Химия кешенінің Қазақстандағы болашағы

Келешектің кешенін отандық және шетелдік инвесторлар бірігіп салып, бөлісе иеленетін болады. Ал оның жұмыс істеу жүйесі мен ұстанымдарын айтар болсақ, оның негізі 2010 жылға дейінгі уақытты қамтитын Мұнай-химия саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасында қаланып, ол Елбасы берген тапсырмаларға сәйкес жүзеге асуда. Атырау облысында арнайы экономикалық аймақ құрылмақшы. Осы аймақта шағын және орта бизнесті дамыту ойда бар. Жоғарыда аталған зауыт 1,2 миллион тонна мұнай-химия өнімдерін шығарады да, өнімнің бір бөлігін арнайы экономикалық аймақтағы жеке кәсіпорындарға сатады. Ал олар өз кезегінде оны одан әрі өңдеп, дүкен сөрелеріне дейін шығаратын дайын тауар дайындайды. Бұл – мұнай-химия саласын дамытудың басты тұжырымдамасы. Екіншіден, Атырау мұнай өңдеу зауытын одан әрі кеңейтіп, бензол шығару көзделіп отыр. Зауыт былтыр жыл бойы жаңартылды. Бензолды одан әрі өңдеп, одан стирол мен полистирол алады. Өнімнің бұл түрлері үлкен сұранысқа ие. Ақтаудағы ескі зауыттардың бірі жаңартылып, қазірдің өзінде полистирол шығаруда.
Аромат қосындыларын шығару жобасы қаралып жатыр. Одан бөлек тағы да бірнеше зауыт салу жоспарлануда. Оның ішінде битум шығаратын зауытты айта кеткен жөн. Көлік және коммуникация министрлігіндегі әріптестеріміз жол құрылысы бағдарламасын жүзеге асырып жатыр. Әлемдік сапаға сай жол салу үшін битумның да сапасы жоғары болуы тиіс. Еліміз барлық жол инфрақұрылымын жаңартуды қолға алып отыр. Себебі, біз Еуразия құрлығының ортасында орналасқанбыз. Жүк және жолаушы тасымалы үшін өте қолайлы географиялық жағдайымыз бар. Еуропа мен Азия ортасындағы транзиттік әлеуетіміз жоғары. Бұдан басқа да жобалары бар. Оларға әзірге техникалық зерттеулер жүргізілуде.
Дүниежүзілік сапаға сай алты-сегіз қондырғы орнатылмақшы. Бір зауытта бірнеше қондырғы болуы мүмкін. Газ-химия кешенінің өзінде үш қондырғы болады. Газды полипропилен мен полиэтилен шығаруға дейін жеткізетін бір қондырғы болса, әлгі екі түрлі өнімді шығаруға тағы да бір-бір қондырғы болады. Әр зауытта екі-үш қондырғыдан алты-жеті, тіпті сегіз қондырғыға дейін болуы мүмкін. Осындай бірқатар зауыттар салынбақ.
Мұнай-химия саласындағы бастамалар мұнай-газ дамуын, сөзсіз, жаңа сатыға көтереді. Сіз меңзеп отырған дайын бұйымның көпшілігін өзімізде шығарсақ деген талпыныс зор. Атап айтсақ, 2005 жылдың сәуірінен бастап “Интеркомтаир” АҚ доңғалақ камераларын және түрлі резеңке бұйымдар шығара бастады. “Сараньрезинотехника” және “Қарағандырезинотехника” компаниялары резеңке бұйымдарын шығаруға машықтанған. Ақтаудағы бұрынғы пластмасса зауыты, қазіргі “Sat Operatіng Aktau” ЖШС полистирол өндіріп жатыр. Ендігі біздің мақсатымыз осы компанияларға өңделген шикізат жеткізу.



Ұқсас жұмыстар

Мұнайгаз саласындағы басқару негізіндегі теориялық аспектілер
Маңғыстау мұнай-газ кешенінің даму кезеңдері.Қазақстан мұнай-газ кешенінің келешектегі болжамы
Мұнай газ өндіруші өнеркәсіп және оның Қазақстан Республикасының әлеуметтік экономикалық дамуындағы ролі
Дағдарыс жағдайында мұнай өнімдері нарығының жағдайы мен даму болашағын талдау
Мұнай жобаларын маркетингілік талдау
Қазақстан Республикасының мұнай-газ бизнесіндегі мұнай нарығының жағдайын талдау
Қазақстан Республикасының мұнайгаз өнеркәсібі
Мұнай-газ, химия өнеркәсібі.Қазақстан мұнайын игерудегі экспорттау бағыттары.Қазақстандағы мұнай-газ ісімен айналысатын шетел компанияларының қызметтері
Батыс Қазақстан экономикалық ауданындағы мұнай өнеркәсібі
Нарықты сегменттеу жайлы
Қазақстандағы саяси PR технологияларының сайлау кампанияларындағы қолдану
Қазақстандағы 1867—1868 жылдардағы реформа
Қазақстандағы банктік жүйенің даму кезеңдері туралы
Инфрақұрылым кешенінің құрамы
Қазақстандағы және шет мемлекеттеріндегі кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың ерекшеліктері
Қазақстандағы қайырымдылық қорлардың ерекшеліктері
Қазақстандағы балалар үйі мен интернаттардағы қайырымдылық шаралары
Қазіргі кездегі қазақстандағы білім беру жүйесіндегі проблемалар
Қазақстандағы сүтқоректілер класы
Жасушаның химиялық құрыдысы туралы