Таңдайымыз өрісті оймен татымақ
1. Өркен жайсын талабың,
Сәуегейі сен боп жүрме қаланың. «Әйелдер»
2. Таңдайымыз өрісті оймен татымақ
3. Есепсіздің несібесі озар ма ?
4. Мәңгі лаулап жану үшін ғаламда,
Үлкен бақыт табу үшін ғаламда,
Үлкен болып қалу үшін ғаламда,
Үлкен арман керек екен адамға. «Арман»
5 Тұлпарды сүрінбейді деп,
Асауды мінілмейді деп
Ақ көйлекті кірлемейді деп
Қара ешкі мүжіген ағаш
Қайтадан гүлдемейді деп
Кім айтты саған ?
6 Биікті ардақтайды деп,
Асылды қорлатпайды деп,
Кім айтты саған?
«Жігерлендіру немесе өзін бақытсызбын деп есептеген жігітке жауап»
7 Адалдық деген -әлемнің ұлы байлығы.
8 Ән туады мұраттан,
Ой туады сұрақтан «Өзендер»
9 Қара күштің адымы әр кез келте.
«Ла-Валетта маңындағы түн немесе қасиет мұнарасы»
10. Түсінетін халық аман болсын. «Түсінісу теоремасы»
11. Мінезсіз ұлт айналмайды ұлы елге. «ТЖ-лар»
12. Барлық батыл ойларыңның алды- күрес, арты- дау
«Рух мектебіндегі мұң»
13. Фарабиден «мықты ел кім?» -деп сұраса,
«Қайыршысы жоқ ел»,- депті ақылман
14. Сорласа жұрт рухсызды сорлайды
«Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз да мемлекет құруға болады
деп ойлайтын жас бизнесменге хат»
15. Махаббат ол- қос жүректің әні ғой
«Жұбайлар бар әңгімесі таусылған»
16. Қызғалдақ – қырдың сәні
17. Перзент болу оңай ма толыққанды,
Зерттеп өс,- деп,- айдарлы алыптарды?
«Шекарасыз жомарттық немесе Қамкеш Қарағаловты іздеу»
18. Шын өнерді басынса да жеңе алмайды асқазан
Шырқау рух аспанында басқа мүдде, басқа заң
Ғасырды асар әдебиеті, өнері ұлы болмаса,
Ұлт даралық таба алмайды
Және ұлы боп саналмайды ешқашан!
19. «Әрбір қимыл- қарсы қимыл тудырады тірлікте»
20. Еркекті еркек етіп келген- намысы
21. Құдіретті күш кетпесін сөзіңнен!
22. Жомарттық- бұл мәңгі арымас қайсар күш
«Өркениеттің адасуы» романынан үзінді»
23. Жаңылысса әділетсіз тіл мен көмей жаңылсын.
24. Қуат-күшін әйгілеген ой- парқымен, білекпен,
Мақсат, мүдде, тағдырын да өзіңізбен бір еткен.
25. Заманы сыртқа тепсе, тасбақадан бақ шабан.
«Құрметсіз, шыншыл тұлғалар немесе түрік қағанатының құлауы»
26. Күш пен ақыл кімде мықты- соның даңқы ең үстем
27. Сом алтынның қадірі жоқ қолдағы.
28. Шын өнердің мәнін білер,
Сөздің сәнін, дәмін білер.
29 Саф өнерді ардақ тұту және терең түсіну.
30 Тек әділ сын- ел тірегі,
Жалған мақтау өлтіреді
«Әмір- Темірдің соңғы өсиеті»
31 Іңкәр тірлік жолындасын қимылыңа мән бер сен,
Қай кезде де еңсе бүкпеу- ердің басты құралы.
32. Нағыз қыран мәңгі ардақтап өтер болар өз көгін,
Өзіңді- өзің ұмытпа біл, бақыты үшін өзгенің
33. Өнерінің өрті бар.
«Жазагер Жады космоформуласы» романынан үзінділер»
34. Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері- түп қазығы, айбыны,
Туған тілі- мәңгі өнеге айдыны,
Жан байлығы, салт-дәстүрі- тірлігі,
Қадамына шуақ шашар үнемі.
Және туған тарихы.
35. Қасиетті бұл төрт ана- тағдырымның тынысы,
Төрт ана үшін жалған күрес- күрестердің ұлысы.
36. Қолбасшының басты ерлігі- жау рухын жеңуде.
«Жаңғырық»
37. Алмас қылыш халық деген,
Ұстайтындар аз оны парықпенен,
Жұмсай білу- бір өнер
Қайрай білу- бір өнер
Құрсай білу- бір өнер.
38. Махаббтта бір-ақ заң бар,
Ол- адалдық заңы.
«Күретамырды іздеу»
Мұхтар Шаханов
өлеңдерінде
кездесетін афоризмдер
Құрастырған: Алимжанова Зарина, Казыкешева Асель
Жазушы Оразанбай Егеубаевтiң «Көкбөрi немесе тағдыр тәлкегi» атты роман-эссесi хақында
Мақал - мәтелдер. Мақал — нақыл сөз
Халық ауыз әдебиетінен- педагогикалық практикалық жұмыс
Алфавит – рухани бірлік негізі
«Қамқорлыққа зәру балалар мен шетел азаматтары асырап алған балалардың жағдайын реттейтін заңдық базаны зерделеу
Мақал - мәтел мағыналы шығарма
Ұлы ақын, композитор - Абай Құнанбаев
Конфуций ілімі
Жүсіпбек аймауытов – әдебиет сыншысы
Тіл-адамның адамдық белгісінің зоры
ФОЛКЛОРИСТИКАДАҒЫ МИФ
Бихевиористік анықтаманы баяндап бер
Бихевиористік теорияға сәкес