Елім менің - еңселі
Кіріспе сөз
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгін 8 «А» сыныбында «Елім менің — еңселі» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз.
Негізгі ой «Отан — оттан да ыстық», — дейді халқымыз. Егер Отан бөтенге бодан болса, оның оты перзентінің өзегін өртейді; ал ешкімге тәуелсіз болса, мақтаныш алауын маздатады.
Кіріспе сөзден кейін Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.
Менің Отаным — Қазақстан
1-жүргізуші
Менің туған өлкем — кең байтақ Қазақстан. Оның асқар таулары мен айдын көлдері, жайқалған орманы мен жасыл жайлауы — менің ақ бесігім. Сондықтан да мен оны ардақтаймын, шексіз сүйемін. Әрқашан аялап, қорғап жүремін.
2-жүргізуші
Отаным — алтын бесігім,
Тербеттің мені төсіңде.
Жүреді сенің есімің
Ер жеткен есімде.
1-жүргізуші
Отан — тарих, Отан — тіл,
Жасаған елім — өз халқың.
Отан — өлең, Отан — жыр,
Көтерген көкке ел даңқын.
2-жүргізуші
Жалаңның жартысындай Қазақ елі,
Алғандай көздің жауын сұлу жері.
Ақ пейіл, дарқан халқымыз бар —
Болғандай бірі батыр, бірі сері.
Тәуелсіздікке бастар жол
Әз бабам азаттықты аңсап өткен,
Ел үшін талай саңлақ шахид кеткен.
Солардың құдіретті ой-арманы
Таң болып тәуелсіздік бізге жеткен.
Қазақ халқы өз тарихындағы талай қиын, азапты белестерден өте отырып, түнерген түнді жарып, шығыстан жарқырап атқан таңдай болып, тәуелсіздіктің дәмін тата алды.
Желтоқсан жұлдыздары
2-жүргізуші Тәуелсіздік таңына жеткізген Желтоқсан жұлдыздарына тоқталайық.
Мұғалім сөзі
1986 жылғы 16 желтоқсанда қазақ жастары азаттық көктемі үшін, солақай саясатқа қарсы алғаш рет бас көтерді. Сол күндері құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерлігі — ұмытылмайтын тағылым. Бұл оқиғаны ешбір қазақ азаматы естен шығармауға тиіс.
Сұрақ-жауап (сыныппен жұмыс)
Мұғалім:
1986 жылы 16 желтоқсанда жастар мен студенттер не үшін алаңға жиналды?
Оқушылар:
Үкімет басына Колбиннің келуіне наразылық білдіру үшін.
Мұғалім:
Неге қарсы шықты?
- Қазақстанда қазақ мектептері мен балабақшалары азая бастады.
- Қазақ жастары ана тілін ұмыта бастады.
Мұғалім:
Тәуелсіздік дегенді қалай түсінесің?
Тәуелсіздік — өз алдына дербес, еркін мемлекет болу; ешкімге тәуелді болмай, ішкі-сыртқы мәселелерді өзі шеше алу.
Мұғалім:
Сонымен, тәуелсіздік алдық па?
Оқушылар: Иә, қазір тәуелсіз мемлекетпіз.
Мұғалім:
Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ләззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова туралы не білесіңдер?
Бүгін осы азаматтарды еске алып, олардың не үшін алаңға шыққанын көпшілік алдында атап өту — парыз.
Оқушылардың өлең жолдары
1-оқушы
Желтоқсан айы, естісің,
Дауыл боп бұрқан ескенсің.
Азаттық күні қашаннан
Көкейінен елдің тескенсің.
2-оқушы
Шектеліп ана тіліміз,
Оқылмай өлең-жырымыз.
Жабылып жатса мектептер,
Жадырап қалар күніміз?
3-оқушы
Тарылып жатса даламыз,
Қайтіп біз тыныс аламыз?
Хақымыз да жоқ айтуға,
Әділет қайдан табамыз?
4-оқушы
Бұрқ етті қазақ даласы,
Кеудеде өртеп наласы.
Алаңға қарай ағылды,
Таусылып барлық шарасы.
5-оқушы
Жібердік еркін ат басын,
Қиянат жанға батпасын.
Тоқырау таңын күйреттік,
Деп: «Теңдік күні батпасын!»
Мұғалім сөзі
Бүгінгі таңда Қазақстан — тәуелсіз мемлекет. Өз жалауымыз, елтаңбамыз, әнұранымыз бар. Егемен Қазақстан — ортақ мақтанышымыз.
6-оқушы
Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!
Батырлар дүрілдеп өткен жер.
Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер.
Сарылып сал-сері кеткен жер.
Бас иіп, иіскеп топырағын,
Тағзым жасамай өтпеңдер!
Шүкіршілік етемін қашанда,
Осы бір Отанда тұрғанға.
Тәуелсіздік шежіресі
Күн
1991 ж. 16 желтоқсан
Күн
1991 ж. 21 желтоқсан
Күн
1992 ж. 28 қаңтар
Күн
1993 ж. 4 маусым
Ел рәміздері — ортақ құндылық
Ту
Бәрі болған қазақ сынды көшпелі елде — елдігі де, ерлігі де, өнері де бар. «Ту болмады» деуге кім сенеді?
Ту авторы: Шәкен Оңдасбекұлы Ниязбеков.
Әнұран
Батырлыққа уызынан жарыған, ер төркіні байрағынан танылған, өзі ақын, өзі әнші халықта «Әнұран болмаған» деп кім айтар?
Елтаңба
Бас білгізіп, жер танытқан елдің қалайша елтаңбасы болмайды? Түлігіне дейін ен-таңба салған халықтың таңбасы — тарих.
Елтаңба авторы: Шота-Аман Ыдырысұлы Уәлиханов.
Азаматтық міндет
Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген әрбір адам Қазақстан Республикасының Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қастерлеуге міндетті.
Туымен — тұғырлы, Елтаңбасымен — еңселі, Әнұранымен — айбатты Отанымыздың арқа сүйер азаматы болайық!
Төле бидің өсиеттері
Тоғыз жасар Жетес тоқсандағы Төле биге сәлем бере барыпты. Сонда Төле би: «Бата — басқа, қына — тасқа, ақыл — жасқа. Не қалайсың, балам?» — деп сұрапты.
Сонда Жетес бала: «Ат берсеңіз өліп қалады, тон берсеңіз тозып қалады. Ат пен тонға бергісіз, өлмейтін, өшпейтін, өмірі естен кетпейтін бір өсиет айтыңыз — соған ризамын» — депті.
Өсиет
Бір үйдің баласы болма, көп үйдің санасы бол!
Бір елдің атасы болма, бар елдің данасы бол!
Бір тонның жағасы болма, көп қолдың саласы бол!
Ақты ақ деп бағала, қараны қара деп қарала.
Өзегің талса, өзен бойын жағала; басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.
Өзіңе-өзің кәміл бол, халқыңа әділ бол.
Жауыңа қатал бол, досыңа адал бол!