Ақындар айтысы

Ұлттық өнерiмiздiң ең бiр қасиеттi де қастерлi саласы - ақындар айтысы. Сан ғасырларды көктей өтсе де тарихи тұрғыдан ешқашан құнын жоймаған, ең бастысы елдiң жүрегiнен, жадынан еш уақытта көшпеген шынайы өнер жарысы - айтыс бүгiн де рухани өмiрiмiздiң алтын дiңгегi болып отыр.
Осы өнердiң мәңгiлiк жасампаз көрiнуiнiң басты сыры да - осы ұлттық сөз өнерiнiң құдiретiнде, осы халықтық өнердiң көркемдiк, рухани астарында жатыр. Ал ендi шынайы ұлттық өнер, халықтық шығарма тек қана тума таланттың еңбегiмен ғана келедi.
Оны әдебиет тарихы сан қайтара дәлелдеген. ХIХ ғасырда қазақ әдебиетiнде айрықша қарқын алып, көш бастаушы жанрдың бірі айтыс . Ақын өзiнiң әрбiр сөзiне, әрбiр сөз тiркесiне мұқият қарайды. Сөздiң астарында жататын ой қуатына, көркемдiк мәнiне, керек болса әрбiр сөздiң әлеуметтiк астарына, қоғамдық салмағына аса жоғары мән берген .



Алдымен терең дүниетаным, сонан соң көргенi мен түйгендерiн төрт аяғынан тең тұрған, тартымды да бейнелi көркемдiк жинақтаулар арқылы түйiндеп отыратын, сол арқылы сөз өнерiн айшықтап көрсете алған ақын өз қарсыластарын тұқырта жеңiп отырған.

Кейiнгi айтыстарының әлеуметтiк өткiрлiгi де ұштала түсiп, салмақ тартып, әсiресе қоғамдық, рухани астары тереңдеп, көркемдiк бояуы қалыңдай беретiндiгi бiрден назар аудартады.
Ақынның ой өрбiтуiне, сөз саптауына арқау болатын сол тұстағы тарихи-қоғамдық шындық, заман қайшылықтары, ең бастысы ұлт тағдыры, қазақ тiршiлiгi, әлеуметтiк теңсiздiк, елдiк мәселелер, адам бойындағы жаман мiнездер және адамгершiлiк, кiсiлiк қасиеттер, ұлттық құндылықтар, ұлттық салт-дәстүр, барлығы-барлығы жиылып келгенде оның ақындық өрiсiнiң қаншама кең, мол, көркемдiк көкжиегiнiң шексiз де, шетсiз, суреткерлiк шеберлiгiнiң аса бiр шетiн, нәзiк екендiгiн бiзге тайға таңба басқандай ажыратып, айшықтап танытады



Ұқсас жұмыстар

Ақындар айтысы
Айтыс
Айтыстың ерекшелігі
Айтыс жайында
Айтыстың жанрлық ерекшелігі
Түркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы
Қазақ әдебиетіндегі айтыс өнерінің өзіндік өрнегі
Қазақ шешендіктеріндегі сөйлеу түрлері
Қазақ ескілігінің бір үлкен саласы айтыс өлеңдер
АЙТЫСТЫ ОҚЫТУ ӘДІС-ТӘСІЛДЕРІ
Ж.Жабаевтың өмірімен және көптеген ақындармен айтыстары
Ақындар айтысы туралы
ХІХ ғ II жартысында өмір сүрген қазақтың әнші-ақындар
Айкүміспен айтысы
Менің жанұям, жақындарым мен үшін аса қымбат адамдар
Ақындар жырға қосып жырлағандай, туған жер маған күш - қуат беріп, үлкен азамат болуға шақырады
Абай Құнанбайұлы мен Жамбыл Жабаев - замандас ақындар
Сүйінбай Аронұлы (1815 - 1898) - 19 - шы ғасырдағы Жетісу ақындарының алтын діңгегі, айтыс ақыны
Мұқағали Сүлейменұлы Мақатаев - Шынайы поэзия өкілі, ғажайып ақындардың біріМұқағали Мақатаев қазіргі Алматы облысы, Райымбек ауданындағы Қарасаз аулында 1931 жылы 9 ақпанда дүниеге келді
Өнер тұтастығы мазмұнындағы ақындар поэзиясы (сал - серілер, әнші - ақындар) Біржан сал Қожағұлұлының шығармашылығы, Сара Тастанбекқызының өмірі, шығармашылығы