Суретке мәтіндер енгізу

Сабақтың өтілу барысы

Бұл сабақта Paint бағдарламасындағы негізгі командаларды тәжірибемен ұштастыра отырып қарастырамыз: редакциялау, болдырмау/қайталау, сақтау/ашу және мәтін енгізу.

I кезең. Қызығушылықты ояту

Ұйымдастыру

Оқушылардың назарын сабаққа аудару, жұмысқа бағыттау.

Психологиялық дайындық

  • Сабақ басында қандай көңіл күйде боламын?
  • Сабақ ортасында қандай көңіл күйде боламын?
  • Сабақ соңында қандай көңіл күйде боламын?

Үй тапсырмасын тексеру (сұрақтар)

  • Графикалық редактор не үшін қажет?
  • Paint графикалық редакторын қалай іске қосамыз?
  • Paint терезесінің негізгі элементтерін атаңыз.
  • Сурет салу қандай кезеңдерден тұрады?
  • Сурет салу түсін қалай таңдауға болады?
  • Фон түсін қалай өзгертеміз?
  • Құю құралын қолданғанда қай жағдайда бояу бүкіл аймаққа (не экранға) төгіліп кетеді?

II кезең. Мағынаны тану

Бүгінгі сабақта Paint графикалық редакторының негізгі командаларын қарастырамыз. Редакциялау — суретті өңдеу және толықтыру.

Түзету (Правка): Болдырмау

Болдырмау (Отменить) — соңғы әрекетті кері қайтару командасы.

  • Жұмыс ойдағыдай шықпаса, суреттің басқа бөлігін бүлдірмей соңғы әрекеттерді алып тастау үшін.
  • Құю құралымен бір бөлікті бояғанда бояу бүкіл суретке тарап кетсе.
  • Өшіргішпен өшіріп қойып, кейін ойың өзгерсе.

Ескерту

Paint бағдарламасында әдетте соңғы 3 әрекетті ғана болдырмауға болады.

Түзету (Правка): Қайталау

Қайталау (Повторить) — болдырылған әрекетті қайта қолдану командасы.

Пернетақта жарлықтары

Болдырмау Ctrl + Z
Қайталау Ctrl + Y

Суреттерді сақтау

Суретті кейін қайта қолдану үшін оны файлға сақтаймыз. Paint бағдарламасында файлдың кеңейтілуі көбіне .bmp форматында болады.

Сақтау қадамдары

  1. 1 Файл мәзірін ашу.
  2. 2 Сақтау немесе Сақтау қалай... командасын таңдау (Файл → Сохранить / Сохранить как).

Сақталған суретті ашу

Файл → Ашу (Открыть) командасын орындап, ашылған терезеден қажетті файлды таңдаймыз.

Суретке мәтін енгізу

  1. 1 Надпись (Жазу) құралын таңдаймыз.
  2. 2 Мәтін енгізілетін аймақты белгілейміз.
  3. 3 Мәтінді енгіземіз.
  4. 4 Егер Шрифт (қаріп) параметрлері көрінбесе, оны Вид → Панель атрибутов текста арқылы қосамыз.

III кезең. Ой толғаныс

Оқушылар жаңа білімді практикада қолдану арқылы бекітеді, өз идеяларын сурет арқылы жеткізуді үйренеді.

IV. Практикалық жұмыс

  • Кітаптың 123–125 беттеріндегі «Өзің орында!» тапсырмаларын орындау.
  • Тақырып бойынша сурет салу және қысқа әңгіме құрастыру: 1) Туған жер, 2) Қыс.

V. Шығармашылық тапсырма

Қазақ суретшілері туралы реферат дайындап келу:

  • Әбілхан Қастеев
  • Гүлфайрус Мәнсүрқызы Ысмайлова
  • Тілек Халин
  • Серік Мәтениязов

VI. Венн диаграммасы

Paint графикалық редакторымен салынған сурет пен сурет салу дәптеріндегі суретті салыстырып, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын Венн диаграммасы арқылы көрсету.

VII. Қорытындылау (бақылау сұрақтары)

  1. 1 Болдырмау командасы қашан орындалады?
  2. 2 Мәтін (жазу) енгізу қалай орындалады?
  3. 3 Суреттерді қалай сақтаймыз?

VIII. Үйге тапсырма

§4.3 тақырыбы. Сыныптың немесе өз пәтеріңіздің жоспарын салыңыз. Кейбір элементтерін атап жазыңыз (үстел, шкаф және т.б.).

IX. Рефлексия

  • Сабақта не есіңізде қалды?
  • Бүгінгі сабақ сізге ұнады ма?
  • Бүгінгі сабақта нені үйрендіңіз?
  • Тапсырманы орындауда қандай қиындықтар болды?
  • Қиындықты қалай жеңдіңіз?