Бүкіләлем тарихы

Диплом жұмысы тақырыбының зерттелу деңгейі: Тақырып бойынша негізгі дерек көзі кеңес дипломатиясының 1922-33 жж. қызметін сипаттайтын ресми деректертер. Олардың арасында кеңес үкіметінің құрылуында шешуші роль ойнаған және үкіметтің сыртқы және ішкі саясатын белгілеп отырған В.И.Лениннің шығармалары маңызды орын алады. Атап өтетін болсақ : В.И. Ленин “О мирном сосуществовании социалистической и капиталистической систем”, “Доклад о международном положении и основных задачах Коммунистического Интернационала 19 июля (ІІ конгресс коммунистического интернационала 19 июля – 7 августа 1920 г. ) ”, “Письмо к английским рабочим”, “ Письмо к американским рабочим” және т.б. құжаттар.
Кеңес дипломатиясының қызметі туралы көптеген деректер “Документы внешней политики СССР” жинағында біріктіліген. Олардың арасында аса маңыздылары кеңестік Ресейдің алғаш дипломаттарының бірі болған “полпред” қызметін атқарған Г.В. Чичериннің үкіметке есеп және баяндамалары, шет елдермен жасалған келісімдердің мазмұны, сол кездегі кеңес және шетел баспасөзінде жарияланған мақалалардың үзінділері мен цитаталары және т.б. деректер.
“Хрестоматия по новейшей истории” еңбегінің ІІІ-ші тарауында кеңес одағының 1922-33 жж. сытрқы саясатын баяндайтын құжаттар толық басылып шыққан. Ол жерде қазіргі заман деректерінің көптеген түрлері орын алған : дипломатиялық, әкімшілік, мемуарлық, эпистолярлық деректер және публикациялар мен мерзімді баспасөз құжаттары. Атап өтетін болсақ “Вашингтонские соглашения”, “Пакт Бриана-Келлога”, “Локарнский договор”, “Конвенция об определении агрессии”, “Англо-советское торговое соглашение”, “Пакт о ненападении между СССР и Францией” және т.б. маңызды құжаттар.
Кеңес Одағының сыртқы саясаты тақырыбы өзекті мәселелердің бірі болғандықтан көп зерттелініп түрлі ой-пікірлер ортаға қойылған. Кеңес тарихнамасына тоқталатын болсақ ең алдымен тақырып бойынша монументальді еңбектерді атауымыз қажет. “История дипломатии” және “История внешней политики СССР” кеңес дипломатиясының қызметі және сол кездегі кеңес үкіметінің сыртқы саясатын толық баяндайтын маңызды еңбектер. Бұл зерттеулерде көптеген дерек көздері қолданылып тақырып өте жақсы ашылған. Бірақ жасалған тұжырымдамалардың бәрінде идеологияның үлкен әсерін байқауға болады. Шетел дипломатиясына қатты сын айтылып Кеңес елінің тек қана бейбіт жолды қолданып мақсаттарына жетуді көздеген деп айтылады. Кеңес одағының сыртқы саясаты толық ақталып шығыс елдердегі азаттық қозғалысқа үлкен үлес қосқандығына көп тоқталады. Кеңес одағының жеке елдермен байланыстары да аз зерттелмеген. Атап өтетін болсақ Ф.Д. Волковтың “Англо-советские отношения . 1924-1929 гг” еңбегі , А.Н. Красильниковтың “ Политика Англии в отношении СССР 1929-1930 гг.” кітабі. Сонымен қатар шет елдерінің сыртқы саясатына сипаттама беретін зерттеулер саны да аз емес: З.С. Белоусова “Французская дипломатия накануне Мюнхена”, Иноземцев Н.Н. “Внешняя политика США в эпоху империализма”, Борисов Ю.В. “Новейшая история Франции. 1917-1964” және т.б. еңбектер.
Шетел тархнамасына тоқталатын болсақ кеңес үкіметінің сыртқы саясатына баға беретін зерттеулер екі топқа бөлінеді. Бірінщісі кеңес үкіметінің сыртқы саясатын мақұлдайды екіншісі болса қатты сынайды. Олардың арасында ағылшын тілінде жазылған әдебиеттерге шолу жасайық : ағылшын авторлары еңбектерінде мына мәселелерге көбірек тоқталады : Ресейдегі ішкі процестерге баға беру және оның сыртқы саясатқа әсерін анықтау, мемлекеттік шешімдерді қабылдаудағы сол кездегі үкімет басшыладрының ролін анықтау : олардың ішінде бірінші кезекте Ленин мен Сталиннің саяси мәселелерге көзқарастарын белгілеу, кеңестік Ресейдің сыртқы саясатын құрудағы Коминтерннің ролін анықтац т.б.
Ірі ғалым А. Фишердің « Әлем істеріндегі Кеңестер» 1930 жылы шыққан және бірнеше қайта басылған. Кітіптағы ерекше қызығушылықты М.М. Литвинов, Л.М. Карахан естеліктері, НКВД құжаттарды тұдырады. Сонымен қатар Г.В. Чичеринмен сұхбаттар да жасалып зерттеуге еңгізілген.
Л. Фишер кеңестік Ресейдің сыртқы саясатын Ресейдің революцияға дейінгі оқиғалармен паралельді жүргізуді қарастырды.
Кеңестік Ресейдің сыртқы саясаты туралы ең ірі және ең толық жұмыс КСРО-ға қызығушылығы бар ағылшын – американдық әдебиеттерде жазылған.
Сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар тарихын зерттеу барысында Дж. Кеннанның жұмыстарын міндетті түрде еске салып өту керек. 60- шы жылдардың басында бірмезгілде оның екі кітабы жарыққа шықты. Ол «Ленин мен Сталиндегі батыс» деген тақырыпқа сай зерттеулері бар. Онда автор кеңестік үкіметтің сыртқы саясатының әрекетін мотивіне енгізбекші болып тырысады. Оған кеңестік үкіметінің батыспен жақындасуға мәжбүрленген қозғалыс әрекетін үйрену керек болды. Еңбекте мынадай сауалдар анықталды : қалай дамымаған және ыдыраңқы түрде өмір сүріп жатқан бір ел халықаралық аренада ірі жетістіктерге жетті?
Дж. Кеннан кеңес үкіметін қатты сынайды. Автор еңбегінде оқырманға кеңес мемлекетінің ішкі және сыртқы саясатындағы көптеген жағымсыз жағымсыз жақтарын ашық көрсетеді.
Кеңес – герман қатынастарының орнына келу тарихына арналған зерттеулер арасында міндетті түрде А. Коханның «Ресей және Веймар Республикасы» кітабын атауымыз керек. Жұмыс екі жақты қатынастардың барлық бағыттары бойынша фактылы материалдарға бай. Автор еңбегінде кеңес үкіметінің сыртқы және ішкі саясатының тығыз байланыста болғандығын дәлелдейді.
Кеңес Одағының Шығыс елдерімен қарым – қатынастары Х. Капурдың “Кеңестік Ресей мен Азия 1917 – 1927” еңбегінде зерттелінген. Еңбекте кеңес үкіметінің Туркия, Иран, Ауғанстан елдерімен қарым – қатынастарына тоқталған .
Оның зерттеулері Азия аймағындағы сиуацияларға марксизм теориясының қолдану мәселелерін қараудан басталады: автор уақыт ағымына сай теориялық жақтар Ленин мен Сталиннің мәселелерінен айырбасталуын көрсетеді. Автор көрсетілген бағыттағы елдердің Кеңестік көмекті ақиқат шешуде иілмейтінін көрсетеді.
Кеңестік Ресей, екінші жағынан Ресейдің саяси нәтижелерге қол жеткізгеніне қарай есептелді.
Осының барысында тарихшы критик зерттеушілердің Кеңес саясатының шығыста агрессивті түрде жүретіндігін артық тенденциялығын көрсетеді.
Европа Ресейдің күрес еліндегі алдыңғы державалардың арасындағы күрес конспектісін қарайды. Кеңестік Ресейдің европа мен Шығыс арасындағы саясатының астарын байланысын жүргізеді. Жазу барысында тарихшы кеңестік негіздерді және еңбек жылдарын қолданды.
Кеңес Одағының Шығыс және Азия елдерімен өзара қарым – қатынасындағы мәселені біз көріп тұрғанымыздай кең көлемді оқу керек. Олардың ішінде мынадай атауға болады. Бұл айтылғандардың зерттеулер көпшілік жағдайлар Кеңес тарихшыларының бағалауымен жүрмеді. Бірақ С.Фатеми, Р.Рамазаны, С.Р.Сониэлдің Кеңестік Ресейдегі «бауырлық көмек» туралы тезисті көру мүмкін емес, оларға әсер ететін уақытша қиындықтардың дамуына тиіс алмағандығын кездестіруге болады. Олардың барлығы Ресей дипломатиясының Таяу Орта Азия елдеріндегі қызметін көрсетеді. Онда осы аймақтардан бәсекелестерді шығарып тастау, бәрінен бұрын Ұлыбританияның Кеңестік Ресеймен қарама – қайшылығы осы зерттеулердегі мақаланың бастысы болып табылады. Осы жұмыстардың ішінде біз толығырақ Н.С. Фатемидің зерттеуіне тоқалғымыз келіп еді.
Н.С. Фатеми өзінің Иранның дипломатиялық тарихына және осы елдегі Ресей мен Ұлыбритания қарама – қайшылығына оралған жұмысында басты тіректі Кеңестік дипломатияның «бұзылған» қызметіне қарай бағыттайды. Сонымен бірге Фатеми кеңес дипломатиясының қызметіне қарасты қызықты фактылы материалды қолданып КСРО – Иран экономикалық қарама–қайшылықтары, Тегеранның Ресеймен дипломатиялық байланыстардағы шиеленістері туралы ойларын келтірген.
Диплом жұмысының мақсаты мен міндеттері: Жоғарыда да айтылғандай дипломдық жұмыстың басты мақсаты кеңес дипломатиясының қалыптасуы мен саяси аренадағы алғаш қадамдарын зерттеу. Бұл мақсатқа жету үшін кеңес үкіметінің шет елдермен дипломатиялық қарым-қатынастарының қалыптасуы мен дамуы проблемаларына тоқталды. Мына негізгі мәселерге көңіл бөлінді :
- Кеңестік Ресейдің сыртқы саясатының негізгі бағыттарын белгілеу
- Кеңестік Ресейдің халықаралық конференцияларға қатысуы
- Кеңес Одағының халықаралық аренадағы позицияларын нығайту
- Кеңес Одағынын батыс және шығыс елдерімен дипломатиялық байланыстар құруы
Дипломдық жұмыстың басты міндеті болса 1922-33 жж. кеңес үкіметінің сыртқы саясаты мен дипломатиялық қызметіне объективті баға беру боп табылады.
Диплом жұмысының хронологиялық шеңберi: Тақырыпта белгіленгендей зерттеуіміз 1922-33 жж. қамтиды : кеңестік Ресейдің Генуя конференциясына қатысып Германиямен Раппал келісімін жасаған жылдан бастап Кеңес Одағының Америка Құрама Штаттарымен дипломатиялық қарым-қатынастар құрған жылға дейін.
Диплом жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспе, екі тараудан тұратын негізгі бөлім, қорытынды және әде



Ұқсас жұмыстар

Ғалам туралы ғылымның дамуы
Әлемдік экономика және халықаралық қатынастар
Әлемнің ғарыштық үлгілері
Әлемдік экономиканың қазіргі даму тенденциялары
ҚАНЫШ СӘТПАЕВ ҚАЗАҚ КСР ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ
Бейбітшілік сақтау. Демографиялық және азық-түлік проблемалары
Ауаны шартқа сәйкестендіруде энергияны үнемдеу
Ресей федерациясы жайлы
Қазақстанның ядролық қарусыз әлем үшін бастамалары
Қазақ кеңес прозасындағы замана шындығы. Алғашқы қазақ романдарының көркемдік ерекшеліктері
Дербес компьютерлердің шығу тарихы
Ақшаның мәнi мен пайда болу тарихы
Дүниежүзілік мұхиттың геологиялық даму тарихы
Қазақстан тарихы пәнінің дамуындағы кемшіліктер
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев еңбектері тәуелсіз Қазақстан мемлекеттігі тарихының дерек көзі (1990-2006 жж.)
Қазақ терминологиясының дамуы мен оның қалыптасуының тарихы
НАРЫҚТЫҚ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ТЕОРИЯСЫ.
Банктің даму тарихы
ҚАЗАҚСТАННЫҢ АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУ ТАРИХЫ
Психологияның тарихы