Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар

Диссертация туралы мәлімет

Ұйым

Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университеті

ӘОЖ

619:576.89; 636

Қолжазба құқығында

Ахметжанов Оралғазы Нұранбасұлы

Тақырып

Қазақстанның шығысындағы көгершіндердің паразитоздары және оларға қарсы шаралар

Мамандығы

03.00.19 — паразитология

Дәрежесі

Мал дәрігерлік ғылымдарының кандидаты

Қала, жыл

Алматы, Қазақстан Республикасы — 2006

Ғылыми жетекші

Биология ғылымдарының докторы, профессор Жұмағали Мұрсалиұлы Исимбеков

Мазмұны

Төменде жұмыстың құрылымы негізгі бөлімдер мен тармақтар бойынша берілген.

Алғашқы бөлімдер

  • Мөлшерлік сілтемелер3
  • Анықтамалар4
  • Белгілеулер мен қысқартулар6
  • Кіріспе7

1. Әдебиетке шолу

  • 1.1 Көгершінтектес құстардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктері11
  • 1.2 Көгершін паразиттерінің түрлік құрамы12
  • 1.2.1 Гельминттері12
  • 1.2.2 Эймериялары19
  • 1.2.3 Кенелері20
  • 1.2.4 Қауырсын-мамық жегіштері21

2. Өзіндік зерттеулер

  • 2.1 Зерттеудің негізгі бағыты23
  • 2.2 Зерттеу материалдары мен әдістері23
  • 2.3 Зерттеу нәтижелері25
  • 2.3.1 Қазақстанның шығыс аймағы ауа райының ерекшеліктері25
  • 2.3.2 Қазақстанның шығысындағы жабайы және үй көгершіндері26
  • 2.3.3 Көгершіндерден анықталған паразиттердің түрлері28
  • 2.3.4 Көгершіндердің таспа құрттары және олардың таралуы30
  • 2.3.5 Көгершін аскаридиозы31
  • 2.3.6 Көгершін капилляриозы41
  • 2.3.7 Көгершін эймериозы48
  • 2.3.8 Көгершіндердің сыртқы паразиті — Dermanyssus gallinae кенесі55
  • 2.3.9 Көгершін маллофагозы60

2.4 Тиімді дәрілерді іріктеу және сынау

  • 2.4.1 Аскаридиоз және капилляриозға қарсы 0,2% универмді сынау67
  • 2.4.2 Эймериозға қарсы коккимедті сынау69
  • 2.4.3 Маллофагозға қарсы 5% каратэні сынау71
  • 2.4.4 Маллофагозға қарсы 10% фьюриді сынау73
  • 2.4.5 Dermanyssus gallinae кенесіне қарсы 5% каратэні сынау75
  • 2.4.6 Dermanyssus gallinae кенесіне қарсы 10% фьюриді сынау77
  • 2.5 Зерттеу нәтижелерін талдау және бағалау78
  • 2.6 Көгершін паразитоздарына қарсы шаралар және олардың тиімділігі82
  • Қорытынды86
  • Тәжірибелік ұсыныстар88
  • Пайдаланылған әдебиеттер тізімі89
  • Қосымшалар (А, Ә, Б)97–113

Оқу логикасы

Жұмыс көгершін паразиттерінің түрлік құрамын сипаттаудан басталып, кейін Қазақстанның шығыс аймағындағы табиғи-географиялық жағдайларды ескере отырып, індеттену көрсеткіштерін, негізгі қоздырғыштарды және оларға қарсы қолданылған препараттардың тиімділігін бағалауға өтеді.

Ерекше назар

Гельминтоздар, эймериоз, кенелер және маллофагоз.

Қолданбалы нәтиже

Тиімді дәрілерді сынау және алдын алу шараларын ұсыну.

Мөлшерлік сілтемелер

Диссертацияда зертханалық және далалық жұмыстарда қолданылатын құрал-жабдықтар мен реактивтерге қатысты стандарттар көрсетілген.

Стандарттар тізімі

  • МЕМСТ 3-150-64 Бинокулярлы үлкейткіш әйнек
  • МЕМСТ 4.318-85 Петри тостағаншасы
  • МЕМСТ 5-1472-72 Ертінді бүріккіш АО-2
  • ТЖ 5.375-4260-76 Центрифуга ОПН-3
  • ТЖ 6-09-3829-77 Ксилол
  • МЕМСТ 44.51-86 Биологиялық стереоскопиялық микроскоп МБС-1
  • МЕМСТ 44-52-86 Биологиялық микроскоп «Биолам» Р6
  • ТЖ 64-1-860-76 Ертінді бүріккіш ДЗ-9
  • ТЖ 64-1-1382-72 Электр термостаты ТС-80
  • ТЖ 75-6963-79 Фотоаппарат «Зоркий-К4»
  • ТН 232/23.10.1996 10% «Фьюри»
  • МЕМСТ 359-54 Зертханалық таразы ВР-5
  • МЕМСТ 1629-89 Жоғарғы сортты техникалық формалин
  • МЕМСТ 20292-74 Сыйымдылығы 100, 200, 1000 мл шыны сауыттар (колбалар)
  • МЕМСТ 20292-74Е Зертханалық шыны ыдыстар: бюреткалар, пипеткалар
  • МЕМСТ 2290-76 Бальзам
  • МЕМСТ 5962-67 Ректификат этил спирті
  • МЕМСТ 7865-56 Бұрандалы микрометр МОВ-1
  • ТН 788321 5% «Каратэ»
  • ТЖ 9337-004-1726133-00 0,2% «Универм»
  • МЕМСТ 21241-77 Пинцеттер (қысқыштар)
  • МЕМСТ 23519-93 Таза фенол (карбол қышқылы)
  • МЕМСТ 423377 Хлорлы натрий (ас тұзы)
  • МЕМСТ 760105 Микрофотосуретке түсіретін қондырма

Анықтамалар

Мәтінде қолданылатын негізгі терминдер қысқа әрі бірізді түсіндірмелерімен берілді.

Паразитология және індеттену көрсеткіштері

Паразит
Белгілі бір организмнің сыртқы денесінде немесе ішкі ағзаларында тұрақты не уақытша тіршілік етіп, иесінің ұлпасымен, сөлімен немесе асқазан жынымен қоректенетін организм.
Паразитоздар
Паразиттер туындататын инвазиялық аурулар.
Паразитоценоз
Иесінің организмінде мекендейтін және өзара тұрақты байланыста болатын, иеге кешенді әсер ететін инвазиялық, бактериалдық, саңырауқұлақ немесе вирустық агенттердің жиынтығы.
Инвазия экстенсивтілігі
Паразиттермен залалданған жануарлар мен құстардың пайыздық көрсеткіші.
Инвазия интенсивтілігі
Ие ағзасындағы паразит санының көрсеткіші (мысалы, микроскоптың бір көру алаңындағы гельминт жұмыртқалары немесе ооцисталар саны).
Интенсиімділік
Дәрі әсерінен организмнен сыртқа шығарылған паразиттердің пайыздық көрсеткіші.

Гельминттер, кенелер және даму сатылары

Гельминт
Организмде тоғышарлық тіршілік ететін, әртүрлі даму сатысындағы паразит құрт.
Биогельминт
Дамуы аралық иенің қатысуымен жүретін гельминт.
Геогельминт
Дамуы үшін аралық иені қажет етпейтін; жұмыртқасы немесе балаңқұрты сыртқы ортада (топырақта, қида, суда және т.б.) дамитын гельминт.
Имаго
Кенелер мен жәндіктердің жыныстық жетілген даму сатысы.
Нимфа
Кенелердің балаңқұрттан кейінгі өсіп-даму сатысы.
Балаңқұрт (личинка)
Метаморфоз арқылы (сыртқы түрі мен құрылысы өзгеріп) өсіп-дамитын постэмбрионалдық даму сатысы.

Диагностика және кезеңдер

Гельминтоовоскопия
Гельминтозға диагноз қою мақсатында гельминт жұмыртқаларын нәжістен, несептен, тік ішек қатпарынан, қаннан немесе қарын жыннан анықтау әдістері.
Патентті кезең
Қоздырғыш паразиттің өз ұрығын (жұмыртқа, балаңқұрт, ооциста) сыртқы ортаға бөліп шығаратын кезең.
Препатентті кезең
Паразит негізгі иесінің организміне енген сәттен бастап, оның ұрығы сыртқы ортаға шыққанға дейінгі уақыт аралығы.
Өлтіретін доза
Малды немесе құсты өлімге ұшырататын микроорганизмдер не патогенді заттар мөлшері.
Биометрия
Биологиялық жиынтықтағы сандық арақатынастарды зерттеуде қолданылатын математикалық статистика тәсілдері.

Морфология және арнайы атаулар

Кутикула
Жұмыр құрттар мен буынаяқтылар денесінің сыртқы қаңқасы; қорғаныш қызметін атқарады.
Сколекс
Таспа құрттың қадалуға бейімделген бас бөлігі (тұмсығы, тікенегі, емізікшелері).
Спикула
Жұмыр құрттардың еркегіндегі шағылысу (жыныс) мүшесі.
Рулек
Спикуланы бағыттаушы қызмет атқаратын мүше.
Бульбус
Кейбір жұмыр құрттардың өңешіндегі кеңейген бөлік.
Бұлтық (бурса)
Еркек жұмыр құрттардың құйрық жағындағы өсінді, тарамыс қынабы.
Бәтек (вульва)
Гельминт ұрғашыларының сыртқы жыныс мүшесі.

Эймериялар және буынаяқтыларға қатысты терминдер

Ооциста

Спора түзетін қарапайымдылардың ұрықтанған жұмыртқа жасушасы; тығыз қабықпен қапталып, сыртқы ортаға бөлінетін даму сатысы.

Микропиле

Ооциста қабығының бір жағындағы тесік.

Спорозоит

Спороциста ішінде екіге немесе төртке бөліну нәтижесінде пайда болатын қарапайымдылардың ақырғы даму сатысы.

Пальпа

Кенелердің қармалауыш мүшесі.

Перитрема

Кенелер мен жәндіктердің тыныс алу тесіктерін қоршап тұратын, пішіні әртүрлі хитинді пластинкалар.

Скутум / Стигма

Скутум — кенелер денесіндегі хитинделген қалқан; стигма — буынаяқтылардың тыныс алу тесігі.

Пайдаланылатын препараттар санаттары

Акарацид

Кенелерді жоюға арналған химиялық зат.

Инсектицид

Зиянды жәндіктерді құртуға қолданылатын препарат.

Гематофаг

Иесінің қанымен қоректенетін паразит.

Экологиялық және эпидемиологиялық ұғымдар

Синантропты құстар
Адам мен жануар қора-жайларын мекендеп, көбіне сол маңда азықтанатын құстар.
Спонтанды инвазия
Табиғи жағдайда инвазиялық ауруға шалдығу.
Ассоциативтік инвазия
Паразитоценоздан туындайтын инвазиялық аурулардың бірлестігі.