Инфляцияның мәні, туу себептері

Жоспар
Кіріспе

Ι Инфляцияның мәні, туу себептері.

1.1 Инфляцияның экономикадағы мәні.
1.2 Инфляцияның пайда болу себептері.
1.3 Инфляцияның түрлері.

ΙΙ Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары

2.1 Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары
2.2 Табыс – инфляциясымен күрестің басты құралы.

ΙΙΙ Қазақстанда инфляцияның ерекшеліктері және инфляцияға қарсы саясат.

Қорытынды

Қолданылған әдебиеттер

















Қазіргі кездегі ауқымды өзгерістер кезеңі қоғам өмірінің барлық саласын жан-жақты қамтуда экономика мен экономикалық теория бүгінгі күндерде қоғамды дамытудың басты пәрменді күші болып отыр. Экономикалық құрылымы өте күрделі және экономика ғылымы эволюциялық жолмен дамып , болжамдарды жалғастырып келеді. Экономика соныменқатар қоғам өмірінің көптеген мәселелерін қамтиды. Әсіресе , соның ішінде баға , табыс , жұмыссыздық және тағы басқа құбылыстардың өзгерісімен тығыз байланысты . Қазіргі күндері экономиканы біріншіден - өндіріс , инфляция , табыстар қозғалысын түсіндіру және жазу үшін , екіншіден – экономикалық тәртіпті негіздеу үшін қолданылады.
Экономиканың өзін макроэкономика және микроэкономика деп екі салада қарастырамыз. Бұл екі сала өзара бір – бірімен тығыз байланысты болады. Міне, осы макроэкономика саласының күрделі мәселелерінің бірі - инфляция болып табылады.
Инфляция адамзат тарихында жаңа құбылыс емес. Оның бай тарихы бар 1775 – 1783 жылдары Солтүстік Америкада тәуелсіздік үшін болған соғыс доллардың құнсыздануына әкеліп соқтырды. Франция 1789 – 1794 жылдары революция кезінде ендірілген қағаз ақшалар 7 жылда 883 есе құнсызданды.
Алғашқы рет ″ инфляция ″ деген ұғым ақша айналымына қатысты АҚШ – та Азамат соғысы кезінде / 1851 – 1865 ж.ж / орасан зор гривналар /ақша орнына қолданылған күміс кесек 450 млн доллар / шығарылуына байланысты қолданыла бастады, ал оның төлем қабілеті 2 жылдың ішінде 60 % -ке дейін төмендеді.
Инфляция тек қағаз ақшаға тән және ол экономиканың кез – келген үлгісінде орын алады, көбінесе инфляция айналымдағы ақшаның көбеюімен бейнеленеді. Бірақ кейде, инфляциялық ахуал, айналымдағы ақшаның саны бір қалыпта қалған күнде – де туады. Мысалы, егер елде тауар өнімінің көлемі азайып кетсе, онымен тікелей байланысты тауар айналымының да көлемі азаяды. Олай болса , оларға жұмыс жасайтын ақшаның да саны азаяды. Сөйтіп , дәл осы кезде айналымда жүрген ақшаның кейбір бөлігі артық болып шығуы мүмкін . Тап осындай жағдай ақша айналымы жеделдетілсе де туады. Ақша айналымын жеделдету , басқа жағдайлары бірдей болғанда, айналымға қосымша ақша шығарғанмен бірдей.
Сонымен инфляциялық ахуал көптеген себептердің әсерінен тууы мүмкін. Осы себептерді екі топқа бөлуге болады :
1. Ақша айналымымен тікелей байланысты себептер
• Айналымға бюджеттің тапшылығын жабу үшін , тауарлық ресурстармен қамтамасыз етілмеген тым көп қолма – қол ақша шығару;
• Айналымға қолма – қол емес ақша шығарумен байланысты , шаруашылыққа шамадан тыс көп несие беру;
• Ұлттық валютаның бағамын бір деңгейде ұстау үшін Ұлттық банктің , басқа елдердің, еркін айырбасталымды валюталарын сатып алу немесе сату.
2 Ақша айналымы мен жанама байланысты себептер
• Шаруашылықтың үйлесімді өркендеуінің бұзылуы ;
• Шаруашылықтың шығынды тетігі ;
• Салық саясаты ;
• Баға саясаты ;
• Мемлекеттің сыртқы экономикалық қызметі

Бір қарағанда екінші топта келтірілген себептер инфляциямен байланысы жоқ сияқты болып көрінеді , бірақ бұдардың әрқайсысы айналымдағы ақшаның жинағының өзгеруіне әсер ете алады , сөйтіп инфляциялық ахуал туғыза алады. Мысалы , шектен тыс жоғары салықты өндіріс пен тауар айналымының өсуін ынтымақтандырмайды , керісінше , инвестицияның белсенділігі төмендейді , соның нәтижесінде өндіріс көлемі де , тауар айналымы да азайып , айналымда артық ақша пайда болады.
















Макроэкономикалық құбылыстарға басты себептер ұлттардың табысқа жету – жетпеуіне байланысты болады.
Ұлттар өзінің экономикалық жағдайындағы шығындар, салықтар, ақша айналысындағы өзгерістеріне экономикалық саясат арқылы әсер етеді.
Өсудің тенденциясын анықтау көрсеткіші үшін өндірістің потенциалдық көлемін, яғни оның мүмкіндігінің минимумын алады.
Өндірістің потенциалдық көлеміне жету – жұмыспен қамтамасыз етуге , инфляцияның ұлғаюына байланысты, жұмыссыздық көбейген кезде инфляция төмендейді. Сонымен қатар, соңғы уақытқа дейін біздің санамызда ″ инфляция ″ ұғымы капитализмнің келелі ретінде орнықты. Құн заңы әрекетімен анықталатын тауар ақша қатынастарының болуы инфляциялық процесстерді тудырады. Инфляцияның себебі, әрекет ету механизмі, көрінуі және оның зардаптарымен күресу жолдары бұрын соңды біздің елде зерттелмеген.
Қазіргі кезде ол барлық жұмысшы күштерінің 6 % -тін қамтиды.
Сонымен инфляция дегеніміз - / латын сөзінен алғанда inflatio/ қағаз ақшаның құнсыздануына байланысты болатын әлеуметтік – экономикалық құбылыстар жиынтығы, басқаша айтқанда айналыстағы ақша өлшемдері қосындысынан артып кетіп , осының нәтижесінде тауарлармен қамтамасыз етілмеген ақшаның пайда болуы инфляцияны білдіреді. Оның мәнін түсіну үшін 10 млрд алтын доллар керек екен , ал қағаз ақша 20 млрд доллар шамасында шығарылды делік. Мұның өзі қағаз доллардың екі есе құнсыздануына әкеліп соқтырады. Инфляция жұмысшылардың жағдайына зардапты ықпалын тигізеді. Себебі , тауар бағасы бірнеше есе өседі, ал мемлекет жалақыны бұрынғы дәрезесінен арттырмауға тырысады. Ақшаның құнсыздануы , халықтың әл – ауқатының дәрежесін төмендетуге әкеп соқтырады.
Инфляциядан өндірісте біраз зардап шегеді. Инфляцияның деңгейінің көтерілуіне байланысты еңбекке деген ынта да бұзылады. Инфляция тауар тапшылығының басты себебі бола тұрып таур азық – түлікті белгіленген норма бойынша бөлуге мәжбүр етеді.
Инфляция қағаз ақшалардың алтынмен салыстырғанда құнының төмендеп кетуінен туады да, товар бағасының көтерілуіне әкеліп соғады.
Егер қағаз ақшалар товар айналысына қажетті мөлшерде шығарылатын болса, онда бұл ақшалардың нақтылы сатып алу қабілеттілігі олардың мазмұнына сәйкес келетін болады.Осылардың нәтижесінде девальвация және ревальвация деген ұғым бар.
Девальвация дегеніміз – қағаз ақшаның ресми құнының өзіне тұрақты қалпына келтіру. Ол үшін бағасы төмендеп ақшаларды айналыстан шығарып оның орнына толық құнды кредит билеттерін шығару / яғни бұл ашық девальвация /. Айналыстағы қағаз ақшаның ресми құнының төмендету бұны бүркемелі девальвация мақсатымен ақша реформасын жүргізу. Ұлттық ақша өлшемінің алтындық мазмұнын кеміту және шет ел валюталарымен қатынас курсын төмендету.
Ревальвация дегеніміз – ақша курсын көтеру. Алтын немесе шет ел валютасымен салыстырғанда мемлекеттік қағаз ақша курсның өсуі. Ревальвация – ақшаны тұрақтандыру , бағаның инфляциялық өсуіне қарсы ықпал етудің белгілі бір әдісі.
Шет ел мамандары инфляцияның өсу қарқынына байланысты оны 3 түрге бөледі :
1. Баяу және сұлама инфляция
2. Қарқынды инфляция
3. Ұшқыр инфляция
Баяу инфляция кезінде баға жай өседі де / жылына 10 %-тен аз / ақша негізінде өз құнын сақтап қалады. Мұндай кезде халық та, мемлекет те төтенше жағдайда тап болмайды.
Қарқынды инфляция кезінде баға жылына 10 – 20 –дан 200 % - ке дейін өседі. Соның салдарынан жалақы өсіп, ол одан әрі өсуіне әкеп соқтырады.
Ал ұшқыр инфляция кезінде ақшаның саны мен баға астрономиялық қарқынмен / 1000 % -тен жоғары / өседі. Баға мен жалақының арасы алшақтап , бай адамдардың да тұрмыс жағдайы, тіршілігі қиындай бастайды.
Шет ел нарықта болатын инфля



Ұқсас жұмыстар

Инфляцияның мәні, туу себептері
Инфляция
Инфляция процесі
Инфляцияның зардаптары және оны азайту іс-шаралары
Нарықтық экономикадағы жұмысссыздықтың себептерi мен түрлерi
Инфляцияны ауыздықтау және тоқтату жолдары
Макроэкономикалық тұрақсыздық: экономикалық циклдер, жұмыссыздық, инфляция
Экономиканың циклдық дамуының механизмі
Демографиялық процестердің теориялық және әдістемелік негіздері
Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығында аз қалдықты технологиялар енгізу. Бірлестіктер экологиясы және экожүйедегі энергия. Табиғи қорлар және оларды тиімді пайдалану
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Қаржының мәнi, функциялары және ролi
Педагогикалық процестің мәні мен мазмұны, құрылымы, қозғаушы күштері мен принциптері
Ақшаның атқаратын функциясы және мәні
Еңбек ақының мәні, түрлері және принциптері.
Шетел мемлекеттері экономикасының мемлекеттік реттелуінің мәні мен әдістері
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі
Кәсіпкерлік істің мәні және маңызы