ЕҢБЕК ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ШЕШІМДЕР
5. ЭКОНОМИКАЛЫҚ БӨЛІМ
5.1 ЕҢБЕК ҮРДІСІН ҰЙЫМДАСТЫРУ БОЙЫНША ШЕШІМДЕР
Негізгі өндірісті ұйымдастыру ең алдымен өнімнің әрбір түрінің өндірісінің техникалық және технологиялық ерекшеліктерімен және оның берілген өндірістік қоғам, құрамына кіретін көмекші өндірістермен, кәсіпорындармен, сонымен қатар басқа да кәсіпорын өндірістерімен байланысымен анықталады. Негізгі өндірісті ұйымдастырудың сипататмасы -оның типі (массалы, сериялы), үздіксіздігі, ағынды және дискреттілігі, өндірістік операциялар құрамы және оларды орындау кезектілігі берілген өнім өндірісінің көлемімен, оның сапасына қойылатын талаптар, шикізатты және материалдарды қайта өңдеудің қабылданған технологиясының прогрессивтілігі, сонымен қатар технологиялық жарақтандыру, барлық техниканы қызмет көрсету және басқару тәсілдерін анықтайтын өндірісті механизациялау мен автоматтандыру деңгейімен анықталады.
Негізгі өндірісті ұйымдастыру материалды, энергетикалық және еңбек шығынын төмендету мақсатымен техникалық жарақтандыруды рационалды орналастыру, өндірістік бөлімшелер (цехтар, бөлімшелер) және көлік топтарын, қондырғылар мен агрегаттарды жеке және коллективті қызмет көрсету жұмыс орныдарында құру, мұнда өндірістің және еңбек етудің мамандығының және кооперациясының неғұрлым экономикалық тиімді формаларын қарастыру керек, яғни, өнімнің көлемі мен номенклатурасына рационалды өндірістік құрылыс және негізгі өндірісті басқарудың сәйкес құрылысын қолдану сұрақтарын қамтиды.
Негізгі өндірісті ұйымдастыруды қамтитын сұрақтар ішінде сондай-ақ: негізгі қордың толық орындалуына көмектесетін өндірістің жеке бөлімшелерінің жұмыс істеу режимін құру; өндірістік ритм мен тактісін анықтау, яғни өндірістің жеке бөлімшелерінде дайындалатын өнім мөлшері уақыт бірлігінде және үздікті өндірістерде бірдей өнім шығару мөлшері арасындағы уақыт аралығы; байланысқан өндірістік бөлімшелерде жұмыс істеуде келісім құру, соның ішінде оларды шикізатпен және материалдармен тиеу ретін анықтау жолымен қондырғыға қызмет көрсетудің технологиялық параметрлерінің жеке түрлерін регламентациялау. Негізгі өндірісті ұйымдастыру төлем ақы және еңбекті ұйымдастыру, жұмысшылар санын, көмекші өндірістің қызмет көрсету түрлерін (көлік, жөндеу, энергетика) және олардың іске асырылу ритмін, сонымен қатар істелген жұмыстардың сандық және сапалық әдістерін есепке алу сұрақтарын шешеді.
Негізгі өндірісті ұйымдастырудың көптеген сұрақтары жаңа құрылыс жоспарлау сатысында, өндірісті кеңейту немесе қайтақұру кезінде шешіледі. Өндірісті ұйымдастырудың тиімділігі технико-экономикалық көрсеткіштерде өндірістің соңғы нәтижелерінен көрінеді.
5.2 ЕҢБЕК ЕТУ ЖӘНЕ ДЕМАЛЫС РЕЖИМДЕРІН АНЫҚТАУ. НЕГІГЗГІ ЖӘНЕ КӨМЕКШІ ЖҰМЫСШЫЛАРДЫҢ КЕЗЕКТЕСУ КЕСТЕСІ. ЖҰМЫС УАҚЫТЫНЫҢ ЖОСПАРЛЫ БАЛАНСЫ
Жұмысшы қызметінің жетістіктері рационалды еңбек ету және демалу режимін талап етеді, яғни жұмыс уақытын және одан бос уақытты бөлу. Бүл режимнің оптимальдігі өндіріс сипатымен (үздіксіздігі) анықталады, жөндеу жұмыстарын ұйымдастыру, оны мүмкіндігінше негізгі жүмысшылардың демалысы кезінде жүргізген жөн. Еңбек ету және демалыстың рационалды режимін құру кезінде еңбектің жоғары өнімділігіне жетуге ынталану керек, қызметкерлердің еңбек ету туралы заңдарды ұстануларын қамтамасыз ету (еңбек жағдайларын ескере отырып жұмыс күнінің ұзақтылығын, түнгі кезектердің ұзақтығын, бекітілген демалыс ұзақтығы және басқалар) [3].
Кезек санын есептеу:
Қондырғының жұмысуақытының жылдық қоры
- күнтізбелік уақыт, Tк
Tк=365•24=8760 сағат
мұндағы 365 – бір жыл ішіндегі күндер саны;
24 – күн ұзақтығы; сағат.
- режимдік уақыт, Tреж
Tреж=(365-104-10)•8-0=2008 сағат
мұндағы 104 – бір жыл ішіндегі демалыс күндер саны;
10 – бір жыл ішіндегі мейрам күндер саны;
8 – жұмыс кезегінің ұзақтығы, сағат.
Кезектер саны:
n= Tк/ Tреж (46)
n=8760/2008=4,3=4
4 кезек деп қабылдаймыз.
Кезектің ұзақтығы 8 сағат.
Барлық кезектердің кезектесу кестесінің циклі – 12 күн, 28-ші кестеде көрсетілген.
Еңбек үрдісін ұйымдастыру бойынша шешімдер
Басқару шешімдерін қабылдау кезеңдері
Оқу бағдарламасын басқарудағы автоматтандырылған бағдарламаны қолдану
Технология пәнінде оқушыларды шығармашылыққа баулу әдістемесі
Басқарудың ғылыми мектебінің негізгі жетістіктері
Кәсіпорындағы менеджменттің сапасы мен тиімділігін талдау
Жоғарғы мектептегі оқыту әдістерінің жалпы сипаттамасы
Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшеліктері
Сын тұрғысынан ойлау жобасы арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту
Педагогикалық менеджменттің құрылымдары
Тасымалдау шаруашылығын ұйымдастыру
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Ақтөбе қаласы бойынша салық және басқа да міндетті төлемдердің бюджетке түсуін талдаудың ақпараттық жүйесін тұрғызу
Қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың әдiстемелiк ерекшелiктерi
Бәсекеге қабілетті экономиканың системасын қазіргі заманға концепция бойынша құру және іске асыру
Қаржы механизмі қаржы қатынастары мен қаржы саясатын ұйымдастырудың экономикалық механизмі
ҚР банктеріндегі ипотекалық несиелендіруді ұйымдастыру және дамыту. Ипотекалық несиелер есебі
Мақта тазалау кәсіпорын басқарушылық есебін және ішкі аудитін ұйымдастыруды ( Шардара - мақта ЖШС)
Еңбекақыны есептеудегі аудиттің мақсаты мен міндеттері
Шаруашылық жүргізудің әр түрлі меншік формаларындағы кәсіпорынның қаржысын ұйымдастыру ерекшеліктері«СЕНІМ» АҚ