Даладан топырақ үлгiсiн алу
Топырақтардан үлгi алудың 2 түрлi әдiстерi бар:
1 Жеке үлгi алу – аударылмайтын жерлерден алынады. Топырақ кесiндiсi грунт суына дейiн шұңқыр қазылады. Топырақ кесiндiсi генетикалық қабаттарға бөлiнедi және әр бiр генетикалық қабаттан арнайы матадан тiгiлген қалталарға топырақ үлгiсi салынады. Үлгi алып болғаннан соң қазылған жерiмiздiң топырақтары қайта орнына салынады.
2 Аралас үлгi алу – суарылатын жерлерден олардың қоректiк заттары – азот, фосфор, калий және микроэлементтермен қамтамасыз етiлу дґрежесiн үйрену мақсатында алынады. Топырақ үлгiсi аударма және аударма асты қабаттардан алынады. Тың жерлерден 20 см аралықта алынады. Аралас үлгi 4-8-10 индивидуал (топырақтың жоғарғы қабаттарынан алынған) үлгiден түзiлген болады. Мәселен, 1 гектар жерден 5 жеке үлгiден алынған 2-3 кг топырақ араластырып, 300-400 г аралас үлгi алынады.
Суарылатын жерлерге салынған тыңайтқыштар топырақ қабаттарында бiр тегiс таралмаған, сол үшiн алынатын үлгiнi бөлiп-бөлiп емес, егiн егiлген қатар араларынан алулары керек. Мұның үшiн қатар арасының көлденең жағынан 10 см арақашықтықта 25-30 см тереңдiкте шұңқыр қазылады, ал одан шыққан топырақтардың барлығы алынады.
Топырақ үлгiсiн алған кезде мынаны есте сақтау қажет, арық катарларының ортасынан алынған топырақпен арық шеттерiндегi топырақтардың қоректiк заттары бiр түрлi болмайды, сол үшiн оларды бөлек-бөлек алулары қажет.
Үлгi дәрiлiк өсiмдiктердi егуден алдын алынатын болса, арық шерттерiн ажыратпай алсада болады.
Топырақ үлгiсiн алуда арықтар арасымен арықтар шеттерiнiң шұңқырлығы бiрдей болуы керек. Шұңқырлардың тереңдiгi арық қатарларының арасының кеңдiгiне және өсiмдiк характерiне байланысты болады. Арық қатарларының арасы 90 см болғанда арық қатары және қатарлар аралық шұңқырлардың ұзындығы 50 см ге тең деп есептелiнедi. Алынған топырақ үлгiлерiне қаламмен керектi мәлiметтер жазылған этикетка iшiне салып, лабораторияға алып келiнедi.Топырақ үлгiсi алынған жерлер туралы мәлiметтер арнайы журналда жазылу керек.
Керектi құралдармен реактивтер:
Бел күрек, парма, пышақ, қағаз, қанар жiп, сантиметр, қалам, толуол, және арнайы матадан тiгiлген қалталар.
Жұмыстың барысы:
1 Топырақ құрамындағы нитрат және аммиак азоты және топырақтың ферментатив қасиеттерiн үйрену үшiн, топырақ құрғап қалмастан алдын анализ жасалынады.
2 Топырақ салқын жерде құрғатылады.
3 Арнайы шыны ыдыстарда майдаланылады. Ыдыстағы топырақты соңына дейiн майдалап електен өткiземiз.
4 Тесiктерiнiң диаметрi 0.25, 0.5, 1.0 мм болған елгезерлерден өткiзiлген топырақ үлгiлерi газ және бу түспейтiн құрғақ жерде сақталынады.
Топырақты анализге дайындау
Топырақтың құрамын бөлiгiн анықтау және кейбiр қасиеттерiн анықтаудан алдын топырақты анализге дайындаймыз. Ол үшiн алынған топырақ таза қағаз үстiне жайып құрғатамыз, ондағы iрi кесектер саусақтармен езiп майдаланады, кейiн одан 500-1000 г тартып алып, газ су булары болмаған жерде (ашық жерлерде қалдыру мүмкiн емес) сақталады. Осы тәртiпте дайындалған топырақ үлгiсi тағыда 2-3 күн құрғатылады, олардағы майда тамырлар, әр түрлi қоспалар ажыратылып алынады және олардың салмағы анықталынады. Топырақ жақсылап құрғатылғаннан соң форфорлы шыны тостағаншада ағаш немесе резина қалпақты шыны таяқша жәрдемiмен абайлап түйiп, кесектерi майдаланады, мұнда топырақтың механикалық бөлшектерi майдаланып кетпеуi мүмкiн. Кейiн одан анализ үшiн топырақ алынады.
Ол үшiн топырақ брезент немесе фанер үстiне жайылады, ондағы тас, майда тамырлар және басқалар ажыратып алынады, iрi кесектер қолмен майдаланады. Анализге топырақ үлгiсiн алу үшiн брезенттегi топырақ жақсылап араластырылады және қол немесе линейкамен бiр тегiс етiп жайылады. Кейiн сол топырақты көптеген клеткаларға бөлемiз. Бұл клеткалардың әр қайсысынан аз мөлшерде топырақ алып, олардың салмағы 300-600 г га жеткiземiз. Бұл дайындалған топырақтан түрлi анализдер үшiн орташа үлгi алып, оны арнайы елгезерлерден өткiземiз. (Мәселен, топырақ шiрiндiсi үшiн 0.25 мм лi, механик анализ үшiн 1мм лi елгезерден өткiземiз).
Еленген топырақ үлгiсiн аузы жабық шыны ыдыста сақтаймыз. Осындай сақталған топырақтың құрамы және басқа қасиеттерi өзгермейдi. Ажыратып алынған механикалық бөлшектер, майда тамырлар және басқа қосындылардың топыраққа қатнасты процент мөлшерi пропорция жолымен табылады. Мәселен,анализ үшiн алынған 1000г (100 %) топырақта 15 г механик бөлшек, 5 г тамыр және 1г қосынды болғанда, олардың процентi мынадай болады:
15 • 100 5 • 100 1 • 100
------------- = 1.5 %; ---------- = 0.5 %; ---------- = 0.1%.
1000 1000 1000
Топырақ құрамындағы нитрат қосындылары және аммиак мөлшерi анықталатын болса, алынған топырақ құрғап қалмастан, тезде анализ жасалынады. Топырақ құрғатылса ондағы аммиактың бiр бөлiгi газ түрiнде ажырап шығатын болса, қалған бөлiгi оксидтенiп нитратқа айналуы мүмкiн. Структурасы анықталатын топырақ үлгiсiнiң даралығы бұзылмауы үшiн топырақ майдаланбай анализ жасалынады.
Зертханалық жұмыс № 2
Топырақтың механикалық элементтер
классификациясы
Топырақтың механикалық құрамын дұрыс анықтау үшiн, бiрiншi олардың қатты бөлiгiнде кездесетiн минерал бөлшектердiң классификациясын бiлу қажет.
Топырақта кездесетiн әр түрлi өлшемдегi бөлшектерi топырақтың механикалық элементтерi болып есептеледi.
Табиғатта топырақ бөлшектерi күрделi коллоид, кристалл түрiнде болып, бұлар химиялық яғни органикалық заттар, тұздар, карбонаттар сияқты қосындылармен бiрiккен тұрде болуы мүмкiн. Сол үшiн топырақтың қатты бөлiгiнде кездесетiн түрлi механикалық элементтердi кейбiр группаларға ажырату және механикалық элементтер классификациясын құрастыру керек.
«Топырақтану» пәнінен зертханалық жұмыстарына арналған әдістемелік нұсқау
Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының «Саймасай ОТШ» негізгі топырақ типінің бонитет балдары
Оңтүстік Америка
Америка құрамы
Алматы қаласының физика-географиялық сипаттамасы
Аласа таулы аймақ ландшафтысы
Көшпелілердің дәстүрлі әскери өнері өте күрделі өнер
Гельминтоздарға жалпы сипаттама
Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың Ұлы даланың жеті қыры атты анықтамалық экспозицияны тарихта оқытуда тиімді пайдалану
Торғай өзенінің су режимін сипаттау
Жастар арасындағы жұмыссыздықтың алдын алу шаралары.
Ауыл мектебі оқушыларын рухани-адамгершілікке тәрбиелеудің педагогикалық шарттарының орындалуы
Мұнаймен ластанған топырақтан бөлініп алынған микроорганизмдердің микробтық құрамын зерттеу
Сигналдың гармоникалық құрамдас бөліктерін графикалық түрде анықталуын бағдарлама түрінде іске асыру
БАЙМЫРЗАҰЛЫ БАЛУАН ШОЛАҚ жайлы жайлы жайлы
Екі жақтан қоректенетін машина негізіндегі электржетегінің математикалық сипатталуы
Нашақорлықтың, маскүнемдіктің, алкоголизмнің алдын алудағы Ішкі Істер Органдарының қызметі
Литосфера ж/е топырақ жамылғысының техногенді ластануының негіздері.
Өндіріс шығындарын есепке алудың әдістері мен өнімнің өзіндік құнын калькуляциялау
Топырақ шіріндісі (гумус) және оны анықтау әдістері