Тепе - теңдікті сақтайтын жаттығулар
Сабақ туралы мәлімет
Пән мұғалімі
Айжарықов Мұрат Советұлы
Пән / сынып
Дене шынықтыру · 6 сынып
Сабақтың тақырыбы
Тепе-теңдікті сақтайтын жаттығулар
Жалпы мақсаты
Оқушылар тепе-теңдікті сақтауға арналған жаттығулардың түрлерін біледі және оларды дұрыс, ұқыпты орындауға дағдыланады.
Тапсырмалар
- Жеке, жұптық және топтық жаттығулар орындау.
- Суреттер арқылы сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сапқа тұрғызу, сәлемдесу және сабақ мазмұнын қысқаша түсіндіру.
2) Саптағы бұрылу жаттығулары
А
Оңға бұрыл
Ә
Солға бұрыл
Б
Кері бұрыл
3) Жүру жаттығулары
-
Екі қол жоғарыда — аяқтың ұшымен жүру
-
Қол белде — аяқтың өкшесімен жүру
-
Жартылай отырып жүру
-
Толық отырып жүру
4) Жүгіру жаттығулары
А
Бірқалыпты жүгіру
Ә
Оң қапталмен жүгіру
Б
Сол қапталмен жүгіру
В
Тізені көтеріп жүгіру
Г
Аяқты артқа сермеп жүгіру
Д
Қайталап жүгіру
Е
Дем алу
Ж
Саптық жүріс
5) Бір орында орындалатын жаттығулар
Бастапқы қалып
Аяқ — иық көлемінде (көп жағдайда қол — белде).
-
A
Басты айналдыру
Басты оң жаққа 1–2 рет, сол жаққа 3–4 рет айналдырып, 5–6 рет қайталау.
-
Ә
Иықтағы қолмен айналдыру
Екі қол иықта: 1–2 — қолды алға айналдыру, 3–4 — қолды артқа айналдыру.
-
Б
Қолды ауыстырып сермеу
Оң қол жоғарыда, сол қол төменде. Қолды ауыстырып сермеу.
-
В
Белді айналдыру
Белді оңға 1–2, солға 3–4 айналдырып, 5–6 рет қайталау.
-
Г
Екі жаққа кезек иілу
Оң қол жоғарыда, сол қол белде. Қолды ауыстырып, кезек-кезек екі жаққа иілу. 5–6 рет қайталау.
-
Д
Тізені айналдыру
Қол тізеде: ішке 1–2, сыртқа 3–4 айналдырып, 5–6 рет қайталау.
-
Е
Отырып-тұру
Қолды алға созып, 10–15 рет отырып-тұру.
Негізгі бөлім
Сабақтың негізгі мазмұны — тепе-теңдікті сақтайтын жаттығулар. Оқушылар қозғалыс дәлдігін, дене қалпын бақылауды және қауіпсіз орындау мәдениетін қалыптастырады.
Материал
Тепе-теңдікті сақтайтын жаттығулар (жүктеу).
Қосымша
Тепе-теңдікті сақтайтын жаттығулар (жүктеу).