Қарама қарсы сөздер
Сабақтың тақырыбы
Өткенді пысықтау.
Сабақтың мақсаты
Мәндес, қарама-қарсы және әр түрлі мағыналы сөздерді тереңірек ұғындыру.
Міндеті
Оқушыларды топпен жұмыс істеуге ұйымдастыру.
Білімділік
Сөйлем ішіндегі сөздердің мағынасын дұрыс анықтай білу дағдыларын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Сауатты әрі көркем жазуға тәрбиелеу.
Дамытушылық
Сөзді өз орнында қолдану дағдыларын жетілдіру, сөздік қорын дамыту.
Мазмұны
Сөздердің мағыналары туралы жалпы мағлұмат беру.
Түрі
Бекіту сабағы.
Әдісі
СТО, ойын элементтері, сұрақ-жауап.
Көрнекілігі
Интерактивті тақта (слайдтар), топ атаулары, диплом.
Сабақ барысы
I. Қызығушылықты ояту
- «Шаттық шеңбері».
II. Үй тапсырмасын тексеру
-
5-жаттығу (ауызша).
Тапсырма:
Суретте не бейнеленген? Осы көкөніс атауымен бірдей дыбысталатын заттың атын тауып, сөйлем құрастыр.
- Әр түрлі мағыналы сөздер (омоним) туралы ережені айту, мысал келтіру.
III. «Сиқырлы сандар» ойыны
Оқушылар есептерді шығарып, нәтижесіне сәйкес әріпті табады.
IV. Мағынаны тану
Мәндес сөздер
(Синоним)
Әр түрлі мағыналы сөздер
(Омоним)
Қарама-қарсы мағыналы сөздер
(Антоним)
- Ережелерді қайталау.
- Мысалдар келтіру.
V. Ой толғаныс
I топ
Синоним
II топ
Антоним
III топ
Омоним
Дәптермен жұмыс
Тақырыпты дәптерге жазу.
Оқулықпен жұмыс: 1-жаттығу
Берілгендер:
- Шақта, кезде
- Шама, әл
«Үндемес» ойыны
Қимыл-әрекет арқылы көрсету. Келесі топ табады.
- I топ: Нәресте
- II топ: Ұзын – қысқа
- III топ: Бұрыш
2-жаттығу
Сөздер қатары:
Қайталау, пысықтау; жығылу, құлау; дымқыл, ылғалды; болашақ, келешек.
«Бес жол өлең» құрастыру
I топ
Сәби
II топ
Жаз
III топ
Нан
3-жаттығу (ауызша)
Тапсырма:
Қарамен жазылған сөздерге қарама-қарсы мағыналы сөздер тап. (Мәтінді түсіндіру.)
| Сөздер | Мәндес сөздер | Қарама-қарсы мағыналы сөздер | Әр түрлі мағыналы сөздер |
|---|---|---|---|
| үй | |||
| ащы | |||
| ағайын | |||
| туыс | |||
| тұщы |
4-жаттығу
Жасықтар қорқақ атанған,
Намысы аз ғой өйткені.
Батылдар қорғайды Отанды,
Отанды қорғау — абырой.
«Қай сөз артық?» ойыны
- Күшті, мықты, әлді, қарулы, қайратты, қажырлы, аласа.
- Үлкен – кіші, суық – жылы, ескі – жаңа, биік – үлкен, қатты – жұмсақ.
-
- Бір адамды мадақтау.
- Ас атасы — нан.
- Анасы баласының сөзіне нанды.
6-жаттығу (ауызша)
Тапсырма:
«Жақ» сөзінің «отты жақ» деген мағынасынан басқа қандай мағыналарын білесің?
«Байланыстыр» ойыны
Сөздерді тиісті бағанға сәйкестендір.
1) Мәндес сөздер
2) Қарама-қарсы сөздер
3) Әр түрлі мағыналы сөздер
Ескерту: «бұрыш» сөзі әр түрлі мағынада қолданылады.
7-жаттығу
«Қаз»
- Қаз — суда жақсы жүзетін, мойны ұзын жабайы және үй құсы.
- Қаз — жерді бір нәрсемен ою, шұңқырлау.
«Қазан»
- Қазан — тамақ пісіруге арналған ыдыс.
- Қазан — күз айларының бірі.
VI. «Адасқан әріптер» ойыны
Берілген әріптерден сөз құрастыр.
I топ
м с и н и о н
Жауабы: синоним
II топ
м а н т о и н
Жауабы: антоним
III топ
м о н о и м
Жауабы: омоним
VII. Үй тапсырмасы
Үй тапсырмасы мұғалімнің нұсқауы бойынша беріледі.
VIII. Бағалау және мадақтау
- Топтардың жұмысы бағаланады.
- Белсенді оқушылар мадақталады.
- Қорытындылау, кері байланыс.