Шопеннің полонездері
Шопеннің шығармашылығында поленездерде, мазуркаларда сияқты, ұлттық- патриоттық идеяның көрінісі бар.
Полонез- нағыз поляк жанры. Бұл көне би XVII ғ. поляк ақсүйектерінің салтанатты шеруін сүйемелдеуші музыка ретінде пайда болды. Ол халықтық би болатын, бірақ Шопеннің шығармашылығында бұл полонез көрініс таппады. Кейін Шопеннің полонездері қызықты мінезге ие болып, халықтық ерекшеліктерін жоғалтты. Шопен мен оның ізашарлары полонезге бет бұрғанда, бұл жанр әбден қалыптасып, оның музыкалық стилінде поляк фольклорынан із де қалған жоқ.
Шопен полонез жанрын биікке көтеріп, басқа классикалық жанрлар қатарына қойды; полонезге жаңа дем берді; полонезді қосалқы рөлден босатып, идеялық- образдық мазмұнын байытты; оның нағыз поляк халықтық өзгешеліктерін қайтарды.
Сарайлық тұрмыстық бидің негізінде Шопен фортепианолық музыканың жаңа жанрын жасады.
Полонезді Шопен батырлық жанр ретінде қабыл алды. Ол бидің салтанаттылығы мен маңғаздылығын сақтап, полонез арқылы батырлық- эпикалық және батырлық- драмалық көңіл- күйлерді ашты. Шопен полонездің негізіне озық ұлттық- патриоттық идеяны салды. Полонездерде 3 идеялық сарынды байқауға болады: Польшаның өткен ұлылығы үшін мақтаныш сезімі; ұлылықтың кеткені үшін маңаю; Польшаның келешек босауына сенім. Ол полонездер арқылы бүкіл халықтың патриоттық көңіл- күйін білдіреді.
Образдық мазмұнына байланысты полонездерді 2 топқа бөлуге болады: Польшаның айбындылығын көрсететін салтанатты, жарқын және қайғылы бүгінгісін білдіретін мұңды, батырлық- қайғылы полонездер.
Полонездерде көбінесе қарама- қарсы ортаңғы бөлімі бар күрделі 3 бөлімді форма кездеседі. Шопеннің шығармашылығында полонез дами келе драматизацияланып, формасымен драмалық поэмаға жақындайды. Драматизациялау процесі 1845- 46 жж. жазылған полонез- фантазиямен тәмәмдалады. Бұнда Шопен батырлық идеяны романтикалық әсемділік арқылы ашады.
Барлығы Шопен 16 полонез жазды, 1834 жылы жазылған 7 полонез ең жарқын деп есептеледі. Әрбіреуі - қайталанбас ерекше болып табылады. Cis- moll’ дық полонез жарқын, лирикалық; одан кейінгі es- moll’ дық ең лирикалық- мұңды полонездердің бірі; A-dur’ лық жарқын, қуанышты поонезді қайғылы c-moll’ ді полонез алмастырады. Барлық полонездердің шыңы - 40 жж. жазылған 3 полонез симфониялық поэма болып табылады: батырлық- қайғылы fis- moll’ ді көлемі жағынан орасан зор, драмалық қарама- қарсылықтарға толы; әйгілі As- dur’лық «Жеңісті» полонез бұл жанрдың барлық мүмкіндіктерін тауысады және полонез жанрының шегінен шықпайтын полнез-фантазия.
Шопеннің полонездері виртуоздық және мазуркаларына қарағанда фактура, гармония, құрылымы жағынан күрделірек. Полонездердің ерекшеліктері - фактураның қалыңдығы, динамиканы өсіруді жиі қолдану, оркестрлік дыбыстау. Мелодиясы ірі құрылымды, жігерлі ритмді.
Шопеннің фортепианолық шығармашылығы
Романтизмнің мәдени және саяси - әлеуметтік бастамалары
Вена классикалық мектеп өкілдері
Ғажап ғұмыр
Математика және музыка
М. Қозыбаевтың Өркениет және ұлт еңбегіне аннотация
Бастауыш және орта сынып оқушыларының психология - педагогикалық сипаттары
Қазақстанның үздік балет театрлары
Оқушылардың музыка тыңдау мәдениетін қалыптастыру
Алтын пропорция кесіндісінің құрылу шкаласы
Шопеннің полонездері туралы