Сәукеле
Сәукеле
Сәукеле көбіне күрең немесе шымқай қызыл барқытпен тысталған жұқа киізден тігілген. Арт жағы биіктеу етіп пішіліп, төбесі күміс зермен кестеленген шашақты табақшамен жабылатын.
Ол алтын жалатқан күміс шытырлармен, лағыл мен жақұт қондырылған тәжімен және екі жағына бірдей төгілетін маржан, інжу, перуза моншақтары тізілген жақтамалармен әсемделген. Сәукелеге міндетті түрде жұқа ақ желек ілінетін.
Желек пен беташардағы мәні
Беташар айтылғанда ақ желек қалыңдықтың жүзін де, бүкіл денесін де жауып, төгіліп тұратын. Сол арқылы қыздың дене пішімін нәзік әрі сымбатты етіп көрсетіп, образын айрықша сән-салтанатпен толықтырған.