Балалық махаббат, балалық жүрегім

Сабақтың тақырыбы

Ана — асыл жан

Мақсаты

Оқушыларға махаббат ұғымының құндылық ретіндегі мәнін ашу.

Сабақтың түрі

СТО

Міндеттері

  1. Анаға деген махаббат пен сүйіспеншілік ұғымының адам өміріндегі мәнін түсіндіру.
  2. Сүйіспеншіліктің отбасындағы орны мен маңызын, қарым-қатынастағы рөлін ұғындыру.
  3. Оқушыларды ата-анасын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.

Қолданылатын стратегиялар

  • Суреттеу стратегиясы
  • Мағынаны ажырату
  • Аялдамамен оқыту
  • Эссе
  • Галереяны шарлау
  • Шығу парағы

Шаттық шеңбер

Оқушылар шаттық шеңберіне жиналып, бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.

Дәйексөз

Адамзатты аялаған ақ арман,
Барлық ғалам махаббаттан жаралған.
Өмір өзен сан тарапқа ақса да,
Жақсылықтан шуақ алып, нәр алған.

Махаббаттың тоймай ішіп дәміне,
Адамзаттық талмай айтар әні ме?
Өзіңді де, өзгені де сүйе алсаң,
Жете аларсың махаббаттың мәніне.

Суреттеу стратегиясы

Сұрақ: «Өз аналарыңды неге теңейсіңдер?»

Мысалы: айға, күнге, алтынға және т.б.

Тапсырма

Ойларыңды қағаз бетіне түсіріп, ана бейнесін теңеулер арқылы сипаттаңдар.

Мағынаны ажырату

Мәтін 1

Жер бетіндегі ең әдемі сөз — Ана. Адам алғашқы сөзін де осыдан бастайды. Жер бетіндегі барлық тілде бұл сөз ерекше қастерлі.

Ананың қолы — ең қасиетті, ең аялы қол: ол нені болса да атқара алады. Ананың жүрегі — ең сенімді әрі сезімтал жүрек; оның сүйіспеншілігі ешқашан сөнбейді, оның көзінен уақыт та, ешнәрсе де тыс қалмайды.

Жасың қаншада болса да — бес жаста болсын, елу жаста болсын — саған әрқашан ана керек: оның аясы мен мейірімі керек. Анаңа деген сүйіспеншілігің неғұрлым зор болса, өмірің де соғұрлым қуаныш пен нұрға бөленеді.

Мәтін 2

Ана махаббаты — мәңгілік сәуле. Бұл өмірде өзгермейтін, тозбайтын, әрдайым кіршіксіз мөлдір күйінде қалатын бір-ақ нәрсе бар: ол — ана махаббаты.

Іңгәлап жарық дүниеге келген сәтіңде-ақ ана жүрегі сенің даусыңды әсем әуендей қабылдайды: елжіреп құшағына алып, бауырына басады.

Ана мейірімін біз Күн нұрына теңейміз. Бірақ ана махаббаты Күннен де қуатты, Күннен де шуақты. Жылылық пен шексіз мейірімге толы ана жүрегі баласы үшін әрқашан лүпіл қағып тұрады. Ананың балаға деген махаббаты мәңгілік әрі шексіз.

Екі жақты күнделік: «Ана туралы жыр»

Оқу барысында әр аялдамадағы ойды түртіп алып, өз әсерің мен түйініңді жазыңдар.

1-аялдама

Әлемнің жарығын сыйладың сен маған.
Даланың әр гүлін жинадың сен маған.
Сен бердің құстардың қанатын самғаған,
Балалық құштарым өзіңе арнаған.

2-аялдама

Әлдилеп, аялап өсірген жемісін,
Самал жел, сая бақ — құшағың мен үшін.
Есейіп кетсем де, мен саған сәбимін,
Көңіліңді көктемдей көзіңнен танимын.

3-аялдама

Өтеуге борышың, анашым, жан сырым.
Іздедім сен үшін әлемнің асылын.
Әлемнің байлығын сыйлар ем, кеш мені,
Сыйлар ем ай-күнін — қолыма түспеді.

4-аялдама

Ете гөр қанағат, әзірге берерім —
Балалық махаббат, балалық жүрегім.
Бол риза, анашым, қолдағы осы бар,
Өзіңе арнаған әнімді қосып ал.

Сергіту сәті

«Ана туралы жыр» әуенімен қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

Ой толғаныс

Шағын эссе

«Ана» тақырыбында қысқа эссе жазыңдар: ана мейірімі, құрмет, ризашылық және махаббат ұғымдарын байланыстырып ой қорытыңдар.

Галереяны шарлау

Оқушылар өз жұмыстарын (суреттеу, дәйексөзге ой, эссе үзіндісі) қабырғаға іліп, сынып болып танысып шығады. Әр жұмысқа қысқа пікір немесе жылы лебіз қалдырады.

Қорытындылау

Бүгінгі сабақтан өмірлік азық болатын қандай ой түйдіңдер?

Шығу парағы

Нені білдік?

Шығу парағы

Неге үйрендік?

Шығу парағы

Қандай сұрағым бар?

Жүректен жүрекке

Аяулы анашым…