ТМК өндірісінің нәтижесі
ТМК өндірісінің нәтижесінде атмосфералық ауаның CL және HCL- мен ластануы
Атмосфера бүкіл әлемнің тіршілік тынысы. Атмосфера ауасының шекарасы болмайды. Ол жер шары халық тарының ортақ байлығы болғандықтан, оның сапасы, тазалығы адамзат үшін ешнәрсеге теңгерілмейтін биосфераның құрамдас бөлігі. Таза атмосфералық ауамен қамтамасыз ету мәселесі әлеуметтік және мемлекеттік маңызы бар іске айналды. Ауа, яғни таза ауа -жер бетіндегі тіршіліктің маңызды факторларының бірі. Атмосфераны қорғаудағы мәселелердің ішінде атмосфералық ауа тазалығы ең маңыздысы, өйткені ауаның ластануы тек қана адам денсаулығына әсерін тигізбейді , ол бүкіл табиғатқа да әкелер зияны көп. Міне, осы жағдайлардан бүкіл әлемдік атмосфера экологиялық дағдарысқа ұшырап отыр. Мұның барлығын болдырмау үшін, және төбемізден мәңгі бұлтсыз ашық аспан көру үшін , адам өз іс-әрекетін қадағалау қажет.
Адамға және қоршаған ортаға өте қауіпті 1-2 кластағы улағыш заттары бар кәсіпорындар Өскемен қаласында болғандықтан мен дипломдық жұмысымның тақырыбын "ТМК өндірісінің нәтижесінде атмосфералық ауаның Cl және HCL- мен ластануы" деп алдым. Менің жұмысымның мақсаты төмендегідей:
-Өскемен қаласындағы атмосфералық ауаның құрамындағы хлор концентрациясының динамикалық өзгерісін зер ттеу.
-хлордың атмосфераға түсетін көзін табу.
- Өскемен қаласының хлормен өте көп ластанған аудандарын анықтау.
- хлордың адамға және қоршаған ортаға әсерін анықтау.
Осы мақсатқа жету үшін мынадай міндеттерді шешу керек:
-хлордың химиялық және физикалық құрамын анықтау.
-хлордың адамға және қоршаған ортаға әсері.
-хлордың қала атмосферасына түсу көзін табу.
-ПНЗ-8 ( СЗЗ Т МК), ДГП ВКЦГ М , ГСС УК ТМК статистикалық мәлі меттеріне сүйене отырып хлордың атмосферадағы құрамының динамикалық өзгерісін анықтау.
Өскемен қаласының атмосфералық ауасын қорғау мақсатымен экологиялық кепілдеме беру.
Зерттеу тәсілдері: суреттеу, статистикалық, салыстырмалы, жүйелік.
Хлор - сарғыш-жасыл газ, өткір тұншықтырғыш иісті. Суда ериді. Т=10 С да қою жасыл сұйықтыққа айналады. Хлор вирус, микробтарды жартылай өлтіреді, бірақ басқа органикалық қосылыстармен физика- химиялық өзара байланысқа түсіп, улы зат тудырады. Өте улы, 1 -ші қауіпті класына жатады. Хлор пайдаланған жерде, оның диоксині пайда болады. Бұл заттар супертоксиканнттар- барлық тіріні өлтіреді. Бұл топтың агенті тетрахлор-р- диоксин ( (ТХДД) циандық калийден 67 есе, және стрихниннен 500 есе улы.Хлор озон қабатын бұза алады, көп өмір сүретін газ, ол атмосферада 75 тен 100 жылға дейін болады , оның белсенділігі 10 мыңдаған озон молекулаларын бұзуға жетеді. 1973 жылдан бергі байқауларға қарағанда Қазақстанның үстіндегі озон қабатының қалыңдығы 5 -7% азайған. Біздің қалада тері және өкпе рагімен ауыратындар саны көбейген. Озон қабатының азайып, озон тесіктерінің пайда болуы, сол тесіктерден ультракүлгін сәулелердің жерге түсуінен тері күйеді де тері рагі пайда болады және адамның иммундық системасын төмендетеді. Соның салдарынан инфекциялық , вирустық, қызылша, желшешек, лишай, туберкулез және т.б ауруларды қоздырады. Көзге әсер етеді, катаракта немесе мүлде көрмеуге ұшырайды.Ауадағы хлор тыныс жолдарына әсер етеді. Де малу кезінде хлордың шоғырлануы орташа немесе төмен болса кеудені қысу, құрғақ жөтел, тез демалу, көздің ашуы, жас тоқтамауы, қандағы лейкоциттердің көбеюі, дене қызуының көтерілуі, бронхопневмония, бронхит, пневмосклероз, туберкулез пайда болуы мүмкін. Мұны болдыр мау үшін өндірістерді жабық етіп жасау, нәтижелі желдеткіштер немесе противогаз пайдалану керек. Өндіріс орындарының ауасындағы хлор концентрациясы 1 мг/ м кубтан аспау керек.
Өскемен қаласы атмосферасының хлормен ластануы бір методикамен бақыланады. Бұл қаланың әр түрлі аудандарында ластанудың деңгейі бойынша маусым және жылдар бойынша салыстырмалы нәтиже алуға мүмкіндік береді.
Хлорды анықтау тәсілі: бұл тәсіл ауа көлемі 20 дм куб болғанда елді - мекеннің атмосфера диапазоны 0 ,012-0 ,3 мг/ м куб жағдайында атмосферадағы хлор концентрациясын анықтауға арналған. 0 ,3-1 ,0 мг/ м куб диапазонындағы үлкен концентрацияны анықтағанда зерттеуге алынған ауа мөлшерін 5 дм кубқа дейін азайту керек. Қатты тотықтыратын және қайта қалпына келтірушілер озон мөлшерін анықтауға кедергі жасайды.Олар сіңіргі ш сұйықтың бояуын хлорға қарағанда 10 есе азайтады.SO2 және басқа күшті қалпына кел тіргіштер анализ қорытындысын төмендетеді.
Нақты нормалары: Эксперттік бағалау бойынша атмосферадағы хлор концентрациясын 0, 012-0 ,30 мг/ м куб диапазонында анықтау кезінде жалпы қателесу 25 % -дан аспау керек.
Өлшеу методы: Бұл метод хлорды ауадан метилоранж сұйықтығы арқылы сіңіруге және метилоранж сұйықтығының әлсіреуін фотометриялық анықтауға негізделген.
Қала атмосферасы ауасындағы хлор концентрациясының динамикасы маусымдық құбылыстар мен метеорологиялық факторлардың атмосфералық ауа ластануының мөлшері мен өзара байланысын көрсетеді.
Хлор атмосфераға өндіріс көздерінен түседі, олар хлорды өз технологиясында пайдаланады. Біздің қалада олар - "УК ТМК", "Водоканал".
"Водоканал" хлорды суды хлорлауға пайдаланады, сондықтан оларда хлор қоймасы бар, ал олар авариялар кезінде атмосфераны ластайды.
" Т МК" титан, тиобий, цйиркон ий және т.б металдар алу үшін кейбір кендерді хлорлау үшін хлор пайдаланады. ОАО УК ТМК-да титан өндіру үшін хлор металлургиясында магн ий термикалық процесс пайдаланады. Осы схема бойынша титан диоксиді, шикізатта болатын хлорлау арқылы тетрахлоридке айналады. Әрі қарай титан тетрахлориді металдық магниймен титан қалпына келеді. Хлорлау титан ш икізатын алуға көмектеседі. Ол басқа жолмен өңдеуге көнбейді.Осы кезде титан тетрахлорид түрінде шығады- ол басқа қоспалардан тез ажырайды. Хлорланған кезде хлор шикізатқа кіретін оксидтер мен қарым -қатынасқа түседі, соның салдарынан хлорид, оксихлорид жеке химиялық зат немесе олардың қоспасы ретінде бөлініп шығады. Алынған хлоридтердің балқу температурасы алғашқы оксидтерден төмен болғандықтан хлорлау процесі кен ашу немесе титан концентраттарын басқа жолмен алынуы артығырақ. Хлоридтердің басқаша физикалық қасиеттері (қайнау, балқу, сублимация) элементтерді ажыратуға, олардың топтарын фракциондық конденсациялауды қамтамасыз етеді. Магний хлоридінен электролиз арқылы металдық магний алынады. Ол тетрахлорид титанын қалпына келтіру үшін пайдаланады. Титан губкасын өндірген кезде қосалқы магний хлориді пайда болады және ол магний өндіру үшін қосалқы шикізат болып пайдаланады. Магн ийді электролиздеген кезде хлор қосалқы болады, ал ол тетрахлорид титанын алу үшін өте қажет. Бұл схема титан өні міне магн иймен бірге тұйық циклдағы жұмысын қарастырады.
Өскемен қаласы бойынша атмосфераның хлормен ластануы мынаны көрсетті. Атмосфераға түсетін хлордың мөлшері көп емес және ары қарай азаюда. Өй ткені өндіріс орындары ең бірінші атмосфералық ауаны қорғауда экологиялық программаны орындауында. Өскемен қаласының атмосферасын ластайтын негізгі көз Т МК ААҚ.Өй ткені технологиясында хлорлау тәсілін пайдаланады. УК Т МК атмосфералық ауаны қорғау үшін мынадай іс - шара жүргізеді. Атмосфералық ауа мониторингісінің автоматтандырылған жүйе сіндегі проектілеу мен монтаждау, өндіріс орындарының маңайын күнделікті суару; комбинатта және санитарлық сақтау белдеуінде де көгалдандыру, сонымен қатар 2004 жылы желтоқсан айында экологиялық менеджмент системасы енгізілді ( ИС О 14001). Бірақта қаланың территориясында өте қауіпті химиялық зат қоры бар объек тілердің бар екендігін ұмытпау керек (қауіп тілігі 1- клас с , ПДК-0,03 мг/ м ку б). Осы өндіріс орындарында хлордың болуы жоғары экологиялық қауіп төндіреді және техногендік жағдай тудырады. Сондықтан барлық өндіріс орындарында қауіпті жағдай болдырмас үшін үзіліссіз бақылау қажет. Хлормен ең көп ластанған аудан Жаңа Согра және өндіріске жақын орнала сқан аудандар.Өйткені хлор өте ауыр газ(ауадан 2 ,5 е се ауыр), ол шығарылған көзден көп ұзамайды. Көптеген жылдар бойы атмосфераны ластайтын заттар қоршаған ортаға көп зиян келтірді. Келешекте де оладың әсері болар. Өндіріс орындарының және тұрғындар санының өсуі ластануды көбейтеді, сондықтан оларды нормалау, шектеу керек.
Өскемен қаласында ауа сапасын жақсартуға және ерекше бақылауға алынуы мақсатында ауа мониторингсінің телеметриялық системасын құру қажет. Телеметриялық система дегеніміз қаланың әр аудандарында қойылған датчиктер. Олар үнемі 15-20 минут сайын атмосфераның құрамы туралы мәлімет беріп отырады. Ол атмосферадағы кез-келген өзгерістерді шұғыл реттеуге көмектеседі.
Атмосфералық ауа тазалығы - біздің денсаулығымыздың кепілі.
Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру
Қазақалтын тау-кен металлургиялық концерні
Құрылыс шығындарының есебі
Тауар өндірушілердің жетілуі
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП ЖАЙЫНДА
Дайын өнімнің есебі, оны жөнелту мен сату
Тауарлы-материалдық құндылықтардың ішкі аудиті және талдау
Өндіріс циклындағы сәйкестікті тексеру
«ОЙЛСТРОЙСЕРВИС» ЖШС-ДЕГІ іс-тәжірибе бойынша есеп беру
Астық өндірісінің бухгалтерлік есебі
Оқушылардың өзара әрекеттестігін ұйымдастыру нәтижесінде дәстүрлі оқыту барысында кездесетін кейбір қиыншылықтар азаюда
температураның әсер етуінің нәтижесінде ұлпаның зақымдануы үсік деп аталады
Андрогенез көбіне ұрықтануға дейін овоцит ядросының кейбір жағдайларға байланысты ыдырап кетуі нәтижесінде, тек сперматозоид ядросының қатысуымен жүретін процесс
Анеуплоидия адам мен жануарлардың бірқатар хромосомалық аурулары нәтижесінде өрбиді
Фотосинтез нәтижесінде жер жүзіндегі өсімдіктер жыл сайын 100 млрд т - дан астам органикалық заттар түзеді (мұның жартысынан көбін теңіз, мұхит өсімдіктері түзеді) және бұлкезде олар 200 млрд - тай СО2 сіңіреді, оттегін бқледі
Еліміздің тыныштығы мен қауіпсіздігі, көп ұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығы Президентіміздің жүргізіп отырған парасатты көреген саясатының нәтижесі
Бидай жармасы өндірісінің технологиясы
Консерві өндірісінің технологиясы
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Тәжірибе нәтижесін биометриялық өңдеу