Сейди Али Рейс зерттеулерінде Орта Азия
Сейди Али Рейс зерттеулерінде Орта Азия
Кіріспе
І тарау. ХҮІ ғасырдағы Осман империясы
1.1. І Сәлим сұлтанның шығыс жорығы мен нәтижесі
1.2. Португалия корольдігінің Үнді теңізі сауда жолын алуы.
1.3. Сұлтан Сүлейманның теңіз саясаты.
ІІ тарау. Сейди Али Рейс –тарихи тұлға ретінде
ІІ. 1. Өмірбаяны
ІІ. 2. Еңбектері
ІІІ тарау. Сейди Али Рейстің жорығы.
ІІІ. 1. Қызыл теңіз бен Парсы шығанағындағы шайқастары
ІІІ. 2. Үнді жағалауында
ІІІ. 3. Орта Азияға саяхат
ІІІ. 4. Отанға оралу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер мен сілтемелер тізімі.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Орта ғасырлық деректер ретінде батыс Европа елдері мен араб саяхатшылары еңбектері аса құнды болып саналады. Сонымен қатар аз да болса түркі тектес халықтардан шыққан: Бабыр хан, Қайырғали би секілді тарихи тұлғалардың еңбектерінен пайдаланамыз. Кеңестік дәуірде тек орталықтың дайындаған немесе рұқсат берген еңбектерінен ғана пайдалана алған зерттеушілер (бүкіләлем тарихын Қазақстандық зерттеушілер тек аударумен ғана шектелді десек қателеспеспіз) бір жақты тұжырымдармен кенже қалды. Қазақстанның тәуелсіздікті алуымен бүкіләлем тарихын зерттеу, әсіресе шет ел деректеріндегі Қазақ хандықтары туралы мағлұмат жинақтау қолға алынуда. Осындай деректің бірі ХҮІ ғасырда Осман империясының атақты теңізшісі Сейди Али Рейстің алғашында әскери жорық болып басталған, кейін еліне оралу саяхатына айналған төрт жылға созылған қызықты да тартымды саяхаты ықшамдалған түрде қазақша алғаш рет аударылуда. Бұл саяхатқа себеп болған оқиғаға тоқталар болсақ орта ғасырлардағы күш деңгейлерін толығымен өзгерткен ашылымдардан бастаған жөн.
ХҮ ғасырдың соңында басталған Ұлы Географиялық ашылымдармен Батыс елдері жаңа жерлерді отарлау арқылы қарқынды түрде даму жолына кірді. Шығыс пен батыс арасындағы құрлық саудасының мұхиттарға ауысуымен азия халықтары арасында құлдырау процесі басталды. Осы кезеңдегі аса ірі мұсылман империясы Османдар өз шама шарқына қарай Жерорта теңізіндегі сауда жолын қайта жандандырға барынша атсалысты. Сонымен қатар Парсы шығанағы мен Қызыл теңіз аумағындағы ірі сауда порттарын португал теңізшілерінің аяусызша басып алып, Үнді мұхитын толығымен “жекешелендіру” саясатына қарсы әскери жорықтар жұргізуге тырысты. Бұл әскери жорықтар Осман империясының ең күшті билеушісі сұлтан Сүлейман (Европалықтар оны керемет Сүлейман деген) кезеңінде орын алған.
Осман империясының шығыс саясатына қатысты Қызыл теңіздегі және Парсы шығанағындағы (Басрада орналасқан) әскери флоттары Португалдықтардың Үнді мұхитындағы іс әрекеттері нәтижесінде тоығымен тоқырауға ұшырады. Империяның шығыстағы аса зор дұшпаны Иранға қарсы күресте маңызды роль ойнаумен қатар Үндістанмен жүргізіліп отырған сауда жолын қорғауға міндетті флоттардың бұл дәрменсіздігіне қарсы, сұлтан Сүлейман, Жерорта теңізіндегі теңіз шайқастарында аса көзге түскен адмиралдарын шығысқа жолдап отырды. Бұл адмиралдар бірінен соң бірі португалдықтардан жеңіліске ұшырауына байланысты сұлтан тарапынан түрлі жазаларға ұшырады.
1552 жылы Қызыл теңіз флотының қолбасшылығына тағайындалған, Сейди Али Рейске, сұлтан Парсы шығанағында қоршауда қалған флотты құтқарып, екі теңіздің кемелерін бірлестіруге бұйрық берді. Сейди Али Рейс өзіне берілген Қызыл теңіз флотымен Парсы шығанағына кіріп, португал теңізшілерімен екі рет жолығып шайқасты. Үнді мұхитына шыққан түріктер осы жерде ірі теңіз дауылына ұшырап, барлық кемелерінен айрылды. Сейди Али Рейс аман қалған теңізшілерімен жаяу жалпылап, Үндістаннан Кіші Азия түбегіне қарай бет алды. Бүгінгі таңдағы Пакистан, Ауғанстан, Тажикстан жерлерінен басып өтіп, өзбектердің территориясына кіреді. Мақсаты дұшпан болған Иранға соқпастан Каспий теңізінің солтүстігі арқылы Кавказдарға, бұл жерден Қырым түбегі арқылы Стамбулға жетуді көздейді. Бірақ Мауранахрдан жоғары өрлегенде, өзбектердің “солтүстікте жабайы қазақ тайпалары тұрады, діннен хабарлары жоқ, ары бері өткен керуендерді аяусыз тонап, адамдарын қырып салады” деген дақпыртына сенген Сейди Али Рейс жолынан күрт ауытқып, Иран территориясы арқылы Кіші Азия территориясына кіреді.
Сұлтанмен кездесіп болғаннан соң, жаңа қызмет алып, өзінің басынан өткен уақиғаларын бастан аяқ қағазға түсіреді. Теңізші болумен қатар жақсы ақындық өнері де бар Сейди Али Рейстің “Мират-үл мемалик” (Өлкелердің айнасы) атты еңбегі дүниеге келеді. Тақырыптың өзектілігі бұл еңбек қазақшаға аударылмағанмен қатар зерттелмеген тың.
Зерттеу жұмысының хронологиялық төменгі шегі Ұлы географиялық ашылымдардан яғни ХҮ ғасырдың соңғы ширегінде сауда жолдары үшін күреске, Солтүстік Африка, Араб түбегін осман түріктерінің жаулап алуымен (ХҮІ ғ. басы), оқиғалар тізбегі бастау алады. Осман сұлтандары арасында ерекше орын алатын Сүлейманның ішкі және сыртқы саясаттарына, яғни кезеңіне 1520-1566 жылдар аралығына тоқтала отырып, сол кезеңдегі Үндістан, Йемен, Иран, Орта Азия хандықтары жайлы мағлұматтар береміз.
Зерттеу жұмысының хронологиялық төменгі шегі Сейди Али Рейстің өлімімен ғана шектеліп қоймай, сонымен қатар жорықтың не себепті нәтижеленбегендігіне де тоқталамыз. Сондықтан да ХҮІІ ғасырға дейінгі аралықты
Тақырыптың негізгі мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың мақсаты Сейди Али Рейстің Үнді жорығына шығу себептері мен барысын, нәтижелерін аша отырып, сол кезеңдегі Үндістан халықтарынан бастап, Дешті Қыпшаққа дейінгі аймақта мекендеген хандықтар мен сол кезеңдегі саяси жағдай мен түрлі оқиғаларды ашып көрсету. Зерттеу жұмысымыздың осы мақсаты-төмендегі көрсетілген мынандай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Сейди Али Рейстің әлеуметтік шығу тегінің, оның тәрбиесі мен алған білімінің болашақтағы атақты саяхатшы мен теңізшінің дүниетанымына әсер еткен өмір кезеңдеріне тоқтала отырып, жеке тұлға ретінде қарастыру;
- Үнді сауда теңіз жолына деген күреспен, әлемге әсерін аша отырып, сол кезеңдегі халықаралық қатынастарға тоқталу;
-Сол кезеңдегі Үнді түбегін мекендеген халықтар мен мемлекеттердің саяси, экономикалық және этникалық жағдайларын Сейди Али Рейс еңбектерімен ашып көрсету;
-Сейди Али Рейстің еңбектері мен ғылыми жаңалығына тоқталу;
-Сол кезеңдегі географиялық жаңалықтардың деңгейіне тоқтала отырып, Сейди Али Рейстің үлесін ашу;
-Сейди Али Рейстің “Мират-үл мемалик” еңбегіне талдау жасау;
Зерттеудің деректік қорын мынадай құжаттар мен деректік қорлар құрайды:
1) Seydi Аli Reis, mir′at-ul memalik, “Ulkelerin Aynasi” автордың бұл еңбегінің қолжазбасы Топкапы сарай кітапханасында Реван көшкі бөлімінде N1470 істе сақтаулы. Алғаш рет ХІХ ғасырда ағартушы Ахмет Жевдет тарапынан хижри 1313 жылы басылған бұл кітапты, күніміздегі түрікшеге (латын әріптерімен) Неждет Акиылдыз Керван кітапшылық баспасында 1955 жылы басылған.
2) Түрік тіліндегі зерттеулерді екіге бөліп қарастыруға болады. 1-сол кезеңді қамтитын тарихи зерттеулер орта ғасырлық сауда жолдары, Европа елдерімен Осман империясының қарым қатынастарын қамтиды. Бұл зерттеулердің қатарына Стамбул қаласында Чағ баспасынан шыққан 14 томдық Үлкен Ислам Тарихы (Buyuk Islam Tarihi) еңбегінің 10-11-12 томдары жатады. Сонымен қатар Стамбул қаласында Ислам Зерттеу Институты баспасынан шыққан 12 томдық Тарихта Түріктер (Tarihte Turkler) еңбегін айтуға болады. 2-Сейди Али Рейстің жеке басына қатысты зерттеулер. Бұл жерде энциклопедияларды айтуға болады. Атап айтқанда: Стамбулда 1992 жылы басылған Мейдан Лауроссенің (Meydan Larousse) 1 томын, сонымен қатар Стамбулда 1990 жылы басылған Үлкен сөздік және Энциклопедияның (Buyuk Lugat ve Ansiklopedi) 2 томындағы ‘’Сейди Али Рейс” тарауында баяндалған.
3) Орыс тіліндегі зертеулер-негізінде алғанда орта ғасырлар тарихына (шығыс, батыс) байланысты әдебиеттерді қолдандық. Атап айтар болсақ шығыс тарихына байланысты Васильевтің Москвада 2001 жылы жарық көрген екі томдық ”История Востока” атты зерттеулері мен 2000 жылы Москвада басылған Карповтың ”История Средних Веков” атты екі томдық шығарманың екінші томында ұлы географиялық ашылымдарға байланысты бөлімі мен Балқан түбегі халықтарының тарихы жайында жазылған бөлімде кездеседі.
4) Қазақ тіліндегі зерттеулерді кеңестік дәуір мен тәуелсіздіктен кейінгі зерттеулер деп екіге бөліп қарастыруға болады. Кеңестік дәуірде жазылған еңбектердің қатарына Алматыда 1976,1979 жылдары басылған Орта ғасырлар тарихы 1-2 томдықтары кіреді. Тәуелсіздік алғаннан бері шыққан зерттеулер қатарына 2001 жылы Алматыдан шыққан Тортаевтың Орта ғасырлар тарихы (Шығыс) зерттеуі мен түрлі газет пен журналдарда шыққан мақалалар қолданылды. Бір қуанарлық жайт Осман империясына байланысты зерттеулердің көптеп шыға бастауында болып тұр. Бірақ бұл мақалалар тек газет журналдармен шектелуде.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Кеңестік дәуірде Осман империясы жайында зерттеулер жоқтың қасы болатын. Бұған
Насролла Мубашшир ат-Таразидің өмірбаяны
Пири Рейс картасы
Осман империясы тұсындағы түрік халқының мәдениеті
Әуе саяхаттары мен жолаушы тасымалында әуе көліктерінің пайдалану тиімділігін зерттеп, зерделеу
Жолаушыларды әуе арқылы тасымалдау
Қазақстан туризмінің дамуындағы «Эйр Астана» компаниясының ролі
Әуе көлігінің халықаралық туризмдегі мәні
Әуетасымалдаудың тарихы және оның қазіргі туризмдегі ролі
Әбу Наср әл -Фараби туралы ақпарат
Халықаралық туризмдегі әуе көлігі
ЖАЛАЙЫР ҚОСЫМҰЛЫ ҚАДЫРҒАЛИ
ӘЛІБЕКҰЛЫ ТӨЛЕ БИ
Азия өзендеріне жалпы сипаттама
Азияның басты өзендерінің географиялық ерекшеліктері
Азия өзендерінің су мөлшері және су айналымы
УӘЛИҰЛЫ АБЫЛАЙХАН
ӘЛІБЕКҰЛЫ СЫПАТАЙ
ҚАЗАҚСТАН МЕН РЕСЕЙДІҢ ӘСКЕРИ ЫНТЫМАҚТАСТЫҒЫ
УӘЛИХАНОВ ШОҚАН ШЫҢҒЫСҰЛЫ туралы
Тынық мұхиттағы соғыс кезіндегі Оңтүстік Шығыс Азиядағы Жапонияның сыртқы саясаты