Денсаулық және жеке бас тазалығы.

Денсаулық және жеке бас тазалығы.

Гигиенаның жекелеген мәселесі әр түрлі континенттерде өте ерте кездердің өзінде белгілі болса да, оның өз алдында бөлек ғылыми пән болып дамығанына 150 жылдай ғана уақыт өтті деп есептелінеді. Гигиена ежелгі Грецияда жастардың денешынықтыру тәрбиесі мемлекеттік сипатқа ие болған, сондықтан «гигиена» сөзі грек тілінен алынған. Guidelines - емдеу, денсаулық әкеледі деген мағына береді, прфилактика деген ұғым.
Гигиенаның пән ретінде дамуына м.ғ.д., профессор Альфред Владиславович Мольков ерекше үлес қосты. Ол әуелі земство дәрігері, сонан кейін санитарлық дәрігер, ал 1923 жылдан бастап әлеуметтік гигиена институтының директоры қызметін атқарып, халықтың денсаулығына санитарлық жағдайлардың әсер ету мүмкіндігіне ерекше көңіл бөлді. А.В. Мольков дайындаған дәрістер мектеп гигиенасының ең алғашқы оқу құралы болды.
Гигиена - аурулардың алдын алуға және денсаулық сақтауды қорғайды. Денсаулыққа зиян келтіретін азық- түрлерін жойып жіберуге гигиенистер ат салысты. Денсаулыққа зиян келтіретін факторлардың болмауын гигиена ғылымы қатаң бақылау жасап отырды. Адамдардың айналасын қоршаған сыртқы ортаның факторларын негізге ала отырып, гигиенистер адамзат баласының тіршілігі мен еңбегіне ыңғайлы жағдайлар жасауға адамзат баласынын арулардан айықтыруға, дерттер мен өлік көрсеткіштерін төмендетуге тіршілік өмірді ұзартуға, еңбекке деген қабілетін көтеруге және т.б. биологиялық жағдайларды жақсартуға бағытталған ғылым.
Сонымен гигиена ғылымының негізгі көздеген мақсаты – адамдардың айналасын қоршаған сыртқы орта факторларын сауықтыру арқылы бірінші денсаулық сақтаудың профилактикасын өткізу. Бір сөзбен айтқанда адамзат баласына залал келтіретін факторлардан адамзат баласын қорғау. Жалпы гигиена, еңбек гигиенасы, оқушы жастар гигиенасы, тағам гигиенасы, әйелдер гигиенсы болып бірнеше топқа бөлінеді. Соның ішінде балалар мен жасөспірімділер гигиенасына тоқталамыз.
Балалар мен жасөспірімділер гигиенасы пән және денсаулық сақтау жүйесірің іс – тәжірибелік саласы ретінде өсіп келе жатқан ұрпақтардың денсаулығын сақтап, нығайтуға бағытталған профилактикалық шараларды өңдеп, негіздеуге арналған ғылым.
Бұл пән өсіп келе жатқан организмге қоршаған ортаның әр түрлі факторларының әсер етуін зерттеумен және болашақта осы факторлардың организмге әсерін болжаумен айналысады. Сонымен қатар ғылыми мәліметтер негізінде гигиеналық, санитарлық – гигиеналық індетке қарсы ережелер мен нормаларды өңдеп, аурушандықты азайтуға, организмнің қызмет қабілетін жоғарлатуға, балалар мен жасөспірімділердің қалыпты дамуына бағытталған болатын және салауаттандыру шараларын қарастырады Жұқпалы ауруларды таратпай, алдын алу мақсаттарымен қаптап кететін жұқпалы дерттерге қарсы медициналық әдістер мен шараларды кең көлемде қолданылады. Алдынғы қатардағы шараларды іс жүзіне асырып эпидемияға қарсы күресті үдете түседі. Ауа райының өзгешілігін, микроклиматтың біркелкі еместігін, судағы ауру тарататын микробтардың санын анықтап, қала ішіндегі түтіннің құрамын анықтап, олармен биологиялық және химиялық күрес жүргізудің жолдарын белгілеп береді.
Қай саладағы дәрігерлер қызметінде болмасын профилактикалық іс - әрекет жасап, көзге көріне түсті. Адамзат баласының денсаулығы бірімен - бірі байланысты табиғи және әлеуметтік – экономикалық, саяси факторлардың әсерлерімен қалыптасады. Биосфералық факторларға жататыңдар: атмосферадағы ауа, су, жер, әлеуметтік факторларға ембек және оқу жағдайлары, тамақ, киім кешек, төсек-орын жағдайы және тағы басқа жатады. Бұл факторлар адамдардың салауатты өмір сүру салтың қалыптастырады. Бұл факторлар қолайсыз болғанда зиянды дағдылар дамып кетеді. Арақ-шарап ішу, темекі шегу, наркотикалық заттармен әурелену, токсикоманиямен айналысу ерекше етек алады.



Ұқсас жұмыстар

Денсаулық және жеке бас тазалығы
Денсаулық және жеке бас тазалығы туралы
МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНІҢ КӘСІПТІК ҚЫЗМЕТІН ОРЫНДАМАУЫНА БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫН АЖЫРАТУДЫҢ КЕЛЕЛІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жүйке жүйеге және денсаулыққа зиян келтіретін факторлары
Оқушылардың денсаулық пен салауатты өмір салтына құндылық қатынасын қалыптастырудағы сынып жетекшісінің іс-әрекеті
Гигиена туралы жалпы ұғым
Салауатты өмір сүру сапасы
СТУДЕНТТЕР ГИГИЕНАСЫ
Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары
Қонақ үй қызметтері
Аурудың тұрақтылығы және даму себебі
Коммерциялық ақпарат пен коммерциялық кұпия мәні және оны қорғау
Жазаның жүйелерінің және түрлерінің жалпы сипаттамасы
Аудиттің мәні және оның нарықтық экономика жағдайындағы ролі
Адамдар арасындағы қарым-қатынас және іс-әрекет психологиясы
Жиынтық сұраныс және жиынтық ұсыныс,бұлардың кейнстік үлгісі
Агробизнес және агроөнеркәсіп интеграциясының арасындағы байланыс
Ақшаның маңызы, қызметтері және оның ерекшеліктері
Басқару процесiнiң мазмұны