Домбыра
Домбыра – қазақ халқының арасында кең тараған екі ішекті музыка аспабы. Ертеде домбыраның түрлері өте көп болған. Олардың жасалуында өзіндік ерекшеліктері (көбіне тұтас ойылып жасалған) бар. Көбіне әсем нақышты болып келеді. Халық арасында үш ішекті домбыралар кездеседі. Соңғы кезге дейін домбраның бұл түрі Семей облысында сақталып келді. Домбыра өткен ғасырларда шертер, сыбызғы, қылқобыз, шаңқобыз т.б. аспаптармен қатар дамыды. Көне аспаптардың ішінен ұзақ сақталып келе жатқан да осы домбыра.
Қазақтың майталман күйші – композиторлары: Құрманғазы, Дәулеткерей, Тәттімбет, Байсерке, Сейтек домбыра қасиетін кейінгі ұрпаққа кең насихаттап кетті. Домбыра тек күй ғана емес, ән орындағанда сүйемелдеу үшін қолданылатын аспаптың бірі. Біржан Сал, Ақан Сері, Жаяу Мұса, Мұхит, Мәди, К. Әзірбаев, Әміре Қашаубаев, М. Ержанов, Ж. Елебеков, Ғ. Құрманғалиев домбыраның әнге әр беріп, әншіге демеу болатынын дәлелдеді.
Қ. Жантілеуов, Л. Мұхитов, Н. Бөкейханов, Дина Нүрпейісова, О. Қабиғожин, Р. Омаров, М. Хамзин; Ә. Есқалиев, Б. Қарабалина сияқты күйшілер домбырада күй орындау шеберлігін жетілдіре түсті.
Күй ерекшеліктері
ОРТА СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНА ДОМБЫРА АСПАБЫН ҮЙРЕТУ ӘДІСТЕРІ
Қазақ халқының музыкалық аспаптарымен танысу
Домбыра туралы аңыз-әңгіме
Домбыра аспабы құрылысы
Домбыраның физикалық қасиеті
Домбыра құрылымы
Домбыра - қазақ халқының ең кең тараған екі ішекті, көп пернелі музыкалық аспабы
Домбыраның шығу тарихы
Домбыра - ұлттық психология көзі
Домбыра туралы
ДОМБЫРА ФИЛОСОФИЯСЫ
Домбыра - қазақтың халық аспабы
Асқақтаған дауысқа қазақи домбыраның күмбірі қосылғанда дәстүрлі әннің өлмегенін сезінеді екенсің
Құрманғазының ұлттық домбыра мектебінің дәстүрін сақтаушылар - халық композиторының бай мұрасын біздің уақытқа дейін жеткізген күйші ұрпақ
Домбыра атауларының бұлай бөлінуі қазіргі құлаққа түрпідей тимес үшін түсіндірме бере кеткен жақсы
Домбыра - сан ғасырлардан бері сырын сақтап, қазақ даласында кеңінен танымал аспап
Байзақов Иса (1900 - 1946) - қазақтың халық ақыны, әнші, әртіс, домбырашы, композитор
Анам тілі, Домбыра өлеңдері
үн кешке айналса - ақ, шеткі құрым үйдің қасынан күңгірлеген домбыраның қоңыр үні шығады