Бас киім

Ашық сабақ • Саяхат сабақ

Сабақ тақырыбы: Буфы

Бұл сабақтың өзегі — буфы түрлерімен танысу, оның сызбасын сызу және үлгісін жасау жолдарын меңгеру. Сабақ барысында оқушылар қауіпсіздік ережелерін сақтай отырып, шығармашылық жұмыстарын орындайды және қорғап шығады.

Сабақтың мақсаттары

Білімдік

Буфы түрлерімен таныстыру; сызбасын сызу және үлгісін жасау тәсілдері туралы мағлұмат беру.

Дамытушылық

Үлгі жасау жолдарын үйрету арқылы оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту.

Тәрбиелік

Ұлттық өнерді, әдеп-ғұрыпты құрметтеуге, ұқыптылыққа және іскерлікке баулу.

Әдіс-тәсілдер және сабақ форматы

Сабақ әдістері

  • Түсіндіру
  • Сұрақ–жауап
  • Әңгімелесу

Сабақ түрі

Саяхат сабақ — тарихи деректер мен қолөнер тәжірибесін байланыстыра отырып, қызықты әрі көрнекі форматта өткізіледі.

Құрал-жабдықтар және көрнекілік

Құрал-жабдықтар

  • Мата
  • Қайшы
  • Бисер
  • Қарындаш
  • Сызғыш

Көрнекілік

  • Тігілген буфы үлгілері
  • Буклет
  • Сызба түрлері
  • Интерактивті тақта

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу
  • Түгелдеу
  • Құрал-саймандарды тексеру

II. Үй жұмысын сұрау

  1. Крем дегеніміз не?
  2. Далапты қалай дайындаймыз?
  3. Бисквит қамыры дегеніміз не?

III. Жаңа сабақ

Өнер — ағып жатқан бұлақ, білім — жанып тұрған шырақ. Осы оймен сабағымызды бастаймыз.

Енді буфы өнерінің шығу тарихына тоқталайық. Буфы Италиядан бастау алады. Венеция, Генуя, Флоренция сияқты қалалар жібек өнеркәсібінің ірі орталығы болған. Шығыс пен Батысты байланыстыра отырып, Италия XV ғасырда Еуропадағы ең бай мемлекеттердің біріне айналды.

Итальяндықтардың ішкі киімдері — камиче, кальсон және фарсетто — буфымен өрнектелген. XVI ғасырда Венецияда ерлер мен әйелдер киім үлгілері кең тарайды. Буфымен көмкерілген көйлек арық әйелдің мүсінін толық көрсетіп, киімге сән мен көлем беретін.

Испания Америка құрлығын ашқаннан кейін экономикалық және саяси ықпалы күшейіп, «күн батпайтын корольдікке» айналды. Сол кезеңде мұндай сәнді киімдерді негізінен аристократтар киген. Буфы өнері XVI ғасырда Англия мен Францияға да тарайды. 1700 жылы Ресей патшасы Петр I-дің жарлығымен еуропалық үлгідегі киімдерді орыс зиялылары мен дворяндары кие бастайды.

Буфы қолөнердің ішінде ерекше орын алады. Абайдың сөзімен айтқанда: «Адам еңбекпен мал іздемек — арлы кісінің ісі». Сондықтан бұл жұмысты ықыласпен, қызығушылықпен орындау маңызды.

Сарамандық жұмыс

  1. Үш топ өз жұмыстарына кіріспес бұрын техника қауіпсіздігі ережелерін айтады.
  2. Әр топ орындаған жұмысын қорғайды:
    • Жастық
    • Көрпеше
    • Қоржын
  3. Ұл балалар сөзжұмбақ шешеді.

Сөзжұмбақ тапсырмалары

«Қосетек»

  1. Көйлектің үстінен киілетін иықты бұйым.
  2. Киімді әсемдеу үшін қажет.
  3. Бас киім.
  4. Аяқ киім.
  5. Бас киім.
  6. Жіп тәрізді, белге оралатын бұйым.
  7. Әйелдердің, әжелердің бас киімі.

«Шебер»

  1. Ер адамның сырт киімі.
  2. Қалыңдықтың бас киімі.
  3. Гүл оюы нені білдіреді?
  4. Қазақтың ұлттық ойыны.
  5. Ашыған айранды қайнатып, сүзіп, кептіріп әзірлейтін тағам.

«Іскер»

  1. Ертеде түйменің орнына не қолданған?
  2. Сүттің қазанға жабысқан түбі.
  3. Жануар тектес ою-өрнек.
  4. Геометрия пәніндегі түрлендірудің қай түрі ою-өрнекте қолданылады?
  5. Шебердің нұсқасын __________ көрсетеді.