БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

М А З М Ұ Н Ы


КІРІСПЕ

1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
1.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының пайда болуы және оның құрылымы
1.2 Бағалы қағаздарды шығару механизмі

2 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТүРЛЕРІ
2.1 Негізгі нарықтың түрлері мен оларды талдау
2.2 Туынды нарықтың маңызы мен олардың жағдайы
2.3 Қазақстан Республикасының қор биржасындағы бағалы
қағаздар бойынша жүргізілетін опрерациялар түрлері
және оларды талдау

3 ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАР
НАРЫҒЫНЫҢ ДАМУЫН ЖЕТІЛДІРУ

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР





К І Р І С П Е

Қазақстанның орталықтанған – жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуі қоғамдық өндірістің сипатын өзгертті. Олар–меншік қатынастарын және шаруашылық субъектілерінің құрылымы мен оның қызмет көрсету механизмін сондай-ақ олардың өзара қаржылық байланыстарының нысандары мен қоғамның барлық топтарының шаруашылық нәтижесіне әсерін тигізеді. Сондықтан қоғамдағы соңғы 10–13 жылда болған өзгерістер – еліміздің нарық қатынастары арқылы демократиялық ел болуға бет алғандағы өтпелі дәуір кезеңдерінің өзгерістері болып табылады. Осыған сай өзімнің дипломдық жұмысымның өзектілігі мен нарықтық экономикадағы қажеттіліктерін, атқаратын қызметтерін және дамуы мен оны жетілдіру жолдары зерттеліп, ұсынылған. Дегенмен нарық қатынастары өркениеттері елдерде ежелден дамып, соңғы 70 жылдан «социализм» мен «капитализм» деген екі жүйенің бәсекесінде өзінің өміршеңдігін, экономикалық және әлеуметтік тиімділігін дәлелдейді. Сол «капитализм» экономиканың жеке және мемлекеттік секторларын қолайлы үйлестіру арқылы уақыт талабына сай әлеуметтік бейімделген нарықтық шаруашылықты құруда.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздар нарығын құру және оны одан әрі дамыту мақсаттары қазіргі заман талабына сай, себебі бағалы қағаздар нарығы арқылы жеке, заңды тұлғалар өздеріне капитал құра алады және белгілі бір пайда табудың жолы ал, мемлекет үшін бюджет қорын толтыру мен ақша айналымын реттеу болып табылады. Мемлекеттік кәсіпорындарды акционерлік қоғамдар түрінде қайта құру олардың инвестиция тартудың ең бір тиімді механизімдеріднің бірі – акция, облигация шығаруды пайдалану тәртібі мен бағалы қағаздар нарығының механизімі экономиканың барлық субъектілеріне инвестиция көздерін алуға мүмкіндіктері қарастырылды.
Бұл дипломдық жұмыс кіріспе, қорытынды және үш тараудан қарастырылып жазылған.
Бірінші тарауда еліміздегі бағалы қағаздар нарығының қалыптасуы мен дамуы, құқылық нормативтер қарастырылған.
Екінші тарауда негізігі және туынды нарық мәні мен олардың қызметтері, операция жүргізу тәсілдері, яғни акция мен облигация бағалы қағаздарының есептеу әдістері ұсынылған. Сонымен қатар Қазақстан қор биржасының мақсаттары мен мәмілелер түрлерінің ерекшелігі мен брокер, дилерлердің келісім жасау шарттары мен олардың жұмысының қаржылық нәтижесі салыстырылып талдау жасалған.
Ал, үшінші тарауда ұзақ мерзімді ішкі қарыз алу стратегиясын дайындаудың әдістемелік проблемалары зерттеліп ұсынылған.
Дипломдық жұмысты орындау барысында статистикалық және бухгалтерлік кезеңді басылымдар қолданылды.
Дегенмен бағалы қағаздар нарығы туралы заңға өзгерістер енгізілгенімен білікті мамандар даярлау, бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды меңгеру міндетті пайда болғанын айқындайды. Бұл өте терең экономикалық және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынан қамтитын және жинақталған дағдыны ұғынуды талап ететін күрделі де қиын кәсіпшілік. Сондықтан бағалы қағаздармен қызмет жасайтын жоғары білімді мамандар дайындау – уақыт талабы. Әрине бұндай істе нақты көмекті қазіргі батыс және отандық авторлардың ғылыми еңбектерін оқып, үйренуге болады, сонымен бірге өткен тарихқа да оралу, оны білу – алға басудың кепілі. Революцияға дейінгі Ресейде бағалы қағаздар, қор биржалары және коммерциялық банктер туралы ғылым кең тараған. Демек, өткен тәжірбиені зерттеп және өз мемлекетіміздегі қазіргі қажеттілікті ескеріп, бағалы қағаздар нарығы туралы негіздей отырып осы дипломдық жұмысымды зерттеп орындадым.
Менің, жазып отырған дипломдық жұмысымның негізгі мақсаты – бағалы қағаздар нарығының теориялық және әдістемелік негіздерімен қатар оның жоғарыда аталған ұйымдық-экономикалық құрылымдарының нарықтық экономикадағы маңызын көрсету және бағалы қағздардың биржада сатылуы мен олардың үстінен қосымша үлестерді есептеу. Жоғарыда көрсетілген мәселелер тақырыпты таңдаудың себеп болды.
Бұл жұмысты жазу барысында тек қана қазақстандық авторлар оқулықтары ғана емес, сонымен қатар шетел әдебиеттер авторы қолданылды. Жалпы дипломдық жұмыс әдістемелік нұсқауға сай орындалды.
1 БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРДЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ

1.1 Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар
нарығының пайда болуы және оның құрылымы

Нарық – бұл күрделі, әрі жан-жақты қызмет атқаратын қоғамдық қатынастар жиынтығы болғандықтан, ол бір жағынан тауар және көрсетілген қызмет нарығын қамтыса, екінші жағынан қор жинау нарығын қамтиды. Соңғысы, өз кезегінде, қаржы нарығы мен қозғалмайтын мүлік нарығынан тұрады. Осы аталған нарықтардың өзара байланысты ұлттық экономикалық механизмді құрайды. Ал бұл механизм несиеге негізделген, басқаша айтқанда, нарыққа қатысушылардың басым көпшілігі іскерлік шартқа қол қойып, өздеріне бағалы қағаз түрінде міндеттеме алады. Кәсіпкерлердің өзара жасаған дәл осы міндеттемелері – экономикалық механизмнің тұрақтылығының кепілі.
Бағалы қағаз нарығы субъектілерінің қатынастары экономикалық – құқықтық механизмге негізделеді. Бұл бағалы қағаздардың материалдық түрі ретінде оның маңызын дәлелдейді. Бірақ бағалы қағаздардың маңызы онымен шетеліп қоймайды. Бағалы қағаздар кез-келген мемлекеттің төлем айналымында маңызды орын алады, себебі олар арқылы мемлекеттің инвестициялық қызметі жүзеге асырылыды. Дәлірек айтқанда, бұл күрделі қаржы тікелей халық шаруашылығының ен тиімді саласына жіберіледі, яғни оларды нарық жүйесіндегі ең өміршең субъектәлер ғана ала алады.
¤зінің ұйымдық және құрылымдық ерекшеліктеріне орай бағалы қағаздар каржы институттары, қаржы нарықтары және оларды реттейтін құқықтық ережелерімен қатар мемлекеттің қаржы жүйесінің тұтас бір бөлігін құрайды. Мұндай жүйе біздің мемлекетімізде нарық қатынастарын қалпына келтіру қажеттілігі туындаған кезде, яғни 90 – шы жылдардың басында құрыла бастады.
1990 жылдың басынан экономикалық тәжірбиесі дәлелдегеніндей шаруашылықты жетілдірудің нарықтық әдістерін қалпына келтірудің және оны одан әрі дамытудың басты құралы - бағалы қағаздар екені талассыз ақиқат. Бағалы қағаздар ақша түріндегі капиталға да, заттай капиталға да меншік құқын бекітіп, тек бағалы қағаздар арқылы ғана мемлекеттік меншікті акционерлік қоғамдардың, яғни жекеменшік иелері–халықтың меншігіне айналдыру мүмкін. Бағалы қағаздар нарығында өзіне тән қаржы институттары жүйесі қалыптасып, оларда экономикалық өрістеудің қаржы көздері шоғырланып және инвестициялық қорларды бөлу қатынастары жүзеге асады. Қазіргі өндірістің жалпы құлдырап, қысқаруы кезінде мемлекеттік жалпы ұлттық өнімдегі өндірістік инвестицияның үлесін арттыру бағалы қағаздар нарығының потенциалды қорларын пайдаланбай іске асуы мүмкін емес.
Акция шығару осы ресурстарды шектеусіз алуға мүмкіндік туғызса, ал облигация шығару ақша ресурстарын, оларды банктерден алудан гөрі, тиімді жағдайда алуға мүмкіндік береді. Мемлекет бюджет кемшілігін толтыру мақсатында да ақша белгілерін эмиссияламай, мемлекеттік бағалы қағаздар шығарумен шұғылданады.
¤ркениетті мемлекеттерде экономикалық өрлеуді қаржыландырудың басты жолы бағалы қағаздар нарығы болып табылады. Бағалы қағаздар нарығының күрделі ұйымдық – экономикалық жүйесі көптеген өзара байланысты элементтерден тұрады:
- эмитенттер, яғни әртүрлі бағалы қағаздар шығаратын
шаруашылық субъектілері;
- инвесторлар, яғни уықытша бос ақша иелері – заңды және
жеке тұлғалар;
- бағалы қағаздар нарығының кәсіби мамандары: брокерлер
дилерлер, инвестициялық басқарушылар, маркетмейкерлер,
- инвестициялық компаниялары, сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары және т.б. қорлары;
- қор биржаларды, депозиттік, клирингтік және басқа бағалы қағаздарды тіркейтін, сақтайтын ұйымдар.
Осы күрделі құрылымдардың қызметін ұйымдастыратын, басқаратын және реттейтін заңдар мен ережелер және мемлекеттік органдар қажет.
Айтылған мәселелердің барлығы мемлекетіміздің экономикалық дамудың бүгінгі кездегі сатысында Қазақстан халқының жас буыны алдында жаңа, тіпті ерекше бағыт, яғни бағалы қағаздарды шығару және сол қағаздар нарығындағы операцияларды мегеру және құқықтық білімді, математикалық және бағдарламалық жағынын қамтитын және жинақтаған дағдыны ұғынуды талап ете



Ұқсас жұмыстар

Бағалы қағаздардың қалыптасуы мен дамуы
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығы
Қазақстандағы қор биржаларының қалыптасуы және дамуы
ҚР мемлекеттік бағалы қағаздар нарығына сипаттама
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бағалы қағаздар рыногының қалыптасуы мен дамуы
Туынды бағалы қағаздар
Қазақстан Республикасындағы бағалы қағаздар нарығының құрылымы
Қор биржасы: мәні, міндеттері және операциялары
Қ.Р. қаржы нарығы
Қазақстандағы бағалы қағаздар нарығының даму деңгейі
Бу қазандықтары мен шаң дайындау жүйелері есебі
ТҮМЕН ҰЛЫ МҮДЕ ҚАҒАН
Диалектика — даму мен ең жалпы байланыс жөніндегі ілім
Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауын тексерулерді ұйымдастыру мен жүргiзу ережесi
Бухгалтерлік есептің концепциялары мен принциптері
Қаржы-несие мекемелері рыноктық экономиканың негізгі элементі ретінде
Нарық жағдайында шағын кәсіпкерліктің дамуы
Тергеушінің тергеу бөлімінің бастығымен және анықтау органдарымен өзара әрекеттесуі
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Ақшаның қызметтерi және олардың қазiргi жағдайдағы дамуы