әлеуметтік сақтандыруды дамыту

Өткен жылы әлеуметтік саладағы үш түрлі сақтандыру шараларына бюджеттен 617 млн. теңге бөлінді
Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен медиа-семинар барысында ведомство басшысы Бердібек Сапарбаев мәлім етті.
«Соңғы уақытта міндетті әлеуметтік сақтандыруды дамытуға баса маңыз беріліп келеді. Қазақстанда 2008 жылғы қаңтардың 1-іне дейін үш түрлі сақтандыру жұмыс істесе, бұл бағытта республикалық бюджеттен 617 млн. теңге бөлінді. Ал, ағымдағы жылдан бастап, Елбасы Жолдауына сәйкес, бұларға қоса жаңа екі сақтандыру жүйесі енгізіліп отыр», деді министр. Оның айтуынша, 2008 жылғы қаңтардың 1-нін бастап, жүктілігіне және бала күтіміне байланысты сақтандырулар Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін болды. Бұл міндетті жүзеге асыру үшін республикалық бюджеттен 27,8 млрд. теңге қарастырылған.

«Бұрын бұндай біржолғы жәрдемақылар жұмыс беруші тарапынан төленетін еді. Үкімет әлеуметтік салықтарды қайта бөлу барысында бұл міндетті өзіне қалдырып, мемлекеттік қордан қаражат төлеуге жағдай жасады», деді Б. Сапарбаев.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі БАҚ өкілдері арасында шығармашылық байқау жариялайды.

«Былтырғы жылы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мен Мәдениет және ақпарат министрлігі арасында біріккен
медиа-жоспар қабылданып, оған қол қойған болатынбыз. Осы жоспар бойынша әлеуметтік сала, зейнетақы мәселелері және еңбек қатынастары, сондай-ақ, қамсыздандыру мәселелері бойынша жазылған материалдарға байқау жариялау көзделген еді. Яғни, біздің министрлік ағымдағы жылдың басынан БАҚ өкілдері арасында әлеуметтік мәселелерге байланысты журналистік байқау жариялағалы отыр», деді Б. Сапарбаев.
Министрдің айтуынша, байқау қорытындыларын екі министрліктің бірлескен комиссиясы қарап, жыл аяғына таман шешім шығаратын болады. Сол бойынша жеңімпаздар анықталып, арнайы жүлделер табыс етіледі.
2008 жылғы ақпанның 1-індегі жағдай бойынша Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жүргізілген әлеуметтік төлемдердің сомасы 1 млрд. 397 млн. 456,5 мың теңгені құрады.

Бұл туралы бүгін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен медиа-семинар барысында мәлім болды.
Министрліктің баспасөз қызметі ұсынған мәліметтерге қарағанда, 2008 жылдың қаңтар айында Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 78 мың 602 алушыға 574 млн. 914,4 мың теңгеге жуық төлемдер жүргізілген. Оның ішінде еңбек ету қабілетінен айырылу бойынша - 51 млн., асыраушысынан айырылу бойынша 5 млн.-ға жуық, ал бір жасқа толғанға дейінгі бала күтіміне 500 млн.-ға жуық теңге төленген болып отыр. Сонымен қатар, 2007 жылғы желтоқсан айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 2008 жылдың қаңтарында әлеуметтік төлемдер алушылар саны біршама азайған.
Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері ТМД бойынша ең жоғарғы көрсеткіште болып тұр.

«ТМД мемлекеттері арасында зейнетақылық көрсеткіштерді салыстырмалы түрде қарастырсақ, Қазақстанда ең төменгі зейнетақы мөлшері 100 АҚШ долларынан сәл асып, аталған елдер арасында жоғары көрсеткішке ие болып отыр. Сонымен бірге, Қазақстандағы орташа зейнетақы төлемі шамамен алғанда 148,9 долларды құрайды. Бұның өзі де көңілден шығатын жағдай», деді Б. Сапарбаев.
Келтірілген деректерге қарағанда, 2008 жылғы қаңтардың 1-індегі жағдай бойынша Ресейде ең төменгі зейнетақы мөлшері 63,6 долларды, ал орташа зейнетақы төлемі 149 долларды құраған. Сонымен бірге, ТМД мемлекеттері арасында орташа зейнетақы деңгейі Беларус мемлекетінде жоғары болып, ондағы мөлшер 160,7 долларды құраған. Бірақ, аталған мемлекеттегі ең төменгі зейнетақы мөлшері 72,3 доллар шамасында болып отыр.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде өткен медиа-семинар барысында министр Бердібек Сапарбаев жинақтаушы зенетақы қорларын дамыту туралы әңгіме өрбітті.

«Егер 2005 жылы жинақтаушы зейнетақы қорларында жалпы 648 млрд. теңге құйылған болса, өткен жылдың қорытындысы бойынша бұндағы сома 1 триллион 164 млрд. теңгеге артып, тиісті инвестициялық кірістер жасалған болып отыр. Бірақ, инвесткірістің өсу қарқыны өткен жылмен салыстырғанда төмендеген. Бұның өзі елдегі инфляциялық ахуалға байланысты», деді министр. Сонымен қатар, бүгінгі күні жинақтаушы зейнетақы қорларын дамыту басты міндет болып отырғанын атап өткен Б. Сапарбаев, бұл бағытта жұртшылық арасында түсіндіру мен насихаттау жұмысын жандандырудың қажеттігіне де тоқталды. Оның айтуынша, алдағы уақытта министрлік тарапынан жинақтаушы зейнетақы қорларының кірістерін арттыру, ондағы операциялардың ашықтығы және бұл жүйені жетілдіру мәселелері бойынша кешенді шаралар атқарылатын болады. «Жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылар, яғни тұрақты түрде төлем аударатындар республикамызда шамамен 5 млн. 100 мың адамды құрайды. Егер жалпы республика бойынша экономикалық белсенді жұртшылықты, яғни еңбек ететіндерді алып қарастырсақ, бұлардың саны арта түсуі тиіс еді. Сондықтан да бұл саладағы ашықтықты дұрыс қамтыған орынды», деді министр.
Ағымдағы жылдан бастап, еңбек демалысына шыққан бюджеттік сала қызметкеріне қосымша емдеу-сауықтыру жәрдемақысы беріледі.

«Ағымдағы жылдан бастап, бюджеттік сала қызметкерлері еңбек демалысына шыққанда айлық жалақы мөлшерінде емдеу-сауықтыру жәрдемақысы берілетін болады. Елбасы Жолдауы бойынша атқарылатын бұл тапсырманы жүзеге асыру үшін мемлекеттік бюджеттен 30 млрд. теңге қарастырылған. Алдағы уақытта үшжылдық бюджетті қалыптастыру кезеңінде де бұл мәселелер қамтылатын болады», деді министр. Оның айтуынша, ағымдағы жылдан бастап республика бойынша берілетін бұндай жәрдемақылар 1 млн.-нан астам азаматтарды қамтитын болады. «Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдауында көрсетілген әлеуметтік игіліктер мен жеңілдіктерді осы санаттағы мемлекеттің қамқорлығына жататындар іс жүзінде сезінуі қажет. Ол үшін барлық ұйымдастыру жұмыстарын аяқтайтын уақыт жетті. Үкіметтің талабы да сондай», деді Б. Сапарбаев
Корпорацияның сақтандыру тарифтері қабылданатын сақтандыру тәуекелдеріне тәнік есептелінеді. Тарифтер, әр нақты елге тән саяси тәуекелдер деңгейіне, шет елдік сатып алушының беделіне, төлем қабілеттілігіне және тұрақтылық деңгейіне, сақтандыру өтеміне, сақтандыру мерзіміне байланысты. Халықаралық тәжірибеге сәйкес саяси тәуекелдерді бағалағанда қысқа және орта/ұзақ мерзімді тәуекелдер деңгейлеріне байланысты елдер классификациясы 7 категория бойынша классификацияланады, 1-ші категория тәуекелділігі ең төмен елдер , 7-ші категория тәуекелділігі ең жоғары елдер. Берілген категориялар бойынша елдердің классификациясы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының және әртүрлі халықаралық экспорттық несиелерді және инвестицияцияларды сақтандыру жөніндегі агенттіктердің елдік бағалауларының нәтижесінде құралған. Саяси тәуекелдерден сақтандырғанда Корпорация сақтандыру мерзіміне және сатып алушының немесе инвестиция жасалынатын елдің категориясына сәйкес негізгі тарифтерді қолданады. Коммерциялық тәуекелдерден сақтандырғанда шетелдік сатып алушының сенімділігіне және төлем қабілеттілігіне байланысты негіздік тарифке 10 %-тен 40 %-ке дейін үстемақы қосылады. Сақтандыру тарифтардың диапазоны 0,3 %-дан бастап 3%-ға дейін тербеледі. Корпорация сақтандыру іс-әрекетінен не ғұрлым көп пайда табуды мақсатты алдына қоймайды. Өлшеулі орта мән тарифы 2006 жылда бекітілген сақтандыру келісім-шарттары бойынша қысқа мерзімді эскпорттық несиелерді сақтандыру келісім-шарты бойынша 0,86 %-ды, орта-ұзақ мерзімді сақтандыру келісім-шарты бойынша 1,92 %-ды, ал инвестицияларды сақтандыру келісім-шарттары бойынша 1,25% - ды құрады. Корпорациямен жұмыс істеуді бастау барысында шет ел әріптеспен келісім-шартты алдын ала дайындау кезеңінде, Сіз ешбір қаржы шығындарсыз берік қорғаныс алып келісім-шарт бағасына сақтандыру құнын қосуынызға мүмкіндік аласыз.
Құрметті ханымдар мен мырзалар!
2007 жылдың 8-ші тамызында «Экспорттық кредиттерді және инвестицияларды сақтандыру жөніндегі мемлекеттік сақтандыру корпорациясы» АҚ-мы 4 жылға толады.
Осы өткен жылдарда үлкен ұйымдастыру жұмысы өткізілді: қажетті құжаттар дайындалды, инвестормен қазақстандық экспортерлардың мәліметтер базасы қалыптасты, мамандар таңдалды және оқытылды. Корпорацияны құру кезеңінде Шығыс және Батыс Еуропаның ұқсас институттарының жұмыс тәжірибесі зерттеліп, соның нәтижесінде, қазіргі уақытта біздің клиентке ұсынылатын сақтандыру өнімдерін шұғыл түрде дайындауға мүмкіндік берді.
2004 жылдың 16-ші ақпанында Корпорация алғашқы экспорттық несиені сақтандыру келісім-шартына отырды.
Жылдан жылға жұмыс істейтін сақтандыру келісім-шарттары ұлғаюда - егер 2004 жылы 823,9 млн. теңгені құрайтын соммаға инвестиция және экспорттық несиені сақтандыруға міндеттемелер Корпорациямен қабылданса, онда 2005 жылы 2 488 млн. теңгені, ал 2006 жылы 2 969,6 млн. теңгені және 2007 жылдың тек бірінші жарты жылдығында ғана 3 145,6 млн. теңгені құрады.
2005 жылдың қаңтар айынан бастап Корпорация пропорционалды және пропорционалды емес негізінде қайта сақтандыру операциаларын жүргізіп Қазақстанның сақтандыру нарығында қайта сақтандыру компаниясы ретінде таныла бастады.
ТМД елдері және қиыр шетелінің, Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының ойыншыларымен тұрақты сенімді серіктестік қатынастарды орнатты, оның дәлелі болып қайта сақтандыру сыйақыларының алымы бола алады: егер 2005 жылы 126 млн. теңгеге, 2006 жылы 178,5 млн. теңгеге және 2007 жылдың бірінші жарты жылдығында ғана 103,2 млн. теңгені құрады.
Корпорация өзінің серіктестерімен іскерлік қатынастарды тараптардың ең жоғары дәрежедегі сенімділік ұстанымда құрайды. Бұған себеп болған Корпорацияның капиталы, өлшеулі андеррайтинг саясаты, сонымен қоса жоғары мамандандырылған кәсіпшілер тобы.
Корпорация Қазақстан Республикасының тұнғыш сақтандыру компаниясы болып 2004 жылдың 4 қарашасында Халықаралық «Moody’s Investors Service» қаржылық сенімділік рейтингісін «Ва1» деңгейінде, рейтинг бойынша болжам - "тұрақты“ деген бағаға ие болды. 2006 жылдың тамыз айында рейтинг «Ваа1» деңгейіне дейін көтерілді. Біз өзімізбен бірге Корпорация қаржы тұрақтылығының жоғары мәртебесін сақтандырамыз.
Осы жылдар бойы бізбен болған баршаңызға алғыс білдіреміз: біздің клиенттер мен серіктестерге - сенім білдіргені үшін.
Корпорация алдында жаңа мақсаттар тұр олардың барлығына Біз міндетті түрде жетеміз.
Болашақта сіздермен әрі қарай серіктес болуға үміт артамыз!
Корпорацияда сақтандырудың артықшылықтары:
• төлем мерзімін ұзарту шарттарында экспорттау (шетке шығару) мүмкіндігі бар, немесе төлем мерзімін ұзарту шарттарында экспорттық сауда көлемі ұлғайтылады;

• экспорттық несиелерді сақтандыру «open account» режимінде, яғни банк кепілдіктерінсіз және аккредитивтерінсіз жұмыс істеуге мүмкіндік береді;

• Корпорацияның сақтандыру қорғанысы болған жағдайда несиелендіру мүмкіндіктері кеңейеді және алу шарттары жақсарады, өйткені Корпорацияның сақтандыруы банк несиелері бойынша қамсыздандыру болып табылады;

• экспорттық келісім-шарт бойынша міндеттемелерді орындау шетелдік қарсы әріптеске байланысты болмайтын саяси сипаттағы сақтандыру жағдайы туындаса, келтірілетін залал төмендейді;

• төлемеу тәуекелдігі азаяды, өйткені тіпті кепілдікті қамсыздандыру кезінде тәуекелдік толығымен болмайды деп айтуға болмайды;

• саяси сипаттағы уақиғалардың нәтижесінде болатын ысыраптардан инвестициялық салымдарды қорғайды;

• жаңа рыноктарға «қауіпсіз ену» стратегиясы үшін тиімді аспап болып табылады;

• айқындалған экспорттық тәуекелдіктерге негізделген стратегиялық жоспар жасалынады;

• экспорттық кредиттерді сақтандыру процедурасы, әдетте, аккредитивті ашумен салыстырғанда, шығындарды аз қажет етеді;

• экспорттық кредиттерді сақтандыру, факторингтік операцияларға қарағанда, арзанға түседі;

• экспортер сатып алушы туралы ақпаратты жеткілікті және жедел түрде алады, соның нәтижесінде, өзінің клиенттік портфелін басқару сапасын жақсарта алады.

Корпорацияның сақтандыру тарифтері қабылданатын сақтандыру тәуекелдеріне тәнік есептелінеді. Тарифтер, әр нақты елге тән саяси тәуекелдер деңгейіне, шет елдік сатып алушының беделіне, төлем қабілеттілігіне және тұрақтылық деңгейіне, сақтандыру өтеміне, сақтандыру мерзіміне байланысты. Халықаралық тәжірибеге сәйкес саяси тәуекелдерді бағалағанда қысқа және орта/ұзақ мерзімді тәуекелдер деңгейлеріне байланысты елдер классификациясы 7 категория бойынша классификацияланады, 1-ші категория тәуекелділігі ең төмен елдер , 7-ші категория тәуекелділігі ең жоғары елдер. Берілген категориялар бойынша елдердің классификациясы Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымының және әртүрлі халықаралық экспорттық несиелерді және инвестицияцияларды сақтандыру жөніндегі агенттіктердің елдік бағалауларының нәтижесінде құралған. Саяси тәуекелдерден сақтандырғанда Корпорация сақтандыру мерзіміне және сатып алушының немесе инвестиция жасалынатын елдің категориясына сәйкес негізгі тарифтерді қолданады. Коммерциялық тәуекелдерден сақтандырғанда шетелдік сатып алушының сенімділігіне және төлем қабілеттілігіне байланысты негіздік тарифке 10 %-тен 40 %-ке дейін үстемақы қосылады. Сақтандыру тарифтардың диапазоны 0,3 %-дан бастап 3%-ға дейін тербеледі. Корпорация сақтандыру іс-әрекетінен не ғұрлым көп пайда табуды мақсатты алдына қоймайды. Өлшеулі орта мән тарифы 2006 жылда бекітілген сақтандыру келісім-шарттары бойынша қысқа мерзімді эскпорттық несиелерді сақтандыру келісім-шарты бойынша 0,86 %-ды, орта-ұзақ мерзімді сақтандыру келісім-шарты бойынша 1,92 %-ды, ал инвестицияларды сақтандыру келісім-шарттары бойынша 1,25% - ды құрады. Корпорациямен жұмыс істеуді бастау барысында шет ел әріптеспен келісім-шартты алдын ала дайындау кезеңінде, Сіз ешбір қаржы шығындарсыз берік қорғаныс алып келісім-шарт бағасына сақтандыру құнын қосуынызға мүмкіндік аласыз



Ұқсас жұмыстар

Қазақстан Республикасының сақтық рыногы:оның жай-күйін талдау және даму перспективалары
Қазақстанда сақтандыру нарығының даму перспективалары мен міндеттері
Қазақстан Республикасының сақтандыру рыногы мен өмірді сақтандыру
Сақтандырудың әлеуметтік - экономикалык мәні және сақтандыру нарығындағы жауапкершілік
Қазақстан Республикасының сақтандыру нарығының құрылымы
Қытай Халық Республикасының сақтандыру дамуының жағдайы
Сақтандыру жүйесі
Акционерлік сақтандыру компаниялары
Сақтандыру рыногінің құрылымы
Қазақстан Республикасындағы сақтандыру нарығының қалыптасуы мен дамуы
Социум және әлеуметтік қатынастарды әлеуметтік жұмыс өрісінің объектісі ретінде қарастыру
XIXғ. аяғ – XXғ. бас. Францияда ІІІ республиканың саяси-әлеуметтік және экономикалық дамуы
Әлеуметтік бағдарланған рынок концепциясыны жобаның себебі және әр түрлі елдердегі қолдану салдары
Индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты – бәсекеге қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту
Қазақ радиодағы әлеуметтік экономикалық бағдарламалардың қисындары
ҚР банктеріндегі ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру және дамыту. Ипотекалық несиелер есебі
Әлеуметтік-демографиялық процестердің бағасы
Талдықорған өңіріндегі тарихи – археологиялық туризмді дамыту мүмкіндіктері
Шағын безнесі дамытудағы шетелдік тәжірибе
Мемлекеттiң әлеуметтiк саясаты мақсаттары, мiндеттерi, жүзеге асуы