Қабаттасқан циклдер
Сабақтың тақырыбы
Қабаттасқан циклдер
Сабақтың мақсаты
Білімділік
Оқушыларға алгебра мен информатика пәндерінің өзара байланысын көрсете отырып, шығармашылық қабілетін дамыту. Тақырыпты ғылыми тұрғыда түсінуге, есептердің шешімін өрнек түрінде жазуға дағдыландыру. Есептерді өздігінен және бірлесе шығару машығын қалыптастыру.
Дамытушылық
Оқушылардың есеп шығаруда логикалық ойлауын дамыту, тиімді тәсілдер туралы пікірін дәлелдей білуге үйрету. Бір есептің бірнеше шешу нұсқасын қарастыруға дағдыландыру және проблема шешу дағдысын қалыптастыру.
Тәрбиелік
Оқушыларды шағын топ құрамында бірлесе еңбек етуге, шығармашылық қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу. Бірін-бірі үйретуге, өзара әрекеттесу арқылы ортақ мәмілеге келуге баулу.
Сабақтың барысы
Кезеңдер
- 1 Оқушыларды ұйымдастыру
- 2 Үйге берілген тапсырманы тексеру
- 3 Жаңа тақырыпты түсіндіру
- 4 Тапсырмаларды орындау
- 5 Сабақты бекіту
- 6 Оқушыларды бағалау
- 7 Үйге тапсырма беру
Ұйымдастыру және үй тапсырмасы
I. Ұйымдастыру
Сәлемдесу, түгендеу, жоқ оқушыларды белгілеу.
II. Үй тапсырмасы
Практикалық тапсырмалар таратылады және орындалуы тексеріледі.
Жаңа сабақ: қабаттасқан циклдер
Бұған дейін қарастырылған циклдерге берілген бағдарламалық мысалдардың барлығы қарапайым циклдер болды. Бірінің ішіне бірі кіретін бірнеше қарапайым циклден құралған құрылым қабаттасқан циклдер деп аталады.
Негізгі ережелер
- Қабаттасқан циклдердегі параметр атаулары әртүрлі болуы керек.
- Ішкі цикл сыртқы циклдің құрамына толық енуі тиіс.
Қысқа анықтама
Қабаттасқан цикл — сыртқы циклдің әрбір қадамы орындалғанда, оның ішінде орналасқан ішкі цикл толығымен орындалатын циклдік құрылым.
Ескерту
Параметр атауларын қайталау есептеуді шатастырып, қате нәтиже бергізуі мүмкін.
Келесі қадам
Тақырыпты бекіту үшін тапсырмалар орындалып, нәтижелері талқыланады. Соңында оқушылар бағаланып, үй тапсырмасы беріледі.