Ана тілі 4 сыныпСабақтың тақырыбы
Ана тілі (4-сынып)
Сабақ тақырыбы
Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесі
Сілтеме
«Ана тілі» 4-сынып, Атамұра, 2011. Қосымша: интернет дереккөздері, суреттер, үлестірмелер.
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың Қабдеш Жұмаділовтің «Адасқан бала» әңгімесін оқи отырып, жеке қабілеті мен белсенділігіне сүйеніп, шығарманың түйінді ойын ашуына жағдай жасау. Өз бетінше шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу арқылы байланыстырып сөйлеуін, шығармашылық ойлауын дамыту.
Күтілетін нәтиже
Дағдылар
- Оқу дағдылары дамиды, мәтінмен мақсатты жұмыс жасайды.
- Тапсырмаларды дәптерде өз бетінше орындап, шығармашылық белсенділігі артады.
- Сөздік қоры молайып, ауызша сөйлеу дағдылары жақсарады.
Ойлау әрекеттері
- Әңгіменің негізгі идеясын анықтайды.
- Болжау жасап, дәлел келтіреді.
- Өз көзқарасын бағалап, қорытынды жасайды.
Оқыту тәсілдері
Білу кезеңі
Оқушылардың бастапқы білімін анықтау, әңгімені қабылдауға бағыттау, сұрақ-жауап арқылы ой қозғау.
Үй тапсырмасын тексеру
«Ыстық орындық» әдісі арқылы оқушылардың жауап беру белсенділігін арттыру, нақтылау сұрақтарын қою.
Психологиялық тренинг
Күн жарығын алақанға саламын,
Жүрегіме басып ұстап қоямын.
Ізгі әрі нәзік, мейірімді жарық —
Сол сәтте жан-жағым нұрға толады.
Мақсаты: жағымды көңіл күй қалыптастыру, сабаққа назарды шоғырландыру.
Жаңа сабақ
Кіріспе сұрақтар
- Қабдеш Жұмаділов кім?
- Оның қандай шығармаларын білеміз?
Автор туралы
Қабдеш Жұмаділов (1936) — көрнекті жазушы. Ол Шығыс Түркістанның Тарбағатай аймағында, Шәуешек өңірінде дүниеге келген. Шығармаларының қатарында «Соңғы көш», «Атамекен», «Дарабоз», «Тағдыр» және басқа да әңгіме, повесть, романдары бар.
Сурет бойынша жұмыс
Суретке зер салыңыз. Жоғалып кеткен бала кім болуы мүмкін? Әңгімені оқып, кейіпкерді анықтап, табуға көмектесейік.
Материал
«Адасқан бала» (мәтін). Қажет болса, мәтінді жүктеп алып, оқу тапсырмаларын орындаңыз.