Өнеркәсіптің қысқаша сипаттамасы
1 ЖАЛПЫ ТҮСІНДІРМЕ ХАТТАМАСЫ
1.1 Өнеркәсіптің қысқаша сипаттамасы
Риддер кен байыту фабрикасы «Қазмырыш» ашық акционерлік қоғамының Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласында орналасқан Риддер тау-кен байыту кешенінің құрамына кіреді.
Кен шикізатының базасын : Риддер-Сокольный кенішінің қорғасын-мырыш, мыс және құрамында алтыны бар флюстік кені және Тишинка кен орнының полиметалл кені, Шубинское кенішінің мыс-мырыш колчедан кені құрайды.
Фабриканың кендегі жылдық өнімі 1500000 тоннаны құрайды. Дайын өнім ретінде мыс, мырыш және қорғасын концентраттарын алады.
Шикізат негізі, номенклатура, өнімнің сапасы және техникалық деңгейі
Шикізаттық базасы
Риддер кен байыту фабрикасы концентрат түріндегі келесі өнімдерді шығарады: мыс, қорғасын, мырыш, флотациялық алтын концетраттары. Концетраттар төмендегі зауыттарға тасымалданады:
- мыс концентраты - Қытай, Балхаш;
- қорғасын концентраты - Өскемен металлургиялық кешені;
- мырыш концентраты - Риддер мырыш зауыты, Өскемен . металлургиялық кешені;
- флотациялық алтын - Өскемен металлургиялық кешені.
концентраты
Байыту фабрикасы шығаратын концентраттың сапасы белгіленген өнімнің деңгейі мен техникалық құжаттарға (МҰСТ, ОСТ, ТУ т.б.) сәйкес болуы шарт.
Дайын өнімдердің қоймасынан шығарылатын өнім МҰСТ және техникалық жағдайларға байланысты сынамаланады.
Тиелетін концентраттың әрбір вагондары сол вагонда орналасқан контейнерлердегі питательдің лентасынан сынамаланады. Алынған сынамалар сынама бөліміне құрамындағы ылғалды анықтау үшін жіберіледі.
Мыстың кез келген концентратындағы алтын мен күмістің массалық үлесі мөлшерленбейді, бірақ талданылады. Ал платина, сирек металдардың және күкірттің массалық үлесі екі жақтың келісімімен анықталады.
Құрғатылмаған концентраттағы ылғалдың мөлшері 14 %-дан аспауы шарт, ал 14 %-дан жоғарысы екіжақтың келісуімен қарастырылады.
Қорғасынның барлық маркалы концентраттарында алтын, күміс және висмуттың қосылысы анықталады, бірақ мөлшерленбейді; осыған қоса ППС және ПСМ маркаларында мырыштың қосылысы, ППС маркасында мыстың қосылысы анықталады.
Қорғасын концентратындағы ылғалдың массалық үлесі гранулометриялық құрамына сәйкес бекітіледі.
Мырыш концентратының барлық маркаларында сатып алушының талабы бойынша қосымша фтордың қосылысы анықталады. Мырыш концентратының барлық маркаларында алтын, күміс және кадмийдің мөлшері анықталады.
КЦ5 және КЦ6 маркалы мырыш концентраттарында мырыштың мөлшері 45%-дан кем болмаған жағдайда темірдің мөлшері 18%-ға дейін рұқсат етіледі.
Мырыш концентраттарындағы ылғалдың мөлшері концентраттың іріләгәне байланысты болады.
Ал алтын, күміс, мыстың және темірдің массалық үлесі мөлшерленбейді, бірақ анықталады.
Екі жақтың келісімімен кеннің ірілігін өзгертуге болады.
Риддер кен байыту фабрикасында Ридер-Сокольный, Тишинский және шубинский кенішінің, техногенді шикізаттар (ескі қалдық қоймасының, Тишинское ұсату және байыту цехінің ескі шламдары) өңделеді.
Риддер-Сокольный кені қорғасын-мырыш, мыс, алтын құрамды сульфидті болып келеді, Риддер-Сокольный кен орнынан жеткізіледі .
Тишинское кені сульфидті полиметалл кені (ауыр фракция) Тишинское кенішінен жеткізіледі.
Колчеданды мыс-мырыш Шубинское кені байыту фабрикасына Шубинское кен орнынан жеткізіледі.
Риддер-Сокольный кен орнының кендерінің физикалық параметрлері:
1) Меншікті салмағы - 3,2-3,3 т/м3;
2) Тұтас кендердің тығыздығы - 3,99 г/см3;
3) Жыныстардың тығыздығы - 2,92 г/см3;
4) Үйінді салмағы - 2,0 т/м3;
5) Протодьяконов бойынша қаттылығы - 10-12.
Негізгі технологиялық және проектік шешулер
Кенді байытудың қабылданған негізгі әдісі – флотациялық. Сульфидті қорғасын-мырыш концентраты коллективті флотация сұлбасы бойынша, артынан коллективті концентрат және мырыш концентратының селекциясымен байытылады.
Дайындау үрдістері: барлық үш сатысында алдымен елеуден өткізіліп отырылатын үш сатылы ұсақтау және екі сатысындада тұйық циклді екі сатылы ұнтақтау. Көмекші үрдістер: Қорғасын-мыс және мырыш концентраттарын қойылту мен фильтрлеу арқылы екі сатылы сусыздандыру.
Барлық үрдістер стандартты құрал-жабдықтарды пайдаланумен іске асады.
Қорғасын-мыс және мырыш концентраттары дайын өнім болып табылады.
10,9% қорғасыны бар мыс-қорғасын концентраты және 55,56% мырышы бар мырыш концентраты.
Байыту фабрикасының құрамы
Байыту фабрикасының құрамына мыналар кіреді: ұсақтау бөлімшесі, негізгі корпус, фильтрация корпусы, реагенттер бөлімшесі, әкімшілік корпус.
Негізігі корпуста екі секция бар. Құрал-жабдықтың компановкасы аралас сұлбалы. Фабрика цехтары сатылы-бірэтажды жасалған.
1 кесте - Жобаланатын өнеркәсіптің техникалық – экономикалық көрсеткіштері
Мектептегі экономикалық география білім жүйесін жүргізу әдісі мен тәсілдері
Өндіріс көсіпорындарының реконструкциясы мен жаңадан құрылыс салыну кезіндегі санитарлық сактық қадағалау. Студенттердің өзіндік дайындығына арналған оқу-әдісгемелік құрал
“КазТрансОйл” АҚ зиянды шығарындыларын бағалау
Кәсіпкерлік қызмет жүйесіндегі бизнесті жоспарлау
Қазақстан Республикасының экономикалық өсуі
Орал қаласының механикалық зауытының механикалық цехын электрмен жабдықтау
Мұнай өндіру кәсіпорынның негізгі қорлары
Бизнес - жоспар және оның маркетинг бағдарламасымен байланысы
Қою түсті көйлектер
Кəсіпорын көрсеткіштері бойынша өзіндік құн шығындары
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама туралы
Ақша туралы қысқаша түсінік
Локомотив құралдарын қалпына келтіру, жөндеу және жаңаша жабдықтау «Жолбарыс» ЖШС-не қысқаша сипаттама
Сорғыш сипаттамасы
Бауыр ауруларын зерттеудегі қысқаша тарихи мағұлмат
«Алматылифт» ЖШС-нің жалпы экономикалық сипаттамасы.
МҰНАЙХИМИЯЛЫҚ ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ
Экспериментке қысқаша шолу
Жұмыстың жалпы сипаттамасы