-орындалған жұмыстың жобалау тапсырмасына сәйкестігі;
-тапсырмада қойылған мәселенің толықтылығы мен дұрыстығы;
-жаңашылдақ пен тура шешім;
-дипломдық жұмыстың шынайылығы және техника қолдану;
-экспериментті өткізу әдістемесін дұрыс таңдауы;
-теориялық талдауды өткізу, өзінің ойын нақты баяндау және зерттеу нәтижелерін толық-тыру;
Пікір жобаның (жұмыс) жалпы бағасын алу керек («өте жақсы», «жақсы») мүмкіндігінше енгізу, баспаға шығаруға, конкурстарға жіберуді ұсынады.
Диплом алушы рецензиямен қорғауға дейін бір күн бұрын танысуы керек.

Дипломдық жұмысты рәсімдеу

Дипломдық жұмыстың негізгі ғылыми (шығармашылық) нәтижелері баяндамалар мен көрмелерде жарық көруі қажет.
Диплом жұмысын рәсімдеген кезде университеттің ОҚУ Әдістемелік Бөлімі Ережелерін ұстану қажет. Сонымен қатар, дипломдық жұмыстарға қойылатын талаптарға сай рәсім-делген дипломдық жұмыс қафедралық кеңестің алдын-ала талқылауында, пікір беруші-лермен, мемлекттік емтихан комиссиясымен жеңіл оқылып, түсінілуіне мүмкіндік береді.
Дипломдық жұмысты қазақ немесе орыс тілдерінде жазуға болады. Дипломдық жұмыс компьютердің баспа не графикалық қондырғыларында (форматы А4 (210ммх297мм) ақ қағаздың бір жақ бетінде ғана басылады. Жазу кезінде келесі өлшемдер сақталынуы тиіс: сол жағына-кемінде 30мм, оң жағынан-15, жоғарғы жағынан-20, төменгі жағына-кемінде 20мм).
Мәтін баспа машинада бір жарым интервал арқылы басылады. Мәтіндегі абзацтар үш ақ жол мөлшеріндегі шегіністен басталады. Машинада терілген мәтінді және сөздерді, формулалар мен шартты белгілерді қара тушьпен немесе қара сиямен енгізу қажет.
Мәтін компьютерде WORD мәтіндік редакторында терілген болса, жол қатары бір ин-терьвал арқылы жазылады (кәдімгі баспа машинкасының бір жарым интервалына сәйкес келеді). Шрифтің Times типтес гарнитурасын қолдану ұсынылады, шрифтр өлшемі -14 пункт (егер беттің соңында түсіндірмелер жасалатын болса, оның шрифтісінің өлшемі -10 пункт).
Дипломдық жұмыстың мәтіні өте ұқыпты тексерілуі қажет. Мысалы, компьютерде сөздерді буынға бөлуде автоматтың немесе мәтін жол ені бойынша түзеткен кезде өте үлкен интервалдар болуы мүмкін. Мұндай жағдайда WORD-та терілген мәтіндерді бөлу үшін курсорды бөлінетін сөзге алып келіп, «Ctrl» клавишасын басып тұрып «-» белгісін қою керек. La Tex жүйеснде қажет болған жағдайда бөлу белгісі «\-» символы арқылы жасалады.
Мәтін компьютерде терілген жағдайда, кестелер мен суреттерді көркемдегенде ком-пьютердің әртүрлі мүмкіндіктерін пайдалануға болады.
Қазіргі компьютерлер түрлі-түсті басылым жасауға мүмкіндік бергенімен, дипломдық жұмысты жазғанда тек қана қара түсті қолдану қажет. Мәтінді баспа машиналарында «немесе матрицалық принтерде) тергенде жаңа лентаны (жаңа риббон) қолдану қажет, символдардың контуры айқын, қашықтығы-бүкіл дипломдық жұмыс бойынша біркелкі болуы керек. Лазерлі принтер қолданылған кезде әдетте ерекше қиындықтар туындамай-ды.
Беттің нөмірі араб цифрларымен беттің төменгі ортасында төменгі шеттің 20мм қашық-тықта қойылады.
Дипломдық жұмыстың мұқабалық беті бірінші беті болып есептеледі, бірақ «1» саны қойылмайды. Қалған беттер екінші беттен бастап дипломдық жұмыстың орналасуы бой-ынша үздіксіз нөмірленеді. Кейбір жағдайларда кестелер, иллюстрациялар мен компью-терлік басылымдар.
А3 форматы (420-297) бетте де жасалады. Беттері нөмірлегенде осындай парақтар бір бет болып есептелінеді. Дипломдық жұмыстың көлемі 50-60 беттен аспауы керек.

Дипломдық жұмысты қорғауға дайындық пен орындауды ұйымдастыру

Жобалаудан бұрын студент жетекшінің көмегімен көрсетілге тәртібімен аяқтау мерзі-міне арнайы кесте түзеді.
Жетекші студент жұмысына бағыт беруші:
-тақырыпқа байланысты әдебиеттер мен материалдар ұсынады;
-жұмыс барысында студентке қажетті көмек көрсетеді;
-тапсырманың орындалуына ағымдық бақылау жасап отырады;
-дипломдық жұмыстың барысы туралы кафедраға жүйелі ақпар беріп отырады;
-кафедра алдында жұмыстың сапалы әрі уақытылы орындалуын өз жауапкершілігіне алады;
Ағымдық бағылау жұмыстың орындалу барысында жүйелі болуы тиіс. Бақылаудың нәтижесі кафедра отырысында қаралады.
Аяқталған дипломдық жұмыс студенттің, кеңесшінің (консультант) және жетекшінің қол қоюымен ФС ОҚМУ 4-7-001 нормалық бақылауына сәйкес болуы тиіс, жетекшінің пікірі мен студент қатыстырыла отырып кафедра меңгерушісіне қорғауға жіберу үшін ұсынылады. Пікір жазғанда жетекші студенттің жұмысына жалпы сипаттама бере келіп, оның бағасын (өте жақсы, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанарлық емес) да беруі тиіс.
Дипломдық жұмысты қарамас бұрын кафедра меңгерушісінің ұсынысымен алдын-ала жетекші оқытушылардан құралған комиссияның көруімен талқыланады да қорғауға бекітіледі.
Дипломдық жұмыс қорғауға жіберілмеген жағдайда кафедралық комиссияның немесе кафедра меңгерушісінің шешімімен жоба (жұмыс) авторымен жетекшісі қарастырыла отырып қосымша қайта қорғауға жіберіледі.
Қорғауға жіберілген студенттер тізімін кафедра МАК жұмысы басталардан бір апта бұрын директоратқа ұсынады.
Сырттан пікірлер жазу дипломдық жұмысты қорғаудан екі күн бұрын орындалуы керек.

Дипломдық жобаны (жұмысты) қорғау

Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғауға негізгі мамандық бойынша білім беру бағдарламасының бірінен білімнің толық курсын бітірген және оқу жоспарында қарасты-рылған барлық алдыңғы аттестаттық сыннан сүрінбей өткен студенттер жіберіледі.
Дипломдық жұмыстарды(жобаларды) қорғау университет, сонымен қатар қорғалатын (жұмыстарды) жобалардың тақырыбы ғылыми-теориялық және практикалық қызығушы-лық танытатын ұйымдарда, мекемелерде, кәсіпорындарда өткізуге мүмкіндік бар. Қандай жағдайда болмасын қорғау мерекелік жағдайда оқытушылардың, өндіріс өкілдері мен студенттердің шақырылуымен өткізіледі.
МАК-на оның жұмысы басталмас бұрын келесі құжаттар ұсынылады:
-кафедра меңгерушісінің қолы қойылған дипломдық жұмыс (жоба);
-студенттің оқу жоспарын орындағаны және алған бағалары туралы институт директорат-ының анықтамасы;
-студенттің сынақ кітапшасы;
-жетекшінің пікірі;
-рецензия;
МАК-да орындалған жұмыстың (жобаның) ғылыми және практикалық бағасын си-паттайтын басқа да материалдар ұсынылуы мүмкін: тақырып бойынша мақалалар, жұ-мыстың (жобаның) практикалық қолданғанын көрсететін құжаттар, макеттер, материал-дық бұйымдардың және т.б. үлгілері;
Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау мерзімі ереже бойынша 30 минуттан аспауы керек.
Қорғау алдында МАК хатшысы студенттің оқу жоспарын орындағаны жөнінде дирек-тораттың анықтамасын оқиды. Содан соң студентке хабарлау үшін сөз беріледі. Хабарлау уақыты ереже бойынша 8-12 минут.
Қабарлаудан соң, МАК мүшелері мен қатысушылар студентке сұрақ береді. Сұрақтар дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы бойынша, сонымен қатар жалпытехникалыұ және қоғамдық –саяси сипатта болуы мүмкін. Сұрақтарға жауап берілген соң пікірмен жетекшінің пікірі оқылады, содан кейін рецензенттің ескертулеріне жауап беруі үшін студентке сөз беріледі. МАК мүшелеріне және қатысушыларға шығып сөз сөйлеуге мүм-кіндік бар, содан соң студентке қорытынды сөз беріледі де, қорғау аяқталады.
Қорғау нәтижесі бойынша МАК алған мамандығы бойынша бітірушілерді бағалау жөнінде және бекітілген үлгідегі білімі туралы диплом беруге шешім қабылдайды.
Қорғау нәтижелері «өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз» деген бағалармен анықталады және МАК отырысында бекітілген хаттамаларды толтырып болған соң қорғау күні жарияланады. МАК шешімдері жабық отырыстарда қатысқан комиссияның дауыс беруі арқылы қабылданады.
Университетте оқу уақытында орташа балл бойынша барлық пәндерден 4,75-тен төмен емес тек «өте жақсы» және «жақсы» деген баға алған қорытынды (мемлекеттік) сынақтар-ды «өте жақсы» деген бағаға тапсырған бітірушілерге ерекше үлгідегі (үздік) диплом бе-ріледі.
Дипломдық жұмысты қорғай алмаған студенттер бекітілген үлгідегі академиялық анықтама алып, үш жылдың ішінде дипломдық жобаны (жұмысты) Қорғауға хұқылы болып университеттен шығарылады. Қайта қорғалатын дипломдық жұмыстың (жобаның) тақырыбы мен тапсырмаларын кафедра бекітеді.
МАК отырысында белгілі себептермен келе алмаған студенттерге университет ректоры мен МАК төрағасының келісімі бойынша жобаны МАК жұмысының қосымша мерзімінде қорғауға мүмкіндік беріледі.
Дипломдық жұмысты (жобаны) белгілі бір себептермен уақытында бітіре алмаған студенттерге оқыту мерзімі МАК жұмысының келесі кезеңіне дейін, яғни бір жылға ғана ректордың рұқсатымен ұзартуға мүмкіндік бар.



Ұқсас жұмыстар

Әдіс - оқу тәрбие жұмыстарының алдында тұрған міндеттерді дұрыс орындау үшін мұғалім мен оқушылардың бірлесіп жұмыс істеу үшін қолданатын тәсілдері
Жаңа ақпаратты түсінудің құнды әдісі - мәтінді талдау
Электронды оқулық түсінігі
Оқушылардың білімін жетілдіру кезіндегі тест жүйесінің тиімділігі
Ауызша сөз нормаларын оқытудың психолингвистикалық негізі
Тест және тестілеу жүйесі
Математикалық Тұжырымдамады қалыптастыру
Биология сабақтарында оқушылардың логикалық ойлау қабілетін дамытуда тірек-сызба технологиясының ерекшелігін анықтау жолдары
Delphi ортасында тест бағдарламасын құру
Интерактивті тақтаны орнату
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
Мәтін және онымен жұмыстың бағдарламалық талаптарын орындаудың негізгі жолы – тілдік талдау
Теңіз сорапты штангілі қондығылармен жабдықталған ұңғылардың жабдығын таңдау және технологиялық жұмыс режимін орнату
Қазақстан Республикасының бюджет жүйесінің болашақта даму және жұмыс істеу программасы
Математикадан сыныптан тыс жұмысындағы оқушылардың шығармашылық қызметін дамыту
Өнімді өткізу, жұмыстар мен қызмет көрсетулерден түсетін табыс, оның өсу факторлары және оны жоспарлау
Ономастикалық жұмыс және талдау бөлімі туралы ереже
Дене тәрбиесі кафедрасының оқытушысы Ахбаев Е.М. 2006-2007 оқу жылының ғылыми зерттеу жұмыс жоспары
Жүзедегі дипломдық жобада қарастырылған КИВЦЭТ-ЦС автогенді балқыту үшін шихта дайындау үрдісі