Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі

Сыныбы: 6

Сабақтың типі: жаңа білім беру

Құрал-жабдықтар: электронды көрсетілімдер

Сабақ тақырыбы: Жасушалар, ұлпалар, мүшелер және мүшелер жүйесі

Білімділік мақсат

Тірі ағзалардың негізгі белгілері, көптүрлілігі, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік қалыптастыру. Биология ғылымына және оның ірі салаларына (ботаника, зоология) қысқаша шолу жасау, еліміздің өсімдіктері мен жануарларын және оларды зерттеген ғалымдар туралы мәлімет беру.

Тәрбиелік мақсат

Табиғатты қорғаудың қажеттілігін ұғындыру; туған жерге, оның табиғатына сүйіспеншілік сезімін қалыптастырып, оны аялауға ынталандыру.

Дамытушылық мақсат

Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырып, жаңа білімді талдау және байланыстыра қолдану дағдыларын дамыту.

Сабақ әдістері

  • Сұрақ-жауап
  • Баяндау

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  1. Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу.
  2. Оқушы назарын сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру

Біржасушалылардың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы.

III. Үй тапсырмасын бекіту

Тест сұрақтары

Бағалау: жауаптың дәлдігі мен негіздемесіне назар аударылады
  1. 1) Сулы ортада мекен ететін жануарлар?

    а) балықтар

    ә) құстар

    б) аңдар

  2. 2) Қазіргі кезде қарапайымдылардың қанша түрі белгілі?

    а) 50 мың

    ә) 70 мың

    б) 100 мың

  3. 3) Адам мен жануар ішегінде тіршілік етіп, ішектің сілемейлі қабықшасын зақымдайтын қарапайымдылардың бірі?

    а) дизентерия амебасы

    ә) кірпікшелі кебісше

    б) эвглена

  4. 4) Адамды тері ауруына ұшырататын талшықтылар тобының бір өкілі?

    а) дизентерия амебасы

    ә) эвглена

    б) лейшмания

  5. 5) Безгек ауруын қоздыратын паразитті кім ашты?

    а) Левенгук

    ә) Т. Шванн

    б) А. Лаверан

Жаңа сабақ: негізгі ұғымдар

Жасуша: жарғақша, цитоплазма және ядро

Жасуша жарғақшасы

Әрбір жасушаның сыртқы қабықшасы — жарғақша. Ол жасушаға келетін және жасушадан шығатын заттардың алмасуын реттеп, тіршілік әрекетінде маңызды қызмет атқарады.

Цитоплазма

Цитоплазмада әртүрлі пішіндегі митохондриялар (жіп, дән, таяқша тәрізді) орналасады. Олар күрделі органикалық заттарды ыдыратып, жасушаның тіршілік процестеріне қажет энергияны өндіруге қатысады.

Ядро

Ядроны цитоплазмадан бөліп тұратын қабықша болады және ол зат алмасуды қамтамасыз етеді. Ядроның іші ядро сөлімен (кариоплазмамен) толы.

Ұлпа: жасушалардың қызметтік бірлестігі

Анықтама: Ұлпа — мөлшері мен пішіні ұқсас, дененің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобы.

Жануар организміндегі ұлпалар негізінен 4 топқа бөлінеді: эпителий, дәнекер, бұлшықет және жүйке ұлпалары.

Эпителий ұлпасы

Дененің сыртқы жамылғысын түзеді және ішкі мүшелер қуыстарын астарлайды. Төмендегі жасушаларды механикалық зақымданудан, химиялық әсерден, бактериялардан және кебуден қорғайды. Асқорыту жолын астарлайтын эпителий қоректік заттардың ерітіндісін сіңіруге және өткізуге қатысады.

Дәнекер ұлпасы

Сүйек, шеміршек, май, сіңір, қан және ұлпа сұйықтығын түзеді. Талшықты дәнекер ұлпа көптеген мүшелерде кездеседі. Сүйек ұлпасы — тірек қызметін атқарады, ал шеміршек буынаралық байланыстарға қатысып, қаңқаға беріктік береді. Қан мен лимфа — сұйық ұлпалар; олардың ішінде жасушалар еркін қозғалып, оттегін және басқа заттарды тасымалдайды.

Бұлшықет ұлпасы

Үш түрі бар: көлденең жолақты, бірыңғай салалы және жүрек бұлшықеті. Жиырылып-босаңсу арқылы мүшелердің қозғалысын қамтамасыз етеді және жалпы дене қимылын жүзеге асырады.

Жүйке ұлпасы

Негізгі жасушасы — нейрон. Әр нейронның денесі, ұзын және қысқа өсінділері болады: ұзын өсінді — аксон, қысқа өсінділер — дендриттер. Қозу нейрон денесінен аксон арқылы мүшелерге тарайды, ал дендрит арқылы нейрон денесіне қарай өтеді. Нейрондар түйісетін, қозу өтетін аймақ синапс деп аталады.

Мүше және мүшелер жүйесі

Көпжасушалы ағзаларда жасушалар құрылымдық және қызметтік жағынан бірігіп, мүшелерді және мүшелер жүйесін құрайды. Мысалы, жүрек бұлшықет, талшықты дәнекер және жүйке ұлпаларынан тұрады, ал әр ұлпаның құрамында миллиондаған жасушалар болады. Егер жүректегі бұлшықет ұлпасы зақымдалса, қанайналым жүйесінің жұмысы бұзылады немесе тоқтауы мүмкін.

Негізгі мүшелер жүйелері

  • Асқорыту
  • Тынысалу
  • Қанайналым
  • Тірек-қимыл
  • Зәр шығару
  • Басқа жүйелер

Бекіту тапсырмасы: сәйкестендіру

Төмендегі ұғымдарды тиісті анықтамамен сәйкестендіріңіз.

Сұрақтар

  1. Құрылысы бірдей және талшықтары болғандықтан, эвглена мен вольвокс қай топқа біріктіріледі?
  2. Қарапайымдыларды қолайсыз жағдайлардан қорғайтын қабық қалай аталады?
  3. Өзіне тән мөлшері мен пішіні бар, дененің белгілі бір бөлігінде үйлесімді қызмет атқаратын жасушалар тобы қалай аталады?
  4. Жүйке ұлпасының негізгі жасушасы қалай аталады?
  5. Сүйек пен шеміршек қай ұлпаға жатады?
  6. Ядро қандай үдерістерге қатысады?

Жауап нұсқалары

Талшықты қарапайымдылар Циста Ұлпа Нейрон Дәнекер ұлпа Көбеюге

Ескерту

Кей жауаптар бір-біріне ұқсас көрінуі мүмкін. Нақты анықтамаға сүйеніп таңдаңыз.

Қорытынды бөлім

VI. Үй тапсырмасы

Жасушалар, ұлпалар, мүшелер және мүшелер жүйесі тақырыптарын қайталау.

VII. Бағалау

Оқушылардың сабаққа қатысуы, тест тапсырмаларындағы жауаптарының дұрыстығы және бекіту тапсырмасындағы сәйкестендіру нәтижелері бойынша бағаланады.

Негізгі түйін

  • Жасуша — тіршіліктің ең кіші құрылымдық бірлігі.
  • Ұлпа — ұқсас жасушалардың қызметтік бірлестігі.
  • Мүше — бірнеше ұлпадан құралып, нақты қызмет атқарады.
  • Мүшелер жүйесі — ортақ қызмет атқаратын мүшелер жиынтығы.