Жасұлан тобына
Ақмола облысы, Степногорск қаласы, №2 Бестөбе орта мектебі
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Анаргүл Көкешева
Формат
Зияткерлік ойын
Сабақ түрі
Сайыс сабақ
Көрнекілік
Интерактивті тақта
Сабақтың мақсаты
Оқушылардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыру, дүниетанымын кеңейту, ой-өрісін дамыту және танымдық-білім дағдыларын қалыптастыру.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
Бүгінгі «Әдебиет әлемінде» атты зияткерлік ойын сабағына қош келдіңіздер! Бұл сабақта сіздер қазақ әдебиетінен алған білімдеріңізді көрсетесіздер.
- Сабақ сайыс түрінде өтеді, оқушылар 2 топқа бөлінеді.
- Сайыс басталар алдында әділқазылар құрамымен таныстырылады.
- Сайыс 8 кезеңнен тұрады.
- Әр кезең 1–5 ұпай аралығында бағаланады.
- Тапсырмалар интерактивті тақтада слайд арқылы көрсетіледі.
Сайыс кезеңдері
1-кезең. Таныстыру
Әр топ өздерін таныстырады.
2-кезең. «Ойлан, тап!»
Әр топқа әдеби шығармадан үзінді беріледі. Үзіндінің қай шығармадан алынғанын және авторын анықтау қажет.
«Жасұлан» тобы
Бір уәзірдің баласы ақымақ екен. «Тәрбиеленсін» деп бір ғалымға беріпті. Ғалым уәзірдің баласын ұзақ оқытыпты. Бір күні әкесіне хабар жіберіп: «Балаң ақылды болатын емес, оның есесіне өзім ақымақ болуға айналдым», — депті.
«Топжарған» тобы
Нар аяғы жерге кіріп кеткендей ырғала ауыр қозғалып бұрылды да, теңселе аяңдап кете берді. Төбе құйқаңды шымырлатып, боздап барады. — Ботасы өлген боз інген, — деп күбірледі.
3-кезең. «Теория әлемінде»
Кезең екі тапсырмадан тұрады:
- Әдеби терминдерге түсінік беру.
- Абай өлеңдерін құрылысына қарай талдау.
4-кезең. «Кино әлемі»
Қазақ фильмдерінен үзінді көрсетіледі. Үзіндінің қай шығармаға негізделгенін және авторын табу керек.
- «Менің атым Қожа»
- «Көксерек»
5-кезең. «Өнерпаз болсаң...»
Әр топтан бір оқушы өз өнерін көрсетеді.
6-кезең. «Сен білесің бе?»
Оқылған өлеңнің тақырыбын және авторын табу.
Төлеген Айбергенов
«Ана»
Сәкен Сейфуллин
«Көкшетау» поэмасынан үзінді
7-кезең. «Белгілі тұлғалар»
Белгілі ақын-жазушылардың портреті көрсетіледі. Оқушылар олардың өмірбаяны мен шығармашылығына қысқаша тоқталады.
8-кезең. «Білімді мыңды жығады»
Әр топқа 10 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпай болып есептеледі.
«Жасұлан» тобына арналған сұрақтар
- Әбу Насыр әл-Фарабидің өмір сүрген жылдары: 870–950.
- «Құтты білік» шығармасының авторы: Жүсіп Баласағұни.
- Махмуд Қашқари: білімпаз тілші, ғалым, әдеби үлгілерді жинаушы.
- «Жалғыздық», «Мұнар күн», «Қызғыш құс» өлеңдерінің авторы: Махамбет.
- «Тұранның елі, шексіз шөлі қандай? Теңіздей кемері жоқ көлі қандай?» жолдары: М. Жұмабаев, «Түркістан».
- Шекара асып кетіп, 40 жылдан соң елге заңсыз оралған қарт туралы шығарма: Қ. Жұмаділов, «Қаздар қайтып барады».
- Әбіш Кекілбаев «сыршыл ақын» деп бағалаған ақын: Қадыр Мырза Әли.
- «Қараш-қараш оқиғасы» шығармасындағы басты кейіпкерлер: Бақтығұл, Тектіғұл, Қатша, Сәлмен, Жарасбай болыс.
- Қорқыт туралы не білеміз? Өмірі мен мұрасына тоқталу.
- «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» дастандарының авторы: Ж. Жабаев.
«Топжарған» тобына арналған сұрақтар
- «Хикметтер» еңбегінің авторы: Ахмет Иассауи.
- Тұңғыш қазақ романы: Міржақып Дулатұлы, «Бақытсыз Жамал» (1910).
- «Сауып ішер сүті жоқ, мініп көрер күші жоқ, ақша деген мал шықты» жолдары: Шортанбай Қанайұлы, «Зар заман».
- Ш. Мұртазаның «Бесеудің хаты» драмасында хат жазған бесеу: Мүсірепов, Ғатауллин, Алтынбеков, Қуанышев, Дәулетқалиев.
- «Ей! — Кімсің? Тірісің бе? Аққуды неге атасың, арың бар ма?» — үзінді: М. Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда» (айтылу сәтін түсіндіру).
- «ХХ ғасыр Гомері» атанған ақын: Жамбыл Жабаев.
- Т. Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасындағы кейіпкерлер: әкесі Оразымбет, қызы Жаңыл, күйші Естемес.
- «Қалқаман-Мамыр» поэмасының авторы: Шәкәрім Құдайбердіұлы.
- «Диуани лұғат-и түрк» кітабының авторы: Махмуд Қашқари (түркі сөздерінің жинағы).
- «Қыш кітап», «АзиЯ» кітаптарының авторы: Олжас Сүлейменов.