Пәнді оқуға арналған методикалық нұсқаулар

Пәнді оқуға арналған әдістемелік нұсқаулар

Бұл нұсқаулар пәнді тиімді меңгеруге көмектеседі. Оқу үдерісіндегі тәртіп пен талаптарды сақтай отырып, сіз материалды жүйелі түрде игеріп, тапсырмаларды уақытында орындауға мүмкіндік аласыз.

Сабаққа қатысу тәртібі

Сабаққа қатысу міндетті.

Егер студент белгілі бір себепке байланысты сабаққа қатыса алмаса, ол қатыспаған сабақта өтілген материалды өз бетінше меңгеруге және соған толық жауап беруге міндетті.

Өзіндік жұмыстар: міндетті талаптар

  • Студенттердің барлық өзіндік жұмыс тапсырмалары толық орындалып, белгіленген мерзімде тапсырылуы қажет.
  • Тапсырмаларды орындау кезінде пән бойынша берілген әдістемелік нұсқауларды сақтаңыз.