Пәнаралық байланысқа негізделген тіл дамыту жұмыстары.

Пәнаралық байланысқа негізделген тіл дамыту жұмыстары

Қазақ тілі мен әдебиетін оқытуда тіл дамыту жұмыстары ежелден жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Алайда бүгінгі технологиялық талаптар мектеп пен мұғалім алдына жаңа міндеттер қояды. Ең басты мақсат — нәтижесіз, уақытты босқа алатын әрекеттерден арылып, дәстүрлі оқытудағы тіл дамыту үдерісінің жетістігі мен кемшілігін саралау, әрі инновациялық тәсілдер арқылы тың жолдарын қарастыру.

Негізгі бағыт

Тіл дамытуға арналған шығармашылық жұмыстарда Блум таксономиясын негізге алу тиімді. Шығармашылық деңгейде мақсат бірден айқын берілмейді: оқушы оны өзі анықтайды, жаңалық табады, өз бетінше жаңа мазмұн ұсынады. Бұл деңгейге жету жүйелі әрі ойлы ізденісті талап етеді.

Қазіргі оқыту тәжірибесінде «миға шабуыл», дебат, модельдеу, жоба жұмысы, оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды қалыптастыру кең қолданылады. Осы бағытта негізгі тұжырымдаманы ұсынған Эльконин мен Давыдовтың дамыта оқыту идеялары да өзекті.

Дамыта оқыту нені көздейді?

Оқушыны субъект ретінде қалыптастырып, оның жеке тұлғасын, дүниетанымын, ойлауын жан-жақты дамытуға бағыттайды.

Тіл дамыту немен байланысты?

Дербес ойлау, іздену, салыстыру, қорытынды жасау, сезім-түйсік және таным әрекеттерімен тікелей сабақтас.

Білім берудің жаңа кезеңдері оқытуды технологияландыруды, шығарма жаздырудың жаңа тәсілдерін іздеуді талап етеді. Мұндай шығармалар көбіне білімді қорытындылау үшін емес, керісінше жаңа тақырыпты игертуге кіріспе жұмыс ретінде жаздырылады: мұғалім тақырыпты таныстырған соң, оқушыға бірден бағытталған тапсырма береді.

Тәжірибе негізі: Қ. Бітібаеваның әдістемесі

Тіл дамыту жұмысының өнімді тәсілі ретінде мен бүгінгі педагогикалық тәжірибеде кең танылған ұстаз Қ. Бітібаеваның еңбектерінен көп мағлұмат алдым. Ол қазақ тілі мен әдебиетін бірлікте қарастырып, шығармашылық тапсырмаларды түрлендіре қолданады. Нәтижесінде оқушылардың қызығушылығы артып, шапшаңдық, жылдамдық, жинақылық сияқты дағдылары дамып, инновациялық әрекетке белсене кіріседі.

Сабақ үлгісі: тыңдау → жазу → талдау → мәтінмен жұмыс

1-кезең

І. Жансүгіровтың «Домбыра», «Күйге» өлеңдерін талдамас бұрын оқушыларға Құрманғазы немесе Тәттімбет сияқты күйшілердің бір-екі күйін тыңдатып, алған әсерін шағын мәтін етіп жаздырамын. Шығарма көлемі шағын болғандықтан, уақыт нақты әрі шектеулі беріледі.

2-кезең

Оқушылар жазғандарын оқып, ортаға салады. Пікірлесу жүреді: саралау, талдау, дәлелдеу әрекеттері орындалады.

3-кезең

«Домбыра», «Күйге» өлеңдері мәнерлеп оқылып, көркемдік-идеялық тұрғыда талданады.

Өзіндік талдау: сабақ тәжірибесінен

Төмендегі өзіндік талдаулар сабақ құрылымы, мақсат қою және әдіс-тәсіл таңдаудағы тәжірибені жинақтап көрсетеді.

1) Сынып құрамы және жалпы ахуал

  • Сыныпта барлығы 22 оқушы: 14 қыз, 8 ұл.
  • Үлгерімі: 4 оқушы — өте жақсы, 9 оқушы — жақсы, қалғандары — қанағаттанарлық.
  • Сынып ұйымшыл, тәртібі жақсы, жалпы үлгерімі орташа деңгейде.

Сабақ талдауы: Ғ. Мүсірепов «Ананың анасы»

Өту барысы

Оқушыларға материал түсіндірілді. Тақырып күрделі болмағандықтан, мәтінді оқи отырып өз пікірлерін еркін ортаға салды.

Сабақ мақсаттары

  • Білімділік: жазушы Төлеген Әбдіковтің өмірі мен шығармалары туралы түсінік беру.
  • Дамытушылық: әңгімені түсінуді кеңейтіп, пікір алмасуға, өмірмен байланыстыра отырып қорытынды жасауға, өз ойын жеткізуге үйрету.
  • Тәрбиелік: ата-ананы құрметтеуге, туған жерді қорғауға, адамгершілік құндылықтарды бойға сіңіруге тәрбиелеу.

Сабақ түрі және әдіс-тәсілдер

Сабақ дәстүрлі аралас сабақ түрінде өтті; кезеңдері сақталды. Баяндау, талдау, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс, жаттығу сияқты әдістер қолданылды. Уақыт тиімді жоспарланып, түсінбеушілік байқалған жоқ.

Сабақ талдауы: Т. Айбергенов «Аруана-бауыр дүние»

Өту барысы

Материал түсіндіріліп, оқушылар өлеңді оқи отырып өз пікірлерін білдірді. Тақырып қолжетімді деңгейде қабылданды.

Сабақ мақсаттары

  • Білімділік: өлеңнің негізгі ойын ашу, талдау, эстетикалық талғамы қалыптасқан оқырман дайындау.
  • Дамытушылық: сөз байлығын арттыру, сөздік қорды молайту, еркін сөйлеуге және ойды ауызша-жазбаша жүйелі жеткізуге баулу.
  • Тәрбиелік: туған жерге, Отанға сүйіспеншілікті күшейту, елжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі және әдіс-тәсілдер

Сабақ аралас форматта өтті; барлық кезеңдер сақталды. Баяндау, талдау, сұрақ-жауап, тақтамен жұмыс, жаттығу әдістері қолданылды. Уақыт үнемделіп, оқушылар тарапынан түсінбеушілік болған жоқ.