Сыр сандық өлеңін мәнерлеп оқу
Сабақ тақырыбы
Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңі.
Сабақ мақсаты
-
Танымдық мақсат
С. Сейфуллиннің өмір жолын, шығармашылығын және қоғам қайраткері ретіндегі орнын таныту. «Сыр сандық» өлеңінің мазмұнын меңгерту, идеялық-көркемдік ерекшелігін ашу.
-
Тәрбиелік мақсат
Адамгершілік қасиеттерге баулу, достықтың қадірін ұғындыру, үлгі-өнеге ету.
-
Дамытушылық мақсат
Шығармашылық ізденіске бағыттау, ой бөлісу мәдениетін дамыту, өз ойын көркем әрі еркін айтуға үйрету. Мәнерлеп оқу дағдысын қалыптастырып, ізденімпаздыққа төселдіру.
Сабақтың сипаты
- Түрі
- Жаңа сабақ
- Әдісі
- Сұрақ-жауап, талдау, іздену және басқа әдістер
- Көрнекілігі
- Сызбалар, портрет, шығармалар жинағы және т.б.
- Пәнаралық байланыс
- Тарих
Негізгі ұғым
Өлеңдегі «сыр сандық» — адамның ішкі әлемі, жүрек қоймасы. Оны ашатын «кілт» — сенім, түсіністік және шынайы достық.
Топтастыру стратегиясы
Сәкен Сейфуллин: ақын, жазушы, ұстаз, драмашы, зерттеуші, қоғам қайраткері.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
- Оқушылармен амандасу, түгелдеу.
- Оқу құралдарын тексеру, сынып тазалығына назар аудару.
- Оқушылардың зейінін сабаққа шоғырландыру.
2) Үй тапсырмасын пысықтау
Үй тапсырмасы сұралады. Оқушыларға мазмұнды бірнеше сұрақ қойылып, жауаптары толықтырылады.
3) Жаңа сабақты түсіндіру
Бүгін біз Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңін оқимыз. Алдымен ақынның өмірі мен шығармашылығына қатысты қысқаша мәлімет беріледі.
Мәнерлеп оқу
Өлең мәнерлеп оқылады. Сынып 6 топқа бөлініп, әр топ өлеңнің композициялық және сюжеттік құрылымына сай оқып, мазмұнын әңгімелейді.
Топтарға бөлінген шумақтар реті
1–2, 3–4, 5–7, 8–11, 12–19, 20–21.
1-топтың жауабы
Жалған достар қолыңда билік не пайда болғанда, қасыңнан шықпайды. Ал билік кетіп, пайда таусылғанда, олар бірден сырт айналады. Мұндай адам — дос емес, жалған дос.
2-топтың жауабы
Нағыз достар сырын ашып, бірін-бірі ұғынады және құпияны берік сақтайды. Ондай достың жүрегі — мықты қойма: оны кез келген адам аша алмайды, тек шынайы дос қана аша алады.
3-топтың жауабы
Ақын сағына сырласатын шын дос іздейді. Өлеңде ол шынайы достың ішкі сырын мысал етіп жырлайтынын алдын ала ескертеді.
4-топтың жауабы
Ақын досының ішкі әлемін Сарыарқаның биік шыңдарына, қалың орманына, мұз бұлақтарына және табиғи байлығына теңейді. Бұл суреттеме — досының жан дүниесінің көрінісі.
5-топтың жауабы
Таудың басында қойма бар, оның ішінде қымбат қазына сақталған. Сол қазынаны ашу үшін кілт тауып, «сым пернені» дәл басу керек. Ақын суреттеген қойма — достың жүрегі мен жан сыры.
6-топтың жауабы
Адамның жүрегі — алтын қойма. Оны сезіне алатын жан ғана кілтін тауып ашады. Бұл — шынайы дос, жаныңды түсінетін жақын адам.
Өлең құрылысына қысқаша талдау
- Өлең 21 шумақтан тұрады.
- 7–8 буынды, шалыс ұйқас үлгісімен жазылған.
Негізгі ой
Ақын өмірдің бір қызығы — достық екенін айқындайды және туған топырақта шынайы достың көп болуын тілейді.
Сабақты қорытындылау: ойталқы сұрақтары
- Достық дегенді қалай түсінесің?
- Жақсы досты қалай табуға болады?
- Досыңның білместігін кешіруге бола ма?
- Досыңның кім екенін ата-анаң білуге тиіс пе?
- Досыңның қандай болғанын қалайсың?
Білімді бағалау
Оқушылардың жауаптарының мазмұнына және сабаққа белсенді қатысуына қарай білімдері бағаланады.
Үй тапсырмасы
С. Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңінен үзінді жаттап келу.
Назар аударатын түйін
Өлеңдегі «сандық», «қойма», «кілт» бейнелері — адамның жан дүниесіне жол табудың символдары. Шынайы достық — сенім арқылы ғана ашылатын қымбат қазына.